Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 1017 · қабылданған 11.10.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25494/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 1017 ·11.10.2005
05.08.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1017 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1017
Қабылданған күні
11.10.2005
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI25494_4.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050001017_
ЭКБ идентификаторы
25494
Редакция идентификаторы
AI25494_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:19

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 "Әуе көлiгi

1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлiгi" деген бөлiмде:
"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетi" және "Әуе көлiгi" деген кiшi бөлiмдер мынадай редакцияда жазылсын:
"Әуе көлiгi
60 Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникация министрлiгiнiң
"Қазаэронавигация" әуе жүрiсiн басқару
және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз
етудiң жер үстiндегi құралдары мен
электр байланысын техникалық пайдалану
жөнiндегi шаруашылық жүргiзу құқығындағы
республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Алматы қаласы;
60а Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникация министрлігі Азаматтық
авиация комитетiнiң шаруашылық жүргiзу
құқығындағы "Қазаэрожобалау"
республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Алматы қаласы";
реттiк нөмiрi 60-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"60-2 "Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникация министрлiгiнiң
"Ақпараттық-тұсаукесер орталығы"
республикалық мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорны (жедел басқару құқығында) Астана қаласы";
2) (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06. №1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен).

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы