Қолданыстағы ред. 13.04.2005 (Редакция 25424_295612.kaz)

Түпқараған ауданы инфрақұрылымы объектілерін, аумағын кемелге келтіру, ұстау және аудандағы елді мекендерде тазалықты сақтау ережелері туралы от 13.04.2005 г. № 17/105 (Түпқараған ауданы инфрақұрылымы объектілерін, аумағын кемелге келтіру, ұстау және аудандағы елді мекендерде тазалықты сақтау ережелері туралы)

0

Түпқараған ауданы инфрақұрылымы
объектілерін, аумағын кемелге
келтіру, ұстау және аудандағы
елді мекендерде тазалықты
сақтау ережелері туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы № 148-ІІ Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы» 16 сәуір 2001 жылғы № 94-1 Заңына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 16 шілде 2001 жылғы № 242-ІІ Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Түпқараған ауданы инфрақұрылымы объектілерін, аумағын кемелге келтіру, ұстау және аудандағы елді мекендерде тазалықты сақтау туралы ережелер бекітілсін (қоса беріліп отыр).

2

2. Осы шешім жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Келісілді:
Маңғыстау облыстық аумақтық қоршаған
ортаны қорғау басқармасының бастығы: Ы.Ноғаев
Түпқараған ауданының мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау басқармасының
бастығы: Р.Жаңабергенов
Маңғыстау облыстық өртке қарсы қызмет
басқармасының № 4 өрт сөндіру бөлімшесінің
бастығы міндетін атқарушы: М.Құрманов
Түпқараған аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы:
А.Досжанов
Түпқараған аудандық құрылыс, қала құрылысы,
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
бөлімінің жетекшісі: Қ.Ақыбаев
«Баутин тұрғын үй-коммуналдық учаскесі»
мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының директоры: А.Қуанбай

3

«Түпқараған ауданы инфрақұрылымы
объектілерін, аумағын кемелге
келтіру, ұстау және аудандағы
елді мекендерде тазалықты
сақтау ережелері туралы»
Түпқараған аудандық мәслихатының
2005 жылғы 13 сәуірдегі
№ 17/105 шешіміне қосымша
Түпқараған ауданы инфрақұрылымы объектілерін, аумағын кемелге келтіру, ұстау және аудандағы елді мекендердегі тазалықты сақтау
Е Р Е Ж Е Л Е Р І
Осы ережелер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 23.01.2001 жылғы № 148-ІІ, «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы» 16 сәуір 1997 жылғы № 94-І, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 16 шілде 2001 жылғы № 242-ІІ Заңдарына сәйкес әзірленді, аумақты кемелге келтіру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау саласында жеке және заңдық тұлғалардың жауапкершілігін белгілейді және қарым-қатынасын реттейді.
Меншік құрылысшылардың, ғимарат құрылысы және құрылғы иелерінің, сол сияқты көрсетілген елді мекен тұрғындарының және келген адамдардың барлығы осы ережелерді сақтауға міндетті.

1. 1. ТАЗАРТУ, КӨГАЛДАНДЫРУ МЕН КЕМЕЛДЕНДІРУ ҮШІН АУДАННЫҢ АУМАҒЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРГЕ БЕКІТУ ЖӘНЕ ҚАЛДЫҚТАРДЫ АЛЫП КЕТУ МЕН ЖОЮДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. ТАЗАРТУ, КӨГАЛДАНДЫРУ МЕН КЕМЕЛДЕНДІРУ ҮШІН АУДАННЫҢ АУМАҒЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРГЕ БЕКІТУ ЖӘНЕ ҚАЛДЫҚТАРДЫ АЛЫП КЕТУ МЕН ЖОЮДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1

1. Жер бөлу кесімімен айқындалған, шағын аудандарішілік (аулалық) аумақтарды тазарту, көгалдандыру мен кемелге келтіру пәтер иелерінің тұтыну кооперативтеріне (ПИТК) немесе басқа да тұрғын жер бойынша басқару органдарына жүктеледі. Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалған, магистралды көшелерді, жасыл көшет аймақтарын, бақша, саяжай жолдарын, тарихи және мәдени ескерткіштерді, табиғи және табиғи ландшафты мен ортақ қолданыстағы басқа да жерлерді тазарту, көгалдандыру мен кемелге келтіру мамандандырылған кәсіпорындарға жүктеледі.

