Об утверждении Правил застройки города Степногорска и поселков Қолданыста
Басқа 0
Степногорск қаласы мен кенттердің құрылыс Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Степногорск қаласы мен кенттердің құрылыс Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік саясат және құқық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған соң өз күшіне енеді.
Басқа 4
Степногорск қалалық мәслихаты
үшінші шақырылымы он
сегізінші сессиясының
2005 жылғы 14 шілдедегі № ЗС-18/11
шешімімен бекітілген
Степногорск қаласы мен кенттер құрылысының ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Степногорск қаласы және кенттер құрылысының ережелері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және қала құрылыс қызметі туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының Жер кодексі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген рұқсат беретін рәсімдерді өткізу Ережелері негізінде әзірленген.
Тармақ 2
2. Қала мен кенттер құрылысы осы ережелерге, қаланың бас жоспарына, ықшам аудандардың нақты жоспарлау және құрылыс жобасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Осы ережелер барлық салушылар - жеке және заңды тұлғалар үшін, сонымен қатар қала мен елді мекендердің жоспарлануымен және салынуымен айналысатын органдар мен лауазымды тұлғалар үшін міндетті.
Тармақ 4
4. Қала аумағында ғимараттар мен имараттарды салу, объектілерді көріктендіру мен көгалдандыру мемлекеттік сараптау, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, өртке қарсы қызмет және қоршаған ортаны қорғау органдарының оң нәтижесі болған жағдайда «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бекітілген жоспарлар бойынша іске асырылады. Жер орналастыру мен қала құрылысы регламенттеріне сәйкес сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесе отырып, жер ресурстарының басқармасы территориялық басқармасына жер үлесін таңдау жүзеге асырылады. Жер үлесінде құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін таңдау қорытындысы бойынша жер үлесі кесімімен рәсімделеді, кейде күзет және санитарлық-қорғау аумағын анықтау үшін керек болады. Бұл кесімге әр жер үлесінің жобасы қосылады. Жер үлесін таңдау актісін, жер үлесінің шекарасының жобасы 30 күннен асырмай дайындалу тиіс.
Тармақ 5
5. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қасбетін, сонымен қатар уақытша құрылыстардың сәулеттік-көркемдік ресімделу төлқұжаты құрылыс басталғанға дейін «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысымен бекітіледі.
Тармақ 6
6. Сырт пішінінің түсін, конфигурциясын өзгерткен кезде «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімінің» басшысымен келісе отырып, шешілуге жатады.
Тармақ 7
7. «Степногорск қаласының қала құрылысы және кұрылыс бөлімі» мемлекетік мекемесінің басшысымен берілетін бас жоспар және қала мен кенттердің нақтыланған жоспарлау жобаларына, қаланың жер-шаруашылық жоспарының құрылғысына сәйкес тұрғын үй, өндірістік мекемелер мен қоймаларды, қалалық инженерлік имараттарды, құбырларды сонымен қатар көгалданыру мен көріктендіруді сәулет- жобалау тапсырысы негізінде әзірлену керек.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй кеңістігі және өндірістік мекемелер сонымен қатар қоғамдық ғимараттар мен кешендердің сәулет жобалары Степногорск қаласының құрылыс кеңесінде міндеті түрде талқылану тиіс.
Тармақ 9
9. Құрылыс басталғанға дейін салушы (жеке тұрғын үйлерді салуды қоспағанда):
Тармақша 1
1) Ақмола облысы бойынша сәулет-қала құрылысын бақылау Басқармасынан жеке тұратын объектілерді құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізуге, «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінен тұрғын үйлердегі (үйлердегі, жатақханалардағы) жеке тұрғын жайларды немесе жеке бөлмелерді қайта жарақтау (қайта жобалау, қайта жабдықтау) бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге;
Тармақша 2
2) белгіленген тәртіппен бекітілген және келісілген жобалау-сметалық құжаттамалар мен жер пайдалану құқына кесімі болған жағдайда «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінен жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға міндетті.
Тармақ 10
10. Құрылысты бастағанға дейін салушы:
Тармақша 1
1) құрылыс алаңында барлық даярлық жұмысты орындауға;
Тармақша 2
2) бекітілген бас құрылыс жоспарына сәйкес аумақты қоршауға;
Тармақша 3
3) жерді қайта жөндеу жобасы бойынша топырақтың жогарғы құнарлы қабатын алуға және қалпына келтіруге;
Тармақша 4
4) кірешектерді жайластыруға және құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізу үшін қауіпсіздік шараларын қабылдауға;
Тармақша 5
5) объектілерді салу мерзімін «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (жеке Тұрғын үйлердің құрылысын бастау мерзімі-бір жыл, шағын және орта бизнес объектілері үшін-алты ай) келісуге.
