Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил технического надзора и освидетельствования морских судов и их классификации

Қаулы · № 829 · қабылданған 11.08.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-24978/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил технического надзора и освидетельствования морских судов и их классификации Күшін жойған Қаулы ·№ 829 ·11.08.2005
19.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил технического надзора и освидетельствования морских судов и их классификации

Күшін жойған Қаулы ·№ 829 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил технического надзора и освидетельствования морских судов и их классификации
Атауы (қаз.)
Теңіз кемелерін техникалық қадағалау мен куәландыру және оларды сыныптау ережесін бекіту
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
829
Қабылданған күні
11.08.2005
Көрсетілген редакция
19.02.2013 AI24978_4.kaz
Соңғы өзгеріс
19.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000829_
ЭКБ идентификаторы
24978
Редакция идентификаторы
AI24978_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:27

0 Теңіз кемелерін техникалық қадағалау мен куәландыру және оларды сыныптау ережесін бекіту

"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 15-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Теңіз кемелерін техникалық қадағалау мен куәландыру және оларды сыныптау ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Теңiз кемелерiн техникалық қадағалау мен куәландыру және оларды сыныптау eрежесi

Қазақстан Республикасы
2005 жылғы 11 тамыздағы
N 829 қаулысымен
бекітілген
Теңiз кемелерiн техникалық қадағалау мен куәландыру және оларды сыныптау eрежесi

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Теңiз кемелерiн техникалық қадағалау мен куәландыру және оларды сыныптау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi және:

1 1) теңiз кемелерiн техникалық қадағалау мен куәландыру тәртiбiн;

2 2) теңiз кемелерiн сыныптау тәртiбiн белгілейдi.

2 2. Осы Ереженiң әрекетi Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерi мен шекара қызметінің теңiз бөлiмдерi туын көтеріп жүзетiн теңiз кемелерiне қолданылмайды.

2 2. Теңiз кемелерiн техникалық қадағалау мен куәландыру тәртiбi

3 3. Техникалық қадағалау - бұл уәкілетті органның теңiз кемелерiне арналған техникалық құжаттардың болуын әрi мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сәйкестігiн тексеруден тұратын қызметi.

4 4. Техникалық құжаттар - теңiз кемелерiн куәландыру нәтижелерi бойынша уәкілетті орган беретiн теңiз кемелерiне арналған куәлiктер, куәландыру актілерi.

5 5. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдарының теңiз кемелерiн техникалық қадағалауына жол берiлмейдi.

6 6. Теңiз кемесiнің мемлекеттiк және халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайтын техникалық құжаттар, онда түпнұсқаларында немесе нотариалды расталған көшiрмелерi түрiнде болады.

7 7. Арнайы аспаптар мен құралдарды қолдану жолымен теңiз кемесiнiң мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сәйкестігін тексеру куәландыру болып табылады.

8 8. Теңiз кемесiн куәландыруды уәкiлетті орган кеме иесiнiң өтiнiмi бойынша жүргізедi.

8-1 8-1. Халықаралық жүзуді жүзеге асыратын теңіз кемесін куәландыруды уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған сыныптау қоғамы жүргізеді .

9 9. Қазақстан Республикасы қосылған халықаралық конвенциялар мен келiсiмдердiң талаптарына сәйкес теңiз кемесi бастапқы, кезеңдiк куәландыруларға және қажеттiлiгiне қарай қосымша куәландыруға жатады.

10 10. Бастапқы куәландыру теңiз кемесiн жасағаннан кейiн жүргізiледi.

Бастапқы куәландыру теңiз кемесiнiң конструкциясын, тетiктерiн, жабдықтарын, жабдықталуын және су асты бөлiгiн тексерудi, оның iшiнде олардың мемлекеттiк және халықаралық стандарттарға сәйкестігін растау мақсатында оларды сынауды қамтиды.

11 11. Теңiз кемелерi Қазақстан Республикасы қосылған халықаралық конвенциялар мен келiсiмдерде көзделген мерзiмдерде мерзімдік куәландыруға жатады.

Мерзiмдiк куәландыру теңiз кемесiнiң конструкциясын, тетiктерiн, жабдықтарын, жабдықталуын және су асты бөлiгiн тексерудi, олардың қанағаттанарлық жай-күйде екендігін әрі мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сәйкестігiн растау мақсатында тексерудi білдiредi.

12 12. Қосымша куәландыруға авариялық жағдайдан, жөндеуден немесе қалпына келтiру жұмыстарынан кейiнгi, сондай-ақ мемлекеттiк және халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтiн теңiз кемелерi жатады.

Авариялық жағдайдан кейiнгi қосымша куәландыру теңiз кемесi тұрған портта немесе ол авариялық жағдайдан кейiн кiретiн алғашқы портта жүргiзiледi.
Жөндеуден немесе қалпына келтiру жұмыстарынан кейiнгі қосымша куәландыру жөндеу және қалпына келтiру жұмыстары мемлекеттiк және халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы жүргiзiлгенiн растау мақсатында жүргізiледi.

3 3. Теңiз кемелерiн сыныптау тәртiбi

13 13. Сыныптау уәкiлеттi органның теңiз кемесiне сынып беру бойынша жүзеге асыратын қызметі болып табылады, оның болуы теңiз кемесiн теңiзде пайдалануға жол бередi.

14 14. Теңiз кемесiн сыныптауды уәкілетті орган кеме иесiнің өтінімі бойынша жүргізеді.

15 15. Теңiз кемесiн сыныптауды уәкiлетті орган бастапқы куәландыру нәтижелерi бойынша жүргiзедi.

15-1 15-1. Халықаралық жүзуді жүзеге асыратын теңіз кемесін сыныптауды уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған сыныптау қоғамы жүргізеді.

16 16. Теңіз кемесіне сынып беру теңіз кемесі конструкциясының халықаралық талаптарға, ал оның техникалық жай-күйі - теңіз кемесін пайдалану шарттарына сәйкестігін растауды білдіреді.

17 17. Теңiз кемесiне сынып беру теңiз кемесi сыныбының формуласы көрсетiле отырып сыныптау куәлiгiн берумен расталады.

18 18. Теңiз кемесi сыныбының формуласындағы негiзгi нышан теңiз кемесiнiң конструкциясын айқындайтын "Т" (теңiз) әріптік белгiлеуi болып табылады.

"Т" сыныбының негiзгі нышаны бар теңiз кемелерi толқын биiктігi төрт метр және одан асқан кезде теңiзде жүзуге арналады.

19 19. Сыныптың негiзгi нышаны, олардың қадағалауымен теңiз кемелерiн жасау жүзеге асырылған сыныптау қоғамдары мен өзге де ұйымдарды ескере отырып, сынып формуласына кiретін мынадай белгілермен толықтырылады:

1 1) "К" - уәкілетті органның техникалық қадағалауымен жасалған теңiз кемелерi үшін;

2 2) "*К" - сыныптау қоғамдарының және өзге ұйымдардың қадағалауымен жасалған теңiз кемелерi үшін.

20 20. Егер теңіз кемесінің конструкциясы халықаралық талаптарға, ал оның техникалық жай-күйі - теңіз кемесін пайдалану шарттарына сәйкес келмеген жағдайда осы теңіз кемесіне сынып берілмейді.

21 21. Теңiз кемесінің сыныбы кеменің опат болуына немесе оның есептен шығарылуына байланысты күшiн жояды.

Қолданыстағы