Қолданыстағы ред. 27.05.2005 (Редакция 24970_286119.kaz)

Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу Қағидасын бекіту туралы от 27.05.2005 г. № 4 (Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу Қағидасын бекіту туралы)

0

Қарағанды қаласының
аумағында құрылыс салу
Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 1 тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу Қағидасы бекітілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды құрылыс, экология, көлік, байланыс, халыққа коммуналдық-тұрмыстық қызмет мәселесі бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Әбдіров Қадырбек Сағашұлы).
КЕЛІСІЛДІ:
«Қарағанды қаласының қала құрылысы
және құрылыс бөлімі» ММ-нің бастығы
Ж. Шалабеков
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар
жөніндегі Министрлігінің Қарағанды облысы
бойынша төтенше жағдайлар облысында
мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша
комитеттің бастығы
О. Машицкий
«Сәулет-құрылыс бақылау басқармасы»
ММ-нің бастығы
А. Воробьев
«Қарағанды қаласының жер ресурстарын
басқару бөлімі» ММ-нің бастығы
Ж. Мұсұлманбеков
Қарағанды облыстық аумақтық
қоршаған ортаны қорғау басқармасы
бастығының м.а.
А. Сарин
Қарағанды облысының мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
департаментінің Қарағанды қаласы
бойынша филиалы
Т. Хамитов

3. Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу Қағидасы

Қарағанды қалалық мәслихаттың 2005
жылғы 27 мамырдағы ХІХ сессиясының
№4 шешімімен бекітілген
Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу Қағидасы
Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу Қағидасы (одан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Лицензиялау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы «Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесін бекіту туралы» қаулысына, Қарағанды қаласы мәслихатының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қарағанды қаласының аумағын көркейту Қағидасын бекіту туралы» №5 шешіміне, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізіліміндегі тіркелу нөмірі – 1594, Қарағанды қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 10 наурыздағы «Қарағанды қаласында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Қағидасын бекіту туралы» №3 шешіміне, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізіліміндегі тіркелу нөмірі – 1760 сәйкес жасалынды.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Қала аумағы құрылысы осы Қағидаға, қаланың бас жоспарына, нақты жобалау жоспарына және өндірісті аудандары құрылысына сәйкес іске асырылады.

2

2. Осы Қағида ведомстволық бағыныштылығымен меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен заңды тұлғалар үшін, сонымен қатар Қарағанды қаласының жаңа игерілген және қайта жөнделген аумағында ғимараттар құрылысын салу және абаттандыруды, жобалауды іске асырушы жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

3

3. Жобалау аумағында мәдениет және тарихи ескерткіштердің барлығын анықтау үшін мыналар қолданылды:

1

1) Қазақстан Республикасы аймағында орналасқан бүкіл әлемдік мұралық ескерткіштер тізбесі;

2

2) Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен, республикалық маңызы бар мәдени және тарихи ескерткіштер тізімі;

2. 2. Негізгі ұғымдар

2. Негізгі ұғымдар

4

4. Қарағанды қаласының әкімі – Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органың басқаратын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі.

5

5. Қаланы абаттандыру – қала аумағында адамның денсаулығына, ыңғайлы, қолайлы тіршілік қызметін құруға жіберілген жұмыс және элементтер кешені.

6

6. Сәулет-қала құрылысы Кеңесі – Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органының жанындағы кеңесті органы.

7

7. Қала құрылысы регламенті – басқа жылжымайтын мүлік объектілері және аумақты пайдалануды (жер учаскелері) шектеу (сервитуттарды және міндеттіліктерді, тыйым салуларды қосқанда), рұқсат беру, тәртібі, сонымен қатар заң тәртібінде бекітілген, олардың әр түрлі өзгерістер жіберілген сипаттары.

8

8. Қала құрлысы және сәулет құрылысы құжаттамасы – елді-мекендерде және аумақ құрылыс объектілері (кеңейту, жетілдіру, техникалық қайта жасақтау, қайта жөндеу, күрделі жөндеу, жинақтау және сақтау), сонымен қатар құрылысты, аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру, көгалдандыру, сыртқы безендіруді ұйымдастыру.

9

9. Қала құрылысы жобаларының негізгі түрлері:

1

1) Қазақстан Республикасының өндіргіш күшінің аумақты ұйымдастыруының және қайта орнықтырудың бас сызбасы;

2

2) ірі емдеу – сауықтыру, көпшілік пайдаланатын және басқа аумақтарды таратып орналастыру және аумақтық ұйымдастыру аймақтық сызбасы;

3

3) облыстардың аудандық жоспарлау сызбасы;

4

4) әкімшілік аудандардың ауданық жоспарлау жобалары;

5

5) тұрғылықты елді мекен, кенттер, қалалардың бас жоспары;

6

6) маңызды аумақтардың (өндірісті, көпшілік пайдаланатын және басқа да) бас жоспары;

7

7) нақты жобалау жоспары;

8

8) құрылыс салу жобалары.

10

10. Тапсырыс беруші – азаматтық зандылыққа сәйкес, құрылысқа мердігерлік келісім-шарт жасаушы және өз міндеттіліктерін іске асырушы жеке және заңды тұлға; тапсырыс беруші болып құрылыс салушы немесе құрылыс салушының сенім көрсетілген басқа тұлға бола алады, сонымен бірге құрылыс салушы өкілетті тұлғаға мемлекеттік бақылау органдармен және басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынасындағы өзінің қызметін сеніп тапсыра алады.

11

11. Құрылыс салушы – өзіне тиесілі меншік құқығы бар немесе жер пайдалану, жер учаскесін пайдалануға рұқсат алу немесе құрылыс салуға жер учаскесін беру туралы әкімдік шешімін алған және нақты бір объектінің құрылысын іске асырушы жеке және занды тұлға.

12

12. Инженерлік, транспорттық және әлеуметтік инфрақұрылым – инженерлік құрылымның коммуникациясы (су құбыры желілері, канал жіберу, жылу беру, электр желілері және т.б.) және құрылыс, байланыс, транспорт (автокөлік жолдары, аялдамалар, көлік қою және т.б.), сонымен қатар қалаға қызмет ету және берік дамуын қамтамасыз ететін, елді мекендерді әлеуметті және мәдени-тұрмысты объектілері кешені.

13

13. Қызыл сызықтар – Қарағанды қаласындағы аландар және квартал, шағынаудандарды және көше, өту жолдарынан жоспарлау құрлымындағы басқа элементтерін бөліп тұратын межелер. Қызыл сызықтар, қағида сияқты құрылыс межелерін реттеп отыру үшін қолданылады.

14

14. Құрылыс салудың реттеу сызығы – ғимараттар, кешендер, құрылыс салымдарын орнату кезендегі қызыл сызықтан және жер учаскесі межесінен шегініс болған жағдайдағы құрлыс салу межесі.

15

15. Қарағанды қалалық мәслихаты – Қарағанды қаласының жергілікті өкілді органы.

16

16. Қала құрылысындағы жылжымайтын объектілер (одан әрі-жылжымайтын объектілер) - қайта құрастыру, құрылыс пайдалану бойынша қызметтер іске асатын объектілер: осы объектілер орналасқан жер учаскелері және ғимарат, кешендер;

17

17. Қала құрылысы және құрылыс жергілікті органы – сәулет және қала құрылысы саласында қызмет ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекттік атқарушы органның мемлекеттік мекемесі.

18

18. Мемлекеттік сәулет–құрылысты қадағалау органы – құрылыс және қала құрылысы, және сәулет саласындағы бақылаулық-қадағалаулық қызметін атқаратын облыстық маңыздағы сәулет-құрылысты қадағалау басқармасы.

