Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления социальных выплат на санаторно-курортное лечение отдельным категориям граждан

Қаулы · № 157 · қабылданған 16.06.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25032/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления социальных выплат на санаторно-курортное лечение отдельным категориям граждан Күшін жойған Қаулы ·№ 157 ·16.06.2005
30.09.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления социальных выплат на санаторно-курортное лечение отдельным категориям граждан

Күшін жойған Қаулы ·№ 157 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления социальных выплат на санаторно-курортное лечение отдельным категориям граждан
Атауы (қаз.)
Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру Ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
157
Қабылданған күні
16.06.2005
Көрсетілген редакция
30.09.2024 25032_724859.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05SE000008
ЭКБ идентификаторы
25032
Редакция идентификаторы
25032_724859
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:37

0 Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық- курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру Ережелерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағын 14 тармақшасын, «Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектерді және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер көрсету туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Қазақстан Республикасы Заңын орындауға және облыстық мәслихат сессиясының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 24/3 шешімімен бекітілген «Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жургізу жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаға», Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру Ережелерін белгілеу туралы» 2003 жылғы 4 мамырдағы № 107 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру туралы қоса берілетін Ережелері бекітілсін.

Келісілді:
«Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бастығының м.о.
Дышкант Н.Г.
16.06.2005 ж.

2 Азаматтардың жеке санаттарына санаторлык-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру ережелері

Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімінің қаулысымен
бекітілді 16 маусым 2005 ж.
№157
Азаматтардың жеке санаттарына санаторлык-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру ережелері

1

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы ереже жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеметтік төлемдер беру ережелерісі (әрі қарай - Ережелер) жергілікті маңыздағы профилакториларда тегін санаторлық-курорттық емделуді өту үшін азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер беру тәртібін және шарттарын реттейді.

2 2. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдерді тағайындау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.

3 3. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер азаматтардың төмендегі санаттағы азаматтарға беріледі:

1 1) Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген тұлғаларға;

2 2) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға;

3 3) Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлердің, екінші қайтара тұрмысқа шықпаған жесірлеріне;

4 4) Ұлы Отан соғысы тылында жанкешті еңбегі және әскери мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері және медальдарымен наградталған тұлғаларға;

5 5) «Алтын-алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Ана даңкы» атағын алған көп балалы аналарға;

6 6) саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен зейнеткере болып табылатын тұлғаларға;

7 7) социалистік Еңбек Ері және «Халық қаһарманы» атақтарын алғандарға;

8 8) зейнет жасындағы мүгедектерге.

2

2 2. Санаторлық-курорттык емделуге әлеуметтік көмек беру тәртібі және шарты

4 4. Әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін жоғарыда аталған азаматтардың санаттары «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындагы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» мемлекеттік мекемесіне тұрақты мекен жайы бойынша төмендегі құжақттарды ұсынады:

1 1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2 2) осы санатқа жататындығын растайтын құжаттар көшірмесі;

3 3) жеке куәлік көшірмесі.

5

5. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қажетті құжаттар түскен күннен бес күндік мерзімде санаторлық-курорттық емделуге арналған әлеуметтік көмек алуға үміткерлер арыздарын қарастырады, алушылардың істерін қалыптастырады және әлеуметтік төлемді тағайындау туралы не болмаса оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім кабылдайды.

6 6. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдамалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жазбаша тағайындаудан бас тарту жағдайда себебін көрсетіп құжақттарды өтініш иесіне қайтарады.

Жалған немесе жеткіліксіз мәліметтер мен құжаттарды ұсыну әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тарту үшін негіз болады.

3

3 3. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру тәртібі

7

7. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған құжаттар мен қабылданған шешім негізінде әлеуметтік көмек алуға үміткерлер тізімін 3 данада жасайды, әлеуметтік көмек беру ведомосін қалыптастырады және оларды екінші деңгейдегі банкке ұсынады.

8 8. 3аңнамада белгіленген тәртіппен ақы қызмет көрсетуге келісім жасалған банк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің ұсынған ведомость негізінде алушылар ашқан жеке шотқа сомаларды аударады.

9 9. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек азаматқа жылына тек бір рет қана беріледі.

4

4 4. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмекті қаржыландыру

10

10. Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуіне әлеуметтік көмекті қаржыландыру аудандық бюджет қаражатынан шығыстарды бюджеттік топтастырудың коды 06-451-007-000-322 «Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер» бойынша жүргізіледі

11 11. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек бюджетпен көзделген қаржы шегінде беріледі.

Қолданыстағы