Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
ҚАЗМүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1003
- Қабылданған күні
- 25.08.2005
- Көрсетілген редакция
- 22.09.2010 · қолданыстағы 25533_195418.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 22.09.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05MA000009
- ЭКБ идентификаторы
- 25533
- Редакция идентификаторы
- 25533_195418
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:26
0 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңына және 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 25 бабының 3 тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қала мекемелері мен кәсіпорындарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындары құрылсын.
2 2. Қоса беріліп отырған мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
3 3. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (К. М. Айтбатырова) мүгедектерді арнаулы жұмыс орындарымен қамту шарасын алсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.М. Қалмұратоваға жүктелсін.
5 2005 жылғы 25.08. 2005
№ 1003 қала әкімиятының
қаулысына қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын
ұйымдастыру
ЕРЕЖЕСI
Осы Ереже 2005 жылғы 13 сәуiрдегi N 39-111 "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына сәйкес жасалған және мүгедектердi жұмысқа орналастыруға арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн белгiлейдi, арнаулы жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен негiзгi жағдайлар мен есептесу жүйесiн реттейдi.
1 1. Жалпы ереже
Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1 1) Арнаулы жұмыс орны-мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi бюджет қоры есебiнен жұмысқа қабылданған мүгедектердiң еңбек ақысын төлеуге жұмыс берушiге жартылай өтемақы төлеуге ресми түрде жұмыс берушiмен берiлетiн жұмыс орны.
2 2) Мүгедек - "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңымен белгiленген тіршілік-тынысы шектеулі және әлеуметтiк қорғауды талап ететiн тұлғалар тобы.
2 2. Арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектерге Қазақстан Республикасының еңбек,зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заң актiлерi қолданылады.
3 3. Мүгедектердiң арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға ықпал ететiн уәкiлеттi орган қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi (бұдан әрi- уәкiлеттi орган) болып табылады.
2 2. Арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртiбi
4 4. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындары "Қазақ соқырлар қоғамы" Ақтау оқу-өндіріс кәсіпорнының келісімімен картонажды-тігін бұйымдарын шығаруда қосымша жұмыстар жүргізу үшін құрылады.
5 5. Уәкiлеттi орган жұмыс берушiлермен арнаулы жұмыс орындарына қабылданған мүгедектердiң еңбек ақысын төлеуде қызмет көрсетуге шарт жасасады.
6 6. Қала әкiмияты жұмыс берушiлердiң жазбаша келiсiмi негiзiнде мүгедектердi жұмысқа орналастыру мақсатында және олардың еңбек ақысын төлеуге белгiленген бюджет қаражатының нәтижелi пайдаланылуы үшiн құрылатын арнаулы жұмыс орындары тiзбесiн белгiлейдi.
3 3. Арнаулы жұмыс орындарын қаржыландыру көздерi және қаржыландыру жағдайлары
7 7. Арнаулы жұмыс орындарындағы тұлғалардың еңбек ақыларын қаржыландыру қалалық мәслихаттың шешiмдерiмен қарастырылады.
8 8. Арнаулы жұмыс орындарына қабылданған мүгедектердiң еңбек ақысын төлеудi ай сайын жұмыс берушi жеке еңбек шарты талаптары негiзiнде және орындалған жұмыстың саны, сапасы, күрделiлiгiне байланысты жүргiзiледi.
9 9. Арнаулы жұмыс орындары қабылдаған мүгедектердiң еңбек ақысын төлеуге жұмсаған жұмыс берушiнiң шығыны жергiлiктi бюджет қорынан ең төменгi айлық еңбек ақы мөлшерiнде қайтарылады.
10
10. Жұмыс берушiлер әр айдың 1 жұлдызына дейiн заңда белгiленген тәртiпке сәйкес жергiлiктi уәкiлеттi органға жұмысқа қабылдау туралы бұйрық, жұмыс уақыты есебiнiң табелi, әрбiр жұмысқа орналасқандарға есептелген еңбек ақы ведомостi, арнаулы жұмыс орындарына қабылданған мүгедектердiң еңбек ақысын төлеудi жергiлiктi бюджеттен қаржыландыруға тапсырыс жасайды.