19

19. Жер ресурстары бойынша мемлекеттік орган – Қарағанды қаласында жер ресурстарын басқару бойынша аймақтық орган.

20

20. Қоршаған ортаны қорғау бойынша орган – облыстық маңыздағы қоршаған ортаны қорғаудың аймақтық органы.

21

21. Мемлекттік қадағалау органы – құрылыс, өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, табиғат қорғау және басқа қағидаларға сәйкес, құрылыс және жоба жұмыстарын келістіруді іске асыратын мемлекеттік орган.

22

22. Құрылыс жобасы (құрылыстық жоба) – көлемдік-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешімдерді қамтитын жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргізуге, аумақты инженерлік жағынан дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеулер. Құрылыс жобаларына аяқталмаған объектілер құрылысын уақытша тоқтатып қою және өз ресурсын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жобалары да жатады.

23

23. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы – объектінің мақсатына, негізгі параметрлеріне және оны нақты жер учаскесіне орналастыруға қойылатын талаптар кешені.

24

24. Қоныстану аумағы – тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жекелеген бөліктерін, басқа да объектілерді орналастыруға арналған, орналастырылуы мен қызметі арнаулы санитариялық-қорғаныш аймақтарын талап ететіндей әсер етпейтін елді мекен аумағының бір бөлігі.

25

25. Мердігерлік ұйым – қызмет түріне лицензиясымен сәйкес тапсырыс берушімен шарт бойынша құрылыс жұмыстарын іске асыратын заңды тұлға.

26

26. Жобалаушы – тиісті жоба қызмет түрлерін іске асыруға лицензиясы бар заңды және жеке тұлға.

27

27. Қала құрылысында жер учаскілерін және басқа жылжымайтын объектілерді рұқсат берілген – қала құрылысы регламентіне сәйкес жылжымайтын объектілерді пайдалану.

28

28. Өздігінен құрылыс салу - өздігінен салынған (жүргізген) (Қазақстан Республикасының заңдарында осы мақсат үшін белгіленбеген жер учаскілерінде пайда болған тұрғын үйлер, басқа құрылыстар, ғимараттар немесе басқа да жылжымайтын мүліктер) құрылыс.

29

29. Құрылыс алаңы – енгізілген объектіні, уақытша құрылыс салу және ғимарат, техника, топырақ үйіндісі, құрылыс жадығаттарын, өнімдерін, қондырғыларын жинақтау және құрылыс-біріктіру жұмыстарын орындау үшін пайдаланатын аумақ.

30

30. Құрылыс нормалары және ережелері – құрылысты және жобалауды іске асырудағы міндетті орындауға жататын, нормативті-техникалық құжаттар.

31

31. Пайдаланатын ұйым – инженерлік коммуникцияларды (су құбырлық, канализациялық, электрлік, газдық, жылуқуаттық жерлері, байланыс) пайдалануды іске асыратын ұйым.

3. 3. Жер учаскелерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде субъектілерді пайдалану бойынша талаптар мен міндеттер

3. Жер учаскелерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде субъектілерді пайдалану бойынша талаптар мен міндеттер

32

32. Қала құрылыстарының жобаларын бекіту, келістіру және дайындау Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларыны және ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

33

33. Қала құрылысының негізгі түйінді мәселері Қарағанды қаласының әкімдігі жанындағы сәулет-қалақұрылысы Кеңесінде қала құрылысы регламентін анықтайтын әкімшілік және жобалық шешімдерді шектеу мақсатында қарастырылады.

34

34. Қарағанды қаласы аумағының құрылысын Қарағанды қаласының бас жоспары дамуы, қоршаған ортаны қорғаудың аумақты сызбасы есебімен қала аудандары құрылысының жобалары және нақты жоспарлау жобасы бойынша, қаланың бас жоспарының құрамды бөлігі ретінде қалыптастыру.

35

35. Қала құрылысы регламенттері және шектеулері жер пайдалану актісіндегі «жер учаскесіне міндеттеу» жолындағы және жер учаскесін жалға алу келісім-шартында көрсетілген.

36

36. Құрылыс ұйымдастыру үшін алаң таңдау кезінде, учаскені орналастыру сызбасында көрсетілген жоспарлау шектегін (құрылысты, қорғау аймағын, ауытқулар, ажыраулықты реттеу сызығы) сақтау қажет.

37

37. Жер учаскесін шектеу жоспары сәулет, қала құрылысы және құрылыс жергілікті органының қала құрылысы кадастры бөлімімен орындалады.

38

38. Аралас учаскелерді аймақтау өзара жоспарлану байланыста болуы керек және санитарлық-эпидемияға қарсы, өртке қарсы, экологиялық талаптарға сай болу керек.

39

39. Учаскесің маңызды пайдалануын өзгерту жергілікті атқару органдары рұқсатымен іске асады.

4. 4. Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу және жобалау бойынша міндеттемелер және талаптар

4. Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу және жобалау
бойынша міндеттемелер және талаптар

4.1. 4.1. Жалпы бөлім

4.1. Жалпы бөлім

40

40. Жобалы-сметалық құжаттаманың құрамы және бекіту, келістіру, дайындау тәртібі Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары және қағидаларына сәйкес анықталады.

41

41. Сәулет-құрылыс құжаттары сәулет-қала құрылысы Кеңесінде жоба-құрылысты шешімдерді анықтау мақсатымен қарастырылады.

42

42. Тұрғындардың денсаулықтарына және қоршаған ортаға әсер ететін объектілерді салу кезінде алаң таңдау сатысы сияқты жоба дайындау сатысында да мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау органымен келісу қажет.

42

42. Объект құрылысы кезіндегі қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына кері әсер ететін алаң таңдау және жоба дайындау кезеңдерінде қоршаған ортаны қорғаудың облыстық аймақтық басқармасымен келістіру қажет. Тұрғындардың денсаулығына әсер ететін немесе тұрмыстық құқығының бұзылуына әкеліп соғатын әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілеріне және тұрғын үйге жақындықтағы көпшілік пайдалану орнына бұндай объектілерді орнатқан жағдайда, құрылыстың осы ауданындағы тұрғындардың экологиялық сарптамасын, жиналысын өткізу қажет.

43

43. Жергілікті сәулет, қала құрылысы және құрылыс органымен берілшег сәулет-жоспарлау тапсырмасымен нақты жер учаскесіне (трасса, алаң) объектіні орнату және негізгі параметрлер тағайындауға талап кешендері, сонымен қатар Қарағанды қаласы үшін қала құрылысы регламентіне сәйкес, құрылысқа және жобалауға орнатылған міндетті талаптар мен шектеулер. Бұнымен қоса ғимарат (кешендер) қөасбетін әрлеуде жадығаттарды пайдалану және түрлендіру шешімі, көлемді – кеңісті шешімдер бойынша талаптар орнатуға болмайды.