2

2. Жеке аумақта және офистердің, палаткалардың, киоскілердің, ларектердің, сондай-ақ шағын және орта бизнестің басқа да объектілерінің, оқу орындарының, мектеп жасына дейінгі мекемелердің, өнеркәсіп пен басқа да кәсіпорындардың, құрылыс алаңдарының, қоймалардың, базарлардың және олардың подъездерінің 5 метр радиусы маңайындағы аумақты тазарту және сыпыру жөніндегі жұмыстарды осы объектілердің иелері қамтамасыз етеді, бұл жұмыстарды өз күштерімен, қаражаттарымен немесе мердігерлік ұйымдардың шарты бойынша жүргізеді, өзге аумақтың (стадиондар, базалар, ашық автомобиль тұрақтары, гараж, құрылыс кооперативтері 10 метр радиус маңайындағы аумақтар) тазалығын сақтауға жауапкершілік тиісті жер пайдаланушыларға жүктеледі.
Топырақ қабатына нұқсан келуіне байланысты өнеркәсіпті немесе өзге де құрылысты жүзеге асырушы құрылыс және басқа да ұйымдар топырақтың құнарлы қабатын ағаштар отырғызу үшін алуға және сақтауға, сондай-ақ жұмыс өндірісі кезінде бүлдірген жер учаскелері мен көшеттерді, құрылыс аяқталған бойда жедел өз есебінен қалпына келтіруге міндетті.

3

3. Қүрылыс, күрделі және ағымды жөндеу объектілерінің маңайындағы аумақты тазалау, таза сақтау жауапкершілігі жөндеу құрылыс ұйымдарына немесе осы жұмыстарды жасаушы адамдарға жүктеледі.

4

4. Жаңадан жасалынып жатқан тұрғын тұрғын массивтеріндегі үйлердің құрылысы қоқыстарын жинауды ұйымдастыруды үйдің тапсырысшысы қамтамасыз етуі тиіс. Тұрақты тазарту үйді иесіне пайдалануға тапсыратын сәтте ұйымдастырылуға тиіс.

5

5. Жекелеген объектілердің, әр-түрлі ведомстволардың, сондай-ақ тұрғын аумақтардың санитарлық тазалығы арнайы мердігерлік мекемемен (жеке автокөлігі бары – өз күшімен) шарт негізінде жүргізіледі, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің бақылауында болады.

6

6. Тұрақты тазарту, қалдықтарды алуды жүргізетін, ұйымдар мен тұрғын үй, өндірістік ғимараттардың және құрылғылардың иелерінің арасында жасалған шарт кестелері, санитарлық-эпидемиологиялық станциясы келісімі бойынша жүргізіледі.

7

7. Қатты және сұйық заттарды залалсыздандыру арнайы бөлінген учаскелері немесе талаптары «Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) үшін полигондарды ұстау және орнату» деген санитарлық ережелер мен нормаларда (СемН) жазылған залалсыздандыру, өңдеу жөніндегі құрылғыларда жүргізіледі, қалдықтарды бұл үшін тағайындалмаған басқа жерлерге алып кетуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы даласына (жайылымдарға) көмуге және өртеуге тыйым салынады.

2. 2. ОРТАҚ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ

2. ОРТАҚ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ

8

8. Саяжайлардың, жағажай демалыс аймақтарының, жаппай қыдырыс орындарының және басқа да ортақ қолданыстағы жерлердің аумақтары 1-бөлімде белгіленген талаптарға сәйкес ұсталады.

9

9. Барлық алаңдар мен көшелерде, саяжайларда, базарларда, қалалық көлік аялдамаларында және басқа да жерлерде жеткілікті санда урналар қойылуға тиіс. Урналардың ара қашықтықтарын магистралды (аумақты) пайдаланудың интенсивтігіне қармай коммуналдық шаруашылық органдары айқындайды, адам көп көшелерде – 500 метрден көп емес, адам аз көшелерде – 100 метр. Қала көлігінің аялдамасы болған жерлерде міндетті түрде урналар қойылуы керек. Урналардың орнатылуы мен ұсталуына, тазалығына осы аумаққа бекітілген тазартуды жүзеге асыратын, шаруашылық жүргізуші субъектілер жауапты.

10

10. Өз үйлері мен офистерінің, сауда орындарының, палаткалардың, ларектардың, павильондардың жанына, скверлерге, парктерге, бульварларға, жағажайларға қалдықтар (жиналған қатты тұрмыстық қалдықтардың көлеміне қарай контейнерлер қойылады) үшін урнаны иелерінің өздері қояды.
Контейнерлер мен урналар дұрыс қажетті жағдайда болуы тиіс, жиналуына қарай қалдықтар тазартылуға тиісті, ҚТҚ жою үшін полигонға әкетіледі, контейнерлер мен урналар тұрақты түрде жуылуға, дезинфекция жасалуға тиіс.

11

11. Ыдыстарды, товарлардың артықтарын киоскілердің, палаткалардың, ұсақ бөлшек сауда павильондарының, дүкендердің және өзге де кәсіпкерлік объектілердің жанында сақтауға тыйым салынады.

12

12. Тез бұзылмайтын азық-түліктерді, көкөністер мен жемістерді сатуға палаткалардың, ларектардың, киоскілердің жанындағы көшелерге қою үшін санитарлық-эпидемиологиялық станциямен, аудан әкімшілігінің аудандық құрылыс және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен келісуі тиіс.

