Қолданыстағы ред. 23.09.2005 (Редакция 25461_351154.kaz)

Бұқар жырау ауданының жәрдемге мұқтаж және аз қамтылған азаматтарына материалдық көмек көрсету туралы от 23.09.2005 г. № 23/3 (Бұқар жырау ауданының жәрдемге мұқтаж және аз қамтылған азаматтарына материалдық көмек көрсету туралы)

0

Бұқар жырау ауданының жәрдемге мұқтаж және аз қамтылған азаматтарына материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2005 жылғы 8 қаңтардағы 13 сессиясынң № 5 мемлекеттік тіркеу номері 1695 «2005 жылы аудандық бюджет туралы» шешімімне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Надежда Григорьевна Алексеева):

1

1) Бұқар жырау ауданының жәрдемге мұқтаж ең аз қамтылған мына азаматтарына материалдық көмек көрсетуді ұйымдастырсын:
қарамағында кәмелетке толмаған балалары бар,
мүгедектерге,
жұмыссыздарға,
сонымен қатар, жан басына шаққандағы орта айлық табысы кедейшілік деңгейінен жоғары азаматтарға қайғы көруінде, төтенше жағдайда, қайғылы оқиғада, өртте, ауыр науқасқа ұшырағанда,
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын зейнеткерлерге мерейтой және мереке күндерінде.

2

2) материалдық көмек алу туралы өтінішті қабылдау және тіркеу төмендегі құжаттарды ұсынғанда жүзеге асырылады
өтінінш,
жеке бас күәлігі
материалдық жағдайды тексеру актісі
өтіну
салық төлеушінің тіркеу нөмері

3

3) зейнетақы мен жәрдемақыны төлейтін мемлекеттік Орталықтың аудандық бөлімінен түсірілген тізімге байланысты өтінішті қажет етпей-ақ мерейтой және мереке күндерінде материалдық көмек көрсетілсін;

4

4) ауданның жәрдемге мұқтаж ең аз қамтылғын әр азаматына жылына бір рет қана көмек көрсетілсін;

5

5) бір жолғы материалдық көмек жылына бір рет жеке сол адамның өзіне төтенше жағдайда, мерейтой және мереке күндері әлеуметтік төлем алатын зейнеткерлерге берілсін.

2

2. Әрбір жағдайда көрсетілетін материалдық көмек көлемі аудандық Мәслихат сессиясыны шешімімен бекітілген кеңестік комиссияның дербес құрамымен аңыкталады.

3

3. Аудандық қаржы бөлімі (Жұлдыз Қожабергенқызы Қапашева) 451007000332 «Жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер» бағдарламасына сәйкес аудандық бюджет шегінде қаржыландыру жүргізсін.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Шайза Молдабекқызы Түсіпбаеваға жүктелсін.