Құжат мәтініне өту

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 1003 · қабылданған 25.08.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25533/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 1003 ·25.08.2005
22.09.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 1003 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1003
Қабылданған күні
25.08.2005
Көрсетілген редакция
22.09.2010 · қолданыстағы 25533_195418.kaz
Соңғы өзгеріс
22.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05MA000009
ЭКБ идентификаторы
25533
Редакция идентификаторы
25533_195418
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:26

0 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңына және 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 25 бабының 3 тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қала мекемелері мен кәсіпорындарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындары құрылсын.

2 2. Қоса беріліп отырған мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру ережесі бекітілсін.

3 3. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (К. М. Айтбатырова) мүгедектерді арнаулы жұмыс орындарымен қамту шарасын алсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.М. Қалмұратоваға жүктелсін.

5 2005 жылғы 25.08. 2005

№ 1003 қала әкімиятының
қаулысына қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын
ұйымдастыру
ЕРЕЖЕСI
Осы Ереже 2005 жылғы 13 сәуiрдегi N 39-111 "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына сәйкес жасалған және мүгедектердi жұмысқа орналастыруға арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн белгiлейдi, арнаулы жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен негiзгi жағдайлар мен есептесу жүйесiн реттейдi.

1 1. Жалпы ереже

Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

1 1) Арнаулы жұмыс орны-мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi бюджет қоры есебiнен жұмысқа қабылданған мүгедектердiң еңбек ақысын төлеуге жұмыс берушiге жартылай өтемақы төлеуге ресми түрде жұмыс берушiмен берiлетiн жұмыс орны.

2 2) Мүгедек - "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңымен белгiленген тіршілік-тынысы шектеулі және әлеуметтiк қорғауды талап ететiн тұлғалар тобы.

2 2. Арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектерге Қазақстан Республикасының еңбек,зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заң актiлерi қолданылады.

3 3. Мүгедектердiң арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға ықпал ететiн уәкiлеттi орган қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi (бұдан әрi- уәкiлеттi орган) болып табылады.

2 2. Арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртiбi

4 4. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындары "Қазақ соқырлар қоғамы" Ақтау оқу-өндіріс кәсіпорнының келісімімен картонажды-тігін бұйымдарын шығаруда қосымша жұмыстар жүргізу үшін құрылады.

5 5. Уәкiлеттi орган жұмыс берушiлермен арнаулы жұмыс орындарына қабылданған мүгедектердiң еңбек ақысын төлеуде қызмет көрсетуге шарт жасасады.

6 6. Қала әкiмияты жұмыс берушiлердiң жазбаша келiсiмi негiзiнде мүгедектердi жұмысқа орналастыру мақсатында және олардың еңбек ақысын төлеуге белгiленген бюджет қаражатының нәтижелi пайдаланылуы үшiн құрылатын арнаулы жұмыс орындары тiзбесiн белгiлейдi.

3 3. Арнаулы жұмыс орындарын қаржыландыру көздерi және қаржыландыру жағдайлары

7 7. Арнаулы жұмыс орындарындағы тұлғалардың еңбек ақыларын қаржыландыру қалалық мәслихаттың шешiмдерiмен қарастырылады.

8 8. Арнаулы жұмыс орындарына қабылданған мүгедектердiң еңбек ақысын төлеудi ай сайын жұмыс берушi жеке еңбек шарты талаптары негiзiнде және орындалған жұмыстың саны, сапасы, күрделiлiгiне байланысты жүргiзiледi.

9 9. Арнаулы жұмыс орындары қабылдаған мүгедектердiң еңбек ақысын төлеуге жұмсаған жұмыс берушiнiң шығыны жергiлiктi бюджет қорынан ең төменгi айлық еңбек ақы мөлшерiнде қайтарылады.

10

10. Жұмыс берушiлер әр айдың 1 жұлдызына дейiн заңда белгiленген тәртiпке сәйкес жергiлiктi уәкiлеттi органға жұмысқа қабылдау туралы бұйрық, жұмыс уақыты есебiнiң табелi, әрбiр жұмысқа орналасқандарға есептелген еңбек ақы ведомостi, арнаулы жұмыс орындарына қабылданған мүгедектердiң еңбек ақысын төлеудi жергiлiктi бюджеттен қаржыландыруға тапсырыс жасайды.

11 11. Уәкiлеттi орган жұмыс берушiнiң есебiн тексергеннен кейiн қалалық қаржы бөлiмiне қаржыландыруға бюджеттiк тапсырыс ұсынады.

12 12. Қалалық қаржы бөлiмi әр айдың 10 жұлдызына дейiн уәкiлеттi орган шотына қаржы аударады.

13 13. Уәкiлеттi орган бюджет қаражатын жұмыс берушiлер шотына аударады.

14 14. Жұмыс берушiлер қалалық бюджеттен түскен қаржыны нақты белгiленген мақсатта пайдаланады.

15 15. Арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектерге жергiлiктi бюджет қорынан төленетiн еңбек ақыға заңда белгiленген тәртiпте салық салынады.

16 16. Арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға жұмыс барысында денсаулығына залал келген жағдайда уақытша жұмысқа жарамсыздығына байланысты әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жұмыс берушi жүргiзедi.

4 4. Есеп жүргiзу және есеп беру

17 17. Уәкiлеттi орган тоқсан сайын қалалық қаржы бөлiмiне арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы мәлiмет ұсынады.

5 5. Бақылау

18 18. Осы Ереженiң орындалуы мен бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi, қалалық қаржы бөлiмi бақылау жүргiзедi.

Қолданыстағы