Тармақша 6
6) Меншік иесі ауысқан кезде жылжымайтын мүліктің құрылыс жұмыстарын жүргізуге берілген құрылысқа рұқсатнама мерзімі ауыспайды.
Тармақ 11
11. Құрылысқа тиісті рұқсатынсыз кіріскен немесе табиғатты қорғау, санитарлық, өрт-техникалық, құрылыс нормалары мен ережелерін бұзған заңды және жеке тұлғалар қала әкімінің қызметтері мен мемлекеттік уәкілетті органдардың жазбаша өкімін алғанда, жіберілген қателіктерді жедел жоюға міндетті.
Тармақ 12
12. Объектілер мен кешендерді тұрғызу (салу) (соның ішінде уақытша), сондай-ақ оларды қайта жарақтау, жаңғырту, жаңарту, күрделі жөндеу және көріктендіру заңды және жеке тұлғаның өтініші бойынша қабылданған қала өкімінің тиісті шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Тапсырыс берушіде (салушыда) жер пайдалану құқығына актісі болған жағдайда, сәулет-қала құрылысы құжаттарын бекіткен және «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінен немесе Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау Басқармасынан және оның шекараларын (жергілікті жерде) белгіленгенге және жер ресурстары басқармасы бойынша аумақтық органмен жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттарды бергенге дейін (жеке меншік немесе жармен пайдалану құқығына кесімі) тиісті рұқсат алған сәтінен бастап құрылыс жұмыстарын жүргізуге құқығы бар болады, жер учаскесін беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінде басқа да көзделмеген болса құрылыс жұмыстарын жүргізуге құқығы болмайды.
Тармақ 14
14. Имаратты немесе ғимаратты (жеке тұрғын үйлерді қоспағанда) қабылдау комиссиясының қабылдауына тапсыру үшін салушы жоба-сметалық құжаттамаларды, жасырын жұмыстар кесімін «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің геодезиялық қызметімен қабылданған 1:500 масштабтағы ғимараттар, жер асты және жер үсті коммуникациялары енгізілген жер учаскесінің орындаушылық түсірілімді тапсыруға міндетті.
Тармақ 15
15. Құрылысы аяқталған ғимараттар мен имараттар қабылдау комиссияларымен қабылданып меншік иесінің кесімімен пайдалануға қабылданады, немесе жобамен көзделген барлық жұмыстар, соның ішінде қасбеттерді өрлеу, аумақтарды көріктендіру және көгалдандыру толығынан біткеннен кейін мемлекеттік қабылдау комиссиясының кесімімен іске қосылады.
Тармақ 16
16. Қала аумағындағы топографиялық-геодезиялық жұмыстар мен инженерлік-геодезиялық іздестірулер «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының рұқсатымен жүргізіледі.
Тексеру және іздестіру жұмыстарының материалдары міндетті түрде «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылуға жатады. Құрылыс және іздеу жұмыстарын жүргізетін заңды және жеке тұлғалар істеп тұрған инженерлік коммуникациялар мен геодезиялық белгілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. Қала аумағындағы жасыл көшеттерді бұзу және қайта отырғызу «Степногорск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығымен келісілуі міндетті. Жасыл көшеттерді әкету қажет болған жағдайда салушы экологияға, қоршаған орта мен қаланың жасыл қорына келтірген зиянын қалпына келтіруге міндетті. Келтірілген зиянның сметалық есебін және қалпына келтіруін МКБ «Горкоммунхоз» 5 күннен кешіктірмей құрастыру тиіс.
Тармақ 18
18. Заңды және жеке тұлғалар жобалық-іздестіру, сараптау, құрылыс жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастыру бұйымдарын, шығару жұмыс түрлеріне сәйкес өндіру құқығына мемлекеттік рұқсатнама болған жағдайда ғана орындай алады.
