О внесении изменений в административно-территориальное устройство области по Жаркаинскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в административно-территориальное устройство области по Жаркаинскому району
- Атауы (қаз.)
- Жарқайың ауданы бойынша облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3С-14-6
- Қабылданған күні
- 24.08.2005
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2015 25192_303681.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05B0003154
- ЭКБ идентификаторы
- 25192
- Редакция идентификаторы
- 25192_303681
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:26
0 Жарқайың ауданы бойынша облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылғысы туралы" Заңының 3, 8, 11 баптарына сәйкес, Жарқайың ауданы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен өтінімі негізінде және облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысын жетілдіру мақсатында облыстық әкімдік және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Жарқайың ауданы бойынша облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) Мына елді мекендер өзге де қоныстар категориясына жатқызылсын:
Тасөткел ауылдық округінің Савиновка ауылы;
Отрадное ауылдық округінің Шаңырақ ауылы;
Бірсуат ауылдық округінің Балуанкөл ауылы;
Гостелловское ауылдық округінің Дауылбай ауылы;
Далабай ауылдық округінің Ақтөбе ауылы;
Шалғай ауылдық округінің Шалғай ауылы.
2 2) Жоғарыда аталған өзге де қоныстардың тұрғындары:
Тасөткел ауылдық округінің Савиновка қонысының тұрғындары Тасөткел ауылдық округі Тасөткел ауылы тұрғындарының;
Отрадное ауылдық округінің Шаңырақ қонысы тұрғындары Отрадное ауылдық округінің Отрадное ауылы тұрғындарының;
Бірсуат ауылдық округінің Балуанкөл қонысы тұрғындары Бірсуат ауылдық округінің Бірсуат ауылы тұрғындарының;
Гостелловское ауылдық округінің Дауылбай қонысы тұрғындары Гастелло ауылдық округінің Гастелло ауылы тұрғындарының;
Далабай ауылдық округінің Ақтөбе қонысы тұрғындары Далабай ауылдық округінің Далабай ауылы тұрғындарының;
Шалғай ауылдық округінің Шалғай қонысы тұрғындары Шойындыкөл ауылдық округінің Шойындыкөл ауылы тұрғындарының құрамына енгізілсін.
3 3) Тұрғындары көшіп кетуіне және кейбір елді мекендердің өзге де қоныстар категориясына жатқызылуына байланысты:
Шалғай ауылдық округінің Гагаринское ауылы;
Западный ауылдық округінің Қызылтал ауылы;
Шалғай ауылдық округі таратылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын.