Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов субъектами естественных монополий, оказывающих общедоступные услуги почтовой связи

Бұйрық · № 265-ОД · қабылданған 12.09.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25479/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов субъектами естественных монополий, оказывающих общедоступные услуги почтовой связи Күшін жойған Бұйрық ·№ 265-ОД ·12.09.2005
22.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов субъектами естественных монополий, оказывающих общедоступные услуги почтовой связи

Күшін жойған Бұйрық ·№ 265-ОД · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов субъектами естественных монополий, оказывающих общедоступные услуги почтовой связи
Атауы (қаз.)
Жалпыға қол жетімді почта байланысының қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
265-ОД
Қабылданған күні
12.09.2005
Көрсетілген редакция
22.05.2020 25479_485489.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003876_
ЭКБ идентификаторы
25479
Редакция идентификаторы
25479_485489
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:23

0 Жалпыға қол жетімді почта байланысының қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жалпыға қол жетімді почта байланысының қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесі бекітілсін.

2 2. Жалпыға қол жетімді почта байланысының қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілері Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне:

1 1) 2006 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімге келісу үшін табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес реттелетін жалпыға қол жетімді почта байланысы қызметтерінің түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізудің әзірленген әдістемелерін;

2 2) 2007 жылғы 15 сәуірге 2006 жылғы реттеліп көрсетілетін қызметтердің және жалпы реттеліп көрсетілмейтін қызметтердің түрлері бойынша есептілік ұсынсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Е.Ш.Әлиев):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) Жалпыға қол жетімді почта байланысының қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілері ұсынған табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемелерін келісуді белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1 1) осы бұйрықтың ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялануын қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары мен "Қазпочта" акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
ақпараттандыру және байланыс
агенттігінің төрағасы
2005 жылғы 21 қыркүйек

0 Жалпыға қол жетімді почта байланысының қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесі

Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2005 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 265-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Жалпыға қол жетімді почта байланысының қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесі

1 1. Негізгі ережелер

1

1. Осы Почта байланысының саласында Жалпыға қол жетімді почта байланысының қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесі жалпыға қол жетімді почта байланысының қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді есепке алуды жүргізудің негізгі қағидаттарын, бөлектеп есепке алуды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2 2. Бөлектеп есепке алуды жүргізу мақсаты уәкілетті орган бекітетін экономикалық негізделген тарифтерді белгілеу үшін реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді айқындау болып табылады.

3 3. Бөлектеп есепке алу почта ұйымы көрсететін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша бөлек табыстар, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтер туралы ақпаратты жинау және қорытындылау жүйесін білдіреді.

4 4. Бөлектеп есепке алудың негізгі қағидаттары:

1 1) бастапқы құжаттардың негізінде тиісті қызметтерге табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді тікелей жатқызу мүмкіндігі болған жағдайда тікелей жатқызу басымдығы;

2 2) олар байланысқан сол бір қызметтермен табыстардың, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің себеп-салдар байланысының негізінде тиісті қызметтерге табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлу;

3 3) қызметтердің тиісті түрлеріне табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді жатқызу кезіндегі ашықтығы.

5 5. Осы Ереженің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) бөлу базасы - почта ұйымы өндірісінің технологиялық пен өзге процестерінің және қызметін ұсынуының өзара байланысын және (немесе) өзге де себеп-салдар байланысын сипаттайтын және реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлеріне жанама, бірлескен және жалпы шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлу кезінде негіз ретінде қолданылатын көрсеткіштер жүйесі;

2 2) қолданысқа енгізілген активтер - негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді қамтитын белгілі бір қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын почта ұйымының активтері;

3

3) қызметтерге жанама қолданысқа енгізілген активтер - бірнеше қызметтермен (қызметтер тобымен) бір мезгілде себеп-салдар байланыстары бар, сондықтан да олар белгілі бір қызметке тікелей және бір мәнді жатқызыла алмайтын қолданысқа енгізілген активтер, бірақ белгілі бір қызметтерді көрсетуде олардың қолданысқа енгізілуі осы себеп-салдар байланыстарды көрсететін бөлу базаларының негізінде анықталуы мүмкін;

4 4) қызметтерге жанама шығындар - бірнеше қызметтермен (қызметтер тобымен) бір мезгілде себеп-салдар байланыстары бар, сондықтан да белгілі бір қызметке тікелей және бір мәнді жатқызыла алмайтын шығындар, бірақ шығындардың туындауын көрсететін бөлу базаларының негізінде қызметтерге бөлінуі мүмкін;

5 5) бөлу коэффициенті - қызметтер арасында шығындар мен активтерді бөлу үшін бөлу базасын қолдану нәтижесінде алынған жанама, бірлескен немесе жалпы шығындардың немесе активтердің үлесі;

6 6) жалпы активтер - қызметтердің барлық түрлерін ұсынумен байланысты, бірақ осы қызметтермен қандай да бір себеп-салдар байланысы жоқ активтер, сондықтан қызметтерді ұсынуда олардың қолданылуы белгілі бір бөлу базаларының негізінде айқындалуы мүмкін;

7 7) жалпы шығындар - қызметтердің барлық түрлерін ұсынумен байланысты шығындар, бірақ осы қызметтермен қандай да белгілі себеп-салдар байланысы жоқ, сондықтан белгілі бір бөлу базаларының негізінде бөлінеді;

8 8) почта ұйымы - почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі;

9 9) қызметтерге тікелей қолданысқа енгізілген активтер - белгілі бір қызметті ұсынумен тікелей себеп-салдар байланыстары бар қолданысқа енгізілген активтер, сондықтан да белгілі бір қызметке тікелей және бір мәнді жатқызылуы мүмкін;

10 10) қызметтерге тікелей шығындар - белгілі бір қызметпен тікелей себеп-салдар байланысы бар шығындар, сондықтан да белгілі бір қызметке тікелей және бір мәнді жатқызылуы мүмкін;

11

11) себеп-салдар байланысының негізінде бөлу - белгілі бір қызметтермен табыстардың, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің байланыстары туындау себептерін алдын ала зерттеу негізінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлу;

12 12) реттеліп көрсетілетін қызметтер - почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтері;

13

13) бірлескен қолданысқа енгізілген активтер - бірнеше қызметтерді (қызметтер тобын) ұсыну үшін пайдаланылатын, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгілі себеп-салдар байланысы жоқ қолданысқа енгізілген активтер, бірақ қызметтерді ұсынуда олардың қолданылуы бөлу базаларының негізінде айқындалуы мүмкін;

14 14) бірлескен шығындар - бірнеше қызметтерді (қызметтер тобын) ұсыну үшін пайдаланылатын, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгілі себеп-салдар байланысы жоқ шығындар, сондықтан да уәкілетті органмен келісілген бөлу базаларының негізінде бөлінеді;

15 15) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе белгіленген құзырет шегінде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган.

Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылады.

6 6. Почта ұйымы осы Ереженің ережелеріне сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай реттеліп көрсетілмейтін қызметтер бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүзеге асырады.

7

7. Бөлектеп есепке алуды жүргізу осы Ережеге сәйкес қызметтердің түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлу үшін нақтылаудың қажетті деңгейін қамтамасыз етуге тиіс бухгалтерлік және басқару есебінің бастапқы құжаттарына негізделеді. Осы Ереже почта ұйымының белгіленген қаржылық және салық есептілігін ұсынудың тәртібі мен нысанын өзгертпейді.

8 8. Почта ұйымының шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін бөлу қызмет бағыттары және қызметтер бойынша шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бірізділікпен және кезең-кезеңімен бөлуге негізделеді.

9

9. Бөлектеп есепке алуды жүргізу мақсатында почта ұйымы осы Ереженің негізінде, өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып, бөлектеп есепке алуды жүргізуді нақтылайтын және қолданылып отырған бөлу базаларын таңдауын және сипаттауын көздейтін реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін әзірлейді және уәкілетті органмен келіседі.

2 2. Почта ұйымының шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін бөлу

10 10. Қызметтер түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлу үшін реттеліп көрсетілетін және реттеліп көрсетілмейтін қызметтерге бөлінеді. Бұл ретте, почта ұйымының табыстары, шығындары мен қолданысқа енгізілген активтері қызмет бағыттары бойынша алдын ала топталады.

11 11. Почта ұйымы қызметтерінің түрлері бойынша бөлектеп есепке алуды жүргізу мақсатында қызмет бағыттары мыналарға бөлінеді:

1 1) почта қызметтері;

2 2) қаржы қызметтері;

3 3) агенттік қызметтер;

4 4) өзге қызметтер.

12 12. Бөлектеп есепке алу мақсатында қызмет бағыттары бойынша топтастырылған табыстар, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтер ұсынылатын қызметтердің түрлері бойынша бөлінеді.

13 13. Бөлектеп есепке алу мақсатында тікелей, жанама, бірлескен және жалпы шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерге бөлінеді.

14

14. Шығындарды бөлу және активтердің қолданылу дәрежесін анықтау үшін почта ұйымы қызметтің тиісті бағыттарымен және ұсынатын қызметтермен шығындар мен активтердің себеп-салдар негізінде бөлу әдіснамасы пайдаланылады. Бұл ретте почта ұйымы қызметінің әрбір бағыты бойынша шығындар мен активтердің ресурстармен себеп-салдар байланыстары және осы ресурстардың ұсынылып отырған қызметтермен себеп-салдар байланыстары белгіленеді.
Қолданысқа енгізілген активтердің амортизациясы қолданысқа енгізілген активтерді бөлу негізінде бөлінеді.

15

15. Шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің почта ұйымының қызметтерімен тікелей себеп-салдар байланыстары анықталған жағдайда осы шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді қызметтің тиісті бағыттарына алдын ала жатқызумен бұл шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді осындай қызметтерге тиісті тікелей жатқызу жүргізіледі.

16

16. Шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің почта байланысының қызметтерімен жанама себеп-салдар байланыстары анықталған жағдайда осы шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді оларды почта ұйымының тиісті ресурстарына, қызмет бағыттарына және қызметтеріне кезең-кезеңімен бөлу жолымен бөлудің тиісті базалары мен коэффициенттерін қолдану негізінде бөлу жүргізіледі.