Тарау 2. 2. Жер учаскелерін беру мен пайдалану тәртібі
2. Жер учаскелерін беру мен пайдалану тәртібі
Тармақ 19
19. Жер учаскелерін жеке меншікке немесе жер пайдалануға беру Қазақстан Республикасы Жер кодексімен белгіленген өз құзыреттері шегінде жергілікті атқарушы органымен жүзеге асырылады және келесі кезекте орындалады:
Тармақша 1
1) жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы қолдаухатты қозғалту;
Тармақша 2
2) түскен қолдаухатты қанағаттандыру мүмкіндігін анықтау (жер учаскесін алдын ала таңдап алу);
Тармақша 3
3) жерге орналастыру жобасын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 4
4) жер учаскесіне құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімін қабылдау;
Тармақша 5
5) жергілікті жерде жер учаскесінің шегін белгілеу;
Тармақша 6
6) жер учаскесі құқығын куәландыратын құжаттарды беру;
Тармақша 7
7) жер учаскесі құқығына мемлекеттік тіркеу.
Тармақ 20
20. Жер учаскесіне меншік және (немесе) жер пайдалану құқығын алуда мүдделі жеке және заңды тұлғалар жергілікті атқарушы органға өтініш береді.
Өтініште мыналар көрсетілуі керек: жер учаскесін пайдалану мақсаты; оның мөлшері; орналасқан орны; пайдалануды өтіну құқы; басқа жер учаскесінің бар болуы (жоғы).
Жер учаскесіне құқық беру өтініші ол түскеннен кейін үш айға дейінгі мерзімде қаралады.
Тармақ 21
21. Жер учаскесінің шегі (жерде) белгіленгенге дейін және Ақмола облыстық жер ресурстарымен басқару бойынша аумақтық Басқармасымен құқын куәландыратын құжаттар берілгенге дейін, егер өзге атқарушы органның жер учаскелерін беру туралы шешімінде көзделмеген жағдайда, жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді. Осы норманы сақтамау жер учаскесін өз бетімен алған деп саналады және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Құқық құжаттары ресімделмеген жер учаскелерін мәміле жасауға жол берілмейді.
Тармақ 22
22. «Степногорск қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі атқарушы органның тапсырмасы бойынша «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп қала жерлерін аймақтандыруға сәйкес берілген мақсатты пайдалану бойынша өтінген жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін белгілейді.
Тармақ 23
23. Объектіні салу үшін жер учаскесін алдын ала таңдап алу «Степногорск қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен және «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен табиғат қорғау және өзге де уәкілетті органдарымен келісіле отырып, жерге орналастыру және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады. Өтініш беруші немесе оның сенім білдірілген тұлғасы жер учаскесін бөліп берудің келісімділігін өз бетімен қамтамасыз етеді.
Тармақ 24
24. Жер учаскесін таңдап алу нәтижесі жер учаскесін құрылыс үшін таңдап алу туралы кесімімен ресімделеді, ал қажетті жағдайда оның қорғау немесе санитарлық-сақтау аймағын анықтау үшін де. Осы кесімге әр учаске шегінің жобалары, оларды таңдап алудың түрлерімен, қоса беріледі. Жер учаскесін таңдап алу актілері және жер учаскесі шегінің жобалары қорытындысын қарау және дайындау үшін сәулет-қала құрылысы Кеңесіне, жер комиссиясына жіберіледі.
Тармақ 25
25. Өте маңызды объектілер 50 м. кв. асатын жаңа инженерлік тораптарды салу үшін жергілікті атқарушы орган (олардың қарауы бойынша) сол объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін таңдап алу жөнінде арнаулы комиссияларды құрады. Егер құрылыс объектіні орналастыруға таңдап алынған аумақта тұрғын үйлер, өзге де ғимараттар мен имараттар, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар мен бұзылуға немесе көшірілуге жататын (соның ішінде жерлерді біліп берген кезде өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймағына келетін) жасыл көшеттер болған жағдайда, тапсырыс беруші меншік иесіне шығындарды өтеу жағдайлары туралы, айтылған учаскедеге инженерлік тораптарда апаттық-жөндеу жұмыстарының өндірісі жағдайында аумаққа жіберу туралы кепілдік хаттың бар болуы әр жылжымайтын мүліктің иесімен жасалған шартты қосымша ұсынады. Шартта имараттарды, инженерлік коммуникацияларды, жасыл көшеттерді әкетіп, көшіріп әкетудің нақты жағдайлары мен мерзімдері, жылжымайтын мүлікті бұзуға байланысты барлық шығындарды өтеу жөніндегі салушының міндеттері көрсетіледі.
Тармақ 26
26. Комиссияның қорытындысы негізінде жер учаскелерін жеке меншікке немесе жермен пайдалануға беру бойынша жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы дайындалады.