44

44. Жер учаскесінде жобалау және құрылыс салу құрылыс жобасы негізінде іске асуы тиіс.
Жобалы-ізденісті жұмыстары көрсетілген жұмыс жүргізуге тиісті лицензиялары бар жобалы, ізденісті ұйымдармен, кәсіпорындармен немесе басқа заңды және жеке тұлғалармен орындалады;

45

45. Жобалау, салу және құрылыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерілетін және қайта салынатын аумақтар мен басқа елді мекендерді абаттандыру кезінде мүгедектердің тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кіріп-шығуы қамтамасыз етілуі қажет;

46

46. Құрылыс жұмыстарын орындауға тиісті жұмыс істеуге лицензиялары бар құрылыс ұйымдары және кәсіпорындарды, сонымен қатар жеке тұрғын үй құрылысын өз күшімен іске асырушы құрылысшыға рұқсат беріледі;

47

47. Су құбыры ретінде орталықтандырылған су жинау және су жүргізу кешендерін қолдану қажет. Олардың пайдалану немесе болмаған жағдайда, құрылыстың су құбыры жүйесі жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органы келісімімен жер асты суын пайдалануды қарастыруы керек;

4.2. 4.2. Қоныстау аумақтарында құрылыс салу

4.2. Қоныстау аумақтарында құрылыс салу

48

48. Құрылымдық-жоспарлық тұрғыдан Қарағанды қаласының тұрғылықты аумағы тұрғылықты ғимарат, тұрғылықты квартал, шағын аудандар, тұрғылықты аудандар және қалыптасқан тұрғылықты кенттер үлгілері топтары түрінде көрсетілген;

49

49. Жаңа тұрғын үй құрылысы тұрғылықты ортаның қалыптасуын, осы және құрылыстың басқа түрлері үшін экономикалық тұрақтану, инженерлік қамтамасыз ету деңгейін және елді мекендерге шағын әлеуметтік қызмет етуге кепілденген, өмір сүру жайлылыған қамтамасыз ететін қала құрылысы кешендері және кварталдары түрінде қарастырады.

50

50. Тұрғын үй аумағының құрылысы сәулет-қала құрылысы құжаттары негізінде іске асады.

51

51. Тұрғын үй аумағының және түрғын үйлерді орналастырудағы жобалауда, олардың орналасқан жер учаскелерін және үйлерді күтіп ұстау және қамтамасыз ету мақсатында турғылықты және тұрғылықсыз көп пәтерлі түрғын үйлер ғимараттарының меншік иелерінің кондоминиумдарын ашу мүмкіндіктерін қарастыру қажет.

52

52. Көп пәтерлі тұрғын үйлер кешендерін жобалауда санитарлық және өртке қарсы талаптары есебімен, бет қабатына шаруашылық және спорттық, балалар ойнайтын алаңдар орнатуымен гараж және инженерлік қондырғылар ғимараты үшін жер асты кеңістігін барынша пайдалану қажет.

53

53. Бұрыннан тұрған құрылысын қайта құру және тығыздау есебінен ғимарат және кешендер құрылысы өртке қарсы, санитарлық-эпидемияға қарсы, қала құрылысы нормативтерін және қала құрылысы құжаттары талабын орындаған жағдайда іске асуы қажет.

54

54. Тұрғын үй құрылысын жобалауда (жаңа кұрылыс салу және реконструкциялау) алаң, құрамын және өлшемдерін орнату, сонымен қатар олардан тұрғьн үйлер және көпшілік ғимараттарға дейін ара қашыктықты №2 қосымшасында келтірілгеннен кем кабылдамау кажет, Қазақстан Республикасыньң Құрьлыс нормалары және ережелері.

55

55. Жеңіл автокөліктерді, тұрғын үйлер және көпшілік ғимараттарына дейінгі техникалық қамтамасыз ету станцияларын уақытша және тұрақты сақтау үшін тағайындалған ашық көлік тұрактар, жер үсті және жер үсті-жер асты гараждары ара қашыктық, сонымен катар көпшілік пайдаланатын аймакта орналасқан мектеп, балалар бақшасы-яслилері және стационар түріндегі емдеу мекемелері учаскелеріне дейін №3 қосымшасында келтірілгеннен кем қабылдамау қажет, Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары және ережеләрі. Қоныстау аумағында бір көлік-орынға гараж көлемі қабырға кіндігінен 4x6 метрден аспауы кажет.

56

56. Жер үсті және жер үсті-жер асты гараждары, уақытша және тұракты сақтау үшін тағайындалған ашық көліктұрақты, жеңіл автокөліктерді, техникалық қамтамасыз ету станцияларын орнату бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
Квартал, үй маңындағы аймақтарға металл гараждар орнату Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және соларға теңестірілген адамдарға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге уақытша қысқа мерзімде жер пайдаланудағы сәулет-қала кұрылысы талаптары болған жағдайда рұқсат етіледі.

59

59. Автотұрақ аумақтарына автокөлiктерді ораналстыру келесi арақашықтарды ұстаумен орындалады:
автокөліктің ұзындық жақтары арасы - 1,1 метрден кем емес;
автокөліктің шет жақ аралары - 0,5 метрден кем емес;
автокөліктің шет жағынан қоршауға дейiн - 0,5 метрден кем емес;
автокөліктің шет жағынан стационарлы технологиялық қондырғыларға дейiн - 0,3 метрден кем емес;
автокөлік аумағына ғимарат және құрылыстардан (бақылау-өткiзу пунктi - күзет үй-жайы, техникалық қызмет көрсету станциясы, авто жуу) - автокөлiк сақтау орнына дейiн - 9 метрден кем емес.

60

60. Автотұрақ аумағының қоршауларына, жабдықтарға және сақтау орнындағы автомобильдерге қозғалыстағы автомобильдің ұсынылатын жақындауын есепке ала отырып, автотұрақ аумағындағы ішкі өтпе жол өлшемдері ереженің 1 қосымшасында көрсетілген.

61

61. Тұрғын және қоғамдық бағыттағы көп қабатты ғимараттарға жапсаржай құрылысын салуға жобалық шешiмдер жергілікті сәулет және қала құрылысы органымен келiсiледi.
Бар тұрғын үйлерге жапсаржай салуға жылжымайтын объектiлердi тұрғын құрылыстан тұрғын емес құрылысқа шығару арқылы құрылыс салушы барлық үй қасбетiнiң жоба шешiмiн ұсынған жағдайда жол берiледi.
Бекітілген барлық ғимарат қасбетінің жоба шешіміне сәйкес құрылысты сақтамау жағдайында меншік иесі Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес әкімшілік жазаға тартылады. Тапсырысшыдан кеткен шығындар қайтарылмайды.
Бар көп пәтерлi тұрғын үй жапсаржайы есебiнен тұрғын пәтер алаңын кеңейтуге жол берiлмейдi.

62

62. Тұрғын пәтерден қайта құрастырылған сауда объектілерінің 70 шаршы метр алаңынан астам сауда бөлмелерінің Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына жауап беретін екеуден кем емес эвакуациялық есік болуы қажет.

63

63. Көп қабатты ғимараттарға қызмет көрсетуге негізделген өрт автотехникалары үшін өтпе жол аймағына жазғы кафе алаңшаларын жобалау және орналастыруға тек жеңіл ауыстырылатын жабдықтардан (үстелдер, орындықтар, қоршаулар және өзге де жабдықтар) болғанда ғана жол беріледі.
Жазғы кафені орналастыру тек жеке тұрған мамандандырылған ғимараттар үшін ғана рұқсат етіледі. Алайда, жазғы кафені үй жанындағы аумаққа орналастыруға жол берілмейді.

64

64. Ғимараттарға жанастыра салынған жазғы кафе алаңшаларындағы жанғыш материалдардан тұратын бастырма және төсемдердің алаңы отқа төзімділіктің 1, 2 және 3 деңгейлерінен 50 шаршы метр аспауы қажет.

65

65. Тек арнайы жабдықталған үй-жайларда ғана мангалдарды орналастыруға жол беріледі.

66

66. Автомобильді газқұю станцияларын жобалау және орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерін басшылыққа алу міндет.

67

67. Жанғыш сұйықтықтарымен және жеңіл тұтанатын сұйықтықтармен автокөлік жанар-жағар май құю орны бойынша автомобильді жанар-жағар май құю станциялары және автомобильді газқұю станцияларын қатар орналастыруға жол берілмейді. Жанғыш сұйықтықтарымен және жеңіл тұтанатын сұйықтықтармен автокөлік жанар-жағар май құю орны бойынша автомобильді жанар-жағар май құю станциялары мен автомобильді газқұю станцияларының аралығы 100 метрден кем болмауы қажет.

