Құжат мәтініне өту

О перечне необходимых документов для подтверждения соответствия заявителя квалификационным требованиям

Бұйрық · № 182 · қабылданған 19.08.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25266/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О перечне необходимых документов для подтверждения соответствия заявителя квалификационным требованиям Күшін жойған Бұйрық ·№ 182 ·19.08.2005
20.09.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О перечне необходимых документов для подтверждения соответствия заявителя квалификационным требованиям

Күшін жойған Бұйрық ·№ 182 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О перечне необходимых документов для подтверждения соответствия заявителя квалификационным требованиям
Атауы (қаз.)
Өтiніш берушінiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қуаттау үшiн қажет құжаттардың тiзбесi туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
182
Қабылданған күні
19.08.2005
Көрсетілген редакция
20.09.2010 AI25266_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003834_
ЭКБ идентификаторы
25266
Редакция идентификаторы
AI25266_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:27

0 Өтiніш берушінiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қуаттау үшiн қажет құжаттардың тiзбесi туралы

"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулыларына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 11 сәуiрдегi N 327 қаулысына сәйкес және бөрене кесу жөнiндегi жұмыстарға лицензия берудiң тәртiбi мен шарттарын айқындау мақсаттарында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қуаттау үшiн қажет құжаттардың тiзбесi бекiтiлсiн.

2 2. Комитеттiң Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы белгiленген тәртiппен осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жiберсiн.

3 3. Осы бұйрық ол бiрiншi рет ресми жарияланған сәттен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

4 Өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қуаттау үшiн қажет құжаттардың тiзбесi

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитетi төрағасының
2005 жылғы 19 тамыздағы
N 182 бұйрығымен
бекiтiлген
Өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қуаттау үшiн қажет құжаттардың тiзбесi

1 1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысымен бекiтiлген нысанға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш .

2 2. Лицензиялық алымның төленгенiн қуаттайтын құжат.

3 3. Нотариалды түрде куәландырылған заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi.

4 4. Нотариалды түрде куәландырылған жарғының көшiрмесi (заңды тұлғалар үшiн).

5 5. Нотариалды түрде куәландырылған статистикалық карточканың көшiрмесi (заңды тұлғалар үшiн).

6 6. Нотариалды түрде куәландырылған жеке куәлiктiң көшiрмесi (жеке тұлғалар үшiн).

7 7. Кадрлар құрамы бойынша құжаттар тiзбесi:

1 1) заңды тұлғалар үшiн:

тиiстi жоғары кәсiби бiлiмi және мамандығы бойынша (ағаш дайындау, ағаш өңдеу, орман шаруашылығы) кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi немесе тиiстi орта арнайы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс өтiлi бар жауапты орындаушылар - инженер-техник қызметкерлер үшiн:
нотариалды түрде куәландырылған дипломның көшiрмесi;
нотариалды түрде куәландырылған еңбек кiтапшасының немесе келiсiм-шарттың көшiрмесi;

2 2) жеке тұлғалар үшiн:

тиiстi жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi немесе тиiстi орта арнайы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс өтiлi бар:
нотариалды түрде куәландырылған дипломның көшiрмесi;
нотариалды түрде куәландырылған еңбек кiтапшасының немесе келiсiм-шарттың көшiрмесi.

8 8. Материалдық-техникалық база жөнiндегi құжаттардың тiзбесi:

1 1) ағаш материалдары сортталатын алаң және ағаш кесу қалдықтарын жинайтын орын көрсетiлген өндiрiстiк учаскенiң сызба жоспары;

2 2) тақтай тiлетiн орынның, жүк көтеру-көлiк тетiктерiнiң, тракторлардың техникалық паспорттарының нотариалды түрде куәландырылған көшiрмелерi;

3 3) мемлекеттiк экологиялық сараптама, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, мемлекеттiк экологиялық қадағалау органдарының тақтай тiлетiн орын немесе бөрене кесу жөнiндегi технологиялық жабдықтардың басқа түрлерi бойынша қорытындыларының нотариалды түрде куәландырылған көшiрмелерi;

4 4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi комитетi аумақтың органдарының тиiстi жұмыс түрлерiн жүргiзуге берген қорытындысы.

9 9. Қосымшаға сәйкес нөмiрленген, тiгiлген, қол қойылып, өтiнiш берушiнiң мөрiмен куәландырылған Орман өнiмiнiң журналы.

10 10. Қазақстан Республикасының қауiпсiздiк және еңбектi қорғау жөнiндегi заңнамасына сәйкес өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлардың тiзбесi (демалыс бөлмесi, тамақтану орыны).

11 11. Өртке қарсы құрал-саймандардың тiзбесi (бастапқы өрт сөндiру құралдары қойылған өрт сөндiру қалқаны, құм толтырылған өрт сөндiру ыдыстары, мотопомпалар).

22 Орман өнiмiн есепке алу Ж У Р H А Л Ы*

Өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк
талаптарына сәйкестiгiн
қуаттау үшiн қажет құжаттардың
тiзбесiне қосымша
Орман өнiмiн есепке алу Ж У Р H А Л Ы*
________________________________
(лицензиаттың атауы)
бұл журналда____________(жазбаша) парақ
нөмiрленген және тiгiлген
________________________________
* журнал нөмiрленiп, тiгiлiп, лицензиаттың қолымен және мөрiмен куәландырылады
р/с
NN
Сү­рек­тің
ті­ле­у­ге
ке­ліп
түс­кен
кү­ні
Ағаш
тұқы-
мы­ның
ата­уы
Бөр-
ене жет-
кiзiп
бе­ру-
шiнiң ата­уы және
бө­ре-
ненiң
келiп
түс-
кенiн
қу­ат-
тай-
тын
құ­жат
көр-
се-
тiл-
ген
оның
ме-
кен-
жайы
Келiп
түс­кен
бө­ре-
ненiң
кө-
ле­мi,
м 3
Ор­ман өнім­нің
шы­ғы­мы, м 3
Дай­ын
өнім­ді
өт­кі­зу
кү­ні
мен
құ­жа-
ты­ның N
Тақ-
тай
ма­те-
ри­а­лы
гор-
быль
қал-
дық
1
2
3
4
5
6
7
8
9

Қолданыстағы