О реорганизации некоторых республиканских государственных предприятий Министерства образования и науки Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации некоторых республиканских государственных предприятий Министерства образования и науки Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 929
- Қабылданған күні
- 20.09.2005
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2022 25301_591826.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050000929_
- ЭКБ идентификаторы
- 25301
- Редакция идентификаторы
- 25301_591826
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:22
0 Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары және "Республикалық ғылыми-техникалық кiтапхана" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қосу және қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
1-1. Кәсіпорынға осы қаулыға қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруға рұқсат берілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3 3. Кәсiпорын қызметiнің негiзгi мәнi ғылым саласындағы өндiрiстік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсiн.
4 4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетіне Кәсiпорынның жарғысын бекiтуге ұсынсын;
2) Кәсiпорынды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5 5. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешімдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2 2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
3) "Қазақстан Республикасында жүргiзiлетін, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 11 наурыздағы N 198 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 8, 51-құжат):
3-тармақтағы "Республикалық мемлекеттік ғылыми мекеме - Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тiркеудiң тәртiбiнде:
мәтiн бойынша "САҒТО" деген аббревиатура "ҚР ҰҒТАО" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорынға - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінің Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығына (бұдан әрi - САҒТО)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" (бұдан әрi - ҚР ҰҒТАО) шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына" деген сөздермен ауыстырылсын.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
9 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құратын еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 20 қыркүйектегі
N 929 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құратын еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
1. "Ақмола ғылыми-техникалық ақпарат Астана қаласы
орталығы" еншілес мемлекеттік кәсіпорны
2. "Республикалық ғылыми-техникалық Алматы қаласы
кітапхана" еншілес мемлекеттік кәсіпорны
және оның филиалдары