О внесении дополнений в Положение о порядке присвоения национальных идентификационных номеров государственным ценным бумагам в Республике Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в Положение о порядке присвоения национальных идентификационных номеров государственным ценным бумагам в Республике Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін берудің тәртібі туралы ережеге толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 260
- Қабылданған күні
- 18.03.1999
- Көрсетілген редакция
- 02.10.2008 AI2527_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.10.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V990000723_
- ЭКБ идентификаторы
- 2527
- Редакция идентификаторы
- AI2527_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:18
0 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін берудің тәртібі туралы ережеге толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.02 N 143 қаулысымен.
3
4
8
9
"Қазақстан Республикасының айналыс мерзімі бір жыл және бір жылдан көп индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерінің шығарылым, айналыс және өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 наурыздағы N 220 қаулысының күшіне енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты қаулы етеді:
1
1. Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 08 қазандағы N 161 қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 11 ақпанда N 458 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін берудің тәртібі туралы ережеге мынадай толықтырулар енгізілсін:
1 1) 3.4.1. тармағына:
екінші-жетінші бөліктері тиісінше үшінші-сегізінші бөліктер болып саналсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"3 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МЕИКАМ) (осы бөлік БҚҰК Директоратының 1999 жылғы 18 наурыздағы N 260 V990723_ қаулысымен енгізілген);";
2 2) 3.4.2. тармағына:
екінші-алтыншы бөліктері тиісінше үшінші-жетінші бөліктер болып саналсын;
мынадай мазмұнды екінші бөлікпен толықтырылсын:
"- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МЕИКАМ) үшін - жартыжылдықтармен (осы бөлік БҚҰК Директоратының 1999 жылғы 18 наурыздағы N 260 қаулысымен енгізілген);".
2 2. Осы Қаулының ол қабылданған сәттен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
3 3. Ұлттық комиссияның Заң басқармасы осы Қаулыны оны мемлекеттік тіркеу (осы Қаулының мемлекеттік тіркеуге жатпайтындығы туралы хабар алу) мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін. 4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтік қаржылар басқармасы:
1) осы Қаулыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің назарына жеткізсін;
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.