Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов субъектами естественных монополий, оказывающими услуги по производству и (или) передаче и (или) распределению тепловой энергии

Бұйрық · № 266-ОД · қабылданған 13.09.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25562/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов субъектами естественных монополий, оказывающими услуги по производству и (или) передаче и (или) распределению тепловой энергии Күшін жойған Бұйрық ·№ 266-ОД ·13.09.2005
24.07.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов субъектами естественных монополий, оказывающими услуги по производству и (или) передаче и (или) распределению тепловой энергии

Күшін жойған Бұйрық ·№ 266-ОД · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов субъектами естественных монополий, оказывающими услуги по производству и (или) передаче и (или) распределению тепловой энергии
Атауы (қаз.)
Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) бөлу бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
266-ОД
Қабылданған күні
13.09.2005
Көрсетілген редакция
24.07.2013 AI25562_4.kaz
Соңғы өзгеріс
24.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003872_
ЭКБ идентификаторы
25562
Редакция идентификаторы
AI25562_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:23

0 Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) бөлу бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы

"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 455 қаулысымен мақұлданған Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты жетілдіру тұжырымдамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) бөлу бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесі бекітілсін.

2

2. Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) бөлу бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері қызмет түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемелерін табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес әзірлесін және бекітсін не есепке алу саясатына тиісті өзгерістер енгізсін және 2006 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде табиғи монополиялар салаларындағы қызметтерді реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органға әдістемелерін келісуге ұсынсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.В.Шкарупа) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1 1) оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялануын қамтамасыз етсін;

2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының назарына жеткізсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

0 Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) бөлу бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесі

Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2005 жылғы 13 қыркүйектегі
N 266-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) бөлу бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) бөлу бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) бөлу бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілеріне (бұдан әрі - субъектілер) қолданылады.

2

2. Субъектілер реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүзеге асырады.

3 3. Бөлектеп есепке алу реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша табыстар, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтер туралы деректер жинау мен қорыту жүйесін білдіреді.

4 4. Бөлектеп есепке алудың негізгі қағидаттары:

1 1) табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бастапқы құжаттар деректерінің негізінде қызметтердің тиісті түрлеріне тікелей жатқызу (тікелей жатқызу мүмкін болған жағдайда) басымдығы;

2 2) олар байланысқан қызметтердің сол бір түрлерімен табыстардың, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің себеп-салдар байланысының болуы;

3 3) табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді реттеліп көрсетілетін қызметтердің тиісті түрлеріне жатқызу және бөлу кезіндегі ашықтығы.

5

5. Бөлектеп есепке алу осы Ережеге сәйкес қызметтердің түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлуге нақтылаудың қажетті деңгейін қамтамасыз етуге тиіс бастапқы құжаттарға және (немесе) бухгалтерлік және басқарушылық есептің деректеріне негізделуі тиіс. Ереже субъектілердің белгіленген қаржылық және салық есептілігін ұсынудың тәртібі мен нысанын өзгертпейді.

6 6. Бөлектеп есепке алуды жүргізу мақсатында осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

1 1) бөлу базасы - шығындар мен активтердің қолданысқа енгізілген дәрежесін қызметтер түрлеріне бөлу үшін пайдаланылатын сандық көрсеткіш (көрсеткіштер);

2 2) қолданысқа енгізілген активтер - субъектінің негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді қамтитын қызмет (қызметтер) ұсыну үшін пайдаланылатын активтері;

3 3) бөлу коэффициенті - қызметтер арасында шығындар мен активтерді бөлу үшін бөлу базасын қолданудың нәтижесінде алынған жалпы шығындардың немесе активтердің үлесі;

4

4) жалпы активтер - қызметтердің екі және одан да көп түрлерін ұсынуға байланысты, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгілі себеп-салдар байланысы жоқ активтер, сондықтан да олардың қызметтер ұсынуда қолданысқа енгізілген дәрежесі уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде анықталуы мүмкін;

5 5) жалпы шығындар - қызметтердің екі және одан да көп түрлерін ұсынуға байланысты, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгілі себеп-салдар байланысы жоқ шығындар, сондықтан да уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде бөлінеді;

6 6) қызметтерге тікелей қолданысқа енгізілген активтер - белгілі бір қызмет ұсынуға тікелей себеп-салдар байланыстары бар қолданысқа енгізілген активтер, сондықтан да белгілі бір қызметке тікелей және бір мәнді жатқызылуы мүмкін;

7 7) қызметтерге тікелей шығындар - белгілі бір қызметпен тікелей себеп-салдар байланысы бар шығындар, сондықтан да белгілі бір қызметке тікелей және бір мәнді жатқызылуы мүмкін.

Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

7

7. Осы Ереженің негізінде субъектілер бөлектеп есепке алуды жүргізу мақсатында реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай өзге де қызмет бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін уәкілетті органмен келісілген есепке алу саясатының жекелеген бөлімі не құжат түрінде әзірлейді.

8 8. Субъект жалпы активтер мен шығындарды бөлу базасы ретінде көрсеткіштерді өз бетінше таңдайды және оларды уәкілетті органмен келіседі. Бөлу базасын анықтау үшін пайдаланылатын деректер мынадай талаптарға жауап беруге тиіс:

1 1) деректердің дұрыстығы мен тексерілуі;

2 2) технологиялық процеске қатысуына сүйене отырып, деректерді таңдаудың негізділігі.

Қолданысқа енгізілген активтердің бөлу базалары қаржылық жылдың қорытындылары бойынша жылына бір рет қайта қаралуы мүмкін.

2 2-тарау. Табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай өзге де қызмет бойынша бөлу

1 &1. Реттеліп көрсетілетін қызметтер мен тұтастай өзге де қызметті көрсетуден алынатын табыстар

9 9. Қызметтер көрсетуден алынатын табыстар реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай өзге де қызмет бойынша бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде:

1 1) қызметтің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша - жасалған шарттардың шеңберінде көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі көлеміне сәйкес және уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша;

2 2) қызметтің реттеліп көрсетілмейтін түрлері бойынша - тиісті қызметтер ұсынылған көлемдер мен бағаларға сүйене отырып, жеке ескеріледі.

Табыстарды бөлу туралы есеп осы Ережеге берілген 6-қосымшаның нысанына сәйкес жасалады.

2 &2. Қолданысқа енгізілген активтер

10 10. Қолданысқа енгізілген активтерді реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай өзге де қызмет бойынша бөлектеп есепке алуды жүргізу мақсатында негізгі құралдардың барлық тізбесінен:

1 1) қызметтерге тікелей қолданысқа енгізілген активтер;

2 2) жалпы активтер болып бөлінеді.

11 11. Тікелей қолданысқа енгізілген активтер белгілі бір қызметке тікелей жатады. Жалпы активтер қызметтерге бөлу базасы мен олардың негізінде есептелген бөлу коэффициенттерін қолдана отырып, жатқызылады.

12 12. Қолданысқа енгізілген активтерге шығындарды бөлектеп есепке алуды жүргізу және пайданы қалыптастыру мақсатында субъектінің негізгі құралдары оның есепке алу саясатында белгіленген негізгі құралдардың топтарына сәйкес субъекті өз бетінше топтастырады, оның ішінде:

1 1) ғимараттар мен құрылыстар;

2 2) машиналар, жабдықтар және табыстау құрылғылары;

3 3) көлік құралдары;

4 4) шаруашылық құрал-жабдық;

5 5) басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер (өзге де негізгі құралдар).

13

13. Жалпы негізгі құралдардың әрбір тобы үшін нәтижесі негізгі құралдардың тобы үшін тұтастай бөлу коэффициентін анықтау болып табылатын осы Ереженің 1-қосымшасының нысанына сәйкес есеп жасалады. Осы Ереженің 1-қосымшасында көзделген жалпы негізгі құралдарының не материалдық емес активтердің бөлу коэффициентін есептеген кезде топтың жалпы негізгі құралдарының барлық бірліктері енгізіледі, жалпы активтердің әрбір тобы үшін бөлу базасы анықталады. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай өзге де қызмет бойынша жалпы негізгі құралдардың әрбір тобының бөлу коэффициенттері қызметтің осы түріне жалпы негізгі құралдардың әрбір бірлігінің жатқызылған құндары сомасының осы топтағы жалпы негізгі құралдардың жиынтық құнына бөліндісі ретінде анықталады.
Жалпы негізгі құралдарының не материалдық емес активтердің бөлу коэффициентін есептеген кезде жеке жолмен бөлу базасы анықталады және қызметтердің екі және одан да көп түрлерін көрсету кезінде пайдаланылатын материалдық емес (жалпы) активтерді бөлу коэффициенттері есептеледі.

