Қолданыстағы ред. 04.10.2005 (Редакция 24846_350844.kaz)

«Аз қамтамасыз етілген отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы» туралы от 04.10.2005 г. № 14/105 («Аз қамтамасыз етілген отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы» туралы)

0

«Аз қамтамасыз етілген отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы» туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы мен, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабын негізге алып аудандық Мәслихат шешім етті:
Қоса беріліп отырған «Аз қамтамасыз етілген отбасыларына/азаматтарға/ тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы» бекітілсін.

1

«Аз қамтамасыз етілген отбасыларына
/азаматтарға/ тұрғын үйді ұстау және
коммуналдық қызметтерді тұтыну
ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін
көрсету Қағидасы» туралы аудандық
Мәслихаттың 2005 жылғы 4 қазандағы
№ 14/105 шешімімен бекітілген
ҚАҒИДА
Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабымен, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына сәйкес әзірленіп жасалды.

1. 1. Жалпы қағидалар

1. Жалпы қағидалар

1

1. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегі /бұдан әлі-тұрғын үй көмегін/ халықтың аз қамтамасыз етілген жіктеріне тұрғын үйді/жеке меншік тұрғын үйді ұстаудан басқа/ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу жөніндегі шығындардың орын толтыру үшін берілетін өтем.

2

2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы /жалгері/ болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегі берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаналы болып табылады.

3

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып табылады./Одан әрі уәкілетті орган/.

4

4. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге отбасының нақты шығындарды осы мақсаттарға шекті шығындар үлесінен асқан кезде тағайындалады.Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.

5

5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтынуға жол берілетін шекті шығындар үлесі отбасының жиындық табыстарының 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.Белгіленген мөлшерде асатын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтің ақысы жалпы негізінде жүргізіледі.

6

6. Отбасының жиынынтық табысы Қазақстан Республикасының қоланыстағы Заңдарына сәйкес есептеледі.

7

7. Өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері тұрғын үй заңнамасында отбасының әр мүшесіне белгіленген мөлшерге тең, яғни тұратын мекен-жай көлемінің бір адамға 18 шаршы метрі шегінде, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер мөлшерінде, ал жалғыз тұратын азаматтар үшін 33 шаршы метр шегінде, бірақ тұратын мекен жайының нақтылы көлемінен аспайтын мөлшерде жүргізіледі.
Электрлік энергияға төлеу жөніндегі шығындардың өтелуі нақты шығыстар бойынша, бір бөлмелі үйге-90 киловат, екі бөлмелі үйге – 120 киловат, үш одан да көп бөлмелі үйге 150 киловаттан аспайтын мөлшерде жүргізіледі.
Сумен қамтамасыз ету, су құбырырымен, тәулігіне 1 адамға-120 литр мөлшерінде, ал су құбырсыз жеке үйлерде тәулігіне 1 адамға -50 литр мөлшерінде жүргізіледі.
Тұрғын үй бөлмелерін газбен жылыту, жылыту маусымында бір қазандыққа, айына -1200 текше метр, газ плитасына, айына 1 адамға-12,5 текше метр, сұйытылған газ 1 адамға 8,2 кг мөлшерінде жүргізіледі.
Орталықтан жылитын екі қабатты үйлер жылудың және лас су, қоқыс шығару мекемелер мен кәсіпорындар тарифтері бойынша есептеледі.

8

8. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептейтін құралдары бар тұтынушылар үшін есепке қабылданатын шығыстар есеп құбырлардың көрсеткіштері негізінде, бірақ коммуналдық қызметтер пайдаланудың белгіленген әлеуметтік нормалардан аспайтын мөлшерде анықталады.
Есеп құралдары жоқ тұтынушыларға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға белгіленген әлеуметтік нормалардан аспайтын мөлшерде анықталады.
Есеп құралдары жоқ тұтынушыларға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға белгіленген нормативтер мен тарифтер негізінде, бірақ шығындарды өтеу нақты шығыстар бойынша жүргізіледі.

9

9. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін барлық коммуналдық қызметтерге тарифтер мен олардың өзгерістерін қызмет көрсетушілер береді.

2. 2. Тұрғын үй көмегін тағайындауға үміткер адамдар/отбасылар/ оны рәсімдеу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне төмендегідей құжаттар тапсырады;

2. Тұрғын үй көмегін тағайындауға үміткер адамдар/отбасылар/ оны рәсімдеу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне төмендегідей құжаттар тапсырады;
Өтініш;
Жеке куәлік;
Салық төлеушінің тіркелу номері /бұдан-әрі СТТН/;
Тұрғын үйді жекешелендіру шартты немесе сату-сатып алу шарт немесе сыйлау шартты немесе мұрагерлік құқығы туралы куәлік немесе тұрғын үйді жалда алу шарты:
Отбасы құрамы туралы анықтама немесе үй кітабы;
Өткен тоқсандағы отбасының табыстары туралы анықтама; еңбек табыстары, зейнетақылары, жәрдемақылары және мәлімдеген басқа табыс-тарының құжатты куәландырылған сомалар;
Жұмыссыздар үшін жұмыспен қамту бөлімнен анықтама;
Тұрғын үйді ұстау және комунналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге есеп кітапшалары, анықтама-шифр ашушылар/жировкалар/;
Газ үшін есеп кітапшалар /анықтамалар/.

11

11. Жеке меншігінде бірден артық үйі/ пәтері/ бар, немесе тұрғын үйде /пәтері/ жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.

