Об утверждении Правил ведения Реестра строящихся судов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил ведения Реестра строящихся судов
- Атауы (қаз.)
- Жасалынып жатқан кемелер тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 62-п
- Қабылданған күні
- 01.09.2005
- Көрсетілген редакция
- 28.06.2011 AI25355_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.06.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003842_
- ЭКБ идентификаторы
- 25355
- Редакция идентификаторы
- AI25355_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:25
0 Жасалынып жатқан кемелер тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Жасалынып жатқан кемелер тізілімін жүргізу ережесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті Су көлігінде бақылау басқармасының бастығы (Р.Қ.Адамова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Қ.Б.Есжановқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
5 Жасалынып жатқан кемелер тізілімін жүргізу ережесі
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрлігінің
Көліктік бақылау
комитеті төрағасының
2005 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 62-ө бұйрығымен
бекітілген
Жасалынып жатқан кемелер тізілімін жүргізу ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Жасалынып жатқан кемелер тізілімін жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесіне (бұдан әрі - Тіркеу ережесі) сәйкес әзірленді.
2 2. Жасалынып жатқан кемелер тізілімін жүргізу ережесі.
3 3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:
кеменің меншік иесі - Тіркеу ережесіне сәйкес жасалынып жатқан кеменің меншік иесі ретінде тіркелген тұлға;
жасалынып жатқан кеме ипотекасы - жасалынып жатқан кеме тізілімінде тіркелген шарт негізінде шыққан жасалынып жатқан кеменің мемлекеттік тіркеуіне жататын ипотека;
кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті.
4 4. Жасалынып жатқан кемелер тізілімін (1-қосымша) мемлекеттік және орыс тілінде қағаз және электронды тасымалдаушыларда порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі - ПТӘ) жүргізеді.
5 5. Жасалынып жатқан кемелер тізіліміне шетел алушылары үшін жасалынып жатқан кеме тіркелмейді.
6 6. Жасалынып жатқан кемелер тізілімін жүргізуге бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
2 2. Жасалынып жатқан кемелер тізілімін жүргізу тәртібі
7 7. Кіріс құжаттарын есепке алу кітабы (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) (2-қосымша) және кеме істері жасалынып жатқан кемелер тізілімінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Кеме ісі әр жасалынып жатқан кемеге рәсімделеді және кеменің тіркеу нөмірімен сәйкестендіріледі. Жасалынып жатқан кемеге құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін келіп түсетін құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ кемеге (жасалынып жатқан кемеге) құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, Жасалынып жатқан кемелер тізілімінен берілген анықтама мен үзіндінің көшірмелері кеме ісіне енгізіледі.
8 8. Есепке алу кітабында және Жасалынып жатқан кемелер тізілімінде әр кемеге бөлек парақ беріледі.
9 9. Жасалынып жатқан кемелер тізілімі және Есепке алу кітабы жеке журналдарда жүргізіледі, беттері нөмірленген, тігілген болуы тиіс, соңғы бетінде нөмірленген, тігілген беттердің саны жазылады және ПТӘ басқаратын теңіз портының капитаны растайды.
10 10. Жасалынып жатқан кемелер тізілімінің "Өзгерістер туралы белгілер" бағанында кеме туралы немесе барлық жазбаны жаңартуды талап етпейтін өзгерістер, сондай-ақ оған құқықтардың тоқтауы немесе ауысуы туралы қосымша ақпарат жазылады.
Мұндай мәліметтерге мыналар жатады:
1 1) жеке тұлғаның тегінің, атының, әкесінің атының, тұрғылықты жерінің өзгеруі, егер меншік иесі жеке тұлға болып табылса;
2 2) заңды тұлғаның атауының, орналасқан жерінің немесе почталық мекен-жайының өзгеруі, егер меншік иесі заңды тұлға болып табылса.
1 Жасалынып жатқан кемелер тізілімі
Жасалынып жатқан кемелер
тізілімін жүргізу ережесіне
1-қосымша
Жасалынып жатқан кемелер тізілімі
Р/н
№
Жасалынып
жатқан
кемелерді
тізілімге
енгізу
күні
Меншік
иесінің
атауы
және
оның
мекен-
жайы
Кеме
жасайтын
ұйымның
атауы
және
оның
мекенжайы
Жобаның
нөмірі
Кеменің
түрі
және
мақсаты
Кильдің
ұзындығы және
кеменің
негізгі
техникалық
сипаттамасы
Корпустың
басты
материалы
Машинаның
саны
және
қуаттылығы
Ескерту
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
(кестенің жалғасы)
Өзгерістер
туралы
белгілер
Жасалынып жатқан кеменің
ипотекасы туралы мәліметтер
Жасалынып
жатқан кеме
ипотекасының
мемлекеттік
тіркеуді тоқтатқаны туралы
мәліметтер
Кеме
ипотекасын
немесе
жасалынып
жатқан
кемені
мемле
кеттік
тіркеу
туралы
куәліктің
№ және
беріл-
ген
күні
Жасалынып
жатқан
кемеге
кепіл
берушінің
аты
және
мекен-
жайы
Жасалынып
жатқан
кемеге
кепіл
ұстау-
шының
аты және
мекен-
жайы
немесе
оның
ұсынушыға
белгіленгені
туралы
мәліметтер
Жасалынып
жатқан
кемені
ипотека мен
қамтамасыз
етілген
міндеттің
ең жоғарғы
мөлшері
Жасалынып
жатқан
кеме
ипотеканың
аяқталу
күні
Жасалынып
жатқан
кеме
ипотекасының
мерзімінен
бұрын
аяқталу
күні
Жасалынып
жатқан
кеме
ипотекасын
мемлекеттік
тіркеуді
тоқтатуға
негіз
болған
құжаттардың
атауы
мен
деректемелері
11
12
13
14
15
16
17
18
2 Кіріс құжаттарын есепке алу кітабы
Жасалынып жатқан кемелер
тізілімін жүргізу ережесіне
2-қосымша
Кіріс құжаттарын есепке алу кітабы
Р/н
№
Құжаттардың
келіп
түскен
күні
Келіп
түскен
құжаттардың
атауы
Жасалынып
жатқан
кеме
меншік
иесінің
атауы
(мекен-
жайы,
теле-
фоны,
факсы)
Жасау
орны
Кеме
жасайтын
ұжымның
атауы
және
оның
мекен-
жайы
Жобаның
нөмірі
Мемлекеттік
жазбадан
бас
тартқаны
туралы
жазба
Кемеге
(жасалынып
жатқан ке
меге) құқықты мемлекеттік
тіркеу туралы куәлік
және жасалынып жатқан кеме
тізілімінен
анықтама
және үзінді
(Кімге
және қашан
берілді)
1
2
3
4
5
6
7
8
9