14

14. Қызметтерге қолданысқа енгізілген активтердің құнын бөлу үшін осы Ережеге берілген 2-қосымшаның нысанына сәйкес кесте толтырылады, онда активтердің құны алдыңғы қаржы жылының соңғы есепті күнгі жағдайы бойынша субъектінің негізгі құралдарының қалдық құнының негізінде анықталады. Негізгі құралдардың әрбір тобы үшін бөлу коэффициенті жалпы негізгі құралдарды не материалдық емес активтерді бөлу коэффициентінің тиісті есебінің жиынтық жолынан қызметтер түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтерді бөлу туралы есепке ауыстырылады. Әрбір қызметке жатқызылған негізгі құралдардың тобы активтерінің құны қолданысқа енгізілген активтер құнының бөлу коэффициентіне туынды ретінде анықталады.

3 &3. Шығындар

15

15. Қызметтердің реттеліп көрсетілетін түрлерін және тұтастай өзге де қызметті көрсетуге байланысты шығындар субъектінің есепке алу саясатына және (немесе) уәкілетті органмен келісілген табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесіне сәйкес бөлінеді.
Шығындарды бөлу туралы есеп осы Ережеге берілген 5-қосымшаның нысанына сәйкес жасалады.

16 16. Шығындар тиісті қызметке толығымен жататын тікелей не қызметтің екі және одан да көп түрлерін көрсетумен байланысты және осы қызметтерге бөлу базасын қолдану арқылы жататын жалпы болып бөлінеді.

17

17. Шығындарды қалыптастыру үшін бухгалтерлік есептің деректері пайдаланылады. Бухгалтерлік есепте тікелей шығындар әрбір реттеліп көрсетілетін қызметке және тұтастай өзге қызметке сәйкес келетін жеке шоттарда (субшоттарда) құралады. Жалпы шығындар үшін бухгалтерлік есепте шығындардың жеке шоттары (субшоттары) көзделеді.

18

18. Бөлектеп есепке алуға реттеліп көрсетілетін қызметтерді және өзге де қызмет көрсетуге арналған субъектінің барлық шығындары жатады, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі - ерекше тәртібі бойынша шығындар) сәйкес ескерілмейтін және ескерілетін шығындар, өзінде мынадай баптарды қамтиды:

1 1) негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтер амортизациясы;

2 2) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін негізгі құралдарды жөндеу шығыстары;

3 3) еңбекке ақы төлеу шығыстары;

4 4) әлеуметтік салық бойынша шығыстар;

5 5) пайдалануға жұмсалған шығыстар;

6 6) кезең шығыстары;

7 7) өзге шығыстар.

Әрбір баптың ішінде шығындар барынша жан-жақты нақтылануы мүмкін.

19

19. Екі және одан да көп қызмет көрсетуде пайдаланылатын негізгі құралдардың тозуы осы Ереженің 12-тармағында санамаланған негізгі құралдардың әрбір тобы үшін айқындалады және осы Ережеге берілген 1-қосымшаның нысанына сәйкес есептелген бөлу коэффициенттерді пайдалана отырып, реттеліп көрсетілетін және өзге де қызметке бөлінеді.

20 20. Жалпы материалдық емес активтердің амортизациясы осы Ережеге берілген 1-қосымшаның нысанына сәйкес есептелген бөлу коэффициенттері бойынша реттеліп көрсетілетін және өзге де қызметке бөлінеді.

21 21. Негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін негізгі құралдарды (жалпы) жөндеуге жұмсалған шығыстар осы Ережеге берілген 1-қосымшаның нысанына сәйкес есептелген негізгі құралдардың топтары бойынша бөлудің тиісті коэффициенттеріне сәйкес қызметтерге жатады.