68

68. Жүргіншілер жолдары мен өтпе жолдарды жобалау кезінде тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, сонымен қоса қосалқы-жапсарлас салынған үй-жайларға өрт сөндіру машиналарының өтуіне мүмкіндікті қамтамасыз ету қажет және өрт сөндіру автомобиль сатыларына немесе автокөтерімдерге кез-келген пәтер немесе үй-жайларға кіруге мүмкіндік болу қажет.

69

69. Өтпе жолдың шеті мен ғимарат қабырғасына дейінгі аралық 10 қабатты ғимарат үшін қоса алғанда 8 метрден кем емес, 10 қабаттан жоғары ғимарат үшін 10 метрден кем емес болуы қажет. Бұл аймақта қоршау орналастыруға жол берілмейді.

70

70. Шығыс есіктері жоқ ғимараттардың қасбет маңдарында топыраққа немесе жабынға жүктемені есепке ала отырып, өрт сөндіру машиналарының өтпе жолдары үшін жарамды ені 6 метр жолаққа жол беріледі. Қатармен орналастырылған ағаш (олардың көпжылдық жапырақты жамылғысын есепке ала отырып) дегенді бұл жағдайда көрсетілген аймақта өрт сөндіру автомобиль сатыларына немесе автокөтерімдер қозғалыстарына және құрылуына (ғимаратқа қатысты алдынан және бойлай) бөгет жасайтын ағаштардың орналастырылуы деп ұғу қажет.

71

71. Ғимараттың сыртқы эвакуациялық есіктері іштен кілтсіз ашылмайтындай ілмек болмауы қажет.

72

72. Жалпы дәлізге апаратын баспалдақ алаңшаларының есіктері, лифттердің есіктері және тамбур-шлюздерде өзіндігінен жабылу үшін ыңғайландырылуы қажет, тығыздау және сәл жабу және кілтсіз ашуға бөгет болатын ілмектің болмауы қажет.

73

73. Эвакуациялық шығу есіктері және өзге де есіктер эвакуация жолында ғимараттан шығу бағыты бойынша ашылуы қажет.

4.3. 4.3. Қарағанды қаласы аумағына сервистің басқа объектілерін және жарнама кешендерін, павильондарын, сауда дүңгіршектерін орналастыру

4.3. Қарағанды қаласы аумағына сервистің басқа объектілерін және жарнама кешендерін, павильондарын, сауда дүңгіршектерін орналастыру

74

74. Көше бойында газет, журнал, балмұздақ және гүл сататын киоскілердің орналастыуна ғана рұқсат етіледі.

75

75. Тұрақты түрдегі жеке тұрған жарнама құрылығылары (билбордтар, стела, пилон, транспорант-тартпа) Қарағанды қаласы аумағындағы нақты сәулет-қала құрылысы жағдайларымен анықталады. Сонымен қатар тұғырда тұрған билбордтар арасындағы арақашықтық 50 метрден кем емес, жарық таблосы, стел, пилондармен 50 метрден кем емес, транспорант-тартпамен ара қашықтығы 100 метрден кем емес болу қажет, көшенің жүргінші жағынан транспорант 6 метрден төмен емес болып орналастырылуы қажет.

76

76. Сыртқы (көрнекі) жарнамалардың ақпараттық хабарландырусыз (жарнама) бір немесе одан да көп жақта тұрақты объектілерін пайдалануға тиым салынады.

77

77. Қолданыстағы сауда киоскілері, газет, журнла, балмұздақ және гүл сататын киоскілерді қоспағанда, уақытша жер пайдалану құқығы аяқталғанша орналастырылады, сонымен қатар жаңа сауда киоскілерінің орналастырылуына жол берілмейді.
Тұрмыстық қызмет көрсетуі бойынша киоскiлер аула iшiндегi аумақтарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында көрсетiлген тәртiпте орналастырылады.

78

78. Сауда киоскілері орналастырылған жер учаскелері, қоғамдық көлік күту павильондары, жарнама қондырғылары және қызмет көрсету объектілері сауда киоскілерінің иелеріне тек қысқа мерзімді жер пайдалануға ғана берілуі мүмкін.

4.4. 4.4. Инженерлік желілер және іргетастардың құрылысы және жобалау

4.4. Инженерлік желілер және іргетастардың құрылысы және жобалау

79

79. Магистралды инженерлік желілер және іргетастар құрылысы және жобалау қалалық ұйымдар мен қызметтер немесе қызмет етушілер тапсырысы бойынша іске асады. Қарағанды қаласындағы магистралды инженерлік желілер және іргетастар құрылысына мүдделі болған заңды және жеке тұлғалар олардың құрылысына және жобалауына тапсырыс беруші болып, әрі келешекте тиісті қала қызметтері мен қызмет көрсетушілер балансына желілерді беретін болып қатыса алады.

80

80. Объектілердің қызмет етулерін қамтамасыз етуші ішкі алаңдық және таратушы инженерлік желілердің, сонымен қатар олардың ұзындықтарына тәуелсіз кешендер мен ғимараттардың ішкі желілерін жобалау қаланың инженерлік қызметтерінің техникалық талаптарына сәйкес тапсырыс бойынша іске асады. Іргетастар мен инженерлік желілерді жобалау, тиісті лицензиялары бар жеке тұлғалар және жоба ұйымдарымен іске асады.
Бұнымен қоса жер үсті ішкі кварталды инженерлік желілер құрылысына Қарағанды қаласында рұқсат етіледі.

81

81. Барлық кезеңдегі және түрдегі инженерлік желілер жобасы 1:500 масштабта толықтай және қазіргі топогеоздикалық негізде жасалынуы керек. Дайындалған инженерлік желілер жобасы жергілікті сәулет және қала құрылысы бөлімімен міндетті түрде келісілуге тиіс.
Инженерлік имараттар жобаларына (сору немесе электр үйшігі станциясына) сәулет немесе қоршаған ортаны қорғау органдарының сараптама анықтамасы болуы керек.

82

82. Инженерлік желілер салуға шешімді жергілікті атқару органы қабылдайды.
Инженерлік желілер және іргетастары құрылысын орындаушы геодезиялық түсірілімде трасса таңдау жобасына өкілетті органмен келістіру бойынша іске асыру қажет.

83

83. Құрылыс немесе инженерлік желілерді және іргетасты жөндеу бойынша жұмыстарды жергілікті сәулет және қала құрылысы бөлімінің немесе жұмыс өндіруге мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау, инспекциялау және лицензиялау аймақтық басқармасының рұқсатынсыз іске асырған құрылыс ұйымдары, Қазақстан Республикасының әкімшілік заңдарына сәйкес әкімшілік жазалауға тартылады.

4.5. 4.5. Көше-жолдары желілерін және транспорт құрылыстарын жобалау

4.5. Көше-жолдары желілерін және транспорт құрылыстарын жобалау

84

84. Көше-жолдары желілері және транспорт құрылыстарына жасалған жоба құжаттары жобаларды сараптау органына, сонымен қатар Қарағанды қаласының ішкі істер бөлімі басқармасының жол полициясының бөлімімен және жергілікті сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісуге жатады.

4.6. 4.6. Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау

4.6. Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау

85

85. Тарихи, археологиялық, қала құрылысы және сәулет, өнер ескерткіштерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Заңымен анықталған тәртіпте қорғау аймағы, құрылысты реттейтін аймақ және табиғат ландшафтасын қорғайтын аймақтар белгіленеді.

