Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил аннулирования отозванной грузовой таможенной декларации

Бұйрық · № 335 · қабылданған 02.09.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25282/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил аннулирования отозванной грузовой таможенной декларации Күшін жойған Бұйрық ·№ 335 ·02.09.2005
21.09.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил аннулирования отозванной грузовой таможенной декларации

Күшін жойған Бұйрық ·№ 335 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил аннулирования отозванной грузовой таможенной декларации
Атауы (қаз.)
Кері қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясының күшін жою ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
335
Қабылданған күні
02.09.2005
Көрсетілген редакция
21.09.2010 AI25282_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003835_
ЭКБ идентификаторы
25282
Редакция идентификаторы
AI25282_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:24

0 Кері қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясының күшін жою ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 385-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Кері қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясының күшін жою ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Ө.К.Бейіспеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдішевке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күн өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі.

6 Кері қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясының күшін жою ережесі

Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрі -
Қаржы министрлігі Кедендік
бақылау комитеті төрағасының
2005 жылғы 2 қыркүйектегі
N 335 бұйрығымен бекітілген
Кері қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясының күшін жою ережесі

1 1. Осы Кері қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясының күшін жою ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 385-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және кері қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясының күшін жою тәртібін белгілейді.

2 2. Декларанттың дәлелді өтініші бойынша кері қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясының (бұдан әрі - ЖКД) күші жойылуға жатады.

Кедендік ресімдеуді жүргізу кезінде кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда ЖКД-ның күші жойылуға жатпайды.

3 3. Кері қайтарып алынған ЖКД-ның күшін жою кедендік ресімдеуді жүргізген кеден бекеті (кедендік ресімдеу бөлімі) бастығының жазбаша шешімінің негізіне, осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жүргізіледі.

Кері қайтарып алынған ЖКД-ның күшін жою туралы шешім 2 данада ресімделеді, оның біреуі осындай шешімді қабылдаған Қазақстан Республикасының кеден органында қалады, екіншісі кеден бекетінің (кедендік ресімдеу бөлімінің) лауазымды адамы куәландырған Кері қайтарып алынған ЖКД-ның көшірмесімен бірге декларантқа тапсырылады.
Кері қайтарып алынған ЖКД-ның күшін жою туралы шешімді кеден бекетінің (кедендік ресімдеу бөлімінің) лауазымды адамы осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша тіркеу журналында тіркеледі.

4 4. Кері қайтарып алынған ЖКД-ның күшін жою оның құрамына кіретін барлық парақтарды сызу, және "Күші жойылды" деген жазбаны жазу жолымен жүргізіледі. Осындай ЖКД және оған қоса берілетін құжаттар (оның ішінде оның негізіне күші жойылған құжаттар) кеден органының арнайы мұрағатында қалады.

Кері қайтарып алынған ЖКД-ның күші жойылғандығы туралы кеден органдарының арнайы бөлімшесі, және Қазақстан Республикасы салық қызметінің тауарларды өткізетін тұлға оның қызмет аймағында тіркелген органы хабарландырылады.
Кеден органының ЖКД электронды көшірмелерінің деректер базасында кеден органы шешімінің нөмірі және қабылдау күні көрсетіле отырып тиісті кері қайтарып алынған ЖКД электронды көшірмесінің күші жойылғандығы туралы белгісі қойылады.

5 5. Кері қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясын кедендік ресімдеу үшін алынған кедендік алымдар оның күші жойылған жағдайда қайтарып берілмейді.

12 N _____ шешім

Кері қайтарып алынған
жүктің кедендік
декларациясының күшін жою
ережесіне 1-қосымша
_________________________________________________________________
Кеден органының атауы
N _____ шешім
Осымен
_______________________________________________________________
(декларанттың ЖКД-ны шақыртуға арналған өтінішінің N және күні)
N____________________ Кері қайтарып алынған ЖКД-ның күшін жоюға
рұқсат беріледі.
Күні 200__ жылғы "____" _____________
Кеден бекетінің бастығы
(кедендік ресімдеу бөлімінің)                      __________
(қолы)

13 Кері қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясының күшін жою туралы шешімдерді тіркеу журналы

Кері қайтарып алынған
жүктің кедендік
декларациясының күшін жою
ережесіне 2-қосымша
Кері қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясының күшін жою туралы шешімдерді тіркеу журналы
Р/с N
Тір­кеу
кү­ні
Жүк­тің
ке­ден­дік
де­кла­ра-
ци­я­сы­ның
N
Де­кла­рант­тың
ке­рі қай­та­рып
алын­ған
жүк­тің
ке­ден­дік
де­кла­ра­ци­я­сын
ша­қыр­ту­ға
ар­нал­ған
өті­ні­ші­нің N
және кү­ні
Ла­у­а­зым­ды
адам­ның
те­гі, аты,
әке­сі­нің
аты және
қо­лы
Ес­кер­ту
1
2
3
4
5
6

Қолданыстағы