13

13. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, ашық алаңдарда, шашлық пісіретін жерлерде, киоскілерде, сауда павильондарында келушілер мен адамдар үшін стационарлық дәретхана жоқ болса, көшпелі дәретхананы орнату – міндетті шарт.

14

14. Көлік құралдарын пайдалану және жөндеуге байланысты ауданның аумағын ластауға, балалар алаңында, тұрмыстық қалдықтарды әкетуге кедергі жасайтын аула аумақтарының адам өтетін бөлігінде көлік құралын қоюға және механикалық тазарту жасауға, сондай-ақ тұрғын үйлердің жанында сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін көлік, ыдыратылған көлік құралдарын қоюға тыйым салынады.

3. 3. АЙРЫҚША АУМАҚ ОБЪЕКТІЛЕРІН ТАЗАРТУ

3. АЙРЫҚША АУМАҚ ОБЪЕКТІЛЕРІН ТАЗАРТУ

15

15. Айрықша аумақ объектілерінде (балалар, ағажайлар, саяжайлар, емдеу – алдын алу мекемелері) санитарлық-эпидемиологиялық станцияларкелісімінсіз санитарлық қондырғылар салуға, қайта жабдықтауға, қалдықтарды жинауға, автокөлікті жууға ыдыстар мен ағаштарды, олар үшін бөлінбеген жерлерге қоюға тыйым салынады.

16

16. Жағажайлар.
Жағажайдың техникалық қызметкері ол жабылғаннан кейін жағалауды, дәретханаларды, шешінетін жерлерді, жасыл аймақтарды тазартуға, дәретханаларды дизенфекциялауға, ыдыстарды (тараларды) жууға тиіс.
Жиналған қалдықтарды алып кетуге таңғы 8-ге дейін рұқсат етіледі. Урналарды көшеттер жолағынан 3-5 метр қашықтыққа, су ағатын жерлерде 10 метр қашықтыққа, су ағатын жерлерде 10 метр қашықтыққа қоюы қажет. 0,75 текше метрлік контейнерлер жағажай алаңының 3500-4000 шаршы метріне 1-еуден орнатылуы керек. Жағажай аумағында 75 келушіге 1 қоғамдық дәретхана орнатылуы тиіс. Қоғамдық дәретхана мен суға түсетін жердің арасы 50 метрден кем, 200 метрден артық болмау тиіс.
Жағажай аумағында ауыз су ағатын фонтан қондырылуға тиіс, ол 2874-82 «Ауыз су» мемлекеттік стандартына және № 3.01.067-97 санитарлық ереже мөлшеріне сәйкес болуға тиіс, фонтандар арасындағы қашықтық 200 метрден аспауы тиіс.
Ашық және жабық шешінетін жерлер, шешінуге арналған павильондар, гардеробтар дезинфекция жасайтын сұйықты қолдана отырып күн сайын жуылуы тиіс.
Суға түсуге арналған жерлерде кір жууға және жануарларды жуындыруға тыйым салынады.

17

17. Базарлар.
Базарлар (соның ішінде шаруашылық жүргізілетін алаңдар, кірме жолдар) алаңының, еріген және жаңбырдың суын ағуды қамтамасыз ететіндей, еңіс қатты қабаты (асфальт, булыжниктер) болуға тиіс. Базар аумағында канализация және су құбыры болуы керек.
Канализация жоқ базарларда қоғамдық дәретханалар сауда орындарынан 20 метр қашықтықта болуға тиіс. Олардың саны әр 50 сауда орнына 1-еуден болуға қажет.
Базар алаңының әрбір 50 шаршы метріне 1 урнадан қойылуға тиіс, олардың арасындағы қашықтық сауда прилавкаларының линиялары бойында 10 метрден аспауы керек. 100 литрге дейінгі сыйымдылығы бар қоқыс жинағыштар базар алаңының 200 шаршы метріне 1-еуден қойылуы қажет, олар сауда прилавкаларының линиясында орнатылуы керек, арасындағы қашықтық 20 метрден аспауы тиіс. Тамақ қалдықтарын жинау үшін арнайы ыдыс қоюы керек.
Базарлардың көлемі 0,2 және одан да астам гектар алаңдарында жиналған қалдықтарды сыйымдылығы 0,75 текше метрлік контейнерлерде сақтау қажет.
Базарлардың жұмыс сағатын олардың басшылары (иелері) белгілейді. Аптасына 1 кезек базардың барлық аумағын негізгі және қосалқы орын жайларды, сауда орындарын прилавкаларды, столдарды тазарту және оларға дезинфекция жасау үшін санитарлық күн жарияланады.
Базардың техникалық қызметкері ол жабылғаннан соң аумаққа тазарту жүргізуге тиіс. Күндіз патрульді тазарту және қалдық жинаған ыдыстар тазартылуы тиіс.