Жерге орналастыру жобасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге рұқсатнамалары бар заңды және жеке тұлғалармен орындалады.
Жерге орналастыру жобасында берілетін жер учаскесінің алаңы, оның шегі мен орналаскан орны, жер учаскесінің іргелес меншік иелері мен жер учаскесінің бүлінуі мен бүлінбеуі, ауыртпалығы мен сервитуты белгіленеді және барлық орындаушыларға жерге орналастыру жұмыстары міндетті.
Белгіленген тәртіппен келісілген жерге орналастыру жобасы «Степногорск қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бекітіледі.
Жерге орналастыру жобасына өзгерістер тек қана осы жобаны бекіткен органның рұқсаты болған жағдайда енгізіледі.
Тармақ 27
27. Жерге орналастыру жобасы негізінде «Степногорск қаласының жер қатынастары» мемлекеттік мекемесі «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп жергілікті атқарушы органның жерге тиісті құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындайды. Жер учаскесін беру немесе жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешім қала құрылысы Кеңесі, қаланың жер комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданады.
Жер учаскесіне құқық беруден бас тарту, мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін қайтарып алу жағдайларын қоспағанда, қала әкімінің шешімімен ресімделеді және ол дәлелді болуы қажет, ал өтініш берушіге шешім қабылданғаннан кейін жеті күннің ішінде көшірмесі берілуі тиіс.
Қала әкімімен жер учаскесін беру туралы шешімі қабылданғаннан кейін жобалау және (немесе) құрылыс мақсатында «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен құрылысшының арасында жер учаскесін игеру келісім-шарты жасалады, онда келесі шарттар анықталады:
Тармақша 1
1) жер учаскесін игеру мерзімі;
Тармақша 2
2) жер учаскесін игеруді мерзім аралық бақылау мерзімдері;
Тармақша 3
3) жер учаскесін игеру кестесін орындамаған жағдайда құрылысшының жер учаскесін (пайдалану құқығын) тартып алу шарттары.
Құрылысшыдан жер учаскесін (пайдалану құқығын) тартып алу шарттары құрылысты жүзеге асырғандағы шығындардың өтелуін қамтамасыз ету керек.
Тармақ 28
28. Ақмола облысының аумақтық жер ресурстарының басқармасы мемлекеттік мекемесімен жер құқығын куәландыратын құжаттар беріледі.
Жер учаскесі құқығын куәландыратын құжаттар мыналар болып табылады:
жер учаскесіне жеке меншік болған кезде - жер учаскесіне жеке меншік құқына кесімі;
тұрақты жер пайдалану кезінде – тұрақты жер пайдалану құқына кесімі;
уақытша өтеулі жер пайдалану кезінде - уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқына кесімі;
уақытша өтеусіз жер пайдалану кезінде - уақытша өтеусіз жер пайдалану құқына кесімі.
Тармақ 29
29. Азаматтар мен заңды тұлғаларға берілетін жер учаскелердің мөлшері осы қызмет түрлері үшін жерлерді біліп беру нормаларымен бекітілген заңнамамен белгіленген тәртіппен немесе сәулет-қала құрылысы немесе құрылыс құжаттамаларына сәйкес анықталады.
Тармақ 30
30. Азаматтарға жер учаскелері жеке меншікке мына мөлшерде тегін беріледі:
Тармақша 1
1) жеке тұрғын үй құрылыстарын салуға - 0,10 гектар;
Тармақша 2
2) бау-бақшаға, сондай-ақ саяжай құрылысына - 0,12 гектар;
Жер учаскелерін қайтадан тегін беруге жол берілмейді.
Тармақ 31
31. Жалпы пайдаланудағы жер учаскелері азаматтар мен заңды тұлғаларға жалпы пайдалануға зиянсыз, жеңілдетілген түрдегі (сауда күркелері, дүңгіршектер, жарнама құрылыстары және басқа да сервис объектілері) имараттарды орналастыруға уақытша беріледі.
Объекті мен кешендерге жалпы пайдалану жерлер құрамынан жақын орналасқан объектілердің әдеттегідей жұмыс істеу (пайдалану) жағдайларын нашарлататын учаскелерді, соның ішінде жол жиегінде (көшелер, шолақ көшелер), базарларды, ақылы автотұрақтарды (автомобильдерді қою орындарын) орналастыру үшін беруге жол берілмейді.