17 17. Шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді реттеліп көрсетілетін және тұтастай реттеліп көрсетілмейтін қызметтер бойынша жатқызу және бөлу процесі мынадай бірізділікпен кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:

1

1) бірінші кезең - почта ұйымының тиісті ресурстары бойынша шығындарды тікелей және жанама бөлу және активтерді (негізгі құралдар, персонал, материалдық емес активтер және басқа да активтер) топтастыру (экономикалық ресурстар түрлерінің және экономикалық ресурстарға жанама шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлу базаларының үлгі тізбесі осы Ережеге берілген 1-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген);

2

2) екінші кезең - почта ұйымы ресурстарының тікелей және жанама байланыстарын тиісті бизнес процестерімен: менеджменттің (басқарудың) негізгі, көмекші және бизнес процестерімен анықтау. Ресурстарға байланысты шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді тиісті бизнес процестерге тікелей жатқызу және жанама бөлу жүзеге асырылады (бизнес-процестерді және экономикалық ресурстарды бөлу базаларының үлгі тізбесі осы Ережеге берілген 1-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген);

3

3) үшінші кезең - байланыс операторының көмекші бизнес процестерінің тиісті өндірістік бизнес процестерімен және басқару процестерімен тікелей және жанама байланыстарын анықтау. Көмекші бизнес процестерімен байланысты шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлудің тиісті базалары мен коэффициенттерінің негізінде өндірістік бизнес процестерге және басқару процестеріне тікелей жатқызу және жанама бөлу жүргізіледі (көмекші бизнес процестердің бөлу базаларының үлгі тізбесі осы Ережеге берілген 1-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген);

4

4) төртінші кезең - байланыс операторы өндірістік бизнес процестерінің тиісінше реттеліп көрсетілетін қызметтерімен және тұтастай реттеліп көрсетілмейтін қызметтер бойынша тікелей және жанама байланыстарын анықтау. Өндірістік бизнес процестерімен байланысты шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлудің тиісінше базалары мен коэффициенттерінің негізінде реттеліп көрсетілетін және тұтастай реттеліп көрсетілмейтін қызметтер бойынша тікелей жатқызу және жанама бөлу жүзеге асырылады (өндірістік бизнес процестерін экономикалық ресурстарға, қызмет бағыттары мен қызметтерге бөлу базаларының үлгі тізбесі осы Ережеге берілген 1-қосымшаның 4-кестесінде келтірілген);

5

5) бесінші кезең - почта ұйымы қызметтерінің тиісті түрлері бойынша бірлескен шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді өткен кезеңдерде шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлу нәтижесінде осы қызметтерге жатқызылған тепе-тең қалыптасқан сомаларға бөлу. Осы Ережеде келтірілген айырмашылығы бар почта ұйымының бірлескен шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін бөлу базасы почта ұйымының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесінде уәкілетті органмен келісіледі;

6

6) алтыншы кезең - почта ұйымы қызметтерінің барлық түрлері бойынша жалпы шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді осы кезеңге дейін жүргізілген шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлу нәтижесінде почта ұйымының барлық қызметтеріне жатқызылған тепе-тең қалыптасқан сомаларға бөлу. Осы Ережеде келтірілген айырмашылығы бар почта ұйымының жалпы шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін бөлу базасы почта ұйымының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесінде уәкілетті органмен келісіледі;

7 7) жетінші кезең - өткен кезеңдерді жүзеге асыру процесінде анықталған почта ұйымының шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін жиынтықтау және қызметтердің түрлері бойынша табыстар мен шығындарды қорытынды бөлу жүзеге асырылады.

18

18. Почта ұйымы уәкілетті органмен келісілетін реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемеде осы Ережеге қайшы келмейтін қызметтерге шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді жатқызу және бөлу процесінің барынша нақтыланған кезеңділігін көздеуі мүмкін.

19

19. Осы Ережеге берілген 1-қосымшада көрсетілген шығындардың, ресурстардың, бизнес процестердің тізбелері почта ұйымының қарауы бойынша қосымша нақтылануы және кеңейтілуі мүмкін ең аз тізбелері болып табылады. Қызмет бағыттары сондай-ақ почта ұйымы ұсынатын қызметтер түрлеріне қарай нақтылануы мүмкін.

20 20. Осы Ережеге берілген 1-қосымшада көрініс таппаған шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлу базаларын почта ұйымы осы Ереженің 9-тармағына сәйкес қолдануы мүмкін.

21

21. Осы Ережеде көзделген есептілікті қалыптастыру осы есептілік қалыптасатын барлық кезең ішінде нақты шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлу үшін белгіленген тәртіппен айқындалған почта ұйымы қолданатын бөлу базаларының өзгермейтіндігіне негізделеді. Есептік кезең ішінде бөлудің әртүрлі коэффициенттерін қолдану мүмкіндігі уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен келісілетін реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесінде анықталады.

22 22. Почта ұйымы қызметтер көрсеткеннен алынатын табыстар бастапқы құжаттардың және бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде:

1 1) реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша - жасасылған шарттар шеңберінде көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі көлемдеріне сәйкес және уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша;

2 2) реттеліп көрсетілмейтін қызметтер бойынша - олар бойынша тиісті қызметтер ұсынылған көлемдер мен бағаларға сүйене отырып жеке ескеріледі.

23

23. Почта жөнелтімдерін және құндылықтарын автокөлігімен тасымалдауға шығыстарды бөлген кезде почта ұйымы адрес иесінің географиялық орналасқан жерін, бағдардың ұзақтылығын, ішкі облыстық жолдардың жай-күйін ескере отырып почтаны автотасымалдауда қолданысқа енгізілген активтерді бөлу коэффициентін назарға алады.

3 3. Табыстар, шығыстар мен қолданысқа енгізілген активтер бойынша есептілік. Бөлектеп есепке алу деректерінің және бухгалтерлік есеп деректерінің арасындағы өзара байланыс

24 24. Почта ұйымы уәкілетті органға ұсынатын есептілік осы Ережеге сәйкес:

1 1) шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді экономикалық ресурстарға осы Ережеге берілген 2-қосымшаның нысаны бойынша бөлу туралы есепті;

2 2) экономикалық ресурстармен байланысты шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді осы Ережеге берілген 3-қосымшаның нысаны бойынша бизнес процестерге бөлу туралы есепті;

3 3) көмекші бизнес-процестердің шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін осы Ережеге берілген 4-қосымшаның нысаны бойынша өндірістің және басқарудың бизнес-процестеріне бөлу туралы есепті;

4 4) басқарудың бизнес-процестерінің шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін осы Ережеге берілген 5-қосымшаның нысаны бойынша қызмет бағыттарына және қызметтерге бөлу туралы есепті;

5 5) өндірістің бизнес-процестерінің шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін осы Ережеге берілген 6-қосымшаның нысаны бойынша қызмет бағыттарына және қызметтерге бөлу туралы есепті;

6 6) басқарудың бизнес-процестерінің бірлескен және жалпы шығындары мен активтерін осы Ережеге берілген 7-қосымшаның нысаны бойынша қызмет бағыттарына және қызметтерге бөлу туралы есепті;

7 7) өндірістің бизнес-процестерінің бірлескен және жалпы шығындары мен активтерін осы Ережеге берілген 8-қосымшаның нысаны бойынша қызмет бағыттарына және қызметтерге бөлу туралы есепті;

8 8) табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді осы Ережеге берілген 9-қосымшаның нысаны бойынша қызмет бағыттарына және қызметтерге қорытынды бөлу туралы есепті қамтиды.

25 25. Почта ұйымы үстіміздегі жылдың 1 мамырына дейін осы Ереженің 24-тармағында көзделген өткен күнтізбелік жылдың есептілігін уәкілетті органға ұсынсын.

26

26. Осы Ережеге берілген 9-қосымшада почта ұйымы толтырған және ұсынған нысандағы табыстардың жиынтықты сомасы почта ұйымы тиісті кезеңге бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес жасайтын қаржылық есептіліктің 2-нысаны бойынша есептің "Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түскен табыстар" деген жол бойынша көрсетілген деректерге сәйкес келуі тиіс.

27

27. Осы Ережеге берілген 9-қосымшаға сәйкес почта ұйымы кезең шығыстарының минусымен толтырған және ұсынған нысандағы шығыстардың жиынтықты сомасы почта ұйымы тиісті кезеңге бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес жасайтын қаржылық есептіліктің 2-нысаны бойынша есептің "Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны" деген жол бойынша көрсетілген деректерге сәйкес келуі тиіс.

28

28. Осы Ережеге берілген 9-қосымшаға сәйкес почта ұйымы толтырған және ұсынған нысандағы шығыстардың жиынтықты сомасы почта ұйымы тиісті кезеңге бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес жасайтын қаржылық есептіліктің 2-нысаны бойынша есептің "Кезең шығыстары" деген жол бойынша көрсетілген деректерге сәйкес келуі тиіс.

29 29. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есепті (қалдық) құны тиісті күнге бухгалтерлік есептіліктің деректеріне сәйкес келуге тиіс.

30 30. Қағаз арқылы жеткізілетін есептерге почта ұйымының басшысы мен бас бухгалтері қол қояды және мөрмен растайды. Есептілік уәкілетті органға электрондық және қағаз арқылы ұсынылады. Электрондық жеткізгіштегі есептілік қағаз арқылы жеткізілетін есептілікке сәйкес келуге тиіс.

1 Экономикалық ресурстар түрлерінің және экономикалық ресурстарға жанама шығындардың бөлу базаларының үлгі тізбесі