18

18. Саяжайлар мен скверлер.
Шаруашылық аймағы (ауысымды қоқыс жинағышты орнату үшін бөлінген учаскелермен) демалушылардың жаппай жиналатын жерінен (би алаңдары және басқалар) 50 метрден жақын орналаспауға тиіс.
Демалушылардың жаппай жиналатын жерінен аулақ жерлердегі қалдықтарды жинаудың қолайлылығы үшін қалдықтарды уақытша сақтауға арналған қоқыс жинауурналарын қондыру керек.
Шаруашылық алаңдары үшін контейнерлердің саны 3 күндегі қалдықтардың жиналуына қарай қойылуы тиіс.
Қоғамдық дәретханалар демалушылардың жаппай жиналатын жеріне 500 метрден жақын орнатылмауы қажет, 500 келушіге 1 орын.
Негізгі тазарту сағат 7-ден 11-ге дейін жүргізіледі, қалған уақыттарды қалдықтарды жинау, патрульді жинау, жүргізу жасыл көшеттерді суару керек.

4. 4. ҚАЛА АВТОЖОЛДАРЫН (ӨТКЕЛЕКТЕРДІ) ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ

4. ҚАЛА АВТОЖОЛДАРЫН (ӨТКЕЛЕКТЕРДІ) ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ

19

19. Жолдың жазғы тазартылуы сәуірдің 15-і мен қарашаның 15-і аралығы кезеңінде су шашу машинасының көмегімен, жол төсемдерін жуу, сыпырып тазарту арқылы жүргізіледі. Жууды 2 тәулікте кем дегенде 1 рет түнгі сағат 23-тен таңғы сағат 7-ге дейін жүргізу қажет. Күніне 1 рет сағат 7-ден 21-ге дейін міндетті түрде су шашып, сыпыруы керек.

20

20. Түнгі уақытта жұмысты жүргізген кезде (қай кезең болса да) Қазақстан Республикасынң 2001 жылғы 30 қаңтардағы әкімшілік шаралары туралы Кодекстің 333-бабынң талаптары сақталуға тиіс, яғни түнгі мерзімде (кешкі 23 сағаттан таңертенгі 6-ға дейін) тыныштықты бұзу, азаматтардың тыныштығына және демалуына кедергі болмацы қажет. Тазарту машиналарының жұмыстағы қозғалысы жол қозғалысының ережелерін сақтай отырып жасалады.

21

21. Қала өткелектерін қысқы тазарту қарашаның 15-нен сәуірдің 15-іне дейін жүзеге асырылады. Табиғаттың тосын жағдайларынан, қардан жолды тазартуды қамтамасыз ететін операцичларды жүргізудің қажеттілігіне байланысты арнайы машиналара ең қысқа мерзімде жедел жүріп кетуі үшін дайын тұру тиіс.

22

22. Үй төбелеріндегі қарларды тазарту, мұздан пайда болған шашақтарды алу құрылыс иелерінің міндетіне жатады және ол сақтық шараларын (кезекші бөлу, тротуарларды қорғау) сақтай отырылып жүргізілуі тиіс. Үй төбелерінен лақтырылған қар сол бойда бір жерге үйіліп, қажет болған жағдайда алып кетілуі керек.

5. 5. ҮЙ ИЕЛІГІН ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ

5. ҮЙ ИЕЛІГІН ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ

23

23. Ведомстволық бағынысына. Меншік нысанына қармастан үй иелігі тұрақты түрде, жомпар бойынша, қандай болсын тапсырыс алмай-ақ тұрмвствұ қалдықтардан тазартылып түруы тиіс жәнеол осы мақсаттарға арналған арнайы көлікпен жүргізілуі керек.

24

24. Үй иелігі аумағында көлік баруға қолайлы контейнерлер орнату үшін арнайы алаң бөлінуі тиіс, алаң ашық, су жібермейтін қабаты болуы, жасыл көшеттермен қоршалуы керек.

25

25. Тұрғындарды шуылмен алаңдатпауды қамтамасыз ету үшін тұрмыстық қалдықтар үй иелігінен таңғы 7-ден қалдырмай кешкі 23-ке дейін алынуы тиіс.

26

26. Алаң меншік иесі тұрмыстық қалдықтарды уақытынша сақтайтын контейнерлерді, қоқыс құбырын уақытында өз күшімен немесе арнайы ұйыммен жасалған шарт бойынша қоқыстан азартуға, клнтейнер алаңын тазартып, дезинфекция жасауға міндетті.
Қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды кешіктіріп алып кеткені үшін меншік иесі жауапты.
Меншік иесінің қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды алып кету жөнінде қызмет көрсетуге жасалған шарты, оны алып кету кестесі, орындалған жұмысы үшін уақытында төленген төлемі бар болса, қоқысты уақытында алып кетпегені үшін шарт жасақан арнайы ұйым жауапты.

