Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по вопросам оформления и исполнения платежных документов

Қаулы · № 95 · қабылданған 27.08.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25498/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по вопросам оформления и исполнения платежных документов Күшін жойған Қаулы ·№ 95 ·27.08.2005
31.08.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по вопросам оформления и исполнения платежных документов

Күшін жойған Қаулы ·№ 95 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по вопросам оформления и исполнения платежных документов
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын ресімдеу және орындау мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
95
Қабылданған күні
27.08.2005
Көрсетілген редакция
31.08.2016 AI25498_4.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003883_
ЭКБ идентификаторы
25498
Редакция идентификаторы
AI25498_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:25

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын ресімдеу және орындау мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде төлем құжаттарын ресімдеу және ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы № 395 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1304 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 20 қараша - 3 желтоқсанда жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы № 439 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1711 тіркелген) және 2003 жылғы 4 шілдедегі № 204 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2445 тіркелген) қаулыларымен бекітілген толықтырулармен және өзгерістермен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:
2-тармақтың екінші абзацында "жарналарын" деген сөзден кейін "және әлеуметтік аударымдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
"зейнетақы жарналарын аударуға түбіртек-хабарламалар" деген сөздерден кейін ", әлеуметтік аударымдарды төлеуге түбіртек-хабарламалар" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қағазға басылып ұсынылған төлем хабарламаларында түзетулерге жол берілмейді.";
8-тармақта "зейнетақы жарналарын аударуға арналған түбіртек-хабарламаларға" деген сөздерден кейін "және әлеуметтік аударымдарды төлеуге" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақта:
үшінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
"Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге түбіртек-хабарламада оның атауына сәйкес келетін бюджеттік жіктеу коды көрсетіледі. Бенефициардың деректемелерін және бюджеттік жіктеу кодын көрсетудің дұрыстығы үшін жөнелтуші жауапкершілік атқарады.";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Әлеуметтік аударымдарды төлеуге түбіртек-хабарлама осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы бланкілерде ұсынылады. 50-ден астам позициясы (аты-жөндері) бар осы Ережеге 5-қосымшаның екінші бөлігі алушы-банкке электрондық тасымалдағыштағы оның көшірмесін қоса бере отырып ұсынылады. Егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарында белгіленген жағдайда 50 және одан да аз позициясы (аты-жөндері) бар 5-қосымшаның екінші бөлігінің электрондық көшірмесін алушы банк талап етуге құқылы.";
15-тармақтың үшінші абзацында "зейнетақы жарналарын" деген сөздерден кейін "және әлеуметтік аударымдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
25-тармақта "нысанда" деген сөзден кейін "немесе банк белгілеген өзге де тәсілмен" деген сөздермен толықтырылсын;
35-тармақта "ақша аудару туралы шартта көзделген тәртіппен" деген сөздер "банк белгілеген тәсілдермен" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымшада:
"Қазынашылықтың аумақтық органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
"104102", "104302", "104402" деген сандар алынып тасталсын;
2-қосымшада:
"Қазынашылықтың аумақтық органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
"101202", "105101", "103101", "101201" деген сандар алынып тасталсын;
3-қосымшада "Қазынашылықтың аумақтық органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-қосымшамен толықтырылсын:

5 "Қазақстан Республикасының

аумағында банктік есепшот
ашпай ақшаның қолма-қол
жасалмайтын төлемдері мен
аударымдарын жүзеге асыру
ережесіне 5-қосымша
Кас­сир:
_
ТҮ­БІР­ТЕК (әле­умет­тік ауда­рым­дар үшін) Ре­зи­дент |_|
Ре­зи­дент емес |_|
Ақ­ша жө­нел­ту­ші _________________ СТН _________________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің ме­кен-жайы мен те­ле­фо­ны _____________
_______________________________________________________
Бе­не­фи­ци­ар Мем­ле­кет­тік зей­не­та­қы тө­леу ор­та­лы­ғы
СТН 600400073391 ЖБК 368609110
Бе­не­фи­ци­ар­дың бан­кі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық
Бан­кі­нің Мо­не­тар­лық опе­ра­ци­я­лар­ды есеп­ке алу бас­қар­ма­сы
(кор­ре­спон­дент­тік шот­тар мен тө­лем­дер­ге қыз­мет көр­се­ту
бө­лі­мі) ББК 190201125
Төлем­нің ата­уы
Ке­зең
ТБК
Со­ма­сы
Әле­умет­тік ауда­рым­дар
012
Өсім­пұл
017
БАР­ЛЫ­ҒЫ (со­ма­сы жа­з­ба­ша):            Кү­ні ___________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің аты-жө­ні __________________________
Қо­лы __________ __________________________________
| Мөр­дің ор­ны (егер мө­рі бар бол­са)|
|__________________________________|

Әле­умет­тік бі­ре­гей­лен ді­ру ко­ды
Аты-
жө­ні
Аты-жө­ні (әле­уметтік бі­ре­гей­лен­ді­ру кодын алу үшін тір­кеу кар­точ­ка­сын­да (өзгер­се, көр­се­ту ке­рек)
Ту­ған
кү­ні
Со­ма­сы
1.
2.
3.
ЖИЫН­ТЫҒЫ:
Кү­ні _____________________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің аты-жө­ні ______________________
Қо­лы __________ __________________________________
| Мөр­дің ор­ны (егер мө­рі бар бол­са)|
|__________________________________|
Кас­сир:
_
ХА­БАР­ЛА­МА (әле­умет­тік ауда­рым­дар үшін) Ре­зи­дент |_|
Ре­зи­дент емес |_|
Ақ­ша жө­нел­ту­ші _________________ СТН _________________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің ме­кен-жайы және те­ле­фо­ны ____________
_______________________________________________________
Бе­не­фи­ци­ар Мем­ле­кет­тік зей­не­та­қы тө­леу ор­та­лы­ғы
СТН 600400073391 ЖБК 368609110
Бе­не­фи­ци­ар­дың бан­кі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық
Бан­кі ББК 190201125
Төлем­нің ата­уы
Ке­зең
ТБК
Со­ма­сы
Әле­умет­тік ауда­рым­дар
012
Өсім­пұл
017
БАР­ЛЫ­ҒЫ (со­ма­сы жа­з­ба­ша):            Кү­ні ___________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің аты-жө­ні __________________________
Қо­лы __________ __________________________________
| Мөр­дің ор­ны (егер мө­рі бар бол­са)|
|__________________________________|

Әле­умет­тік
бі­ре­гей­лен-
ді­ру ко­ды
Аты-
жө­ні
Аты-жө­ні (әле­умет-
тік бі­ре­гей­лен­ді­ру
кодын алу үшін
тір­кеу кар­точ­ка­сын­да
(өзгер­се, көр­се­ту
ке­рек)
Ту­ған
кү­ні
Со­ма­сы
1.
2.
3.
ЖИЫН­ТЫҒЫ:
Кү­ні _____________________
Ақ­ша жө­нел­ту­ші­нің аты-жө­ні ______________________
Қо­лы __________ ___________________________________
| Мөр­дің ор­ны (егер мө­рі бар бол­са)|
|__________________________________|

3 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

4 4. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

5 5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Р. Елемесовке жүктелсін.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2005 жылғы 17 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
2005 жылғы 8 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты жанындағы Сот
әкімшілігі жөніндегі комитеті
2005 жылғы 9 қыркүйек

Қолданыстағы