Жалпыға қол жетімді почта
байланысының қызметтерін
көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің табыстарды,
шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтерді бөлектеп
есепке алуды жүргізу ережесіне
1-қосымша
1-кесте
Экономикалық ресурстар түрлерінің және экономикалық ресурстарға жанама шығындардың бөлу базаларының үлгі тізбесі
Шы­ғын­дар­дың,
ак­тив­тің
ата­уы
Бө­лу
ба­за­сы
Эко­но­ми­ка­лық ре­сур­стар
Персонал
Жер
Ғи­марат және құ­рылыстар
Ма­шина­лар мен жабдық
Көлік құралда­ры
Ма­тери­алдық емес активтер
Өзге
Шы­ғын­дар
Ең­бек­ке
ақы тө­леу
Ауда­рым
Ең­бек­ке ақы төлеу шығын­да­ры
Пер­со­нал­ға
өзге
Қыз­меткер­лердің са­ны
Ши­кі­зат және
ма­те­ри­ал­дар
Жөн­деу
Бай­ла­ныс қыз­мет­те­рі
Электр
энер­ги­я­сы
1. Есептеу прибор­лары­ның көр­сеткі­ші;
2. Норма­тив
Ком­му­нал­дық шы­ғы­стар
Ба­стап­қы
құ­жат­тар
Жа­нар-жа­ғар ма­те­ри­ал­да­ры
1. Ба­стап­қы
құ­жат­тар
2. Нор­ма­тив
Өзге (нақ­ты­ла­у­ға бай­ла­ны­сты)
Шы­ғыстар­дың тү­ріне байла­ны­сты
Жиы­ны
2-кесте
Бизнес-процестердің және экономикалық ресурстарды бөлу базаларының үлгі тізбесі
Ата­уы
Эко­но­ми­ка­лық  ре­сур­стар
Персо­нал
Жер
Ғи­марат және құ­рылы­стар
Ма­шина­лар мен жаб­дық
Кө­лік құ­ралда­ры
Ма­тери­ал­дық емес ак­тивтер
Өзге
Ме­недж­мент­тің биз­нес-про­це­стер
Жал­пы бас­шы­лық ету
Т
S
S
%
П/В
%
%
Есеп және есеп­ті­лік
Т
S
S
%
П/В
%
%
Жаб­дық­тау
Т
S
S
%
П/В
%
%
Мар­ке­тинг
Т
S
S
%
П/В
%
%
Негіз­гі биз­нес-про­це­сте­рі
Кли­ент­тер­ге
қыз­мет көр-
се­ту­ге бай-
ла­ны­сты про-
це­стер (қыз-
мет­тер­дің
бө­лі­ні­сін­де)
Т
S
S
%
П/В
%
%
Қыз­мет­тер­ді
ұсы­ну­ға бай-
ла­ны­сты про-
це­стер (қыз-
мет­тер­дің
бө­лі­ні­сін­де)
Т
S
S
%
П/В
%
%
Негіз­гі құ­рал­дар­ды  пай­да­ла­ну­ға  бай­ла­ны­сты про­це­стер (негіз­гі құ­рал­дар­дың бө­лі­ні­сін­де)
Т
S
S
%
П/В
%
%
Кө­мек­ші биз­нес-про­це­стер
Ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­ды пай­да­ла­ну­ға бай­ла­ны­сты  про­це­стер
Т
S
S
%
П/В
%
%
Кө­лік­ті пай­да­ла­ну­ға бай­ла­ны­сты  про­це­стер
Т
S
S
%
П/В
%
%
Қо­сал­қы жаб­дық­ты  пай­да­ла­ну­ға  бай­ла­ны­сты про­це­стер
Т
S
S
%
П/В
%
%
Өзге негіз­гі
құ­рал­дар­ды
пай­да­ла­ну­ға
бай­ла­ны­сты
про­це­стер
Т
S
S
%
П/В
%
%
Шартты белгілер: Т - уақыт;
S - алаң;
% - пайдалану (жұмыспен қамту) проценті.
3-кесте
Көмекші бизнес-процестерді бөлу базаларының үлгі тізбесі
Биз­нес-про­це­стің
ата­уы
Қо­сал­қы
Ғи­ма­раттар мен құ­ры­лыстар­ды пай­да­лану­ға байла­ны­сты про­це­стер
Кө­лік­ті пай­дала­ну­ға бай­ланы­сты про­це­стер
Қо­салқы жабдық­ты пай­дала­ну­ға бай­ланы­сты про­це­стер
Өзге негіз­гі құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну­ға бай­ла­ны­сты про­це­стер
Бас­қа­ру про­це­сте­рі
Жал­пы бас­шы­лық ету
S
П/В
-
%
Есеп және есеп­ті­лік
S
П/В
-
%
Мар­ке­тинг
S
П/В
-
%
Жаб­дық­тау
S
П/В
-
%
Өн­ді­рі­стік
Кли­ент­тер­ге  қыз­мет көр­се­ту  бой­ын­ша (қыз­мет­тер­дің бө­лі­ні­сін­де)
S
П/В
%
%
Қыз­мет­тер­ді  ұсы­ну бой­ын­ша (қыз­мет­тер­дің бө­лі­ні­сін­де)
S
П/В
%
%
Ак­тив­тер­ді  пай­да­ла­ну бой­ын­ша (негіз­гі құ­рал­дар­дың  бө­лі­ні­сін­де)
S
П/В
%
%
Шартты белгілер: Т - уақыт;
S - алаң;
% - пайдалану (жұмыспен қамту) проценті.
Негізгі бизнес процестерді экономикалық ресурстарға, қызмет бағыттары мен қызметтерге бөлу базасының үлгі тізбесі
4-кесте
Эко­но­ми­ка­лық ре­сур­стың, қыз­мет­тің ата­уы
Өн­ді­ріс пен бас­қа­ру­дың
биз­нес-про­це­сте­рі
Барлы­ғы
Кли­енттер­ге қыз­мет көр­се­ту бой­ын­ша (қыз­меттер­дің бө­лі­нісін­де)
Қыз­меттер­ді
ұсы­ну
бой­ын­ша
(қызметтер­дің
бө­лі­нісін­де)
Ак­тивтер­ді
пай­дала­ну
бой­ын­ша
(негіз­гі
құ­ралдар­дың
бө­лі­нісін­де)
Пер­со­нал
Жер
Ғи­ма­рат және құ­ры­лы­стар
Ма­ши­на­лар мен  жаб­дық
Кө­лік құ­рал­да­ры
Ма­те­ри­ал­дық емес  ак­тив­тер
Өзге
Ак­тив­тер­дің жиы­ны
Қызметтің бағы­ты
Ретте­ліп көрсетіле­тін қыз­мет
Ті­келей
Бө­лу ко­эффи­циен­тінің мәні
Ретте­ліп көрсетілмей­тін қыз­мет
Ті­келей
Бө­лу ко­эффи­циен­тінің мәні

