Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақы мөлшерлері туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын, Маңғыстау облысы әкімінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту»туралы 2001 жылғы 27 тамыздағы» № 16 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімияты қаулы етеді:
Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақы мөлшерлері туралы от 30.03.2005 г. № 59 (Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақы мөлшерлері туралы)
1. Елді мекендер аумағына тазалық жұмыстарын жүргізу, экологиялық сауықтыру,көркейту,көгалдандыру,ағаш отырғызу,суару,әктеу,парктер мен скверлерді, демалыс орындарын, мешіт, ардагерлер үйін күту, күзету,тері-жүн жинау,науқандық мал санағы, т.б. есептерді, шаруашылық кітабын жүргізу жұмыстарына көмектесу, тұрғын үйлерді нөмірлеу, тарату ескерткіштер мен обелиск маңдарын күту, күзету-ең төменгі еңбек ақы мөшерінде.
2. Иесіз ескі құрылыстарды бұзып, орындарын тәртіпке келтіру; құлаған шарбақтарды қалау; күл қоқысты қолмен тиеу; қара жұмыстарына көмектесу; әлеуметтік объектілерді күндіз-түні күзету; көше тротуары жолдарын жөндеу; құдық, бұлақ көздерін ашу; қасқыр, ит аулау; елді мекендерге газ, су, жылу құбырларын тарту; мал азығын дайындау; басқа да ауыл шаруашылық маусымдық жұмыстарына көмектесу; қоғамдық әжетхана тазалығын жүргізу; мал дәрігерлік алдын-ала сауықтыру жұмыстарына көмектесу – ең төменгң еңбекақының екі еселенген мөлшерінде.
3. Қоғамдық еңбек қызметінің түрлерін ұйымдастыру село әкімдеріне және жіберілетін ұйымдарға тапсырылсын.
4. Жұмыссыздар қоғамдық жұмысқа сұранысына қарай жедел берілуін ұйымдастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісіне Д.Садықов тапсырылсын.
5. Қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбегін қаржыландыру аудандық экономика және қаржы бөлімінің жетекшісіне С.Қани жүктелсін.
6. Қоса беріліп отырған ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы уақытша Ереже және тізбесі бекітілсін.
7. Осы қаулының орындалсын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Досановаға міндеттелсін.
Аудан әкімінің орынбасары
Досанова Айкүміс Сәрсенғалиқызы
Аппарат басшысы
Маңғыбаева Қуанғали Мәрткерімұлы
Аппарат заңгері
Алтынбай Мөлдір Ғалымжанқызы
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің
жетекшісі
Қани Сара Құлмырзақызы
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің жетекшісі
Садықов Демеген Мертеұлы