27

27. Ғимараттарды пайдалану жөніндегі мекемелер, кәсіпорындар мен мекемелер тұрғын үй бөлімдері, коменданттар мен үй басұарушылары, пәтер иелерінің кооперативтері мыналарды орындауға тиіс:
Тұрмыстық қалдықтарды уақытында алып кетуге шарт жасауға;
Түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және ел қоыстанған аумақты сақтаудың, санитарлық ережелерін сақтау жөніндегі шараларды орындау үшін халықты ұйымдастыруға;
Подъездерді, шатырларды, төлелерді және үйлерді өртке қарсы және санитарлық тиісті жағдайда ұстауға;
Қоқыс салғыштың астына су жібермейтін қабат төсеп алаңды жабдықтауға;
Көше мен ауланың қалдықтарын жинау үшін қолданылатын керек-жарақ инвентарьлар және жабдықтарды қамтамасыз етуге;
Қоқыс салатын камераларды, алаңдарды, қоқыс жинағыш астын, сондай-ақ қоқыс жинағыш астын, сондай-ақ қоқыс жинағышты тұрақты түрде жуу, дезинфекциялау және дезинсекциялау жөнінде шаралар алуға.

28

28. тазарту жөніндегі кәсіпорындар мыналарды орындауға тиіс:
Үйлердің, ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың аумағынан қатты және сұйық тқрмыстық қалдықтарды алып кетуді уақытында (шартқа сәйкес) жүзеге асыруғаҒ
Әрбір арнайы машинаға, қозғалыс схемасы бар, маршрут кестесін жасауға;
Өзгеріп отыратын пайдалану жағдайына сәйкес маршрут кестелерін үйлестіруге;
Жеке меншік құқығындағы азаматтарға қарасты үйлердің құрылысы жүріп жатқан аудандарда бекітілген маршрут кестелерін міндетті түрде орындауды қамтамасыз етуге;
Қатты тұрмыстық қалдықтардан жоспарлы тұрақты тазартуды аптасына кем дегенде 2 рет жүзеге асыруға.

29

29. Әрбір елді мекенде қатты тұрмыстық қалдықты жоқ қылуды тиісті коммуналдық қызмет белгілейді және санитарлық-эмидемиологиялық қызметтің жергілікті мекемелерімен келіседі.

30

30. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін кемелденген тұрғын үй қолында стандартты металл контейнерлерін (0,75 текше метр) қолдануы керек. Канализациясы жоқ ұй иеліктерінде ағаш немесе маталлдан жасалған қоқыс жинағыштарын қолдануға болады.

31

31. Контейнерлер орнатуға арналған алаңдар түрғын, қоғамдық үйлерден, спорт алаңдарынан, халық демалатын жерлерден кем дегенде 20 метр қашықтықта болуы керек. Алаңдардың көлемі контейнерлерді қоюдыі қажет санына қарай есептелуі керек, бірақ 5-тен көп емес.
Қалдықтарды, әсіресе тұрғын үй аумағындағы, уақытша сақтау орнын сәулет бөлімімен және санитарлық-эпидемиологиялық станциясымен (бұдан әрі СЭС деп аталады) келісуі керек.
Аула дәретханасын қондырудың, қалдықтарды уақытша сақтау орындарын белгілеудің мүмкіндігі жоқ құрылыс салынып жатқан аудандарда, кейбір жағдайда бұл қашықтықты комиссия белгілейді (сәулетшінің тұрғын үй пайдалану ұйымының, санитарлық дәрігердің қатысуымен).
Жеке иелігінің аумағында қоқыс салғышты, аула дәретханасын және жуынды құятын шұқырды орналастыратын жерді үй иелерінің өздері айқындауға тиіс, қашықтық 8-10 метрге дейін қысқаруы мүмкін. Даулы жағдайда бұл мәселені шешу үшін СЭС, сәулет бөлімінің және жергілікті әкімдердің өкілдерінен комиссия құрылады.

32

32. Жазғы кезеңде қалдық салғыштарды алмастырылмайтын жүйеде 10 күнде кем дегенде 1 рет, алмастырылатын жүйеде босатқан сайын жуып тұруы қажет. Энтомологиялық көрсеткіштер бойынша дезинфекция жүргізу керек.

33

33. қалдық салғыштан, қоқыс таситын көліктен тамақ қалдықтарын және қайталама шикізаттарды (мата, бәнкі, бөтелке және басқа да заттар) алуға болмайды.

34

34. бес қабаттан жоғары салынатын тұрғын үйлерге қоқыс құбырын қондыру керек.

35

35. қоқыс құбырының камерасының есігі үй мен басқа да орын жайлардан оқшаулануы қажеть. Камераның едені асфальтталған, подъездің деңгейімен бірдей болуы керек. Қоқыс құбырына тұрмыстық қалдықтарды қоқыс қабылдайтын камераның еденіне лақтыруға тыйым салынады (қоқыс қабылдау камерасында арнайы тара (ыдыс) болуы керек).