Тармақ 32
32. Жер пайдалану құқына катысты мәмілелерге, соның ішінде бөліп алу, жалпы пайдалану, алаңдар, көшелер, жол өткелдері, жолдар, парк-бақтар, саябақтар және халық мұқтажын қанағаттандыратын басқа да объектілер орналасқан жерлерге мәмілелер жасауға жол берілмейді.
Жалпы жер пайдаланудағы жер учаскелері олар жалпы пайдалану жерлер құрамынан шығарылып тасталғаннан кейін ғана жеке меншікке берілуі мүмкін.
Тармақ 33
33. Жер учаскелерін пайдалану қаланың бас жоспарына, ықшам аудандарды жете жоспарлау және құрылыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 34
34. Жер учаскесін, сервитутты пайдалану мақсаты және пайдалану режимі және нормативтік құқықтық кесімдер негізінде белгіленген өзге де шарттар жер учаскесінің меншік иесімен және жер пайдаланушымен өз бетімен өзгертуге болмайды.
Тармақ 35
35. Құрылыс үшін жер учаскелерінің құқығын сату кезінде қала әкімдігі келесі қосымша талаптар қоюға құқығы бар:
Тармақша 1
1) инженерлік құрылғыларды имаратар мен көлік коммуникацияның орынын ауыстыру, тұрғындардың көшуін, қозғалмайтын мүлікті көшіру.
Тармақша 2
2) инженерлік, әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым обьектілерінің құрылысы (заңнамамен қарастырылған жағдайлардан басқа).
Тармақша 3
3) жылжымайтын мүлік құрылысының және жалпы қолданылатын аумақты көркейту мерзімдерін сақтау.
Көрсетілген талаптар мүліктің құқық иеленушісі ауысқан кезде сақталады.
Тарау 3. 3. Сауда обьектілерінің орналасуы.
3. Сауда обьектілерінің орналасуы.
Тармақ 36
36. Жер комиссиясы мен Қала құрылысы Кеңесімен берілген қорытынды негізінде, бегіленген тәртіппен бекітілген жер үлесін таңдау кесіміне сәйкес және жер қатынастары мен экология, сәулет органдары мен санитарлық-эпидемиялогиялық және өртке қарсы қызметтерімен келісім негізінде уақытша имараттар (ауыспалы сауда орындары, сауда автоматтары, шатырлар, дүңгершіктер, сауда павильондары және т.б.) көшенің тиісті санитарлық-эпидемиялогиялық қалыпта ұстау үшін әсемдік сәулет келбетін сақтап қалу үшін жүзеге асырылады. Бөлшектелмелі - жиналмалы сауда павильондары ішкі суқұбырлармен, канализациямен, жарық және жылу сияқты инжерлік коммуниациялармен қамтамасыз етілу тиіс.
Тармақ 37
37. Барлық шешуші іс жосығы болған соң, және уақытша имараттарды құру жөніндегі құрылыс-монтаж жұмыстары біткеннен кейін бұл обьектіге уақытша пайдалану төлқұжаты құрастырылады және «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекетік мекемесіне тіркеу және рәсімдеу үшін беріледі.
Тармақ 38
38. Істеп тұрған сауда обьектілері жою немесе басқа жерге орын ауыстыру туралы негізделген ескертуді табыс еткенге дейін іс-әрекет жасай алады.
Тармақ 39
39. Сауда обектілері орналасқан жер үлестері сауда обьектісінің иелері 1 жылға дейінгі уақытқа жер пайдалану құқығында пайдалана алады, қалалық жер комиссиясы және қала құрылысы Кеңесінің қорытындысы негізінде ғана құқық беру құжаттарының пролонгациясы болу мүмкін.
Тарау 4. 4. Ғимараттар мен имараттарды, көркейту элеметтерді жайларды және жасыл желектерді пайдалану мен ұстау тәртібі
4. Ғимараттар мен имараттарды, көркейту элеметтерді жайларды және жасыл желектерді пайдалану мен ұстау тәртібі
Тармақ 40
40. Меншік түріне қарамастан жеке және заңды тұлғалар қала аумағындағы тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың және азаматтық имараттардың, соның ішінде уақытша иелері мынаған міндетті:
Тармақша 1
1) жылжымайтын мүлік объектілерін, қасбетті, көріктендіру мен жасыл көшеттер элементтерін тиісті жағдайда ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жыл сайын, күнтізбелік көктемгі-жазғы жыл кезеңінде, «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығымен бекітілген шаралар жоспары негізінде ғимараттар мен имараттар қасбетін жөндеу мен жаңғырту, жасыл көшеттерді отырғызу, гүлзарлар мен көгал алаңдарын бөлу, жер учаскелерін көріктендіру кешенді жұмыстарын жүргізу.
