Құжат мәтініне өту

Об утверждении изменений в Правила проведения валютных операций в Республике Казахстан

Қаулы · № 16 · қабылданған 19.02.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2530/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении изменений в Правила проведения валютных операций в Республике Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 16 ·19.02.1999
01.11.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении изменений в Правила проведения валютных операций в Республике Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 16 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении изменений в Правила проведения валютных операций в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістерді бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16
Қабылданған күні
19.02.1999
Көрсетілген редакция
01.11.2010 AI2530_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.11.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V990000729_
ЭКБ идентификаторы
2530
Редакция идентификаторы
AI2530_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:20

0 Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістерді бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу тәртібін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 206 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістер бекітілсін және жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң күшіне енгізілсін.

2 2. Заң департаменті (Сизова С.И.):

1 1) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістерді мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін;

2

2) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық филиалына (Астана қаласы), Алматы бас филиалына, облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне жіберсін.

3 3. Мерзімдік басылымдар және іскерлік ақпарат бөлімі (Байменов Х.Қ.) осы қаулының және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістердің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

4 Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістер

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З. Нәлібаевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 19 ақпан
N 16 қаулысымен
бекітілді
Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістер
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 206 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу" ережесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1. 5.03.-тармақтың бiрiншi азатжолындағы "он" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

2 2. 5.07-1-тармақтың бірінші азажолындағы "он" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

3 3. 6.02-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

6.02 "6.02. Жеке тұлғалар - резиденттер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге қайдан алынғаны заңды-заңсыздығын құжаттармен көрсетілмейтін қолмақол шетел валютасын үш мың АҚШ долларына дейінгі баламамен әкете алады.

Қазақстан Республикасынан баламасы үш мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол шетел валютасын әкеткенде Қазақстан Республикасының кеден органдарына осы соманың барлығына құжаттар тапсыруы қажет.
Ондай құжаттар мынадай болуы мүмкін:
- уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері белгіленген тәртіппен берген шетел валютасын сатып алғаны жөнінде анықтама-сертификаттар;
- уәкілетті банктер берген валюталық есеп шоттан қаражат алғанын растайтын құжаттар;
- Қазақстан Республикасына бұрын әкелінген шетел валютасының сомасы туралы кедендік декларация.
Нақты бағасы және/немесе құны шетел валютасымен көрсетілген төлем құжаттарын әкеткенде (чектер, оның ішінде жол чектері, вексельдер) сомасы бойынша шектеулер қойылмайды."
Ұлттық Банк Төрағасы

Қолданыстағы