Құжат мәтініне өту

Об учетной регистрации иностранных граждан, осуществляющих миссионерскую деятельность на территории Атырауской области

Қаулы · № 257 · қабылданған 15.09.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25502/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об учетной регистрации иностранных граждан, осуществляющих миссионерскую деятельность на территории Атырауской области Күшін жойған Қаулы ·№ 257 ·15.09.2005
27.03.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об учетной регистрации иностранных граждан, осуществляющих миссионерскую деятельность на территории Атырауской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 257 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об учетной регистрации иностранных граждан, осуществляющих миссионерскую деятельность на территории Атырауской области
Атауы (қаз.)
Атырау облысы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
257
Қабылданған күні
15.09.2005
Көрсетілген редакция
27.03.2009 25502_200938.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05T0002445
ЭКБ идентификаторы
25502
Редакция идентификаторы
25502_200938
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:23

0 Атырау облысы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы"
Заңын
, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері" қаулысын басшылыққа алып және миссионерлік қызметпен айналысатын шетелдік азаматтарды есептік тіркеуді қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Атырау облысы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеу Нұсқауы бекітілсін.

2 2. Атырау облысы Ішкі саясат департаменті Атырау облысы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеуді жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.

3 3. Қоса беріліп отырған Атырау облысы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеу туралы куәлік бланкісінің нысаны бекітілсін.

4 4. Атырау облысы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі бір жыл болып белгіленсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсін.

6 Облыс әкімиятының

2005 жылғы 15 қыркүйектегі
N 257 қаулысымен бекітілген
Атырау облысы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеу НҰСҚАУЫ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері"

қаулысына

сәйкес әзірленді.

2 2. Атырау облысына заңда белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті (бұдан әрі - Миссионерлік қызмет) жүзеге асыру үшін келген шетелдік азаматтардың барлығы есептік тіркеуге жатады.

3 3. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеуді Атырау облысы Ішкі саясат департаменті (бұдан әрі уәкілетті орган) жүргізеді.

2 2. Есептік тіркеудің тәртібі

4 4. Есепке тіркеу үшін шетелдік азаматтар төлқұжаты тіркелген сәттен бастап үш тәулік ішінде уәкілетті органға мынадай құжаттар мен материалдарды:

1 1) діни нанымға тиесілігін, миссионерлік қызметтің аумағы мен мерзімін көрсете отырып, өтінішті;

2 2) миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни ұйым берген сенімхаттың немесе өзге де құжаттың көшірмесін;

3 3) миссионер мүддесін білдіретін діни ұйым өз елінің заңнамасына сәйкес ресми тіркелгендігін куәландыратын тіркеу туралы куәліктің немесе өзге де құжаттың көшірмесін;

4 4) Қазақстан Республикасында тіркелген діни ұйымның шақыруын;

5 5) миссионерлік қызметке арналған әдебиетті, аудио, бейне материалдарын және (немесе) өзге де діни мақсаттағы заттарды ұсынады.

5 5. Көрсетілген құжаттарды ұсыну кезінде өтініш беруші белгіленген тәртіппен тіркелген төлқұжатын көрсетеді.

6 6. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеу құжат берілген күннен бастап жеті тәуліктен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

7 7. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережеге сәйкес болған жағдайда, уәкілетті орган миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеу туралы тиісті шешім шығарады және миссионерлік қызметпен айналысуға куәлік береді.

8 8. Куәлікте тіркеу нөмірі, берілген күні, миссионердің тегі мен аты, діни бірлестікке тиесілілігі және қызметінің мерзімі көрсетіледі.

9 9. Миссионерлік қызметтің мәні мен мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келсе есептік тіркеуден бас тартылуы мүмкін.

10 10. Күмәнді мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынылғаны анықталса, сондай-ақ миссионерлік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келген жағдайда, шетелдік азамат есептік тіркеуден айырылуы мүмкін.

24 Облыс әкімиятының

2005 жылғы 15 қыркүйектегі
N 257 қаулысымен бекітілген
Атырау облысында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын
шетел азаматын есептік тіркеу туралы
Куәлік № ________________
________________________________________________
(миссионердің аты-жөні, әкесінің аты)
_____________________________________________________
(діни сенімі, діни бірлестікке тиістілі)
_____________________________________________________
(өз қызметтің жүзеге асыратын аумағының шегі)
Осы куәлік 200 ___ жылдың _________________ дейін жарамды.
(күні жүретін мерзімі)
Ескерту: Осы куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғанда, миссионер оның мерзімін
заңнамада белгіленген тәртіппен ұзартуға міндетті немесе облыс аумағынан кетуі тиіс,
олай болмаған жағдайда, ол заңнамада белгіленген тәртіппен облыс аумағынан шығарылып
жіберіледі.
Атырау облысы Ішкі саясат
департаментінің директоры ___________________ (А.Ж.Т.)
қаласы «__» ___________________ 200 _ ж.
(берілген уақыты)

Қолданыстағы