Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по оплате стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение, и лиц, сопровождающих их, в пределах Республики Казахстан

Қаулы · № 248/6 · қабылданған 26.07.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25062/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по оплате стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение, и лиц, сопровождающих их, в пределах Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 248/6 ·26.07.2005
07.10.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по оплате стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение, и лиц, сопровождающих их, в пределах Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 248/6 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по оплате стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение, и лиц, сопровождающих их, в пределах Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы шегiнде медициналық көрсетiмдер бойынша емделуге жiберiлетiн науқастардың және оларды сүйемелдейтiн адамдардың жол ақысын төлеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
248/6
Қабылданған күні
26.07.2005
Көрсетілген редакция
07.10.2010 AI25062_4.kaz
Соңғы өзгеріс
07.10.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05P0003041
ЭКБ идентификаторы
25062
Редакция идентификаторы
AI25062_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:30

0 Қазақстан Республикасы шегiнде медициналық көрсетiмдер бойынша емделуге жiберiлетiн науқастардың және оларды сүйемелдейтiн адамдардың жол ақысын төлеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Заңы 10-бабының, 2-тармағы, 6 , 12 ) тармақшаларына, 2002 жылғы 8 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы" Заңы 7-бабының, 3-тармағы, 4) тармақшасына, 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдіктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңы 11-бабының 20 -тармағына, 20 бабына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы 27-бабының, 1-тармағы, 17) тармақшасына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы шегiнде медициналық көрсетiмдер бойынша емделуге жiберiлетiн науқастардың және оларды сүйемелдейтiн адамдардың жол ақысын төлеудiң нұсқаулығы (бұдан әрi - Нұсқаулық) бекiтiлсiн.

2 2. Облыс денсаулық сақтау департаментi "Азаматтарды елдi мекен шеңберiнен тыс емделу үшiн тегiн немесе жеңiлдетiлген жолақымен қамтамасыз ету" 253016000 бағдарламасының Нұсқаулыққа сәйкес орындалуын қамтамасыз етсін.

3 3. Облыс денсаулық сақтау департаментi науқастарға медициналық көрсетiмдер бойынша жолдамалар берудi iске асырсын.

4 4. Облыс қаржы департаментi бағдарламаны осы мақсаттарға облыс бюджетiнде арналып көзделген қаражаттар шегiнде қаржыландыруды iске асырсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсiн.

6 Медициналық көрсетiмдер бойынша Қазақстан Республикасы шегiнде емделуге жiберiлетiн науқастардың және оларды сүйемелдейтiн адамдардың жолақысын төлеу жөнiндегi нұсқаулығы

Павлодар облысы әкiмдiгiнiң
2005 жылғы 26 шілдедегі
"Медициналық көрсетiмдер бойынша
Қазақстан Республикасы шегiнде
емделуге жiберiлетiн науқастардың
және оларды сүйемелдейтiн
адамдардың жолақысын төлеу
жөнiндегi нұсқаулықты бекiту
туралы" № 248/6 қаулысымен
бекiтiлген
Медициналық көрсетiмдер бойынша Қазақстан Республикасы шегiнде емделуге жiберiлетiн науқастардың және оларды сүйемелдейтiн адамдардың жолақысын төлеу жөнiндегi нұсқаулығы
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Заңы 10-бабының, 2-тармағы, 6 , 12 ) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы" Заңы 7-бабының, 3-тармағы, 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңы 11-бабының 20 -тармағына, 20 бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы 27-бабының, 1-тармағы, 17) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Медициналық көрсетiмдер бойынша Қазақстан Республикасы шегiнде емделуге жiберiлетiн науқастардың және оларды сүйемелдейтiн адамдардың екi жаққа жолақысы облыс денсаулық сақтау департаментi берген бекiтiлген үлгiдегi жолдама болған жағдайда төленедi.

2 2. Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментi (бұдан әрi - Департамент) "Елдi мекен шеңберiнен емделуге шығатын азаматтарды тегiн және жеңiлдетiлген жолақысымен қамтамасыз ету" 253016000 бағдарламасының әкiмшiсi болып табылады.

3 3. Медициналық көрсетiмдер бойынша Қазақстан Республикасы шегiнде емделуге жiберiлетiн науқастардың және оларды сүйемелдейтiн адамдардың жолақысы (екi жаққа) жылына бiр рет, ал қайта емделу көрсеткіштері болған жағдайда - бірнеше рет төленедi.

4 4. Медициналық көрсетiмдер бойынша Қазақстан Республикасы шегiнде емделуге жiберiлетiн науқастардың және оларды сүйемелдейтiн адамдардың жолақысын (екi жаққа) қаржыландыру облыстық бюджет қаражаты есебiнен iске асырылады.

2 2. Медициналық көрсетiмдер бойынша Қазақстан Республикасы шегiнде емделуге жiберiлетiн науқастардың және оларды сүйемелдейтiн адамдардың жолақысын төлеу тәртiбi

5 5. Медициналық көрсетiмдер бойынша Қазақстан Республикасы шегiнде емделуге жiберiлетiн науқастардың және оларды сүйемелдейтiн адамдардың жолақысын Департамент мынадай құжаттар негiзiнде төлейдi:

1 1) өтiнiш;

2 2) жеке куәлiк көшiрмесi;

3 3) департамент берген белгiленген үлгiдегi емделуге жолдама;

4 4) стационарлық науқастың сырқатнамадан жазылған көшiрмесi;

5 5) СТН (салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi) көшiрмесi;

6 6) банк бөлiмшелерiндегi жеке есептердiң немесе төлем карточкаларының көшiрмесi;

7 7) ДКК (дәрiгерлiк консультациялық комиссия) анықтамасының көшiрмесi (сүйемелдей отырып жол жүрген жағдайда);

8 8) ӘЖК (әлеуметтiк жеке код) көшiрмесi;

9 9) туу туралы куәлiк (бала үшiн) көшiрмесi;

10 10) жол жүрген фактiсiн растайтын билеттер.

6

6. Медициналық көрсетiмдер бойынша Қазақстан Республикасы шегiнде емделуге жiберiлетiн науқастардың және оларды сүйемелдейтiн адамдардың жолақысы темiржол және қалааралық автомобильдiк көлiктерде (екi жаққа), бiрақта темiржол көлiгiнiң жедел поезiнiң купелiк вагон билетiнiң құнынан аспайтын мөлшерде iске асырылады. Ерекше жағдайда (аталған көлiк құралдарының болмағаны немесе шұғыл жағдайда) Департаменттiң рұқсатымен экономикалық класс тарифi бойынша әуе көлiгiмен жол жүру ақысы жүзеге асырылады.

7 7. Науқастардың емделгенiн және оны сүйемелдейтiн адамның жол жүрген фактiсiн растайтын құжаттар емделген орыннан келген күннен бастап екi айлық мерзiмнен кешiктiрмей тапсырылуы тиiс.

8 8. Науқастың және оны сүйемелдейтiн адамның билеттерiн жоғалтқан жағдайда емделу орнына дейiн барып-келу жолақысының құнын растайтын анықтама тапсырылуы тиiс.

9

9. Департамент науқастардың және оларды сүйемелдейтiн адамдардың жолақысын ақшалай қаражаттарды Павлодар облысының қалалар мен аудандарының банкiлерiнiң бөлiмшелерiндегi жеке (карт) шоттарға аудару арқылы жоғарыда аталған құжаттарды тапсырған күннен бастап екi ай iшiндегi мерзiмде төлемін жүзеге асырады.

Қолданыстағы