О льготах на проезд в городском общественном транспорте для учащихся очной формы обучения среднего общего, начального и среднего профессионального образования, высших профессиональных учебных заведений города Алматы, а также военнослужащих внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О льготах на проезд в городском общественном транспорте для учащихся очной формы обучения среднего общего, начального и среднего профессионального образования, высших профессиональных учебных заведений города Алматы, а также военнослужащих внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласының жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік оқу, жоғары кәсіптік оқу орындарының күндізгі оқу нысанындағы оқушылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің әскери қызметшілері үшін қалалық қоғамдық көлікте жүру жеңілдіктері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 180
- Қабылданған күні
- 28.09.2005
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2011 25469_194757.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05R000672_
- ЭКБ идентификаторы
- 25469
- Редакция идентификаторы
- 25469_194757
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:21
0 Алматы қаласының жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік оқу, жоғары кәсіптік оқу орындарының күндізгі оқу нысанындағы оқушылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің әскери қызметшілері үшін қалалық қоғамдық көлікте жүру жеңілдіктері туралы
"Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағының 3 тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына, "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 1 шілдедегі № 4 қаулысына сәйкес, Алматы қаласының жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік оқу, жоғары кәсіптік оқу орындарының күндізгі оқу нысанындағы оқушыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін әлеуметтік қорғау мақсатында ІІІ сайланған Алматы қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. 2005 жылғы 1 қазаннан бастап Алматы қаласының жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік оқу, жоғары кәсіптік оқу орындарының күндізгі оқу нысанындағы оқушыларына меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан көрсетілген жеңілдік құқығын айғақтайтын тиісті құжат болған жағдайда қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру төлемінің 50 пайызы көлемінде жеңілдік енгізілсін.