22 22. Еңбекке ақы төлеу шығыстары тікелей және жалпы болуы мүмкін. Технологиялық процеске қатысы бойынша өндірістік персонал мынадай топтарға бөлінеді:

1 1) негізгі және негізгі емес қызметпен айналысатын персонал;

2 2) көмекші персонал;

3 3) әкімшілік-басқару персоналы.

Персоналдың әрбір тобындағы еңбекке ақы төлеу бойынша шығыстары, егер персоналдың жұмысы тек бір ғана қызметпен тікелей байланысты болса, нақты қызметке тікелей жатады.
Егер осы топта жұмысы екі немесе одан да көп қызметтер көрсетуге байланысты персонал бар болса, онда қызметтер арасында еңбекке ақы төлеу бойынша шығыстар осы Ережеге берілген 1-қосымшаның деректері негізінде есептелген жалпы активтердің бөлу коэффициенттеріне (тұтастай барлық топтар бойынша), сәйкес не субъектімен айқындалған және уәкілетті органмен келісілген бөлу базасын қолдану арқылы және де осы Ережеге берілген 3-қосымшаның нысаны бойынша есептелген бөлу коэффициенттерімен бөлінеді.

23 23. Әлеуметтік салық бойынша шығыстар қызметтерге персоналдың тиісті тобындағы еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстар сияқты сол бір бөлу коэффициенттері бойынша не еңбекке ақы төлеу қорының бөлінуіне тепе-тең бөлінеді.

24

24. Негізгі құралдарды пайдалану шығыстары негізгі құралдардың (осы Ережеге берілген 1-қосымша) тиісті топтарының бөлу коэффициентін пайдалана отырып, қызметтерге жатады. Пайдалану шығыстарын реттеліп көрсетілетін қызмет түрлері және тұтастай өзге де қызмет бойынша бөлу кезінде мыналар назарға алынады:

1 1) негізгі құралдарға қызмет көрсетуге арналған материалдардың шығындары тиісті негізгі құралдардың қызметтеріне бөлу қағидаты бойынша қызметтерге бөлінеді;

2 2) отын шығындары бөлу базасын (уәкілетті органмен келісілген) және олардың негізінде есептелген бөлу коэффициенттерін қолдана отырып, қызметтерге жатқызылады;

3 3) жанар-жағар материалдардың (ЖЖМ) шығындары қызметтерге "көлік және арнаулы техника" негізгі құралдар тобының (осы Ережеге берілген 1-қосымша) бөлу коэффициенті бойынша бөлінеді;

4

4) автокөлік қызметтері (жалдау), негізгі құралдарды жалдау, байланыс қызметтері, егер олар бір ғана қызмет көрсетумен байланысты болса, қызметтерге тікелей жатқызылады. Егер осы қызметтер екі және одан да көп қызметтер көрсетумен байланысты болса, онда олар шығындардың бөлу базасы (уәкілетті органмен келісілген) және есептелген бөлу коэффициенттері бойынша бөлінеді;

5

5) негізгі және қосалқы өндіріс үшін электр энергиясына, шаруашылық мұқтаждарға, жылуға, ыстық сумен жабдықтауға, суық сумен жабдықтауға, кәрізге және өзге коммуналдық қызметтерге жұмсалған шығыстары қызметтерге, егер олар бір ғана қызмет көрсетумен тікелей байланысты болған жағдайда немесе егер олар екі және одан көп қызметтер көрсетуге байланысты жағдайда тиісті ғимараттар мен құрылыстар үшін есептелген қызметтерге бөлу коэффициенті бойынша тікелей жатқызылады;

6 6) персоналды оқыту шығыстары, іссапар шығыстары, еңбекті қорғау шығыстары персоналдың тиісті топтарының еңбегіне ақы төлеудің сол бір қағидаттары бойынша қызметтерге жатқызылады;

7 7) өрт және күзеттік қорғау шығыстарын қызметтерге жатқызу тиісті негізгі құралдардың тозуын бөлуіне ұқсас;

8 8) өзге де пайдалану шығыстары субъектімен айқындалған және уәкілетті органмен келісілген бөлу базасы бойынша қызметтерге жатқызылады.