86

86. Қорғау аймағы, құрылысты реттейтін аймақ және табиғат ландшафтасын қорғайтын аймақтар шекарасы тарихи-мәдени мұраларды пайдалану және қорғау бойынша Қазақстан Республмкасының мемелекеттік органымен келісу бойынша қала құрылыстық құжаттамамен анықталады. Қорғау аймағының үш топтағы аумағы болады:
Аумақтың бірінші тобы - барлық қалалық ландшафт, тарихи ескерткіш болып саналатын бөтен ортадағы тарихи-сәулет ескерткіштеріне және қала құрылыстық үлгіде жеке тұрғандарға жанасып тұрғандар. Аумақтың бұл шекарасы ескерткіштердің сақталуына жағдай жасалатындай болып берілуі тиіс.
Аумақтың екінші тобы - бұл аймақтың шекаралары ескеркішке шолу жасауды қамтамасыз ететіндей болып берілген. Жаңа және ескі құрылыстардың сәулетін және масштабын ортамен келістіреді, биіктікті көрермен көзқарасымен ұтымды жерлерімен басымды оймен қарау мүмкіндігімен шектейді.
Аумақтың үшінші тобы - бұл олардың қабылдауына әсер ететін құрылыстың, басшылыққа алынған ескерткіш аймағының айналасындағы участок.
Қорғау аймақтарының сыртқы шекараларына реттеу аймақтары жанасып тұрады.

87

87. Тарихи-мәдени мұралар объектілерінің қорғау аймақтарын пайдаланудағы ережелер мен тәртіптер:

1

1) көрсетілген аймақ шегінде құрылыс, жер және басқа жұмыстар өндіру Қарағанды облысы бойынша тарихи-мәдени мұраларды қорғау туралы инспекцияның рұқсатынсыз рұқсат етілмейді;

2

2) бірінші деңгейдегі аймақ шегінде жаңа құрылыстар, айшықтау элементі, жарнама және ақпараттар орнатуға рұқсат етілмейді;

3

3) екінші деңгейдегі аймақ шегінде жаңа құрылыстар, айшықтау элементі, жарнама және ақпараттар орнатуға рұқсат етіледі, сонымен қатар алыстан шолу болашағын ашу жоспарлау қажет;

4

4) реттеу аумағының аймағында құрылыстың батыл қайта жаңаруына рұқсат берілді. Жаңа құрылысқа рұқсат етіледі, бірақ алыстан болжаумен тарихи-сәулет ансамблінің негізгі ядросының басым идеясын шолуды қамтамасыз ететін қабаттарды шектеумен, құрылымның пайда болу сабақтастығын сақтау талабымен, жоспарлауды өзгерту мүмкіндігіне де рұқсат етіледі.

88

88. Егер автокөлік қозғалысы ескерткіштерге жанасып тұрған немесе қорғау аймағы арқылы жүріп, ескеркіштердің тұруына қауіп тудыратын болса, онда бұл жолдар бойынша автокөлік қозғалысына тыйым салынады және шектеу қойылады.

4.7. 4.7. Объектілердің аяқталмаған құрылысы

4.7. Объектілердің аяқталмаған құрылысы

89

89. Тұрғын үй және әлеуметтік тұрмыс нысандарының аяқталмаған құрылыстары бар меншік нысанына қатыссыз, жеке және заңды тұлғаларды өкілетті мемелекеттік органдардың бекітілген және келістірілген мына құжаттар міндетті түрде болуы керек:

1

1) жоба-сметалық құжататтар;

2

2) абаттандыру және көгалдандыру жобасы;

3

3) әлеуметтік тұрғыдағы объектілер үшін жұмыс өндіру және объект құрылысының аяқталу кестесі.

90

90. Құрылыс көлемі аяқталмаған объектінің аумағы:

1

1) жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін ені маңдайшасымен 1 метр, биіктігі 2 – метрден кем емес тегіс дуалмен қоршалған;

2

2) құрылыс немесе басқа да қоқыстардан бос болуға тиісті.

91

91. Құрылысы аяқталмаған объекті аймағынан шығар жерде объект иесінің аты-жөні, мекен-жайы, телефоны көрсетілген ақпарат қалқаны орнатылуы тиіс.

92

92. Құрылысы аяқталмаған объектінің құлыпқа жабылатын қақпалары болуы керек және тәулік бойы күзетілуі тиіс.

4.8. 4.8. Инженерлік желіліер және іргетастардың құрылысы және жөндеу бойынша жұмыс өндірісінің ережесі

4.8. Инженерлік желіліер және іргетастардың құрылысы
және жөндеу бойынша жұмыс өндірісінің ережесі

93

93. Инженерлік желілер және іргетастардың бүлінулеріне қажетті ескерту және сақтық шараларын қолдану үшін, жұмыс өндірісіне жауапты тұлға мүдделі ұйымдар өкілін шақыруға, солармен бірге тұрған инженерлік желілер және іргетастардың нақты орнату орнын және олардың толық сақталуына шаралар қолдануға міндетті.
Жұмыс өндіру кезіндегі өздеріне тиесілі инженерлік желілер және іргетастарды сақтап қалуды қамтамасыз ету үшін, қажетті талап-тәртіптерді сақтау бойынша мүдделі ұйымдардың басшылары толықтай жазбаша хат жібереді және өз өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді.

94

94. Жұмыс өндіру үшін жауапты тұлғалар, жұмыс басталғанға дейін мыналарды орныдауға міндетті:

1

1) жер қазу шекарасы бойынша орнатылған үлгідегі ескертпе беретін жол белгілерін және қоршауларын орнату;

2

2) жаяу жүрушілердің қозғалыс орындарына жаяу жүретіндер үшін қолдығы бар көпірлерді дайындауға және түнгі уақытта қазу учаскісіне жарық беруді қамтамасыз етуге;

3

3) арық желілердің тынымсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге шаралар қолдану;

4

4) механизмдер жұмыс аймағында жасыл желектер болған жағдайда, олардың сақталуына кепілдік беретін мықты қалқандармен қоршауды, қазбалау кезінде жолдарды жабуды қажет ететін, тиісті белгілермен айналып өту жолы анық көрсетіледі.

5

5) көшелердің жүру жолы бөлігінің жабандысын былғайтын, саз, балшық болған көлік құралының дөңгелектерін тазалауды ұйымдастырады.

95

95. Траншеяларды дайындау жұмыстарын жол жамылғыларының ұзақ сақталуына кепілдеме беретін алдын ала дайындықсыз бастауға тыйым салынады.

96

96. Жұмыс орындау орындарына жадығаттарды жұмыс басталғанға дейін 24 сағаттың ішінде жеткізуге рұқсат етіледі.

97

97. Көшелерде, алаңдарда және басқа да абаттандырылған аймақтарда жер асты коммуникацияларын төсеу үшін траншеялар мен шұңқырларды қазу келесі талаптарды орындаумен өндіріледі:

1

1) жұмыс өндіру жобасына сәйкес жұмыстар қысқа учаскелермен орындалады;

2

2) келесі учаскелерге жұмыстарды, аумақтарды тазалау және қалпына келтіру жұмыстарын қосқанда қазіргі учаскелердегі барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін, бастауға рұқсат беріледі;

3

3) траншеялар мен шұңқырлардан шыққан топырақтар жұмыс орындарынан шұғыл түрде алынуы керек;

4

4) траншеяларды қайтадан жабу оңтайлы-қиыршық тас араласпасымен қабатты тығыздап отырып орындалуы қажет;

5

5) магистралды инженерлік желілерді (қызыл сызықтан параллельді қызыл сызыққа дейін) өткізу кезіндегі асфальтбетонды жабындысының ені 4 - 7 метр көшелер бойынша тұрған жолдардың жалпы еніне асфальтбетонды жабындыларды қалпына келтіру траншея және құрылыс механизмі жұмыстары аймағында орындалады;

6

6) асфальтбетонды жабындылардың 1,5 - 2 метр енімен тротуарлар бойынша телефон канализациясын, электр желісін және басқа инженерлік желілерді өткізу кезінде асфальтбетонды жабындылар тротуардың жалпы енімен қалпына келтіріледі;

7

7) Жол жабындыларын қалпына келтіру, осы жолды тұрғызып жатқан кәсіпорындар күшімен желілерді өткізу бойынша тапсырыс берушімен өндіріледі.