Тармақ 41
41. Жасыл көшеттерге жыл сайынғы мониторинг, сонымен қатар қала аумағындағы жасыл көшеттерді сақтауға «Степногорск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бақылауды жүргізеді.
Тарау 5. 5. Құрылысы аяқталмаған объектілер
5. Құрылысы аяқталмаған объектілер
Тармақ 42
42. Меншік нысанына қарамастан құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени объектілері бар заңды және жеке тұлғаларда «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығымен келісілген және бекітілген келесі құжаттар болуы тиісті:
Тармақша 1
1) санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес жобалық-сметалық құжаттамалар;
Тармақша 2
2) көріктендіру мен көгалдандыру жобасы;
Тармақша 3
3) жұмыс өнімі мен объектілердің аяқталу кестесі.
Тармақ 43
43. Құрылысы аяқталмаған объектілер орналасқан аумақ:
Тармақша 1
1) жаяулар жүрісінің қауіпсіздігі үшін ені 1 метр қалқан етіп, түгелдей 2 метрден кем емес дуалмен қоршалуға;
Тармақша 2
2) құрылыстық немесе басқа да қоқыстан бос болуға тиісті.
Тармақ 44
44. Құрылысы аяқталмаған объекті аумағының кіріс жолында иесінің телефоны, мекенжайы және атауы көрсетілген ақпараттық тақта болуы керек.
Тармақ 45
45. Құрылысы аяқталмаған объектінің жұмысы тоқтатылып, тәулік бойы күзет және құлыпқа жабылатын қақпа болуы тиісті.
Тарау 6. 6. Имараттар мен инженерлік тораптардың және құрылыс жұмыстарын өндіруіне қойылатын талаптар
6. Имараттар мен инженерлік тораптардың және құрылыс жұмыстарын өндіруіне қойылатын талаптар
Тармақ 46
46. Инженерлік тораптардың зақымдануын алдын-ала байқау және керек қауіпсіздік шараларын қолдану үшін осы жұмыстарды өткізуге жауапты тұлға жұмыс басталар алдында кемінде 48 сағат қалғанда жұмыс істелінетін орынға пайдаланушы мекемелердің өкілдерін шақыру және солармен бірге барлық бар тораптардың орналасуын анықтап, олардың толық сақтауы бойынша шара қолдану тиіс.
Тармақ 47
47. Жұмыстар жүру кезінде пайдаланушылар өз өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді де, жазбаша бүкіл оларға тиісті тораптар мен имараттардың сақталуы туралы шарттары жібереді. Көшелердің және жолдарда, алаңдар мен басқа да жалпы пайдаланатын жерлерде қазу жұмыстарын тек қана «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» және «Степногорск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемелерімен және пайдаланушы ұйымдардың рұқсатымен ғана жүргізіледі.
Тармақ 48
48. Жұмыстар басталар алдында жұмыстарды өткізуге жауапты тұлға келесілерді орындау тиіс:
Тармақша 1
1) Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» және «Степногорск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің рұқсатын алу тиіс (қоршаған ортаны қорғау мекемелерімен, керек болса, ПИК өкілдерімен келісу тиіс).
Тармақша 2
2) Шекарасына қоршау қойып, мемлекетпен бекітілген белгілер қойылу керек.
Тармақша 3
3) Көлік жүретін жерде (мүмкіндік болса) белгілер қойылған тиісті қоршау салынған өткізгіштер дайындау.
Тармақша 4
4) Жаяу жолаушылар жүретін жерде жаяу жолаушылар үшін қол ұстайтыны бар көпіршектер мен түнде қазылған жерлерді көру үшін жарық шамын орнату.
Тармақша 5
5) Жұмыс жүріп жатқан кезде жасыл көшеттер отырғызылған болса, олардың сақталуына кепіл беретін қалқанмен қоршау.
Тармақ 49
49. Жөндеу жұмыстары өтіп жатқан кезде жағалап өту керек болса, ол жерге тиісті белгілер қойылды. Жол бағытын өзгерту керек болса, тапсырыс беруші оны «Степногорск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысымен және жол полициясымен келісу тиіс және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету тиіс.
Тармақ 50
50. Жол қабатын барынша ұқыпты сақтау жұмыстарын алдын-ала жүргізбей, траншеяны әзірлеуге тыйым салынады. Құрылыс материалдарын жұмыс орнына 24 сағат бұрын әкеліну тиіс.
