Об утверждении Правил организации профессионального обучения инвалидов в соответствии с индивидуальной программой реабилитации инвалида
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил организации профессионального обучения инвалидов в соответствии с индивидуальной программой реабилитации инвалида
- Атауы (қаз.)
- Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді кәсіби оқытуды ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы даярлығын ұйымдастыру және оны өткiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 245
- Қабылданған күні
- 02.09.2005
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2013 25419_195384.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05M0001921
- ЭКБ идентификаторы
- 25419
- Редакция идентификаторы
- 25419_195384
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:24
0 Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді кәсіби оқытуды ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы даярлығын ұйымдастыру және оны өткiзу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 , "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңдарына, Маңғыстау облыстық мәслихатының "Маңғыстау облысы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы туралы" 2002 жылғы 12 сәуірдегі N 18/178 , "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 8/126 шешімдеріне сәйкес және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді кәсіби оқытуды ұйымдастыру мақсатында, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді кәсіби оқытуды ұйымдастыру Қағидасы бекітілсін.
2 2. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (А.Баужанова) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді кәсіби оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Маңғыстау облысының қаржы департаменті (М.Б.Әлібекова) облыстық бюджет қаражаты есебінен осы мақсатқа арналған шығындарды мезгілінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Қ.Тұрысбековке жүктелсін.
5 Қосымша
Маңғыстау облысы әкімиятының
2005 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 245 қаулысымен бекітілген
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді кәсіби оқытуды
ұйымдастыру
ҚАҒИДАСЫ
Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2002 жылғы 12 сәуірдегі N 18/178 "Маңғыстау облысы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы туралы" және 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 8/126 "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешімдеріне сәйкес жасалған және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді кәсіби оқытудың тәртібін анықтайды.