98

98. Траншеяларды өңдеудің аяқталуы бойынша жұмыс өндіру үшін жауапты тұлға инженерлік желілер жобасымен траншеяларды дайындалуына сәйкес, мемлекеттік сәулет-құрылысты қадағалау басқармасының өкіліне куәландыруға және осы сәйкестікті келісіммен рәсімдеуге міндетті.

99

99. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталуы немесе өндіру кезіндегі инженерлік желілер трассасы жобасына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылысты қадағалау басқармасымен бұл желілердің қайта салынуына нұсқау беріледі. Жобаға сәйкес келтіру үшін инженерлік желілерді қайта орнатуға олардың қондырғыларына шығындар осы жұмыстарды өндіретін ұйымдар есебінен орындалады.

100

100. Топырақ жолдарын қазу кезіндегі қазба жұмысын өндірген ұйым, жұмыс аяқталғаннан кейін, топырақты қабатты тығыздаумен қайтадан жабуға міндетті. Топырақты қайтадан жабуға мүмкін болмаған жағдайда «бірікпейтін» топырақпен орындау қажет.

101

101. Инженерлік желілер өткізген орындарда асфальтбетонды жабындының жоғарғы қабаты бүлінген жағдайда желілер иесі екі жыл ішінде асфальтбетонды жабындыны қалпына келтіруге он күн мерзімінде міндетті.

102

102. Инженерлік іргетастың құрылысы және инженерлік желілердің жинақтауының аяқталуымен, бірақ топырақпен көмгенге дейін құрылыс ұйымы атқарушы топографты-геодезикалық түсірілімін жасайды.
Құдықтары және люктері бар (бұрылыссыз тікелей учаскелерде) коммуникациялардың атқарушы түсірілімі, траншеяларға топырақ сепкеннен кейін және сыртқы абаттандыру элементтерінің толық қалпына келтіргеннен кейін орындалуы мүмкін.

103

103. Құрылысы аяқталған инженерлік желілерді пайдалануға беру мемелекеттік немесе жұмыс комиссияларының қабылдап алуы негізінде іске асады.

104

104. Инженерлік желілерді пайдалануға беру, аббатандыру элементтерін толық қалпына келтіріп, құдықтардың қақпақтарын орнатуды қосқанда, барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін іске асуы қажет.

105

105. Қаланың ішкі кварталды аумағындағы және көшелердегі құдықтар, жылу камералары, люктеріне жауапкершілікті осы инженерлік желілерге қызмет көрсетуші ұйымдар немесе ведомстволар мойнына алады.

106

106. Топографты геодезиялық жоспарда көрсетілмеген жер асты инженерлік желілерінің жобалы-ізденісті жұмыстар жүргізудегі және құрылыс кезінде бүлінген жағдайда жауапкершілікті қала жоспарында өз желілерін тіркетпеген осы желілердің иелері мойнына алады.

5. 5. Жылжымайтын жаңа объектілердің құрылысына және орнатуға рұқсат беру тәртібі

5. Жылжымайтын жаңа объектілердің құрылысына
және орнатуға рұқсат беру тәртібі

107

107. Жер учаскелерін беру, осы мақсат үшін қала құрылысы құжаттарында қарастырылған аумақтарда іске асырылады. Құрылыс салушыларға ғимараттар мен кешендер құрылысы үшін жер учаскісін беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамаларымен, осы Қағидамен анықталады.

108

108. Жергілікті атқарушы орган қаланың бас жоспарын, нақты жоспарлау жобасын және қала аумағының құрылыс салу жобасын дайындайды және жоба негізінде құрылыс салушыларға жер учаскілерін беру жұмыстары жүргізіледі.

109

109. Құрылыс салушы жылжымайтын жаңа объект құрылысына және орнатуға рұқсат алу үшін жер және қалақұрылысы кадастыры белгілері бойынша жаңа немесе өз аумағында алаң іздестіруді және оңды нәтиже тапқан жағдайда жергілікті атқарушы органға өтінім береді.
Өтінімге жаңа аумаққа немесе өзінің жеке меншік учаскесіне, қалаған учаскесінің шекарасы, оның мақсатты тағайындауы, құрылыстың тығыздық көрсеткіші және объектінің қуаттылығы белгіленген объектіні орналастыру сызбасы қоса беріледі.

110

110. Жергілікті сәулет және қала құрылысы бөлімі, қала құрылысы құжаттарының бекітілген материалдары бойынша меншіктің ұсынылған қалпына дәйектемелер, учаскелердің шектеулері және қала құрылысы регламенттерінің тізбесі, қала құрылысы қадастырының тіркеу формасы бойынша учаскенің мақсатты тағайындауы, құрылыс салуды реттеу сызықтары, көшелердің учаскелеріне жанасып тұрған қызыл сызықтар, нақтыланған шекаралармен учаскелердің жоспарлы шектеу жоспарын орындайды. Қала құрылысында басқа жылжымайтын объектілердің және рұқсат берілген жер учаскелерін пайдалануды қамтамасыз ету үшін, жер учаскесін беру туралы шешім қабылдау және жер-кадастыры істерін құру үшін бұл бастапқы берілгендер болып саналады.

111

111. Жергілікті атқарушы орган шешімі негізінде құрылыс салушыға жер пайдалануға немесе объект құрылысына және жобалауға құқық беретін құжат беріледі.

112

112. Құрылыс салушы тапсырған жобаларды қарау жергілікті сәулет және қала құрылысы, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, мемлекеттік өртке қарсы қадағалау жергілікті органдарымен екі апта мерзімде іске асырылады.

113

113. Тұрғындардың денсаулығына және қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін объектілер құрылысының басталуына мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қортындысы болған жағдайда рұқсат беріледі.

114

114. Учаске шекараларының, ғимарат немесе кешендердің белдіктерін нақты іс жүзінде келтіру жер ресурстарын басқару бойынша жергілікті орган және сәулет және қала құрылысы бөлімімен жеке құрылыс салушылар өтінімдері бойынша, қажет болған жағдайда басқа қызметтермен орындалады.

115

115. Құрылысқа тәуелді жер учаскелерін таңдау актілерін келістіру және қарау, мемлекеттік өртке қарсы қадағалау, жол полициясы, қоршаған ортаны қорғау, жергілікті органдарымен таңдау актісін қарастыру бойынша Қарағанды қаласының жер комитетінің комиссиясы жұмысымен тікелей дайындалады. Жоспарланған учаскеге барумен, олардың орналастыру мүмкіндігі туралы мәселенің шешімін қажет ететін объектілер бойынша қосымша дайындаулар, немесе жер учаскесінің таңдау актілеріне теріс қорытындылар үш күн ішінде дайындалады.

116

116. Мемлекеттік өртке қарсы бақылау, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жергілікті органдарда қортындылар мен нұсқаулар берумен құрылысқа жоба құжаттары мына мерзімдерде қарастырылады:
сәулеттік және эскизді жобалар – 10 күн ішінде;
құрылысқа жұмыс құжаттамалары – 30 күн ішінде.

117

117. Ғимараттың қайта жөндеу жобасын қайта жоспарлау, қайта жабдықтау немесе тұрғын үй ғимаратының басқа бөлігіне немесе оларға дәлелді теріс жауап берген жағдайда және бастапқы берілгендерді беру үшін жергілікті сәулет және қала құрылысы бөліміне өтінім берушімен тапсырылған құжаттарды қарастыру мерзімі, өтінім берілген күннен бастап үш күннен, ал жобаның қиындығына байланысты екі жұмадан аспауы қажет.