2 ________ жыл үшін шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді экономикалық ресурстарға бөлу туралы есеп

Жалпыға қол жетімді почта
байланысының қызметтерін
көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің табыстарды,
шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтерді бөлектеп
есепке алуды жүргізу ережесіне
2-қосымша
____________________________
Кәсіпорынның атауы
________ жыл үшін шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді экономикалық ресурстарға бөлу туралы есеп
Шы­ғын­дар ба­бы­ның (та­риф­тік сме­та­ның ны­са­ны бой­ын­ша) неме­се ак­тив­тің ата­уы
Бө­лу
(П, К)
Эко­но­ми­ка­лық ре­сур­стар
Персонал
Жер
Ғимарат
және
құрылыс
Машиналар
мен жабдық
Көлік
құралда­ры
Мате
риалдық
емес
активтер
Өзге
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Шы­ғын­дар
Жиы­ны
Ак­тив­тер
Жиы­ны
Шартты белгілер:
П - тікелей жатқызу;
К - бөлу коэффициенттерін қолдану арқылы жанама шығындар
мен активтерді бөлу.
М.О. Басшы ____________________ _______________
тегі, аты-жөні қолы
Бас бухгалтер ____________________ _______________
тегі, аты-жөні қолы
___ жылғы "___"__________

3 _______ жыл үшін экономикалық ресурстарға байланысты шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бизнес процестерге бөлу туралы есеп

Жалпыға қол жетімді почта
байланысының қызметтерін
көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің табыстарды,
шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтерді бөлектеп
есепке алуды жүргізу ережесіне
3-қосымша
____________________________
Кәсіпорынның атауы
_______ жыл үшін экономикалық ресурстарға байланысты шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бизнес процестерге бөлу туралы есеп
Шы­ғын­дар­дың, эко­но­ми­ка­лық ре­сур­стың ата­уы
Бө­лу базасының атауы
Биз­нес про­це­стер
Ме­недж­мент
Негіз­гі
Кө­мек­ші
1-процесс
2-процесс
№ проце­сі
1-процесс
2-процесс
М проце­сі
1-процесс
2-процесс
К проце­сі
Шы­ғын­дар
Пер­со­нал
Ғи­ма­рат және құ­ры­лыс
Кө­лік құ­рал­да­ры
Ма­ши­на­лар мен жаб­дық
Өзге негіз­гі құ­рал­дар
Шы­ғын­дар­дың жиы­ны
Ак­тив­тер­дің құ­ны
Ғи­ма­рат және құ­ры­лыс
Же­лі­лер мен  ин­фра­құ­ры­лым
Кө­лік құ­рал­да­ры
Өзге негіз­гі құ­рал­дар
Өзге ре­сур­стар
Ак­тив­тер құ­ны­ның жиы­ны
Амор­ти­за­ция
Қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер­дің құ­ны
Қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер­дің амор­ти­за­ци­я­сы
М.О. Басшы ____________________ _______________
тегі, аты-жөні қолы
Бас бухгалтер ____________________ _______________
тегі, аты-жөні қолы
___ жылғы "___"__________

4 ____ жыл үшін көмекші бизнес-процестердің шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін өндіріс пен басқарудың бизнес-процестеріне бөлу туралы есеп

Жалпыға қол жетімді почта
байланысының қызметтерін
көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің табыстарды,
шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтерді бөлектеп
есепке алуды жүргізу ережесіне
4-қосымша
____________________________
Кәсіпорынның атауы
____ жыл үшін көмекші бизнес-процестердің шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін өндіріс пен басқарудың бизнес-процестеріне бөлу туралы есеп
Кө­мек­ші
биз­нес-про­це­стер
Бө­лу
ба­засы­ның
ата­уы
Биз­нес про­це­стер
Бас­қа­ру
Өн­ді­ріс
1-
процесс
2-
процесс

проце­сі
1-
процесс
2-
процесс
К
проце­сі
Шы­ғын­дар
1-про­цесс
2-про­цесс
М про­це­сі
Шы­ғын­дар­дың жиы­ны
Қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер­дің құ­ны
1-про­цесс
2-про­цесс
М про­це­сі
Ак­тив­тер құ­ны­ның жиы­ны
Амор­ти­за­ция
1-про­цесс
2-про­цесс
М про­це­сі
Амор­ти­за­ция жиы­ны
М.О. Басшы ____________________ _______________
тегі, аты-жөні қолы
Бас бухгалтер ____________________ _______________
тегі, аты-жөні қолы
___ жылғы "___"__________

