О некоторых вопросах акционерного общества "Компания по страхованию жизни "Государственная аннуитетная компания"»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах акционерного общества "Компания по страхованию жизни "Государственная аннуитетная компания"»
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттік аннуитеттiк компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 937
- Қабылданған күні
- 21.09.2005
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2014 AI25308_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050000937_
- ЭКБ идентификаторы
- 25308
- Редакция идентификаторы
- AI25308_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:22
0 "Мемлекеттік аннуитеттiк компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiне "Мемлекеттiк аннуитеттік компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығын берсiн.
2 2. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 217-7-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 279-1-жолмен толықтырылсын:
"279-1 "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмiрдi
сақтандыру компаниясы" АҚ";
2) алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.24 N 387 Қаулысымен.
3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.