36

36. Қоқыс қүбыры, қоқыс құбырының камерасы ақаусыз болуға тиіс. Баспалдақ алаңындағы қоқыс құбырларының клапандарының қақпағы мықты болуға тиіс, герметизациялау және шуылды басу мақсатында резина прокладкаларымен қамтылуы керек. Қоқыс құбыры бар тұрғын үйлерде апта сайынғы тазарту, қоқыс құбырының ұңғысын дезинсекция, дезинфекциялау үшін жағдай жасалуы керек. Бұл үшін ұңғылар тиісті қондырғыдармен жабдықталады.

37

37. ірі қалдықтарды алып кету мен жоқ қылуды аптасына кем дегенде 1 рет, жиналғанына қарай, орын жайдың меншік иесі (үй мен ғимараттың иелері) жүргізеді.

38

38. камераны, қоқыс құбырын, қоқыс салғышты, камерадан қалдықтарды тиейтін жердің маңайын сақтаудың жауапкершілігі сол үй бағынатын ұйымға жүктеледі.

39

39. канализациясы жоқ үйл иелерін сұйық қалдықтарды жинау үшін жуынды құятын құқық орнатылады. Оның қабырғалары ылғалды жайылтпауға, жердің бетінде және қақпағы, қатты қалдықтарды бөлу үшін торы болуы керек. Тазартуға қолайлы болуы үшін құқықтың торы, үстіңгі қабырғасы алмалы-салмалы болуға тиіс.

40

40. канализациясы жоқ ауладағы қоғамдық дәретханалар тұрмыстық және қоғамдық үйлерден, балалар ойнайтын және халық демалатын алаңдардан кем дегенде 20 метр және 100 метр қашықтықта болуға тиіс.

41

41. аула дәретханаларының орын жайлары таза сақталуға тиіс, оларды күн сайын тазарту керек. Аптасына кем дегенде 1 кезек орынжайды дезинфекция жасайтын құралдармен жуу қажет.

42

42. тері-венерологиялық, жұқпалы және туберкулез ауруханаларының, сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауырғанда сауықтыру жөніндегі арнайы санаториялар асханаларынан, ресторандар мен аэропорт кафелерінен, халықаралық линияларға қызмет жасаушы поездардан ас қалдықтарын жинауға тиым салынады.
Қалдықтарға арналған басқа да ыдыстардан, қалдық салғыштардан тамақ қалдықтарын теруге тиым салынады.

43

43. Алып кеткенге дейінгі тамақ қалдықтарын уақытынша сақтау адамдардың жағдайына кері әсер етпеуі үшін тәуліктен аспауға тиіс.

44

44. Сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілеріндегі тамақ қалдықтары тек қана салқын орын жайларда уақытша сақталуы керек.

6. 6. ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ АУМАҒЫНДА ШАҒЫН СӘУЛЕТ НЫСАНЫН ОРНАТУ МЕН ҰСТАУДЫҢ РЕТІ

6. ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ АУМАҒЫНДА ШАҒЫН СӘУЛЕТ НЫСАНЫН ОРНАТУ МЕН ҰСТАУДЫҢ РЕТІ

45

45. Ішкі кемелге келтірудің барлық элементтері, соның ішінде фасадтарды әрлеу аумақтың құрылысын реттеуді айқындайтын ережелерге сәйкес орындалуға тиіс.

46

46. қоршаулардың, дуалдардың, киоскілердің, палаткалардың, павильондардың, ларектардың, жарнама стендтерінің құрылысын салуға олардың маңдайшалары, әр-түрлә көрнекті жәнебасқа да қондырғыларды безендіруге, саяжайға отырғыштар орнатуға, белгіленген ретте келісілегеннен соң ғана жол беріледі.
Барлықшағын сәулет нысандары ақаусыз болуы, жылына кем дегенде 1 рет сырлануы керек.

47

47. Көшені жарықтандыратын шамдар, шамдық жарнамалар мен шамдық маңдайшалар, подъездердің шамдары қараңғы түскеннен кейін жағылуы қажет.

48

48. Тұрғын үй қызметтік, өндірістік және өзге үйлер мен құрылғылардың иелері үйлердің нөмір белгілерін, көшелердің көрсеткіштерін, сондвай-ақ маңдайшаларды ақаусыз жағдайда қытауға міндетті, олар «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуға тиіс.

7. 7. ИНЖЕНЕРЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ, КОММУНИКАЦИЯЛАРДЫ ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН АВТОКӨЛІКТЕРДІ ҰСТАУДЫҢ РЕТІ

7. ИНЖЕНЕРЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ, КОММУНИКАЦИЯЛАРДЫ ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН АВТОКӨЛІКТЕРДІ ҰСТАУДЫҢ РЕТІ

49

49. Иелігінде жер асты желілері бар иегерлер газ люктерінің, канализация, су құбыры, жаңбырға арналған және де басқа құдықтардың қақпақтарын жлдың төселімі деңгейінде болуын қадағалауғаміндетті, олар үнемі ақаусыз жағдайда ұсталуы керек.

