Қолданыстағы ред. 13.04.2005 (Редакция 25427_295921.kaz)

Түпқараған ауданындағы коттедж және блок түріндегі дара тұрғын үйлердің құрылысы үшін тұрғын массивтердің аумағында құрылыс салу ережелері туралы от 13.04.2005 г. № 17/104 (Түпқараған ауданындағы коттедж және блок түріндегі дара тұрғын үйлердің құрылысы үшін тұрғын массивтердің аумағында құрылыс салу ережелері туралы)

0

Түпқараған ауданындағы коттедж
және блок түріндегі дара тұрғын
үйлердің құрылысы үшін тұрғын
массивтердің аумағында құрылыс
салу ережелері туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы № 148-ІІ Заңына, Қазақстан республикасының (Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 16 шілде 2001 жылғы № 242-ІІ Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Түпқараған ауданындағы коттедж және блок түріндегі дара тұрғын үйлердің құрылысы үшін тұрғын массивтердің аумағында құрылыс салу ережелері бекітілсін (қоса беріліп отыр).

2

2. Осы шешім жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Келісілді:
Түпқараған аудандық құрылыс, қала
құрылысы,тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық,жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары
бөлімінің жетекшісі: Қ.Ақыбаев
Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы
және жер қатынастары бөлімінің жетекшісі: А.Нәбиев

3

«Түпқараған ауданындағы коттедж
және блок түріндегі дара тұрғын
үйлердің құрылысы үшін тұрғын
массивтердің аумағында құрылыс
салу ережелері туралы» Түпқараған аудандық
мәслихатының 2005 жылғы 13 сәуірдегі
№ 17/104 шешіміне қосымша
Түпқараған ауданындағы коттедж және блок түріндегі дара тұрғын үйлердің құрылысы үшін тұрғын массивтердің аумағында құрылыс салу Е Р Е Ж Е Л Е Р І

1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1

1. Түпқараған ауданындағы коттедж және блок түріндегі дара тұрғын үйлердің құрылысы үшін тұрғын массивтердің аумағында құрылыс салудың осы ережелері (бұдан әрі ережелер деп оқылады) «Қазақстан Республикасындағы сәулет,қала құрылысы және қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 16 шілде 2001 жэылғы № 242-ІІ Заңы, «Қала құрылысы. Қалалық және селолық жаңа қоныстардың жобасы мен құрылысын салудың» 2.07.01-89 санитарлық нормалары мен ережелері (бұдан әрі құрылыстық нормалары және ережелер), «Қазақстан Республикасындағы қала құрылысы жобаларын бекіту мен келісу әзірлеу реті, құрамы туралы нұсқаулықтың» 3.01.07. 2001 жылғы ҚР ҚНжЕ, «Дара тұрғын үй құрылысына жобалық құжаттардың құрамы және оларды бекіту, келісу мен әзірлеудің реті туралы нұсқаулықтың» 3.06.07.2001 жылғы ҚР ҚНжЕ, 30 қаңтар 2001 жылғы № 155-ІІ «Әкімшілік құқық бүзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі негізінде әзірленді.

2

2. Ережелер бірыңғай сәулеттік-жоспарлау саясатын, құрылыс салудың композициялық шешімін, тұрғын массивінің және тұтастай Түпқараған ауданының үйлесімді көркем біртұтас ансамблін құруды көздейдң. Тұрғын үйдің құрылысын салудың кеңістігінің ұйымдастырылуы адамның күнделікті өмірі үшін қолайлы да жайлы болуға тиіс.

3

3. Ережелерді барлық сәулет, қала құрылысы қызметінің субъектілері орындауға міндетті.

4

4. Дара тұрғын үй ұүрылыс үшін тұрған массивтердің аумағын игеру қала құрылысы жобаларында, Түпқараған ауданын дамытудың бас жоспарында, деталданған жоспарлардың жобасында, құрылыс салудың жобасында қабылданған шешімдерге негізделеді.

2. 2. ЖОБАЛЫҚ ШЕШІМДЕР

2. ЖОБАЛЫҚ ШЕШІМДЕР

5

5. Дара тұрғын үй құрылысы үшін бөлінетін жер учаскесінің мөлшері – 0,1 га (Қазақстан Республикасының «Жер Кодексінің» 50-бабының 2-тармағы 2-тармақшасына сәйкес); 0,15 га (Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 720 «Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін берудің тәртібі мен шарттары жөніндегі» Қаулысына сәйкес).
Блок түріндегі үйлердің құрылысы үшін жер учаскесінің мөлшері – 0,03 га – 0,04 га.
Ауылдық жерлерде жеке қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін суарылмайтын жерде -0,25 гектар және суармалы жерде 0,20 гектар. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін – 0,15 гектар, бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін – 0,18 гектар.
Салынып жатқан құрылысты жаңарту, шымыру жағдайында үй жанындағы учаскелердің мөлшерін 0,006 га дейін азайтуға жол беріледі.

