Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» №149 Заңының 7, 20 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» №148-11 Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жыл 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында 1-қосымшадағы тізімге сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен қаржыландыру аудандық экономика және қаржы бөліміне (Т.Каюпов) тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (У.Әбешов) жұмыс берушілермен келісе отырып, қоғамдық жұмыстарды келісім-шарт негізінде ұйымдастыру міндеттелсін.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы «Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» №1 (тіркеу №2480 3.02.2004 жыл, «ауыл айнасы» газеті 2004 жыл 15 наурыз №11), 2004 жылғы 29 сәуірдегі «Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы №1 «Ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (тіркеу №2480) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 45 (тіркеу №2681 31.05.2004 жыл, «Ауыл айнасы» газеті 2004 жыл 20 маусым №26) қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Садбековке жүктелсін.
Басқа 8. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
29 маусымдағы № 190
қаулысына 1-қосымша
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі
1
Казталов ауылдық округі әкімі аппараты
2
Теренкөл ауылдық округі әкімі аппараты
3
Қараоба ауылдық округі әкімі аппараты
4
Қошанкөл ауылдық округі әкімі аппараты
5
Бостандық ауылдық округі әкімі аппараты
6
Бірік ауылдық округі әкімі аппараты
7
Мирон ауылдық округі әкімі аппараты
8
Қайынды ауылдық округі әкімі аппараты
9
Жалпақтал ауылдық округі әкімі аппараты
10
Ақпәтер ауылдық округі әкімі аппараты
11
Қарасу ауылдық округі әкімі аппараты
12
Қараөзен ауылдық округі әкімі аппараты
13
Талдықұдық ауылдық округі әкімі аппараты
14
Талдыапан ауылдық округі әкімі аппараты
15
Көктерек ауылдық округі әкімі аппараты
16
Жаңажол ауылдық округі әкімі аппараты
17
Аудандық ішкі саясат және мәдениет бөлімі
18
Аудандық тәрбие орталығы
19
Аудандық мұрағат бөлімі
20
Аудандық зейнетақы төлеу орталығы
21
Аудандық қорғаныс бөлімі
22
Аудандық аумақтық медициналық бірлестігі
23
Аудандық туберкулез ауруханасы
24
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
25
Аудандық қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер бөлімі
26
Аудандық білім және спорт бөлімі
27
Аудан әкімі аппараты
28
Аудандық маслихат аппараты
29
Аудандық экономика және қаржы бөлімі
30
Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі
Басқа 9. Қоғамдық жұмыстардың түрлері.
2-қосымша
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
29 маусымдағы № 190
қаулысымен бекітілді
Қоғамдық жұмыстардың түрлері.
Тармақ 1
1. Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалықтарын сақтау, күл қоқыстарын шығару, мекеме, кәсіпорын аумағын күтіп ұстау, қоршаған ортаны экологиялық жағынан сауықтыру.
Тармақ 2
2. Өзен-көлдердің маңын қоқыстардан тазарту және ауыз су құдықтарын санитарлық талапқа сай тазартып ұстау.
Тармақ 3
3. Халық және мал санағын өткізуге көмектесу, әскерге шақырушылардың есебін алуға, басқа да аумақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмек көрсету.
Тармақ 4
4. Мал және өсімдіктер аурулары мен шегірткеге қарсы күрес жұмыстарына қатысу, ауылдық округтердегі мал дәрігерлеріне көмектесу.
Тармақ 5
5. Балықтарды сақтап қалу мақсатында ойық ою жұмыстарына көмектесу.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй, әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын жүргізуге және жөндеу жұмыстарына көмектесу.
Тармақ 7
7. Саман, пеш тас соғу, қамыс плиталарын дайындауға көмекші.
Тармақ 8
8. Иесіз қалған өндірістік объектілерді, ғимараттарды бақылауға алу, күзет жұмыстарын ұйымдастыруға көмекші.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік сала мекемелерін қысқа әзірлеу, қи дайындау жұмыстарын жүргізу.
Тармақ 10
10. Ірі қара малын қолдан ұрықтандыру пункіттеріне көмекші жұмысшылар жіберу.
Басқа 20. Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ЕРЕЖЕСІ
3-қосымша
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
29 маусымдағы № 190
қаулысымен бекітілді
Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет және жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша олардың есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық кесімдері қолданылады.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарды нақты қаржыландыру көлемі мен көздері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және мекемелермен жасалған келісім-шарт негізінде анықталады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмысқа қатысқан жұмыссыздарға нақты атқарған жұмысына қарай еңбекақы тағайындалады, ол Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарға есептелген жалақыға Қазақстан Республикасындағы қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіппен салық салынады.
Тармақ 6
6. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.
Тармақ 7
7. Жұмыс берушілер қоғамдық жұмысқа жолдамамен жіберілген әрбір жұмыссызбен Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес екі жақты жеке келісім шарт жасайды және соның негізінде бұйрық немесе өкім шығарып жұмысқа алады.
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ауылдық округтер әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары әрбір айдың 25-не атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер мен хабарламаларын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырады.