Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об улучшении социально-бытовых условий семей репатриантов

Өзге акт · № 515 · қабылданған 10.05.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2554/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об улучшении социально-бытовых условий семей репатриантов Күшін жойған 10.05.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об улучшении социально-бытовых условий семей репатриантов

Күшін жойған Өзге акт № 515 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об улучшении социально-бытовых условий семей репатриантов
Атауы (қаз.)
Оралмандар отбасыларының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
515
Қабылданған күні
10.05.1998
Көрсетілген редакция
10.05.1998 2554_256883.kaz
Соңғы өзгеріс
10.05.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98V0000037
ЭКБ идентификаторы
2554
Редакция идентификаторы
2554_256883
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:43
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Оралмандар отбасыларының әлеуметтік-тұрмыстық

жағдайларын жақсарту туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
Облыс аумағында тұратын оралмандар отбасыларының әлеуметтiк-тұрмыстық
жайласуын жақсарту мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:

1. Облыстық көшi-қон және демография басқармасының Шығыс Қазақстан

облысына келген оралмандарды әлеуметтiк-тұрмыстық жайластыру жөнiндегi
1998 жылға арналған бағдарламасы бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
2. Қоныс аударушы отбасыларын жайластыруға арналған күрделi
салымдар жөнiндегi шығыстарды қаржыландыруға арналып облыстық
бюджеттен бөлiнетiн қаражаттарды облыстық көшi-қон және демография
басқармасының ағымдағы шотынан жұмсау тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн
(N 2 қосымша).

3. Облыстық көшi-қон және демография басқармасы (Омаров Б.А.)

оралмандар отбасыларының шаруашылық-тұрмыстық жайластырылуына қажеттi
бақылау жасауды қамтамасыз етсiн және оларға көмек көрсету жөнiнде
шаралар қолдансын, iс жүзiндегi заңдар негiзiнде тиiстi төлемдермен
қамтамасыз етсiн.

4. Өздерiнiң тарихи отанына келген оралмандар отбасыларын жайластыру

жөнiндегi шараларды қаржыландыру кестесi бекiтiлсiн (N 3 қосымша).
Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.ә.) көшi-қондық
шараларды облыстық бюджетте көзделген қаражаттар шеңберiнде бекiтiлген
кестеге сәйкес уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

5. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi еңбекке орналастыру,

зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақтылы төлеу жөнiнде қосымша шаралар
қолдансын, жер үлестерi мен несие бөлудi қамтамасыз етсiн, шаруа және
фермер шаруашылықтарын құруға ықпал етсiн.

6. Iшкi iстер басқармасы әдiлет басқармасымен, көшi-қон және

демография басқармасымен бiрлесiп Қазақстан Республикасының
азаматтығын алуға қажеттi құжаттарды рәсiмдеу тәртiбiн және Қазақстан
Республикасының Заңдарын оқып үйрену жөнiнде түсiнiк жұмыстарын
жүргiзсiн.

7. Бiлiм департаментi, денсаулық сақтау басқармасы тегiн

медициналық көмек көрсетудi, тiлдердi үйрету курстарын және мектеп
жасындағы балалардың оқумен толық қамтылуын ұйымдастыруды қамтамасыз
етсiн.

8. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң

орынбасары Т. Абайдiлдинге жүктелсiн.

8 Шығыс Қазақстан облысына келген оралмандарды әлеуметтiк-тұрмыстық орналастыру жөнiнде облыстық көшi-қон және демография жөнiндегi басқарманың 1998 жылға арналған бағдарламасы

Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
1998 жылғы 11 мамырдағы N 515
шешiмiне N 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысына келген оралмандарды әлеуметтiк-тұрмыстық
орналастыру жөнiнде облыстық көшi-қон және демография жөнiндегi
басқарманың 1998 жылға арналған
бағдарламасы
Облыстық көшi-қон және демография
жөнiндегi басқарма бастығы
Б. Омаров

9 Қоныс аударушылардың жанұяларын орналастыруға арналған күрделi салымдардың шығыстарын қаржыландыру үшiн облыстық бюджеттен бөлiнетiн облыстық көшi-қон және демография басқармасының ағымдағы шотынан қаражаттарды жұмсау тәртiбi туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
1998 жылғы 11 мамырдағы
N 515 шешiмiне N 2 қосымша
Қоныс аударушылардың жанұяларын орналастыруға арналған
күрделi салымдардың шығыстарын қаржыландыру үшiн облыстық бюджеттен
бөлiнетiн облыстық көшi-қон және демография басқармасының ағымдағы
шотынан қаражаттарды жұмсау тәртiбi туралы
ережесі
Өзiнiң тарихи Отанына оралған қоныс аударушылардың жанұяларын
орналастыру үшiн облыс бюджетiнен бөлiнетiн қаражаттарды нысаналы және
ұтымды пайдалануға нақты бақылау жасау және жедел қаржыландыру
мақсатында оралмандардың жанұялары үшiн тұрғын үй алудың мынадай тәртiбi
белгiленедi.
Облыстық қаржы басқармасы облыстық көшi-қон және демография
жөнiндегi басқарманың тапсырысы бойынша соңғының ағымдағы шотына бюджет
бөлген лимит шегiнде қаражаттардың сұралған сомасын аударады.
Облыстық көшi-қон және демография басқармасы заңды немесе жеке
тұлғамен белгiленген тәртiп бойынша жасалынған сатып алу-сату келiсiм
шарты негiзiнде сатып алынатын үй үшiн өзiнiң ағымдағы шотынан есеп
айырысады.
Оралмандарға арналған үй жанұяның қоныс аударған құрамына әлеуметтiк
нормалар бойынша тендерлiк негiзде, күрделi жөндеудi қажет етпейтiн
тұрғын үй қорынан алынады.
Сатып алынатын үйдiң құнын анықтау үшiн қалалық, аудандық
әкiмшiлiктердiң жанынан қалалық, аудандық әкiмшiлiктiң, қалалық,
аудандық қаржы бөлiмiнiң жауапты қызметкерлерiнiң, қаланың, ауданның
қозғалымсыз мүлiктi бағалау қызметiнiң, көшi-қон қызметiнiң өкiлдерi
қатарынан конкурс комиссиясы құрылады. Комиссия аудандық, қалалық және
облыстық конкурс комиссияларымен алдын-ала бағасын келiсiп алғаннан кейiн
алынатын үйдiң құнын құжатпен ресiмдейдi және сатып алу-сату
келiсiм-шартын жасасу үшiн құжаттарды облыстық көшi-қон демография
жөнiндегi басқармаға тапсырады. Облыстық конкурс комиссиясы аудандық,
қалалық комиссияның тұрғын үйге қойған бағасына келiспеген жағдайда бағаны
қайта қарау үшiн құжаттарды аудандық, қалалық комиссияға қайтарады.
Тоқсан сайын тоқсан аяқталғаннан кейiнгi келесi айдың 5 күнi
iшiнде облыстық көшi-қон және демография басқармасы мен облыстық қаржы
басқармасы қоныс аударушылардың жанұяларын орналастыруға бағытталған
күрделi қаржылардың көлемiне тексеру жүргiзедi.
Облыс бюджетiнiң қаражатына алынған тұрғын үй коммуналдық меншiк
болып табылады, қызметтiк деп есептелiп, тиiстi қалалық, ауылдық,
кенттiк әкiмшiлiктiң балансына қойылады.
Аталған тұрғын үй босаған жағдайда қалалардың, ауылдардың,
кенттердiң әкiмдерi оны тек облыстық көшi-қон және демография
басқармасының келiсiмi бойынша ғана пайдалана алады.
Облыстық көшi-қон және
демография басқармасының бастығы
Б.Омаров

10 Өзiнiң тарихи Отанына келген оралмандардың жанұяларын орналастыру жөнiндегi қаржыландыру шараларының кестесі

Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
1998 жылғы 11 мамырдағы N 515
шешiмiне 3 қосымша
Өзiнiң тарихи Отанына келген оралмандардың жанұяларын
орналастыру жөнiндегi қаржыландыру шараларының
кестесі
Облыс әкiмi
аппаратының басшысы
Т.Ибраев