О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Опытно-показательный лесной питомник" Министерства образования и науки Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Опытно-показательный лесной питомник" Министерства образования и науки Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Үлгі-тәжiрибелiк орман көшеттiгi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 843
- Қабылданған күні
- 13.08.2005
- Көрсетілген редакция
- 10.04.2015 AI25038_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050000843_
- ЭКБ идентификаторы
- 25038
- Редакция идентификаторы
- AI25038_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:27
0 Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Үлгі-тәжiрибелiк орман көшеттiгi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Үлгi-тәжiрибелiк орман көшеттiгi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Орман көшеттiгi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi:
1 1) жерсiндiрiлген сүректi және бұталы тұқымдардың екпе көшеттерi мен тiкпе көшеттерiнiң кең тараған түрлерiн өсiру және сату;
2 2) инновациялық жобаларды енгiзу саласындағы ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлеу және енгiзу;
3
3) отырғызу материалдарын өсiрудiң прогрессивтi, ғылыми негiзделген технологияларын, өндiрiстi кешендi механикаландыру негiзiнде қазiргi заманғы өнiмдiлiгi жоғары технологиялық құралдар мен машиналар жүйесiн, машина-трактор паркiн және басқа да энергетикалық жабдықты пайдаланудың неғұрлым жетiлдiрілген әдiстерiн енгiзу болып белгiленсiн.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп, белгіленген тәртiппен:
1 1) Қоғамның жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн;
2 2) Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне берудi;
3 3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
4 4. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
12 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 13 тамыздағы
N 843 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2 2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітiлген Акциялардың мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердiң тiзбесiнде:
"Алматы облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 25-1-жолмен толықтырылсын:
"25-1. "Орман көшеттігi" АҚ".
3 3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-32-жолмен толықтырылсын:
"222-32. "Орман көшеттігі" АҚ".
4 4. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар" деген 1-бөлiмдегi реттік нөмiрi 77-жол алынып тасталсын;
"Акционерлiк қоғамдар" деген 3-бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 3-жолмен толықтырылсын:
"3. Орман көшеттігі".