50

50. Жердің үстіндегі және грунттардағы суларды ағызатын каналдарды, құбырлар мен дренаждарды, жаңбырдың суын жинайтын құдықтарды тазалау қажеттігіне қарай жүргізіледі, қоқыс сол бойда алып кетіледі.
Қоймалар, базарлар, карьерлер, құрылыс алаңдарының және басқа да объектілердің иелері мыналарды қамтамасыз етеді:
Кірме жолдары, көліктің айналуына арналған алаңдарды таза, ақаусыз ұстау;
Жүретін және іште салынып жатқан жолдарға қатты қабат төсеу;
Ластанған автомашиналар мен құрылыс механизмдерін, көліктің аяқтары мен астауларын көрсетілген объектілерден көшеге шықпастан бұрын жуу;

51

51. Құрылыс алаңдары бүкіл периметр бойынша белгіленген үлгідегі қоршаулармен қоршалуға тиіс.
Қоршауда шағын өтетін жолдар болуы және ол қосалқы жолдар жағынан шығуы керек.

52

52. Көшелердегі, үлкен жолдардағы, квартал ішіндегі аумақтағы жөндеу, құрылыс және басқа да жерге қатысты жұмыстарды заңдық және жеке тұлғалар белгіленген ретке сәйкес, осындай жұмыстар өндірісіне құқық беретін, ордер рұқсат беретін өкілетті орган келісімімен жүзеге асырылады, адамдардың қауіпсіздігі үшін жол белгілері мен көрсеткіштер, жұмысты орындаушылар туралы ақпарат, жұмыстың жүргізілетін мерзімі, уақытша қолайсыздықтуғызылғаны үшін халықтан кешірім өтініледі.

53

53. Тізімін автомобиль жолдарын пайдалану жөніндегі мамандырылған аудан кәсіпорындары белгілейтін және аудан әкімі бекітетін үлкен жүк таситын көліктер мен ауыр техникалардың белгілі бір уақытқа қалаға кіріуіне және болуына аудан жол полициясының бастығы рұқсат етеді. Тек қана тұрмыстық қалдықтарды үлкен және басқа да қоқыстарды қаланың тұрғын массивінің аумағынан үнемі алып кетіп, тазартып отыратын коммуналдық қызметтер, кәсіпорындар, қиымдардың көліктері ғана шаруашылық жүргізуші субъектілердің шарттары бойынша қалаға кіріп, жүре алады.

54

54. Көлік құралдарының иелері, жеке автокөлік жүргізушілері көлік құралдарны таза ұстауға міндетті, ласталған көлік құралына қаланың ішінде жүруге рұқсат етілмейді. Көшені ластауы мүмкін сусымалы және басқа да жүктердің беті жақсылап жабылуы тиіс.
Жолдың жүретін бөлігін немесе ортақ қолданыстағы жерлерді ластауға жол берген шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары немесе жеке тұлғалар ластанған жерін тазалауға немесе оларды пайдаланушы ұйымдардң шыққан шығындарын өтеуге міндетті.

8. 8. ОСЫ ЕРЕЖЕНІҢ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ

8. ОСЫ ЕРЕЖЕНІҢ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ

55

55. Мыналарға тыйым салынады:
Көшелерде, тротуарларда, газондарда, қоқыс салғыштар (контейнерлерде) сондай-ақ үйлердің фасадтарына ағаш, көмір, пішен, сабын, улы химикаттар, метал сынықтарын, минералды тыңайтқыштар және басқа да материалдарды жинауға;
Балкондардың (лоджиялардың) сыртына жуылған кір, кілем, матрацтарды жаюға және олардан қоқыстарды шашуға;
Көшелердің өтетін, жүретін бөлігіне, құрылыстан бос аймақтарға, теңіз жағалауына, көшеттер аумағына және ортақ қолданыстағы басқа да жерлерге қоқыстар, тұрмыс қалдықтарын (темекінің тұқылы, бөтелкелерді, қағаздарды) лақтыруға;
Тұрғын үйлер жанында, санаториялар аймағында көлік құралдарын жууға, жануарларды шомылдыруға;
Жолдың және тротуарлардың адамдар жүретін бөлігінде қоршалмаған газ люктерінің, канализацияға, су құбырына, жаңбыр суына арналған құдықтардың қақпағын ашық тастауға, болмайды;
Көшелерде, бақтарда, саяжайларда, стадиондарда, мектеп жанындағы учаскелерде және ортақ қолданыстағы басқа да жерлерде мал бағуға, айдауға, құс бағуға;
Иттерді қыдыртуға арналған аумақтан басқа жерге қыдыртуға, иттің қиын тазаламай кетуге;
Қаланың көшелерімен трактор табанды көліктің жүруіне;
Ортақ қолданыстағы жасыл көшеттер аумағында көкөніс және ауылшаруашылық дақылдарын егуге;
Сусымалы және сұйық жүктерді автомашиналарда, ақаулы астауларда, жабдықталмаған тіркеулерде бетін жаппай тастауға;
Жерге байланысты жұмыстарды жүргізгенде құрылғыларды (жол төселімдері, бордюрлер, қоршаулар, люктер, құдықтар, су ағатын торлар, лотоктар, кюветтер, су ағар құбырлар, дренаждар т.т.), жасыл көшеттерді бүлдіруге, сондай-ақ оларды құммен көмуге;
Жылу, сумен қамту және канализация жүйелерінің ақауын жөндеу жөніндегі авариялық жұмыстарды жүргізген шақта суды тротуарларға, газондарға, көшенің адамдар жүретін бөлігіне төгуге;
Кәсіпорындардың, ұйымдардың аумақтарында, көшелерде, газондарда, тұрғын кварталдарында, жеке меншік учаскелерде қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге;
Хабарландыруларды, жарнамаларды, афишаларды және т.т. өз бетімен ілуге.

