О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросу регулирования деятельности учебных центров по подготовке специалистов для работы на рынке ценных бумаг
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросу регулирования деятельности учебных центров по подготовке специалистов для работы на рынке ценных бумаг
- Атауы (қаз.)
- Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар даярлау жөніндегі оқу орталықтарының қызметін реттеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 323
- Қабылданған күні
- 27.08.2005
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2011 AI25340_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003846_
- ЭКБ идентификаторы
- 25340
- Редакция идентификаторы
- AI25340_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:25
0 Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар даярлау жөніндегі оқу орталықтарының қызметін реттеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Нормативтік құқықтық актілерді "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар даярлау жөніндегі оқу орталықтарының қызметін реттеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілсін:
1
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 782 тіркелген, 1999 жылғы тамызда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" N 8 журналында жарияланған):
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
2
2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3571 тіркелген, 2005 жылы "Қаржы хабаршысы" N 5 (17) журналында жарияланған):
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.