Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления социальной помощи отдельным категориям граждан

Қаулы · № 146 · қабылданған 07.06.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25031/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления социальной помощи отдельным категориям граждан Күшін жойған Қаулы ·№ 146 ·07.06.2005
30.09.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления социальной помощи отдельным категориям граждан

Күшін жойған Қаулы ·№ 146 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления социальной помощи отдельным категориям граждан
Атауы (қаз.)
Азаматтардың бөлек топтарына әлеуметтік көмекті беру Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
146
Қабылданған күні
07.06.2005
Көрсетілген редакция
30.09.2024 25031_724863.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05SE000007
ЭКБ идентификаторы
25031
Редакция идентификаторы
25031_724863
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:38

0 Азаматтардың бөлек топтарына әлеуметтік көмекті беру Ережесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін және оларға теңелген тұлғаларға жеңілдіктермен әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Заңының 20 бабына сәйкес, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын атап өту даярлығы мен өткізу бойынша іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдағы 10 қарашадағы № 1173 қаулысын орындау үшін,« 2005 жылға арналған аудан бюджеті туралы» аудандық мәслихатының 2004 жылғы 27 желтоксандағы № 14-1 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 28 қаңтардағы №15-1 шешімінің негізінде және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығының құрметіне аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 қосыла берілген азаматтардың бөлек жеке санатына әлеуметтік көмекті беру Ережесі бекітілсін.

Келісілді:
«Ғабит Мусрепов атындағы
аудан қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бастығының м.о.
Дышкант Н.Г.
07.06.2005 года

2 Азаматтардың бөлек топтарына әлеуметтік көмекті беру Ережесі

Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімінің қаулысымен
бекітілді 07 маусымда 2005 ж.
№146
Азаматтардың бөлек топтарына әлеуметтік көмекті беру Ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ереже Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 60 - жылдығына байланысты соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғаларға жіберу жөніндегі әлеуметтік көмектің тәртібі мен шартын белгілейді.

2 2. Соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғаларға экскурсиялық сапарға әлеуметтік көмекті «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен тағайындалады.

3 3. Соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғаларға экскурсиялық сапарға әлеуметтік көмек төмендегі санаттағы азаматтарға берілді:

1 1) соғысқа қатысушыларға, Ұлы Отан соғысына қатысқан мүгедектерге және оларға теңестірілгендерге;

2 2) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қаза тапқан әскер жесірілеріне, қайта некеге тұрмаған жағдайында;

3 3) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегі үшін ҚСР одағының ордендерімен, еңбектегі ерлігі үшін медальдарымен наградталған тыл еңбеккерлерне.

2 2. Әлеуметтік көмек тағайындаудың шарты мен тәртібі

4 4. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» мемлекеттік мекемесі көрсетілген саннатағы азаматтар әлеуметтік көмек тағайындау үшін төмендегідей құжаттарды ұсынады.

1 1) үлгідегі көрсетілген өтініші;

2 2) осы санаттағы азаматтардың расталған құжаттарының көшірмесі;

3 3) жеке куәлігінің көшірмесі.

5

5. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тиісті құжаттарды түскен күнінен бастап 5 күн ішінде үміткерлердің эксурсиялық сапарға соғысқа қатысушылармен, соғыс мүгедектері және оларға теңестірілген азаматтардың өтініштерін, әлеуметтік көмек алуға берген алушылардың істерін қарап, тағайындау жөніндегі немесе тағайындаудан бас тартқаны туралы шешім қабылдайды.

6 6. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тағайындаудан бас тартқан жағдайда себебін көрсетіп құжаттарды өтініш иесіне қайтарады.

Бас тартудың негізгі себебі Ережеге сәйкес осы санаттағы азаматтардың жалған ақпараттарымен расталмаған құжаттарды ұсынуы.

3 3. Соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету тәртібі.

7 7. Ұсынылған құжаттар мен қабылданған шешімге сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмек алуга үміткерлердің 3 данада, тізімдемелерін даярлап, оларды 2 деңгейдегі банкке ұсынады.

8 8. Заңнамамен белгіленген тәртіппен ақы қызмет көрсету бойынша келісім жасалған банк жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалара бөлімінің берген тізімдемесі негізінде алушылардың ашылған жеке шоттарына сомаларды аударады.

4 4. Соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемнін қаржыландыруы.

9

9. Соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғаларга әлеуметтік төлем жөніндегі шығындарды қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша азаматтардың жеке санатына әлеуметтік көмек» 06-451-007-000-322 бюджеттік классификация коды бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

10 10. Соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғыларға жергілікті бюжжетпен қарастырылған әлеуметтік төлем бөлінеді.

Қолданыстағы