Об утверждении Правил создания и финансирования социальных рабочих мест для инвалидов в Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектер үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және қаржыландыру ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазакстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы 31 бабы 3 тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазакстан облысында мүгедектер үшін әлеуметтік жумыс орындарын ашудың және қаржыландырудың коса беріліп отырған Ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамту үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті Ережені іске асыру жөнінде ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс жүргізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктері көрсетілген Ережені іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.Ы.Омаровқа жүктелсін.
Басқа 5
Солтустік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2005 жылғы 1 шілдегі
№ 177 қаулысымен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектер үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және қаржыландыру ережесі
Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектер үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашудын және қаржыландырудын осы ережесі (ілгеріде-Ереже) мүгедектер ішіндегі жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ашатын және ұсынатын жұмыс берушілермен есеп-айырысудың негізгі шарттары мен жүйесін реттейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) мүгедек - тіршілік-тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден ағза функциялары тұрақты бүлініп, денсаулығы бұзылған адам;
Тармақша 2
2) жұмыс беруші - жұмыскермен еңбек қатынасында тұрған заңды немесе жеке тұлға;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган - аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектерге Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамсыз ету және сақтандыру туралы заңнамалык актілері таратылады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Жұмыссыз мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен осы жұмыс орындарына қабылданған жұмыскерлердің еңбекақысын жергілікті бюджет есебінен ішінара төлеген жағдайда әлеуметтік жұмыс орындары ашылады және ұсынылады.
Тармақ 4
4. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға тілек білдірген жұмыс берушілер белгіленген үлгідегі өтінішті (1-қосымша) аудан (қала) әкімдігіне ұсынады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашуды ұсынған жұмыс берушілердің тізбесі аудандық (қалалық) әкімдіктің қаулысымен бекітіледі.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) жұмыссыз мүгедектерді жұмыспен қамтуга жәрдемдеседі және олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) жұмыссыз мүгедектерді олардын келісімімен әлеуметтік жұмыс орындарына жібереді;
Тармақша 3
3) жұмыс берушімен жұмыссыз мүгедектерді әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жөнінде қызмет көрсетуге шарт (2 қосымша) жасасады;
Тармақша 4
4) есеп беруден кейінгі айдың бесіне дейін жіберілген мүгедектер саны, жұмыс берушілер тізбесі және жергілікті бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыскерлердін жалақысын төлеуге жергілікті бюджет қаражатынан аударылған өтемақы мөлшері туралы мәліметтерді Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ай сайын ұсынады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері: жұмыс берушілердін және жергілікті бюджет қаражаттары болып табылады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарын жергілікті бюджет қаржысынан қаржыландыру 451002 "Жұмыспен қамту" бағдарламасы, 102 "Азаматтарды халықты жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" бағдарламашасы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Жұмыс берушінің әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан мүгедектің еңбекақысын төлеуге жұмсайтын шығындары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгілеген ең төменгі еңбекақыдан елу пайыз мөлшерінде жергілікті бюджет қаржысы есебінен алты айдан аспайтын мерзімде толтырылады.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган мүгедекті жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрыктың үзіндісінің бекітілген көшірмесі мен жұмыс уақытын есепке алу табелін ұсынганнан кейін бюджеттік қаражатты жұмыс берушінің есеп шотына аударады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған мүгедектің еңбекақысын төлеу жеке еңбек ұжымдық шарттар жағдайларына сәйкес ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Алты ай өткеннен кейін жұмыс орны қабылданған мүгедекке кемінде бір жылға дейінгі мерзімге сақталады, осы орайда жұмыскердің жалақысын төлеу жұмыс берушінің жеке қаражаты есебінен есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу тәртібіне және қаржыландыруға бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу тәртібіне және қаржыландыруға бақылау
Тармақ 13
13. Мүгедектер ішіндегі жұмыссыздарды жұмыска орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу тәртібін және қаржыландырулы бақылау заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.
