Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил пользования береговой полосой внутренних водных путей Республики Казахстан

Қаулы · № 910 · қабылданған 12.09.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25227/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил пользования береговой полосой внутренних водных путей Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 910 ·12.09.2005
10.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил пользования береговой полосой внутренних водных путей Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 910 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил пользования береговой полосой внутренних водных путей Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
910
Қабылданған күні
12.09.2005
Көрсетілген редакция
10.08.2015 AI25227_6.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000910_
ЭКБ идентификаторы
25227
Редакция идентификаторы
AI25227_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:23

0 Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесiн бекiту туралы

"Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегi Заңы  8-бабының  7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.

0 Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесi

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 қыркүйектегі
N 910 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесi

1 1. "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегі Заңы 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзiрленген Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) оны пайдаланудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды.

2 2. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiнде заңнамада белгіленген тәртiппен:

1 1) кемелердiң және өзге де жүзу құралдарының айлаққа келуiне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына, жүктердi тиеуге, түсiруге және сақтауға, жолаушыларды кемелерге отырғызуға және кемелерден түсiруге арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелi имараттар орналастыруға;

2 2) кемелердiң алдын ала болжанбаған қыстап қалуы немесе олардың көлiк оқиғаларына ұшырауы жағдайында уақытша имараттар мен құрылыстар салуға және басқа да қажетті жұмыстар жүргiзуге рұқсат етіледi.

Уақытша имараттар мен құрылыстарға жағалау белдеуiн уақытша пайдалану кезеңiне арнайы салынған немесе лайықталған объектілер жатады.

3 3. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiнде навигациялық шырақтарды қоспағанда, кеме жолына қарай бағытталған қандай да бiр тұрақты шырақтар орнатуға тыйым салынады.

4 4. алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.01 N 1434 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

5

5. Жағалау белдеуi шектерiнде руда емес құрылыс материалдарын өндiрудi, орман кесудi, көпірлер салуды және басқа да жұмыстарды жүргізетiн ұйымдар, осы белдеуде орналасқан кеме қатынасы мұқтаждарына арналған имараттардың сақталуын қамтамасыз етедi және жұмыстарды жүргiзу кезiнде болған осы имараттардың ақауларын уақтылы жөндеудi.

6 6. Уәкiлеттi орган, жағалау белдеуiнiң учаскесi қарауында болатын кәсiпорынның ұсынуы бойынша пайдаланушыға бұл учаскенi осы орган белгiлейтiн мерзiмге уақытша пайдалануға рұқсат бередi. Жағалау белдеуiн уақытша пайдалану мерзiмiн әрбiр нақты жағдайда уәкiлетті орган белгілейдi.

7 7. Егер мұндай қызмет кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен сыйыспайтын болса, жағалау белдеуiн шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.

8 8. Жағалау белдеуінде орналасқан объектілерді салу немесе қайта жаңарту жобалары міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылуы тиіс.

Қолданыстағы