Тармақ 51
51. Көшеде алаңда және т.б. көрнекі аумақтарда траншеялар мен қазаншұңқырларды жерасты коммуникациялар өткізу үшін қазу жұмыстары келесі тәртіппен, жүргізілуі тиіс:
Тармақша 1
1) Жұмыс істеу жобасына сәйкес жұмыстар кішкене үлестермен жүргізіледі.
Тармақша 2
2) Келесі үлестегі жұмыс тек алдындағы үлестегі жұмыстар толық біткеннен кейін ғана басталуы тиіс, соның ішінде қалпына келтіру жұмыстары мен аумақты жинау.
Тармақша 3
3) Траншеядан және қазаншұңқырдан шыққан топырақ жұмыс орнынан бірден әкетілу тиіс.
Тармақша 4
4) Траншеяларды қайта жабу үшін жұмысты топырақ пен қиыршықтар елеуімен немесе басқа да аз отыратын жергілікті цементік, тығыздық қасиеті жоқ шикізаттармен (деформация модулі 20 МПа-дан да көп) пайдалану керек.
Тармақша 5
5) Инженерлік тораптарды көшеде өткізу кезінде асфальбетонның қалыңдығы жеті метрден кем болса, онда асфальбетонның жамылғысы бүкіл қалыңдығына құйылады. Қалыңдығы жеті метрден асып кетсе, онда асфальбетонның қайта қүйылуы траншеяның құрылыс механизмінің жұмыс аумағанда орындалады.
Тармақша 6
6) Телефон желілерін, электрлік кабельдерін және басқа да инженерлік тораптарды тротуар бойында екі метрден кем емес болса асфальбетонның қабаты бүкіл қалыңдығы бойынша құйылады. Қалыңдығы екі метрден асып кетсе, онда асфальбетонның қайта құйылуы траншеяның құрылыс механизмінің жұмыс аумағанда орындалады. Жасыл желектерге, жер асты құрылғылары құдықтарының қақпақтарына, ішкі суағар керегеторларға жер немесе құрылыс материалдарын төгуге тиым салынады.
Тармақ 52
52. Траншея бойынша жұмыс атқарылуына жауапты адам барлық жұмыстарды бітірген соң, мемлекеттік сәулет құрылысының бақылау органының өкіліне траншеяны жөндеу жұмысы барлық инженерлік тораптар жобасына сәйкес жүргізілгенін көрсетіп, бұл сәйкестікті кесіммен бекітеді.
Тармақ 53
53. Егер құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталғаннан кейін инженерлік жол тораптары жобасына сәйкес келмейтіні анықталса, сәулет органымен бұл тораптарды қайта салу өкімі тапсырылады. Инженерлік тораптарды қайта салу жұмыстары жобаға сәйкес келуін сол мекеменің есебінен жасалады.
Тармақ 54
54. Жолдарда құрылыс жасау жұмыстарын жүргізген мекеме жұмыс аяқталғаннан кейін қайта жабу жұмыстарын жүргізуге міндеті.
Тармақ 55
55. Егер коммуналдық шаруашылық мекемесімен негізделген асфальтбетон қабатының шөгуі анықталса, онда жөндеу жұмыстарына рұқсат алған тұлға 2 жыл ішінде сол жерге жұмыстарын жүргізіп отыру тиіс.
Тармақ 56
56. Инженерлік имаратта құрылысы мен инженерлік торапта монтажы біткен соң топырақпен жаппай тұрып, мердігер жасалу туралы түсірменің 1 данасын «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырады. Құдықтар мен люктері бар жерлерді траншеяны жапқаннан кейін және көріктендіру жұмысы біткен соң ғана түсіруге болады.
Тармақ 57
57. Барлық инженерлік тораптардың және олардың имараттарының түсірмелері бір-бір данадан «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылады.
Геодезиялық құрал-сайманы негізіндегі жатқан обьектілер өзімен жоспар мен инженерлік тораптардың немесе ғимараттардың қырынан қарағандағы сұлбасы орындалу сызбасының төлқұжаты болып табылады.
Тармақ 58
58. Құрылысы біткен инженерлік тораптардың қабылдануы мемлекеттік немесе қабылдау комиссиясымен жүргізіледі, оның ішінде тапсырыс берушінің сәулет органының, қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік - эпидемиологиялық және өртке қарсы мемлекеттік органдарының, бас мердігердің жобалық мекеменің, жобалық ұйымның, техникалық инспекцияның және т.б. мүдделі ұйымдардың қажеттілігі болған жағдайда өкілдері комиссияның құрамында болу тиіс.