118

118. Желілерге таяу орналасу талаптарын келістіру және желілерге қосуға техникалық талаптар беру туралы қызмет ету жабдықтаушыларының өтінімдерін қарау мерзімі – 10 күн.

6. 6. Құрылыс-жөндеу жұмыстары өндірісіне рұқсат беру

6. Құрылыс-жөндеу жұмыстары өндірісіне рұқсат беру

119

119. Құрылыс жөндеу жұмыстарының басталуына рұқсат (дәләді теріс жауап) сәулет-құрылысты бақылау басқармасының лауазымды тұлғаларымен беріледі. Құрылыс жөндеу жұмыстары өндірісіне рұқсат алу үшін тапсырыс беруші мына келесі құжаттар мен материалдарды тапсырады:

1

1) рұқсат алуға өтінім;

2

2) жеке меншікке құқығы бар тапсырыс берушіге тиесілі немесе уақытша жер пайдалануға құқығы бар құрылыс учаскісін беру туралы Қарағанды қаласының әкімдігінің қаулысының көшірмесі;

3

3) жұмыс түрлері тізбесімен мердігер ұйымдарының мемелекеттік лицензиясының көшірмесі;

4

4) сараптаманың оң қортындысымен жобаның жергілікті бөлімдері немесе орнатылған тәртіптегі бекітілген және келістірілген жоба;

5

5) бас мердігердің және тапсырыс берушілердің жауаты тұлғаларынан қолхат.

120

120. Өндірісті объектілер, автокөлікпен қамтамасыз ететін объектілер және өзен-көлдердің су-қорғау аймақтарында орналасқан, әрі қоршаған ортаны ластайтын басқа да объектілер бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарын өндіруге қызметтердің трансшекаралық, стратегиялық және экологиялық қауіпті түрлері үшін облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының мемелекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы да рұқсат болып табылады.

121

121. Сәулет-құрылыс бақылау басқармасы қажетті құжаттар тапсырыс берушінің тапсыруы бойынша, қажетті құжаттармен өтініш берген сәттен бастап 14 күннің ішінде рұқсат береді. Рұқсат беру мерзімінің әрекеті құрылысқа қажетті уақыт жиілігінен таспсырыс берушінің өтінімі есебінен бекітіледі, бірақ бір жылдан артық емес. Рұқсат беру әрікетінің мерзімі аяқталған жағдайда, тапсырыс беруші бір жұманың ішінде мерзімін ұзартуға міндетті. Құрылыс-жөндеу жұмыстарын қажетті жағдайда рұқсат беруді қайта тіркеуден өтпеген немесе рұқсат алмаған, ұзартылмаған немесе рұқсат беруде көрсетілмеген жұмыстар өз бетімен салынған құрылыс болып табылады.

122

122. Құрылыс ұйымдары өкілдерімен бірге азаматтар және заңды тұлғалар құжаттарды объект шекараларын түсіру немесе алу кешендері туралы жер қатынастары бойынша өкілетті органдарда ресімдейді және оларды қадағалауға жауапты болады.

123

123. Құрылыс жұмыстарын өндіруге рұқсаттары бар азаматтар және заңды тұлғалар, бес күн ішінде сәулет-құрылыс бақылау басқармасының өкілдеріне объект құрылысының басталуы туралы ескертеді. Жұмыс өндіру жобада бекітілген құрылыс мерзіміне сәйкес іске асады.
Құрылыс кезінде жобада және құрылыс жөндеу жұмыстары сапасына және сылау жұмыстарына заң бұзушылықтар жасаған азаматтар және заңды тұлғалар заңға сәйкес міндеттілікті өз мойнына алады.

124

124. Жанасып тұрған аумаққа, ғимарат және кешендерге тіршілік әрекетті, қауіпсіздікті, ыңғайлы технологиялық үрдісті ұйымдастыру, экологиялық және санитарлы-техникалық талаптарын, құрылысқа эстетикалық қабылдауды құруды қамтамасыз ету мақсатында объект немесе кешендер құрылысы уағында құрылыстың бас жоспарына және жұмыс өндіру жобасына сәйкес, құрылыс орындарын жайғастыру – қоршаулар орнату, жаяу жүретін және жүретін жолдарды ұйымдастыру, объектіден шыққан автокөліктің дөңгелегін жуу, құрылыс өткелдерін шаң өткізбейтін заттармен қоршау және басқа да шаралар міндетті түрде қарастырылады.

125

125. Тапсырыс берушілер нысан немесе кешен құрылыстарының аяқталуы бойынша нысанды пайдаланып қабылданғанға дейін атқарушы топографикалық түсірілімге тапсырыс беруге және оны жер қатынастары бойынша өкілетті органға тапсыруға міндетті.

7. 7. Тұрған жылжымайтын объектілерін өзгертуге (қайта профильдеу, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, қайта жөндеу, кеңейту, күрделі жөндеу) рұқсат беру үрдісін өту ережесі

7. Тұрған жылжымайтын объектілерін өзгертуге (қайта профильдеу,
қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, қайта жөндеу, кеңейту, күрделі жөндеу) рұқсат беру үрдісін өту ережесі

126

126. Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережелері Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген «Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу Ережесіне» сәйкес орындалады.

127

127. Тұрғын үйде тұрғылықты және тұрғылықсыз жайды сәулет-құрылыс жобасынсыз және жергілікті атқарушы орган мен сәулет және қала құрылысы бөлімінің рұқсатынсыз қайта жабдықтауға және қайта жоспарлауға, тұрғындардың жалпы жиналысы немесе пәтер иелерінің коперативінің келісімінсіз рұқсат берілмейді.

128

128. Жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау, басқа меншік иелерінің мүдделеріне қайшы болған жағдайда, олардың жазбаша келісімі қажет етіледі.

129

129. Ғимаратты өзгерту бойынша жұмыс өндірудің басталуына рұқсат беру немесе рұқсат бермеген жағдайда, рұқсат беру мерзімі жобаны келістіруге берген сәттен бастап 5 жұмыс күнінен асырылмауы қажет.

8. 8. Құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау

8. Құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау

130

130. Объектілер мен кешендердің құрылысы, қайта жөндеу, кеңейту, техникалық қайта жабдықтау, қайта өңдеу және күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін, пайдалануға қабылдау белгіленген тәртіпке сәйкес іске асады.

131

131. Пайдалануға мемлекеттік қабылдап алу актісін ресімдеуге дейін, құрылыс ұйымдары, қала қызметтерімен бірлесе отырып тапсырыс беруші мына құжаттарды дайындайды:

1

1) уақыт аралық қабылдау туралы актілер;

2

2) жұмыс орындаулар актілері;

3

3) қондырғыны сынау туралы актілер;

4

4) құрылыс жадығаттарына және құрылымдарына паспорттар мен сертификаттар;

5

5) жоба құжаттарына сараптама анықтамалары.

132

132. Объектілер мен кешендерді пайдалануға қабылдау комиссия актілерімен ресімделеді.

9. 9. Қала құрылысы қызметін іске асырудағы бақылау

9. Қала құрылысы қызметін іске асырудағы бақылау

133

133. Қала құрылысы қызметін іске асырудағы бақылау бас жоспармен және басқа қала құрылысы құжаттарымен, осы құрылыс салу қағидасымен, мемлекеттік қала құрылысы нормативтері және ережелеріне сәйкес қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған.

