Об утверждении изменения в Инструкцию об обязательной продаже выручки в иностранной валюте от экспорта товаров (работ, услуг)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении изменения в Инструкцию об обязательной продаже выручки в иностранной валюте от экспорта товаров (работ, услуг)
- Атауы (қаз.)
- Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сату туралы нұсқаулыққа өзгерісті бекіту жөнінде
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 63
- Қабылданған күні
- 04.04.1999
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2008 AI2529_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V990000728_
- ЭКБ идентификаторы
- 2529
- Редакция идентификаторы
- AI2529_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:15
0 Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сату туралы нұсқаулыққа өзгерісті бекіту жөнінде
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 54 қаулысымен бекітілген Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сату туралы нұсқаулыққа ұсынылып отырған өзгеріс бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін.
2 2. Заң департаменті (Сизова С.И.) осы қаулыны және Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сату туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеу шараларын қабылдасын.
3 3. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Қасымжанова Г.З.) мемлекеттік тіркелгеннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Нұсқаулыққа бекітілген өзгерісті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З. Нәлібаевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 5 сәуірдегі
N 63 қаулысымен бекітілген
Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сату туралы нұсқаулыққа мынадай өзгеріс енгізілсін:
13 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті банктер:
валюта биржасында қатарынан бес жұмыс күні бойы сауда-саттық болмаған жағдайда;
егер валюта түсімі валюта биржасында қатарынан бес жұмыс күні бойы сатылмаған болса;
егер валюта түсімі валюта биржасында сатуға болатын лот қалыптастыра алмаған жағдайда;
бір жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің ақша аударылатын күні белгіленген ресми бағамы бойынша теңге баламасымен валюта түсімін Ұлттық Банкке сатуға міндетті.
Корреспондент-банктен Ұлттық Банктің валюталық корреспондентік есепшотына валюта қаражатын есептеу жөнінде тесттелген телекс немесе СВИФТ бойынша хабар алғаннан кейін Ұлттық Банк келесі жұмыс күнінен қалдырмай
уәкілетті банктің корреспондентік есепшотына баламасын теңгемен есептейді."
Ұлттық Банк Төрағасы