Құжат мәтініне өту

О санитарном состоянии водоохранных зон открытых водоемов области и профилактике инфекционных заболеваний среди населения области

Қаулы · № 225 · қабылданған 14.07.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25180/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О санитарном состоянии водоохранных зон открытых водоемов области и профилактике инфекционных заболеваний среди населения области Күшін жойған Қаулы ·№ 225 ·14.07.2005
11.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О санитарном состоянии водоохранных зон открытых водоемов области и профилактике инфекционных заболеваний среди населения области

Күшін жойған Қаулы ·№ 225 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О санитарном состоянии водоохранных зон открытых водоемов области и профилактике инфекционных заболеваний среди населения области
Атауы (қаз.)
Облыстың ашық су қоймалары су қорғау аймақтарының санитарлық жай-күйі және халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
225
Қабылданған күні
14.07.2005
Көрсетілген редакция
11.05.2016 25180_79651.kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05T0002439
ЭКБ идентификаторы
25180
Редакция идентификаторы
25180_79651
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:31

0 Облыстың ашық су қоймалары су қорғау аймақтарының санитарлық жай-күйі және халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 42 "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, жер бетіндегі судың ластануын, қоқысталуын болдырмау, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес жай-күйде ұстау және халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Атырау қаласы және аудандар әкімдері:

ашық су қоймаларының (Жайық, Қиғаш өзендері және басқа да ашық су қоймалары) жаға белдеуін, су қорғау аймақтарын және демалыс орындарын тазалау жөніндегі жұмысты ұйымдастырып, жүргізсін;
ашық су қоймалары бойындағы жағалық орман екпелерін қоқыстан тазалау жөніндегі шараларды алсын;
жеке меншік жағажайлардың иелеріне оларға тиесілі аумақтарды тәртіпке келтіруді ұсынсын.

2 2. Атырау облысы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті "Ерік-Мостовой" каналының арнасы мен жағалауын тазалау жұмыстарын жүргізу мәселесін шешсін.

3 3. Атырау облысы бойынша Ішкі істер департаменті (келісім бойынша):

Атырау қаласының "Тұрғын үй қалашығы", "Авангард" аудандарындағы демалыс орындарында полиция бекеттерін ұйымдастырсын және қоғамдық тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етсін;
Қазақстан Республикасындағы жол қозғалысы ережесіне сәйкес ашық су қоймаларының жаға белдеулері мен су қорғау аймақтарын, жағажайлар мен демалыс орындарын ластауды болдырмау жөніндегі шараларды алсын, жүруге тыйым салатын жол белгілерін орнатсын.

4

4. Атырау облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті, Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасы (келісім бойынша), Атырау облысы бойынша Ішкі істер департаменті (келісім бойынша), Атырау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша) су қорғау аймақтары мен белдеулері аумағын тазарту және пайдалану режимін сақтау жөніндегі жұмыстардың жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етсін және апта сайын бірлескен рейдтік тексерулер жүргізсін.

5

5. Атырау қаласы және аудандар әкімдері, Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасы (келісім бойынша), Атырау облысы бойынша Ішкі істер департаменті (келісім бойынша), Атырау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келісім бойынша) облыс әкімиятына ақпарат беру үшін Атырау облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне осы қаулының орындалуы туралы мәліметтерді 2005 жылғы 10 тамызға берсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары

Б.С.Рысқалиевқа жүктелсін.

Қолданыстағы