134

134. Жергілікті сәулет және қала құрылысы бөлімі және сәулет-құрылыс басқармасының лауазымды тұлғалары өз құзіреттерінде мыналарға құқықтары бар:

1

1) құрылысқа рұқсат беру, мемлекеттік қала құрылысы нормативтері және ережелері жобалы құжаттама және қала құрылысы талаптарын, қала құрылысы қызметі субъектілерімен орындау туралы ақпараттарды алу мақсатында жылжымайтын объектілерді жөндеу, құрылысқа, қайта жөндеуге бақылау жүргізуге;

2

2) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңын бұзудағы кінәлі тұлғаны белгілі тәртіпте әкімшілік жауапкершілікке тартуға;

3

3) Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңын бұзудағы кінәлі тұлғаға тиісті шара қолдану үшін құжаттарды құзіретті органдарға жіберуге;

4

4) егер зиян келтіру Қазақстан Республикасының "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңын бұзу жолымен болған жағдайда, тіршілік әрекеті ортасына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы сотқа талап беруге;

5

5) Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңын бұзу жолымен іске асқан құрылысты қысқартуға немесе тоқтату туралы шешім қабылдауға;

6

6) Қазақстан Республикасының заңдарына қарама-қайшы келмейтін, басқа да шараларды қолдануға.

10. 10. Осы қағиданы бұзғандығы үшін жауапкершілік

10. Осы қағиданы бұзғандығы үшін жауапкершілік

135

135. Осы Қағиданы бұзғаны үшін жеке, заңды, лауазымды тұлғалар, егер іс-әрекеттегі қылмыстық жазалау белгілерін ұстамаса, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес жауапты болады.

136

136. Осы Қағиданың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес әр бақылаушы органдар өз құзіреті шегінде іске асырады.

137

137. Осы қағида бойынша өкілетті органдардың әрекеттері және шешімдері жөнінде сотқа шағым арыз беруге болады.

11. 11. Қорытынды ереже

11. Қорытынды ереже

138

138. Құрылыс салу Қағидасы редакциясына бекітілген қандай да бір өзгерістер, толықтырулар, түзетулер, анықтаулар жергілікті атқарушы орган ұсынысы бойынша осы бекітілген Қағидаға енеді.

1. Автокөлік аумағына ішкі жүргізу жолдарының өлшемдері

Қарағанды қаласының аумағында
құрылыс салу Қағидасына
№1 қосымша
Автокөлік аумағына ішкі жүргізу жолдарының өлшемдері
Автокөлік түрлері, класс
Автокөлікті орнатудағы автокөлікті қорғау орындарында ішкі жүру жолының ені, метрлерде
Алдынғы жүру
Артқы жүру
Қосымша іс-қимылсыз
Іс-қимылмен
Қосымша іс-қимылсыз
Жүру жолы кіндігіне автокөлік орнату бұрышы
45°
60°
90°
45°
60°
90°
Ерекше шағын кластағы жеңіл көліктер
2,7
4,5
6,1
3,5
4,0
5,3
Шағын кластағы жеңіл көліктер
2,9
4,8
6,4
3,6
4,1
5,6
Орта кластағы жеңіл көліктер
3,7
5,4
7,7
4,7
4,8
6,1
Өкілдік кластағы жеңіл көліктер
3,7
5,4
7,7
4,7
4,8
6,1
Шағын автобустар
3,8
5,8
7,8
4,8
5,2
6,5

2. Тұрғын үй құрылысын (жаңа құрылыс салу және реконструкциялау) алаң, құрамы және өлшемдері

Қарағанды қаласының аумағында
құрылыс салу Қағидасына
№2 қосымша
Тұрғын үй құрылысын (жаңа құрылыс салу
және реконструкциялау) алаң, құрамы және өлшемдері
Алаңдар
Алаңдардың жеке мөлшері, шаршы метр/адам
Алаңдардан тұрғылықты және жалпы ғимараттар әйнегіне дейінгі ара қашықтық, метрлерде
Мектепке дейінгі және төменгі мектеп жасындағы балар ойыны үшін
0,7
12
Ересек тұрғындардың демалысы үшін
0,1
10
Денешынықтыру айналысу үшін
0,2
10-40
Шаруашылық мақсат және иттерді қыдырту үшін
0,3
20 Шаруашылық мақсат үшін) 40 (иттерді қыдырту үшін)
Автокөлік тұрақ жайы үшін
0,8
10 кесте бойынша

3. Жеңіл автокөліктерді, тұрғын үйлер және көпшілік ғимараттарына дейінгі техникалық қамтамасыз ету станцияларын уақытша және тұрақты сақтау үшін, тағайындалған ашық көлік тұрақтар, жер үсті-жер асты гараждары, сонымен қатар көпшілік пайдаланатын аймақта орналасқан мектеп, балалар бақшасы-яслилері және стационар түріндегі емдеу мекемелері ара қашықтығы

Қарағанды қаласының аумағында
құрылыс салу Қағидасына
№3 қосымша
Жеңіл автокөліктерді, тұрғын үйлер және көпшілік ғимараттарына дейінгі техникалық қамтамасыз ету станцияларын уақытша және тұрақты сақтау үшін, тағайындалған ашық көлік тұрақтар, жер үсті-жер асты гараждары, сонымен қатар көпшілік пайдаланатын аймақта орналасқан мектеп, балалар бақшасы-яслилері және стационар түріндегі емдеу мекемелері ара қашықтығы
Ара қашықтық анықталатын ғимарат
Ара қашықтық, метрлерде
Гараждар мен ашық тұрақтардан жеңіл автокөлік есебінен
Пост есебіндегі техникалық қамтамасыз ету станциясынан
10 және одан аз
11-50
51-100
101-300
10 және одан төмен
11-30
Тұрғын үйлер
10**
15
25
35
15
25
Тұрғын үйлердің әйнексіз бүйірлері
10**
10**
15
25
15
25
Көпшілік ғимараты
10**
10**
15
25
15
20
Жалпы білім беретін мектепке дейінгі балар мекемелері
15
25
25
50
50
*
Стационарлық емдеу мекемесі
25
50
*
*
50
*
* Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы келісімі бойынша анықталады.
** Отқа төзімді 3-5 дәрежедегі гараж ғимараттары үшін 12 метр ара қашықтықта қабылдау қажет.
Ескертулер*:

1

1. Тұрғылықты және көпшілік ғимараттар әйнегінен, жалпы білім беретін мектептер, мектепке дейінгі балалар және емдеу мекемелері стационарларымен гараж қабырғасына немесе ашық тұрақ жай шекараларына дейінгі арақашықтық.

2

2. Қасбеттің ұзыннан әрі орналасқан, 101-300 көлік сыйымдылығымен секциялы тұрғылықты үйден ашық алаңға дейінгі ара қашықтықты 50 метр кем емес алу қажет.

3

3. 10 кестеде көрсетілген отқа төзімді 3-5 дәрежедегі гараж ғимараттары үшін қашықтықты, гаражда ашылатын әйнек, сонымен қатар тұрғын және көпшілік ғимараттары жағына бағытталған жолдар болмаған жағдайда 25 пайызғы дейін қысқартуға рұқсат беріледі.

4

4. Сыйымдылығы 300 көлік-орынды жеңіл автокөліктерін сақтау үшін гараждар және ашық тұрақ жайлар және пост есебіндегі 30 көп техникалық қамтамасыз ету станцияларын тұрғын үйден 50 метр кем емес ара қашықтықта өндіріс аумағындағы тұрғын ауданы сыртына орналастырылуы қажет. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы келісімі бойынша анықталады.

5

5. 10* кестеде көрсетілген сыйымдылығы 10 көліктен көп гараждар үшін интерполяция бойынша арақашықтықты алуға рұқсат етіледі.

6

6. Азаматтардың тиесілі бокс түріндегі бір қабатты гараждға жерқойма орнатуға рұқсат етіледі.