О представлении сведений об аффилиированных лицах акционерного общества
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О представлении сведений об аффилиированных лицах акционерного общества
- Атауы (қаз.)
- Акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 272
- Қабылданған күні
- 30.07.2005
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2012 AI25188_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003819_
- ЭКБ идентификаторы
- 25188
- Редакция идентификаторы
- AI25188_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:29
0 Акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну туралы
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 4-тармағына, Банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Акционерлік қоғамдар (тұрақтандыру банкін қоспағанда)өздерінің аффилиирленген тұлғаларының тізімін Агенттікке ұсынсын.
2
2. Акционерлік қоғам аффилиирленген тұлғалардың тізімін қағаз және электронды тасымалдаушысында (Excel-файл электронды кестелер) ілеспе хатпен тиісті есепті жылдың 31 қаңтардағы, 30 сәуірдегі, 31 шілдедегі және 31 қазандағы мерзімінен кешіктірмей есепті жылдың 1 қаңтардағы, 1 сәуірдегі, 1 шілдедегі және 1 қазандағы жағдай бойынша ұсынады.
3 3. Агенттік қоғамның аффилиирленген тұлғалары жөніндегі ақпаратты оны Агенттіктің ресми web-сайтында орналастыру арқылы не мүдделі тұлғалардың сұратуы бойынша жария етеді.
4 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
5 5. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.
6 6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
0 Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау
агенттігінің Басқармасының
2005 жылғы 30 шiлдедегі
N 272 қаулысына қосымшасы
"____________________" акционерлік қоғамының
аффилиирленген тұлғаларының тізімі
Эмиссиялық бағалы
қағаздарының мемлекеттік
тізілім деректеріне
сәйкес жарияланған
акциялар шығаралымының
мемлекеттік тіркеу және/немесе жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру күні мен нөмірі
Аффилиирленген тұлғалардың тізілімі
ұсынылатын күні
Жеке тұлғалар
N
Аты-
жөні,
тегі
(бар
болған
жағдай-
да)
Туған күні*
Аффилиирлен-
гендігін
тану үшін
негіздеме**
Аффилирлен-
гендігінің
пайда болған
күні*
Ескерту
1
2
3
4
5
6
Заңды тұлғалар
N
Заңды
тұлғаның
толық
атауы
Заңды
тұлғаның
мемлекет-
тік тіркеу
күні мен
нөмірі,
заңды
тұлғаның
почта
мекен-жайы
және нақты
орналасқан
орны*
Аффилиирлен-
гендігін тану үшін
негіздеме**
Аффилиирлен-
гендігінің
пайда болған
күні*
Ескерту
1
2
3
4
5
6
Басшының/орынбасарының қолы _____________ Басшының аты-жөні
(қоғамның мөрімен бекітілген)
* Күндер айы/күні/жылы форматта толық санмен толтырылады,
қоғамның акционерлері және лауазымды тұлғалары қоғамның жарғысында
белгіленген тәртіппен ұсынылған мәліметтер негізінде айқындалады.
** "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 64-бабы 1-тармағының тиісті тармақшасына, Банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-бабына (екінші деңгейдегі банктер үшін) сілтеме жасау қажет.