Қолданыстағы ред. 30.06.2005 (Редакция 25110_230297.kaz)

Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы от 30.06.2005 г. № 1836 (Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы)

0

Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы» 2000 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің № 377 Жарлығына сәйкес, Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімдігі жанынан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі құрылсын (№ 1 қосымша).

2

2. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің Ережесі бекітілсін (№ 2 қосымша).

3

3. Үйлестіру Кеңесінің дербес құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының бекітуіне еңгізілсін.
Келісілді:
Құнафин Б.И.
Қатонқарағай ауданының прокуроры
Айтқазин Қ.Ж.
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Соколов А.К.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан
облысы бойынша Департаментінің Катонқарағай аудандық
бөлімшесінің бастығы
Нұрқанов Қ.Ж.
Аудандық әділет басқармасының бастығы

4. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің дербес қүрамы

Катонқарағай аудандық әкімдігінің
2005 жылғы «30» маусым
№ 1836 қаулысына
№ 1 қосымша
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру
кеңесінің дербес қүрамы

1

1. Сіләмов Бердібек Батырханұлы - Аудан әкімі, Кеңес төрағасы

2

2. Сәдуов Қайыржан Қабышұлы - Аудан әкімінің орынбасары

3

3. Айтқазин Қайратбек Жүсіпбекұлы - Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісімі бойынша)

4

4. Соколов Аркадий Константинович - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Катонқарағай аудандық бөлімшесінің бастығы

5

5. Құнафин Бекқали Ипанұлы - Аудан прокуроры (келісімі бойынша)

6

6. Нұрқанов Қайрат Жеңісұлы - Аудандық әділет басқармасының бастығы

7

7. Тұрысбаев Оразхан Сүлейменұлы - Аудан әкімінің кадрлар және мемлекеттік- құқықтық бөлімінің бас маманы
Аудан әкімі аппараты міндетін атқарушы
С. Қапашев

12. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы ереже

Катонқарағай аудандық әкімдігінің
2005 жылғы «30» маусымдағы
№ 1836 қаулысына
№ 2 қосымша
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

1

1. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі (бүдан әрі- Үйлестіру кеңесі) аудан әкімдігі жанындағы консультациялық кеңесші орган болып табылады, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру мәселерінде атқарушы, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қызметтерін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында қүрылды.

2

2. Үйлестіру кеңесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс және аудан әкімі мен әкімдігінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргізеді.

2. 2. Үйлестіру кеңесінің негізгі мақсаттары

2. Үйлестіру кеңесінің негізгі мақсаттары

3

3. Үйлестіру кеңесінің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

1

1) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті үйымдастыру, құқық тәртібі мен заңдылықты нығайту салаларында ауданның атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарының қызметтерін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;

2

2) аудандағы криминогендік жағдайға талдау жасау,қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі ұсыныстарды қарау және бекіту;

3

3) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы заңдарының, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс әкімі актілерінің атқарушы, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен орындалу жағдайын зерттеу;

4

4) атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар үшін ауданда құқық тәртібін және заңдылықтарды қамтамасыз ету жөнінде нұсқамалар әзірлеу.

3. 3. Үйлестіру кеңесінің өкілеттіктері

3. Үйлестіру кеңесінің өкілеттіктері

4

4. Үйлестіру кеңесі негізгі міндеттер мен өз функцияларын жүзеге асыру барысында мыналарға құқығы бар:

1

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардан жүмысқа қажетті ақпаратты, кұжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

2

2) Үйлестіру кеңесінің мәжілісіне материалдар дайындау үшін ауданның атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлерін (келісім бойынша) тартуға;

3

3) мәжілістерінде ауданның атқарушы, құқық қорғау органдарының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру жағдайын қарастыру;

4

4) атқарушьққұқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру жөніндегі есептерін тыңдау;

5

5) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін жоғарлату, құқықтық тәртіп пен заңдылық жөніндегі нұсқаулықтар даярлау және ұсыныстар енгізу.

4. 4. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру

4. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру

5

5. Үйлестіру кеңесі жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Оның мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
Үйлестіру кеңесінің мәжілістерін төраға, немесе оның тапсырмасы бойынша Үйлестіру кеңесінің бір мүшесі өткізеді жәнен олар мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан уақытта заңды деп есептеледі. Үйлестіру кеңесі мәжілістерінің қорытындылары хаттамалармен ресімделеді.

6

6. Үйлестіру кеңесі қажетіне қарай талқыланған мәселелер бойынша шешім (ұсыныс) қабылдайды. Үйлестіру кеңесінің шешімдері мәжіліске қатысқан Үйлестіру кеңесі мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып саналады.

7

7. Үйлестіру кеңесі жұмысшы органы аудан әкімі аппаратының кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі болып табылады.
Катонқарағай ауданы әкімі
Аппаратының басшысы
Н. Ағажаева