Басқа 30
Солтүстік Қазақстан облысында
мүгедектер үшін әлеуметтік
жұмыс орындарын ашу және
қаржыландыру ережесіне
1 қосымша
Аудан (қала) әкіміне
______________________________ мүгедектер ішіндегі
(жүмыс берушінін атауы)
жұмыссыздарды жұмыска орналастыру үшін ___________ әлеуметтік жұмыс
орындарын ашуға және ұсынуға келіседі.
Әлеуметтік жұмыс орындары мына мамандықтар бойынша:
1.
2.
3.
________________________________________
ай мерзіміне ашылатын болады.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде Сізден мүгедектер үшін әлеуметтік
жұмыс орындарын ашуға дайын тұлға ретінде ___________________________
(жұмыс берушінің атауы)
_______________ бекітуіңізді сұраймыз.
Бірінші басшының қолы
Датасы ____________
Мөр
Басқа 31
Солтүстік Қазақстан облысында
мүгедектер үшін әлеуметтік
жұмыс орындарын ашу және
қаржыландыру ережесіне
2 қосымша
Жұмыссыз мүгедектерді әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру жөніндегі қызметті қөрсетуге
№ ______ шарт
_________________ «____» _________ 2005 жыл
(жасасқан жер)
"Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесі атынан Ереженің негізінде әрекет ететін, бүдан әрі
Тапсырыс беруші деп аталатын бастық
_____________________ бір жағынан және ______________________________
(басшының Т.А.Ж.)
_______________________________ атынан ______________________________
(жұмыс берушінің толық атауы) (жарғының, ереженің)
негізінде әрекет ететін, бұдан әрі Орындаушы деп аталатын
___________________ екінші жағынан
(басшының Т.А.Ә)
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы « » № қаулысымен
бекітілген Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектер үшін әлеуметтік жұмыс
орындарын ашу және қаржыландыру ережелерін басышылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы осы шартты жасасты:
1. Шарттың мазмұны
1.1. Тапсырыс беруші мүгедектер ішіндегі жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс
орындарына орналастыруды ұйымдастыруға байланысты іс-шараларды жоспарланды
және жүзеге асырады.
1.2. Орындаушы мүгедектер ішіндегі жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарын ашуды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Тапсырыс беруші:
- мүгедек жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына лайықты жұмысқа жібереді;
- орындаушыға әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған жұмыссыз мүгедектердің
жалақысын төлеуге жұмсалған шыгыннын бөлігін әрбір жұмыссызға (__теңге)
жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы заңнамасымен
белгіленген ең төменгі жалақының 50% мөлшерінде өтейді, ол әлеуметтік қорғау
өлшемі болып табылады. Төлемнің базалық шарты – аудандық (қалалық) қаржылық
органның ассигнация бөлу мөлшеріне байланысты;
- әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыз мүгедектер
жөнінде қажетті мәліметтер сұратуға қақылы;
2.2. Орындаушы:
- мына әлеуметтік жұмыс орындарын ашады және ұсынады:
р/р №
Мамандағы әлеуметтік жұмыс орындары
Шарттың әрекет мерзімі
Жұмыскерлер саны
Жергілікті бюджеттен (аудандық, қалалық) жұмсалатын шығынның сомасы
1 айға
Барлық кезеңге
-«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасы Заңына
сәйкес әлеуметтік жұмыс орнындарына жұмысқа қабылданған мүгедектермен жеке
еңбек шарттарын жасасады;
-Еңбек туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді
нысандарын пайдалана отырып, жұмыс уақытының ұзақтығы белгілейді;
-Жұмысқа қабылданғанның әрқайсысымен техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқаулық өткізеді;
-«Еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өз жұмыскерлеріне
жұмыстың салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етеді;
-Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған мүгедектердің жалақысын қолданыстағы
заңнамаға сәйкес және нақты атқарылған жұмыс көлемі үшін және қолданыстағы
ставкаларды және кәсіпорындағы осы мамандық бойынша жалақыны ескере отырып,
атқарылған уақытқа сәйкес төлейді. Жұмыс беруші өтемақы мөлшері артқан жағдайда
(Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, жергілікті (аудандық, қалалық)
бюджет қаржысынан қаржыландырылатын ең төменгі жалақынан 50 %) қосымшаақыны өз
қаржысынан төлейді;
-Жергілікті бюджеттен түскен қаражат қатаң түрде нысаналы пайдаланады;
-Жалақыдан қолданыстағы заңнамада көзделген барлық салықтарды төлейді;
-Әлеуметтік жұмыс орындарына істейтін мүгедектерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес
уақытша жұмысқа жарамсыз қағаздарын төлейді, келтірілген жарақат немесе денсаулығына
басқаша зардап келтірген зиянды орнына келтіреді;
-әлеуметтік жұмыс орындарында істейтін және өзін жақсы жақтардан көрсете білген
мүгедектерді бос жұмыс орны болған жағдайда тұрақты жұмыс орнына қабылдайды.