Тармақ 59
59. Тапсырылған құжаттаманы комиссия қарастырып, құрылған имараттармен негіздеп келесілерді белгілейді:
Тармақша 1
1) Құрылыстың сызбаға сәйкестігі
Тармақша 2
2) Істелген жұмыстың сапасы
Тармақша 3
3) Істеп бітірілмеген жұмыстар
Комиссиямен белгіленген істеп бітірмеген жұмыстарды жойғаннан кейін инженерлік торап тұрақты пайдалануға қабылданады.
Тармақ 60
60. Инженерлік тораптардың ұзақ мерзімге пайдалануға люктерді, құдықтарды қоса алғанда және көркейту элементтері толық қалпына келтірілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 61
61. Құдықтардың, жылу камералардың, көшедегі люктердің және елді мекендердің ішіндегі аумақтың қалпына жауапты болып жүргізілуіндегі мекеме болып табылады.
Тармақ 62
62. Егер «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ғимараттар мен имараттар құрылысы кезінде және көріктендіру жұмыстарында инженерлік тораптар аумағында жобаға сәйкес келмейтінін тіркеген болса, онда барлық жұмыстарды жүргізу үшін пайдалануға алған мекеме төлейді.
Тарау 7. 7. Инженерлік тораптардың апатқа ұшыраганнан кейін қайта құру жұмыстары.
7. Инженерлік тораптардың апатқа ұшыраганнан кейін қайта құру жұмыстары.
Тармақ 63
63. Имараттардың жер астында бұзылуы, әр түрлі апаттық жағдайлар өндіріс жұмысына әкеп соқтырған кезде осы инженерлік имараттар пайдалануындағы мекеменің басшылары немесе ұйымның уәкілетті өкілдері апат белгісін алған кезде міндетті:
Тармақша 1
1) сынған тораптарды сөндіру немесе қайта жалғау жұмыстарын жасау үшін жауапты тұлғаның басшылығындағы тезірек апаттық топты шақыртуға;
Тармақша 2
2) жер асты тораптары бір мекемелерді «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімін» және «Степногорск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін», жол полициясын, өртке қарсы қызметін, мемлекеттік мекемелерін хабардар ету тиіс.
Көрсетілген қызметтерден басқа қоршаған ортаға зиян келтірілсе, қоршаған ортаны қорғау қызметі, егер су өткізу немесе канализация тораптарына зақым келтірілсе санитарлық-эидемиялогиялық қызметтер хабарладырылады.
Егер апат түнгі уақытта болған кезде әкімшілікке қоңырау шалып, апаттың салдарынан жоюға бағытталған кезекшіге орналасқан жері туралы айтылу тиіс.
Тармақ 64
64. Апатты өшіру жұмыстары жолдарды жабуды талап етсе жол полициясы қызметі уақытша жолды жабу мен бағытты өзгерту шараларын жүргізеді, сонымен қатар апат салдарынан өшіру мерзімін белгілеуге бағытталады.
Тармақ 65
65. Апатты жою инженерлік тораптар мен имараттардың бұзылуын жіберген мекемеге жатқызылады. Өндірістің барлық жағдайларында апатты жою бойынша жұмысты жасап жатқан мекеме жұмысты тоқтатпастан «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» және «Степногорск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемелерінен жұмыстың өңдірісіне ордер алу керек. Қалың қабаттың және тағы басқа көркейту элементтердің қайта кұру жұмыстары екі күннен кешіктірілмей басталу тиіс.
Тармақ 66
66. Егер жер асты имараттары жөндеуге келмейтін болса, басқа имаратқа ауыстырып, жер астынан алынып, пайдаланудан шығарылады және грунттан енгізіледі.
Тармақ 67
67. Пайдаланылмайтын имараттардың жұмысын тоқтату және қалың қабаттарды қалпына келтіру «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» және «Степногорск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекетік мекемелерінен осы ережелерге сәйкес рұқсат алу тиіс. Егер қабатты қопару ордерінде тәртіп бұзылса, Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» «Степногорск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі және жол полиция, т.б. қызметтер жұмыстарды тоқтатуға, сонымен қатар жіберілген қателіктерді жоюға, белгіленген тәртіпте келтірілген зиянды өтеуге міндеттеуге құқығы бар.
Тарау 8. 8. Осы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
8. Осы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 68
68. Осы ережелерді бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.