Об утверждении Правил определения рыночной цены реализуемых сырой нефти, газового конденсата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил определения рыночной цены реализуемых сырой нефти, газового конденсата
- Атауы (қаз.)
- Сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын белгiлеу ережесiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 864
- Қабылданған күні
- 24.08.2005
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2008 AI25095_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050000864_
- ЭКБ идентификаторы
- 25095
- Редакция идентификаторы
- AI25095_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:26
0 Сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын белгiлеу ережесiн бекiту туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 278-3-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса берiлiп отырған Сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын белгiлеу ережесi бекiтiлсiн.
2 2. Осы қаулы заңды тұлғалар үшiн 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап және жеке тұлғалар үшiн алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
0 Сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын белгiлеу ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2005 жылғы 24 тамыздағы
N 864 қаулысымен
бекiтілген
Сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын белгiлеу ережесi
1
1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнің (Салық кодексi) 278-3-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрлендi және өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт жасаған жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда салық төлеушілердің экспортқа сататын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын белгілеу тәртiбiн көздейдi.
2
2. Сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасы Mcgraw-Hill Companies Ink компаниясының Platts Сrudе Oil Marketwire көзiнде жарияланатын ақпаратқа сәйкес салық кезеңiнде Юралс Жерорта теңiзi (Urals Меd) және Күнi көрсетiлген Брент (Brent Dtd) күн сайынғы баға белгілеудiң орташа арифметикалық мәнi ретінде белгіленедi.
3 3. Сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы мынадай формула бойынша анықталады:
P= (C 1 +C 2 )/2;
Р - сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
C 1 - биржаның ашылу сәтiне сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
С 2 - биржаның жабылу сәтіне сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы.
С 1 және С 2 мынадай формулалар бойынша анықталады:
С 1 = (C ю.ж.1 +С к.б.1 )/2
С 2 = (C ю.ж.2 +С к.б.2 )/2;
C ю.ж.1 - биржаның ашылу сәтiне Юралс Жерорта теңiзi баға белгiлеуi;
С ю.ж.2 - биржаның жабылу сәтiне Юралс Жерорта теңiзi баға белгiлеуi;
С ю.ж.1 - биржаның ашылу сәтiне Күнi көрсетiлген Брент баға белгiлеуi;
С ю.ж.2 - биржаның жабылу сәтiне Күнi көрсетiлген Брент баға белгiлеуi.
4 4. Салық кезеңiнде сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасы мынадай формула бойынша анықталады:
S= (Р+Р 1 +..... +Р n )/n;
S - салық кезеңiнде сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасы;
Р n - салық кезеңінiң iшiнде осындай баға белгiлеудiң жарияланым күндерiнде сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
n - салық кезеңiнің iшiнде осындай баға белгілеудiң жарияланым күндерiнiң саны.