12

12. Егер отбасы мүшелерінің бір еңбекке қабілетті бола тұр, жұмыс істемесе, оқымаса, әскерде қызмет атқарып жатпаса немесе жұмыспен қамту орталығында есепте тұрмаса сондай-ақ алты айдан уақыт еңбек ақы сақталмайтын демалыста жүрген азаматтардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ. Бұған бір айдан астам стационарда емделуде жатқан азаматтар, туберкулезбен, онкология және және психикалық аурулармен ауыратын азаматтар, емдеу мекемелерде тұрақты дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар адамдар, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттер, тыңдаушылар мен курсантар, магистратура мен аспирантураны қоса алғандар сондай-ақ 1 және 2 топтағы мүгедектер мен 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, 80 жастан асқан зейнеткерлерді, 3 жасқа дейінгі балаларды бағып –күтумен айналысатын азаматтар, сондай-ақ кіші баласы кіші баласы 1 сыныпта оқитын,бірақ 9 жастан аспаған 4 және оданда көп бала тәрбиесімен шұғылданушылар кірмейді.

13

13. Ұсынылған жұмыстан жұмысқа орналасытудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуды оқу мен қайта оқуды өз бетінше тоқтатқан мүшелері бар отбасылары жұмыссыз тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.

14

14. Тұрғын үй көмегін алуышылар тұрғын үй көмегін есептеуге ықпал ететін барлық өзгерістер туралы , сонымен қатар, егер көмек дұрыс есептелмесе, 10 күн ішінде хабарлауы керек. Жоғары деңгейде тұрғын үй көмегін тағайындауға немесе заңсыз өтемақы алуға уәкілетті органға біле тұра жалған мәлімет берген жағдайда тұрғын үй көмегі толық көлемде бюджетке қайтарылады. Тұрғын үй көмегі ерікті түрде аудару арқылы, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.

3. 3. Тұрғын үй көмегін тағайындау

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау

15

15. Тұрғын үй көмегін алуға құқылы адамдар уәкілетті орган тұрғын үйдің өзіне жататындығы/жалдаудың шарты/ туралы, отбасының құрамы арыз берердің алдындағы тоқсан ішіндегі отбасының жиынтық табысы туралы құжаттармен бірге арыз береді, есептегіш құралдары болған жағдайда коммуналдық қызметке ақы төлеу нақтылы төленетін ақыны растайтын құжаттарды тапсырады.

16

16. Арыз берушінің берген құжаттарының растығына күмән туған жағдайда уәкілетті орган құжаттарды өтініш беруші мен оның отбасының материялдық, жағдайын тексеруге учаскелік комиссияға жіберуге және қажет мәліметтерді сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін есептеуге қажет ақпаратты беруге міндетті.

17

17. Тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас тарту туралы шешім уәкілетті органмен қабылданады.Даулы мәселе болған жағдайда шешім атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссиямен/әрі қарай учаскелік комиссия/ қабылданады.

18

18. Тұрғын үй көмегі үйге құқығы болған кезде хабарласқан айдан бастап және ағымдағы тоқсанның аяғына дейін тағайындалады.

19

19. Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтемдік шаралармен қамтамасыз етілетін әлеуметтік нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау мен комунналдық қызметтерді тұтыну үшін жалға алушының/меншік иесінің/ нақты төлемі және бұл мақсаттарға осы отбасы шығындарының шекті деңгейі арасындағы айырмасы ретінде есептеледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау үшін формула:
П-НПЖ-/д х t/
Мұндай П-тұрғын үй көмегінің мөлшері:
НПЖ-тұрғын үй үшін есептелетін төлемдер/белгіленген әлеуметтік нормалар шегінде/,
Д-отбасының жиынтығы табысы:
t-тұрғын үй ақысын төлеуге шығын нормативі /20%/.

4. 4. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

4. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

20

20. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

21

21. Уәкілетті орган алушының тегін, атын, әкесінің атын, СТТН-н, жеке куәлігінің мәліметтермен үйінің мекен-жайын көрсете отырып тізімдерді түзеді.

22

22. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін төлеуге жасалған тізімдердің негізінде және олардың қорытынды сомаларымен толық сәйкес отбасылар мен олардың мүшелерінің санын көрсете отырып, қаржыландыруға тапсырысты ағымдағы айдың 20-жұлдызына дейін аудандық экономика және қаржы бөліміне жібереді.

23

23. Тағайындалған тұрғын үй көмегі арыз берушінің өтініші бойынша қызмет көрсетушілерге бөлініп беріледі және оларға аударылады.

24

24. Тоқсан сайын тағайындалған тұрғын үй көмегі тізімі негізінде қызмет көрсетушілермен тағайындалған көмектің сомасына 2 данада келісім-салыстырулар жасалады. Келісім –салыстыру актілерге уәкілетті орган мен қызмет көрсетушілер өкілдері қол қоюға тиіс.

25

25. Тұрғын үй көмегі заңсыз тағайындалған құжаттарды бұрыс ресімделгені үшін лауазымды адамдар заңнамамен белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады.

5. 5. Есеп беру

5. Есеп беру

26

26. Уәкілетті органдар, тоқсан сайын белгіленген нысанда, жүргізілген кесімдік – салыстырулардың негізінде тұрғын үй көмегінің саны мен төленген сомасы бойынша есеп жасайды және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне, тұрғын үй көмегінің тағайындалған және төленген сомалары туралы ақпараттар тапсырады.

6. 6. Бақылау

6. Бақылау

27

27. Тұрғын үй көмегін тағайындаудың дұрыстығына бақылау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, экономика және қаржы басқармасының органдары арқылы іске асырылады.