О средствах массовой информации, используемых для публикации информации о деятельности акционерного общества, и требованиях к ним
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О средствах массовой информации, используемых для публикации информации о деятельности акционерного общества, и требованиях к ним
- Атауы (қаз.)
- Акционерлiк қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдары және оларға қойылатын талаптар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 311
- Қабылданған күні
- 27.08.2005
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2019 25414_380550.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003860_
- ЭКБ идентификаторы
- 25414
- Редакция идентификаторы
- 25414_380550
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:25
0 Акционерлiк қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдары және оларға қойылатын талаптар туралы
"Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Акционерлiк қоғамдар өз қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн мерзiмдi баспасөз басылымдарын және (немесе) интернет-ресурстарды пайдаланады.
2 2. Акционерлiк қоғамдардың өз қызметi туралы ақпаратты жария етуi кемiнде он бес мың дана таралыммен шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жүзеге асырылады.
3
3. Акционерлiк қоғам Интернет желiсiнде ақпаратты жариялау үшiн қоғамның өзiнiң интернет-ресурсын немесе өзге интернет-ресурсты пайдаланады. Интернет-ресурстың серверi өткiзгiштiк қабiлетi кем дегенде 512 Kbit/sec болатын байланыс арнасы бойынша Интернет желiсiне қосылады. Интернет желiсiне қосылу үшiн деректердi беру жылдамдығы 32 Kbit/sec болатын байланыс арнасын пайдаланатын Интернет желiсiн пайдаланушының интернет-ресурсының кез келген парағын iске қосу уақыты парақты графикамен және басқа да элементтермен толтыруына қарай 10 секундтан аспайды.
Интернет-ресурста жарияланымдарды орналастыру уақыты бiр айдан кем болмайды. Интернет-ресурста жарияланымдарды орналастыру күнi мен уақыты көрсетiледi.
4 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
5
5. Осы қаулы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi өздерiнiң хабарлары мен мiндеттi түрде жариялауға жататын басқа ақпаратын жариялау үшiн пайдалануы тиiс баспасөз басылымдарының таралым мөлшерiне және тарату аймақтары бойынша қойылатын талаптар туралы" 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 414 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 2626 тiркелген, 2003 жылғы 15-31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" № 26 (274) журналында жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.