5 Басқарудың бизнес процестерінің шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін қызмет бағыттарына және қызметтерге бөлу туралы есеп

Жалпыға қол жетімді почта
байланысының қызметтерін
көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің табыстарды,
шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтерді бөлектеп
есепке алуды жүргізу ережесіне
5-қосымша
____________________________
Кәсіпорынның атауы
Басқарудың бизнес процестерінің шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін қызмет бағыттарына және қызметтерге бөлу туралы есеп
Бас­қа­ру­дың биз­нес про­це­сте­рі
Бө­лу
ба­за­сы­ның
ата­уы
Қыз­мет ба­ғы­ты
1-
қыз­мет
2-
қыз­мет
Қыз­мет
Т
қыз­ме­ті
Шы­ғын­дар
1-про­цесс
2-про­цесс
О про­це­сі
Шы­ғын­дар­дың жиы­ны
Ак­тив­тер­дің құ­ны
1-про­цесс
2-про­цесс
О про­це­сі
Ак­тив­тер құ­ны­ның жиы­ны
Амор­ти­за­ция
1-про­цесс
2-про­цесс
О про­це­сі
Амор­ти­за­ция жиы­ны
М.О. Басшы ____________________ _______________
тегі, аты-жөні қолы
Бас бухгалтер ____________________ _______________
тегі, аты-жөні қолы
___ жылғы "___"__________

6 Өндірістің бизнес процестерінің шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін қызмет бағыттарына және қызметтерге бөлу туралы есеп

Жалпыға қол жетімді почта
байланысының қызметтерін
көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің табыстарды,
шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтерді бөлектеп
есепке алуды жүргізу ережесіне
6-қосымша
____________________________
Кәсіпорынның атауы
Өндірістің бизнес процестерінің шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін қызмет бағыттарына және қызметтерге бөлу туралы есеп
Өн­ді­рі­стік биз­нес про­це­сте­рі
Бө­лу
ба­за­сы­ның
ата­уы
Қыз­мет ба­ғы­ты
1-
қыз­мет
2-
қыз­мет
Қыз­мет
Т
қыз­ме­ті
Шы­ғын­дар
1-про­цесс
2-про­цесс
Q про­це­сі
Шы­ғын­дар­дың жиы­ны
Ак­тив­тер­дің құ­ны
1-про­цесс
2-про­цесс
Q про­це­сі
Ак­тив­тер құ­ны­ның жиы­ны
Амор­ти­за­ция
1-про­цесс
2-про­цесс
Q про­це­сі
Амор­ти­за­ция жиы­ны
М.О. Басшы ____________________ _______________
тегі, аты-жөні қолы
Бас бухгалтер ____________________ _______________
тегі, аты-жөні қолы
___ жылғы "___"__________

7 ______ жыл үшін басқарудың бизнес-процестерінің бірлескен және жалпы шығындары мен активтерін қызмет бағыттарына және қызметтерге бөлу туралы есеп

Жалпыға қол жетімді почта
байланысының қызметтерін
көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің табыстарды,
шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтерді бөлектеп
есепке алуды жүргізу ережесіне
7-қосымша
____________________________
Кәсіпорынның атауы
______ жыл үшін басқарудың бизнес-процестерінің бірлескен және жалпы шығындары мен активтерін қызмет бағыттарына және қызметтерге бөлу туралы есеп
Бас­қа­ру биз­нес про­це­сте­рі
Бө­лу
ба­за­сы­ның
ата­уы
Қыз­мет ба­ғы­ты
1-қыз­мет
2-қыз­мет
R қыз­ме­ті
Бір­лес­кен шы­ғын­дар
1-про­цесс
2-про­цесс
G про­це­сі
Шы­ғын­дар жиы­ны
Бір­лес­кен қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер­дің құ­ны
1-про­цесс
2-про­цесс
G про­це­сі
Ак­тив­тер құ­ны­ның жиы­ны
Бір­лес­кен  қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер­дің амор­ти­за­ци­я­сы
1-про­цесс
2-про­цесс
G про­це­сі
Амор­ти­за­ция жиы­ны
Жал­пы шы­ғын­дар
1-про­цесс
2-про­цесс
G про­це­сі
Шы­ғын­дар жиы­ны
Жал­пы  ак­тив­тер­дің құ­ны
1-про­цесс
2-про­цесс
G про­це­сі
Ак­тив­тер құ­ны­ның жиы­ны
Амор­ти­за­ция
Қыз­мет­тер­ге  ті­ке­лей қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген
Бас­қа­ру биз­нес про­це­сте­рі
Бө­лу ба­за­сы­ның ата­уы
Қыз­мет ба­ғы­ты
1-қыз­мет
2-қыз­мет
R қыз­ме­ті
Қыз­мет­тер­ге жа­на­ма қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген
Қыз­мет­тер­ге бір­лес­кен қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген
Қыз­мет­тер­ге жал­пы
Амор­ти­за­ция жиы­ны
М.О. Басшы ____________________ _______________
тегі, аты-жөні қолы
Бас бухгалтер ____________________ _______________
тегі, аты-жөні қолы
___ жылғы "___"__________