6

6. Тұрғын үй тобының (тұрғын массивінің) құрылысын салудың жобасы жобаланатын аумақтың қызық линиясы шегінде жасалады және сәулет кешендерінің композициялық шешімін, ғимараттар мен құрылғылардың түрлерін, функционалды зоналауды, инженерлік жүйелердің коридорларын, аумақтың кемелге келтірілуін, көлік қызметін ұйымдастыруды және жаяу қозғалыстың принциптерін анықтайды.

7

7. Тұрғын үйлердің ғимараттарыныңқұрылысын салу линиясы тұрғын көшелердің қызыл линиясынан 6 метрден кем емес.

8

8. Композициялық шешімді, аумақтың сәулеті мен кемелденуін сипаттайтын, демонстрациялық материалдар (магистралды көшенің бойындағы құрылыстың сәулеттік разверткалар), сәулеттік ансамбльдің міндеттерін айқындайды, қабатын, нысанын, сұлбасын, түсінің колоритін, ритмін, жарықтануын таңдаудан көрініс табады.

9

9. Тәсілі үйлестірілген чертеждарда тұрғын үйлердің жоспары мен фасадтары, жердің бұрыштық белгілері (жобалық және табиғи) ноль белгісінің абсолюттік мәні, декоративті металл торлардан жасалғаг қоршау түрлері, негізгі тезникалық экономикалық көрсеткіштер көрсетіледі.

3. 3. ЖОБАЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІ КЕЛІСУДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

3. ЖОБАЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІ КЕЛІСУДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

10

10. Берілген материалдар қала құрылысы кеңесінде бекіту үшін аудандық құрылыс және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарауға және келісуге беріледі. Дара тұрғын үй құрылысы үшін тұрғын массивінің бекітілген құрылыс салу жобасы заңдық құжат болып табылады, соның негізінде дара тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін бөлу жүргізіледі.

11

11. Тұрғын массивіне құрылыс салудың бекітілген жобасы, құрылыс салу жобасының құрамындағы тұрғын үйдің ғимараты бойынша бекітілген эскиздік шешім негізінде аудандық құрылыс жіне қала құрылысы, тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі дара тұрғын үй құрылысынң тапсырмасын (ТҮҚТ) береді.

12

12. Жобалаудың тапсырмасына және ТҮҚТ-на сәйкес, тұрғын үй құрылысынң жоба смета құжаты аудандық құрылыс және қала құрылысы, тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде келісіледі және бекітіледі. Жобаны әзірлеу кезінде лицензиясы бар адамдар тұрғын үй құрылысының жобасына сараптама жүргізбейді. Дара тұрғын үй құрылысының жобасын жасау кезінде қала құрылысы жобаларымен бекітіліп белгіленген қала құрылысының шешімдері сақталуға міндетті.

13

13. Жеке үй құрылысының жобасын жасақтағанда қала құрылысының жобалары бойынша бекітілген, дара үй құрылысының шешімдерінің саақталуы міндетті.

4. 4. ҚҰРЫЛЫСТЫ САЛУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

4. ҚҰРЫЛЫСТЫ САЛУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

14

14. Жер учаскесін бөлшектеу, ғимарат өзегін (ось) шығару тек қана аудандық құрылыс, қала құрылысы, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің келісімі бойынша жүргізіледі. Жер учаскелерінің натурасын шығару мониторингіні жүргізу үшін аудандық құрылыс және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне беріледі.

15

15. Тұрғын үй құрылысын бастауға рұқсатты өкілетті мемлекеттік орган аудандық құрылыс және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолакшылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі береді.

16

16. Шаруашылық орынжайлар мен гараждар тұрғые үй ғимаратының өз ішінен көзделедң.

17

17. Бөлек тұрған шаруашылық құрылыстары мен гараждарды салуға мүлдем тыйым салынады.

18

18. Жобаланатын тұрғын үй массивтерінің инженерлік инфрақұрылымынң құрылысы» Дара тұрғын үй құрылысы туралы» Заңға сәйкес жүргізіледі.

19

19. Объектіні пайдалануға беру ҚР Үкіметінің 15.10.2001 жылғы № 1328 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері» қаулысына, Қазақстан Республикасының 16 шілде 2001 жылғы № 242-ІІ Заңының № 76-бабына сай жүргізіледі.

20

20. Конкурс негізінде, ҚР Үкіметінің 06.06.1997 жылғы № 933 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үйлердің құрылысын қаржыландырушы және ұйымдастырушы инвесторларымен жаңа аумақтарда комплексті құрылыс салуға конкурстарын жүргізу тәртібі туралы» ережеге сай, арыз иесіне жер учаскелері кейін берілетін болып, салынып жатқан тұрғын үйдің шарты жасалған жағдайда тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру мен қаржыландыру жүзеге асырылатын, тұрғын массивтерінің кешенді инвестициялық құрылысын салу туралы шешім қабылдауға жол беріледі.

5. 5. ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРДІ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

5. ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРДІ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

21

21. Осы ережелердің міндетті талаптарының сақталмауы 30 қаңтар 2001 жылғы № 155-ІІ Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 231, 237, 239 - баптары бойынша жауапкершілікке тартады.