Об утверждении Правил организации работы методического совета высшего учебного заведения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил организации работы методического совета высшего учебного заведения
- Атауы (қаз.)
- Жоғары оқу орындарының әдістемелік кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 554
- Қабылданған күні
- 22.08.2005
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2007 AI25296_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003825_
- ЭКБ идентификаторы
- 25296
- Редакция идентификаторы
- AI25296_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:26
0 Жоғары оқу орындарының әдістемелік кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007.12.21. N 644 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орындарының әдістемелік кеңесінің жұмысын ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Р.Нұрғожин) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3 3. Осы бұйрық тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енеді.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме жүктеймін.
5 Жоғары оқу орындары әдістемелік кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
2005 жылғы 22 тамыздағы
N 554 бұйрығымен бекітілген
Жоғары оқу орындары әдістемелік кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру
ЕРЕЖЕСІ
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.
2 2. Ереже жоғары оқу орындарын (бұдан әрі - жоо) басқарудың алқалық нысаны болып табылатын әдістемелік кеңестің мүшелерін сайлау тәртібін қамтитын әдістемелік кеңестің (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) (бұдан әрі - әдістемелік кеңес) қызметін ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
3 3. Әдістемелік кеңес өз қызметінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , басқа да нормативтік құқықтық актілерді жоғары оқу орындарының жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады.
2 2. Әдістемелік кеңестің негізгі міндеттері
4 4. Әдістемелік кеңестің негізгі міндеттері:
1 1) оқу процесін әдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингісін ұйымдастыру;
2 2) жоғары оқу орындарында шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, құралдарды және басқа да материалдарды басып шығаруға жоспарлауды, сараптаманы ұйымдастыру;
3 3) жоғары оқу орындарындағы жетілдіру және әдістемелік қамтамасыз ету;
4 4) оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелерді қорыту және тарату, оқытудың жаңа технологияларын енгізу;
5 5) біліктілікті арттыру, педагогикалық және ғылыми кадрларды қайта даярлау және аттестаттау жүйесін жетілдіру, оқу процесінің мазмұнын талдау;
6 6) сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу процесінде әдістемелік әзірлемелердің нәтижесін енгізу;
7 7) оқу процесін ұйымдастыру және сапасын қамтамасыз ету проблемалары жөніндегі конференцияларды, семинарлар мен дөңгелек үстелдерді өткізу болып табылады.
3 3. Әдістемелік кеңес қызметінің негізгі бағыттары
5 5. Әдістемелік кеңес қызметінің негізгі бағыттары:
1 1) аталған жоғары оқу орнында қолданылатын оқу жұмыс жоспарларын, оқулықтар, оқу құралдарының макеттерін қарау және келісу;
2 2) оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі факультеттердің оқу-әдістемелік комиссиясының, құрылымдық бөлімшелердің жұмыс жоспарларын бекіту, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және аттестаттау жөніндегі оқу-әдістемелік құжаттар, білім беруді ақпараттандыру;
3 3) нормативтік-құқықтық актілерді, кәсіптік жоғары білім беру мамандықтарының жіктеушін, білім берудің мемлекеттік стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
4 4) жекелеген пәндер бойынша оқу жұмыс бағдарламаларын талқылау және бекіту;
5 5) тест тапсырмаларын сараптамадан өткізу және студенттердің білім сапасын бақылаудың басқа да нысандары болып табылады.
4 4. Әдістемелік кеңестің жұмыстары және қалыптастыру тәртібі
6
6. Әдістемелік кеңестің мүшелері жоғары оқу орындарының ғылыми кеңесінде кафедра, факультет өкілдерінің және оқу-әдістемелік жұмыс, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және аттестаттау, білім беруді ақпараттандыру жөніндегі құрылымдық бөлімшелер басшыларының ашық дауыс беруі арқылы сайланады.
7 7. Әдістемелік кеңес декандарды, кафедра меңгерушілерін және тәжірибелі оқытушы-әдіскерлерді жұмысқа тартуға құқылы.
8 8. Әдістемелік кеңес оның қызметіне ЖОО-ның оқу-әдістемелік жұмысы немесе оқу ісі жөніндегі проректорының басқаруымен жұмыс істейді.
9 9. Әдістемелік кеңестің жұмысы әдістемелік кеңестің отырысында қабылданған және жоғары оқу орындарының ректоры бекіткен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
10 10. Әдістемелік кеңестің отырысы екі айда бір рет өткізіледі.
11 11. Әдістемелік кеңестің төрағасы жылына бір рет атқарған қызметтің нәтижесі туралы ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің алдында есеп береді.
12 12. Жоғары оқу орнының әдістемелік кеңесі мәжіліске оның кем дегенде 2/3 мүшесі қатысса, шешім қабылдауға құқылы.
Әдістемелік кеңес шешімі қатысып отырған әдістемелік кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс берулері арқылы қабылданады.
Әдістемелік кеңес мүшелерінің шешімі бойынша жекелеген мәселелер бойынша шешім құпия дауыс беру арқылы да қабылдануы мүмкін.
13 13. Әдістемелік кеңестің отырысы хаттамамен ресімделеді. Отырыстың хаттамалары мен әдістемелік кеңестің шешімдеріне әдістемелік кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Әдістемелік кеңес өз қызметін жоғары оқу орындары факультеттерінің ғылыми-әдістемелік комиссияларымен өзара іс-әрекеттерінің бағыттары бойынша секция қызметі арқылы жүзеге асырады.