Қолданыстағы ред. 30.03.2005 (Редакция 25524_348135.kaz)

Жекелеген санаттағы азаматтарға бір жолғы материялдық көмек туралы от 30.03.2005 г. № 58 (Жекелеген санаттағы азаматтарға бір жолғы материялдық көмек туралы)

0

Жекелеген санаттағы азаматтарға бір жолғы материялдық көмек туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, аудандық мәслихаттың «2005 жылға арналған аудандық бюджет туралы 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 15/85 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » 2005 жылғы 16 ақпан 16/94 шешіміне сәкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудандық бюджеттен бөлінетін азаматтардың жекелеген снаттарына аудандық бюджеттен материялдық төлемдер мынадай мөлшерде белгіленіп төленсін:

1

1. Атаулы күндерге азаматтардың жекелеген санаттарына аудандық бюджеттен материялдық көмек берілсін.

1

1)Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде –Жеңіс күніне 9-мамыр

2

2)Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы ҚСР Одағының ордендерімен және медальдармен марапатталған адамдарға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – Жеңіс күніне (9-мамыр);

3

3)Еңбек кітапшасында немесе мұрағаттық анықтамада 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында 6 айдан кем емес жұмыс жасағандығы туралы жазбасы бар тыл еңбеккерлеріне 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде –Жеңіс күніне (9-мамыр);

4

4)Ұлы Отан соғысында қаза болған қайтыс болған, хабарсыз кеткен жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлеріне 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – Жеңіс күніне (9-мамыр);

5

5)Ленинград блокадасының тұрғындарына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – Жеңіс күніне (9-мамыр);

6

6)Фашистік концлагерлер тұтқындарына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – Жеңіс күніне (9-мамыр);

7

7)Жалғыз басты жетпіс жастан асқан зейнеткерлерге 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – Қарттар күніне (1- қазан);

8

8)16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде-Мүгедектер күні (жыл сайын қазан айының екінші жексенбісі) ;

9

9)1-2 топтағы мүгедектігіне байланыст ы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде-Мүгедектер күні (жыл сайын қазан айының екіншісі жексенбісі) ;

10

10)Асыраушысының айыру жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – Республика күніне (25 қазан);

2

2. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Досановаға жүктелсін.
Аудан әкімінің орынбасары
Досанова Айкүміс Сәрсенғалиқызы
Аппарат басшысы
Маңғыбаева Қуанғали Мәрткерімұлы
Аппарат заңгері
Алтынбай Мөлдір Ғалымжанқызы
Аудандық экономика және
қаржы бөлімінің жетекшісі
Қани Сара Құлмырзақызы
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің жетекшісі
Садықов Демеген Мертеұлы