О реорганизации некоторых республиканских государственных предприятий Министерства образования и науки Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации некоторых республиканских государственных предприятий Министерства образования и науки Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 929
- Қабылданған күні
- 20.09.2005
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2022 25301_591826.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050000929_
- ЭКБ идентификаторы
- 25301
- Редакция идентификаторы
- 25301_591826
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:22
0 Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары және "Республикалық ғылыми-техникалық кiтапхана" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қосу және қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
1-1. Кәсіпорынға осы қаулыға қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруға рұқсат берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Кәсiпорын қызметiнің негiзгi мәнi ғылым саласындағы өндiрiстік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетіне Кәсiпорынның жарғысын бекiтуге ұсынсын;
2) Кәсiпорынды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешімдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
3) "Қазақстан Республикасында жүргiзiлетін, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 11 наурыздағы N 198 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 8, 51-құжат):
3-тармақтағы "Республикалық мемлекеттік ғылыми мекеме - Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тiркеудiң тәртiбiнде:
мәтiн бойынша "САҒТО" деген аббревиатура "ҚР ҰҒТАО" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорынға - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінің Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығына (бұдан әрi - САҒТО)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" (бұдан әрi - ҚР ҰҒТАО) шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
9 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құратын еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 20 қыркүйектегі
N 929 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құратын еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
1. "Ақмола ғылыми-техникалық ақпарат Астана қаласы
орталығы" еншілес мемлекеттік кәсіпорны
2. "Республикалық ғылыми-техникалық Алматы қаласы
кітапхана" еншілес мемлекеттік кәсіпорны
және оның филиалдары