3. Тапсырыс беруші мен Орындаушының өзара іс-әрекеті
3.1. Тапсырыс беруші:
- Орындаушыдан қажетті ақпаратты белгіленген мерзімде сұрайды;
- әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған мүгедектерің жұмысқа орналасқандығын және
жұмысын бақылауды жүзеге асырады
3.2. Орындаушы:
- жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың, жұмыс уақытын есепке алу табелінін үзіндісінен
көшірмелерді, жалақы есептеу ведомостін, атқарылған жұмыс актісін әр айдың 25 күнінен
кешіктірмей ұсынады:
- осы шарттың 4.1 тармағында көрсетілген шарт сомалары толық игерілмеген жағдайда
қаржылық қаражатты нақты пайдалану сомасына қосымша келісімді қорытынды төлеммен
ұсынады;
- Тапсырысшыға әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеген мүгедекетердің жалақысын
төлеуге қаржыны нысаналы пайдалану нақты сомасы туралы, зейнетақы жарналарын аудару
туралы мәліметтерді күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін ұсынады.
4. Шарт сомасы
4.1. Шарттың жалпы сомасы - ________________ теңгені құрайды.
4.2. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған бір мүгедектің еңбекақысын жергілікті
бюджеттен төлеу бір айда _________________ теңгені құрайды.
4.3. Ақша аудару атқарылған жұмыс актілері негізінде жүзеге асырылады.
5. Тараптардың жауапкершілігі
5.1. Тараптар Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес шарт
міндеттемелерің орындалуы үшін жауапкершілік ұстайды.
6. Даулардың қарау тәртібі
6.1. Осы шартты орындау барысында туындаған даулы мәселелер заңнамада белгіленген
тәртіппен шешіледі.
7. Шарттың әрекет мерзімі
7.1. Осы шарт қазынашылық органдарда тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне
енеді және таратар үшін міндетті болып табылады.
7.2. Шарттың күші __ 200_ж. дейін сақталады.
7.3. Осы шарт 3 данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген және әрқайсысы
бірдей заң күшіне ие.
8. Ерекше жағдайлар
8.1. Шарт, оған өзгертулер мен толықтырулар олар тек жазбаша түрде жасалған және
тараптардың оған уәкілденген өкілдері қол қойған жағдайда ғана күшіне енеді.
9. Тараптардың заңды мекен-жайлары
Тапсырыс беруші: Орындаушы:
_____________________ ____________________
(жұмыс берушінің толық атауы)
_____________________ ____________________
_____________________ ____________________
(мекен-жайы)
_____________________ ____________________
(телефон №, факс)
_____________________ Е/ШІ_______________
_____________________ СТН____________________
_____________________ МФО____________________
_____________________ ____________________
(басшының Т.А.Ә)
Қазынашылық органында тіркелген датасы 2005 жыл "__"____________