56

56. Жасыл көшеттер өсіп тұрған аумақта мыналарға тыйым салынады:
Газондардың үстінде жүруге, жасыл желектерді сындыруға, үзуге, кесуге;
Жолды тазалау мақсатында тұз, жасыл көшеттерге зиянды басқа да заттарды қолдануға;
Көліктермен, мотоциклдермен, велосипедтермен және басқа да көлік құралдарымен (арнайы көліктерден басқа) жүруге;
Газондардың жанында жолаушы көлігінің аялдамасын белгілеге, ол жағуға және басқа да өртке қарсы ережелерді бұзуға;
Ағаштарға электр сымдарын, басқа да сымдарды, әлпеншектерді ілуге;
Тиісті қызметтермен келіспей, ағаштарды кесу ережелерін сақтамай, белгіленген агрономиялық мерзімнен басқа кезде ағаштарды тегістеп кесуге;
Тиісті қызмет жасаушы ұйымдармен келіспей өз еркімен ағаштарды, бұталарды шабуға;
Пәтерлерден және үй иелігінен тысқары жерлерде өз бетімен қоршау жасауға.

9. 9. ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ АУМАҒЫН САНИТАРЛДЫҚ ЖАҒДАЙДА ҰСТАУ, КЕМЕЛГЕ КЕЛТІРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ӨКІЛЕТТІ ОРГАНДАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ

9. ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ АУМАҒЫН САНИТАРЛДЫҚ ЖАҒДАЙДА ҰСТАУ, КЕМЕЛГЕ КЕЛТІРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ӨКІЛЕТТІ ОРГАНДАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ

57

57. Денсаулық қорғау туралы Қазақстан Республикасынң негізгі заңнамаларына сәйкес, көшелерді, аулаларды және ауданның басқа да аумақтарын, сондай-ақ ортақ қолданыстағы жерлер мен жағажайларды ұстаудың санитарлық ержелерін сақтауды қадағалауды ішкі істер органдары, экологиялық, өртке қарсы қызмет, санитарлық және сәулеттік құрылыс қадағалау органдары жүзеге асырады.

58

58. СЭС мекемесінің органдары мына міндеттерді орындауды қамтамасыз етуге тиіс:
Елді мекендерді тазарту мен санитарлық кемлге келтіруді ұйымдастыру жөніндегі жергілікті басқару органдарының шешімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;
Қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтардың полигондарын орналастыру және жобалау жөніндегі материалдарды, қаланың санитарлық тазалығының схемасын, т.т. қарау және келісу;
Елді мекендередің санитарлық жағдайына байланысты халықтың ауруын зерттеу және талдау;
Эпидемиялогиялық жағдайға байланысты, аумақтың тазалығын тексеру, рейдтерін өткізу туралы тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық органдарының басшыларына ұсыныс беру;
Эпидемиялогиялық жағдайды ескере отырып, қатты қалдықтарды жинау, алып тастау және алып кету жүйесін үйымдастыру жөніндегі арнайы тұрғын үй органдары мен кәсіпорындары үшін санитарлық минимум жөнінде жылына 1 рет, қажет жағдайда одан да жиі нұсқаулар мен сабақтар өткізу.

10. 10. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРДІ БҰРМАЛАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

10. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРДІ БҰРМАЛАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

59

59. Ережелерді бұрмалаған кінәлі жеке және заңды тұлғалар 30 қаңтар 2001 жылғы № 155-ІІ «Қазақстан Республикасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске сәйкес жауапқа тартылады (ҚРӘКБт).