8 Өндірістік бизнес процестердің бірлескен және жалпы шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін қызмет бағыттарына және қызметтерге бөлу туралы есеп

Жалпыға қол жетімді почта
байланысының қызметтерін
көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің табыстарды,
шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтерді бөлектеп
есепке алуды жүргізу ережесіне
8-қосымша
____________________________
Кәсіпорынның атауы
Өндірістік бизнес процестердің бірлескен және жалпы шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін қызмет бағыттарына және қызметтерге бөлу туралы есеп
(мың теңге)
Өн­ді­рі­стік биз­нес про­це­сте­рі
Бө­лу
ба­за­сы­ның
ата­уы
Қыз­мет ба­ғы­ты
1-қыз­мет
2-қыз­мет
R қыз­ме­ті
Бір­лес­кен шы­ғын­дар
1-про­цесс
2-про­цесс
G про­це­сі
Шы­ғын­дар жиы­ны
Бір­лес­кен қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер­дің құ­ны
1-про­цесс
2-про­цесс
G про­це­сі
Ак­тив­тер құ­ны­ның жиы­ны
Бір­лес­кен  қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер­дің амор­ти­за­ци­я­сы
1-про­цесс
2-про­цесс
G про­це­сі
Амор­ти­за­ция жиы­ны
Жал­пы шы­ғын­дар
1-про­цесс
2-про­цесс
G про­це­сі
Шы­ғын­дар жиы­ны
Жал­пы  ак­тив­тер­дің құ­ны
1-про­цесс
2-про­цесс
G про­це­сі
Ак­тив­тер құ­ны­ның жиы­ны
Амор­ти­за­ция
Өн­ді­рі­стік биз­нес про­це­сте­рі
Бө­лу ба­за­сы­ның ата­уы
Қыз­мет ба­ғы­ты
1-қыз­мет
2-қыз­мет
R қыз­ме­ті
Қыз­мет­тер­ге ті­ке­лей қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген
Қыз­мет­тер­ге жа­на­ма қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген
Қыз­мет­тер­ге бір­лес­кен қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген
Қыз­мет­тер­ге жал­пы
Амор­ти­за­ция жиы­ны
М.О. Басшы ____________________ _______________
тегі, аты-жөні қолы
Бас бухгалтер ____________________ _______________
тегі, аты-жөні қолы
___ жылғы "___"__________

9 _______ жыл үшін табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді қызмет бағыттарына және қызметтерге қорытынды бөлу туралы есеп

Жалпыға қол жетімді почта
байланысының қызметтерін
көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің табыстарды,
шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтерді бөлектеп
есепке алуды жүргізу ережесіне
9-қосымша
____________________________
Кәсіпорынның атауы
_______ жыл үшін табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді қызмет бағыттарына және қызметтерге қорытынды бөлу туралы есеп
(мың теңге)
Та­быстар, шы­ғындар мен қол­даны­сқа ен­гізі­л­ген ак­тивтер
Қыз­мет ба­ғы­ты
Қыз­мет ба­ғы­ты
1-ретте­ліп көрсе­тіле­тін қыз­мет
C ретте­ліп көрсе­тіле­тінқыз­мет
Ретте­ліп көр­сетілмейтін қызмет­тер
1-реттеліп
көрсе­тілетін қыз­мет
D рет
те­ліп көрсе­тіле­тін қыз­мет
Ретте­ліп көр­сетілмей­тін қызмет­тер
Та­быст­ар
Қыз­меттер­ге
ті­ке­лей
Қыз­меттер­ге жа­на­ма
Қыз­меттер­ге бірлес­кен
Қыз­меттер­ге жал­пы
Шы­ғындар­дыңжиы­ны
Қыз­меттер­ге ті­ке­лей қол­даны­сқа ен­гізі­л­ген
Қыз­меттер­ге жа­на­ма қол­даны­сқа ен­гізі­л­ген
Қыз­меттер­ге бір­лескен қолда­ны­сқа ен­гізі­л­ген
Қыз­меттер­ге жал­пы
Ак­тив­тер құ­ны­ның жиы­ны
Қыз­меттер­ге ті­ке­лей қол­даны­сқа ен­гізі­л­ген
Қыз­меттер­ге жа­на­ма қол­даны­сқа ен­гізі­л­ген
Қыз­меттер­ге бір­лескен қолда­ны­сқа ен­гізі­л­ген
Қыз­меттер­ге жал­пы
Амор­тиза­ция жиы­ны
кестенің жалғасы
Та­быстар, шы­ғындар мен қол­даны­сқа ен­гізі­л­ген ак­тивтер
Қыз­мет ба­ғы­ты
Жиы­ны
1-ретте­ліп көрсе­тіле­тін қыз­мет
E ретте­ліп көрсе­тіле­тін қыз­мет
Ретте­ліп көр­сетілмей­тін қызмет­тер
М.О. Басшы ____________________ _______________
тегі, аты-жөні қолы
Бас бухгалтер ____________________ _______________
тегі, аты-жөні қолы
___ жылғы "___"__________

Қолданыстағы