25 25. Кезең шығыстарын бөлу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1 1) жалпы және әкімшілік шығыстары негізгі өндірістік шығындарға сәйкес келетін сол бір қағидаттар бойынша қызметтерге бөлінеді;

2

2) сату бойынша шығыстар, егер олар белгілі бір қызмет көрсетумен тікелей байланысты болса, қызметтерге тікелей жатқызылады. Егер осы шығыстар екі және одан көп қызметтер көрсетумен байланысты болса, онда олар субъектімен айқындалған және уәкілетті органмен келісілген бөлу базасын және де осы Ережеге берілген 4-қосымшаның нысанына сәйкес есептелген бөлу коэффициенттерін пайдалану арқылы қызметтерге бөлінеді;

3

3) сыйақылар (пайыздар) бойынша шығыстар қызметтерге, егер олар белгілі бір қызметті көрсетумен тікелей байланысты болса, тікелей жатқызылады. Егер осы шығыстар екі және одан көп қызметтер көрсетумен байланысты болса, онда олар субъектімен айқындалған және уәкілетті органмен келісілген бөлу базасын, және де осы Ережеге берілген 4-қосымшаның нысанына сәйкес есептелген бөлу коэффициенттерін пайдалану арқылы қызметтерге бөлінеді.

26

26. Өзге шығыстар қызметтерге, егер олар белгілі бір қызмет көрсетумен тікелей байланысты болса, тікелей жатқызылады. Егер осы шығыстар екі және одан көп қызметтер көрсетумен байланысты болса, онда олар субъектімен айқындалған және уәкілетті органмен келісілген бөлу базасын пайдалану арқылы қызметтерге бөлінеді.

3 3-тарау. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша табыстар, шығыстар мен қолданысқа енгізілген активтер бойынша есептілік. Бөлектеп есепке алу деректері мен бухгалтерлік есеп деректерінің арасындағы өзара байланыс

27 27. Субъектінің уәкілетті органға осы Ережеге сәйкес ұсынатын есептілік, мыналарды:

1 1) осы Ережеге берілген 1-қосымшаның нысанына сәйкес жалпы негізгі құралдардың не материалдық емес активтердің бөлу коэффициентінің есебін;

2 2) осы Ережеге берілген 2-қосымшаның нысанына сәйкес қолданысқа енгізілген активтерді қызметтердің түрлері бойынша бөлу туралы есебін;

3 3) осы Ережеге берілген 3-қосымшаның нысанына сәйкес персоналдың еңбекақысына жұмсалған шығыстардың бөлу коэффициентінің есебін;

4 4) осы Ережеге берілген 4-қосымшаның нысанына сәйкес кезең шығыстарының бөлу коэффициентінің есебін;

5 5) осы Ережеге берілген 5-қосымшаның нысанына сәйкес қызметтердің түрлері бойынша шығындарды бөлу туралы есебін;

6 6) осы Ережеге берілген 6-қосымшаның нысанына сәйкес қызметтердің түрлері бойынша табыстарды бөлу туралы есебін қамтиды.

28 28. Субъектілер үстіміздегі жылдың 1 мамырына дейін осы Ереженің 27-тармағында көзделген, өткен күнтізбелік жыл үшін уәкілетті органға есеп ұсынады.

29

29. Қызметтер түрлері бойынша табыстарды бөлу туралы есептегі табыстардың жиынтық сомасы субъекті тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес жасаған қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатудан табыс" деген жолында көрсетілген деректерге сәйкес келуге тиіс.

30

30. Қызметтер түрлері бойынша шығындарды бөлу туралы есептегі шығыстардың жиынтық сомасы кезең шығыстарының минусімен субъекті тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес жасаған қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны" деген жолында көрсетілген деректерге сәйкес келуге тиіс.

31

31. Қызметтер түрлері бойынша шығындарды бөлу туралы есептегі кезең шығыстарының жиынтық сомасы субъекті тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес жасаған қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Кезең шығыстары" деген жолында көрсетілген деректерге сәйкес келуге тиіс.

32 32. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есептілік (қалдық) құны тиісті күнгі бухгалтерлік есептің деректеріне сәйкес келуге тиіс.

33 33. Қағаз арқылы жеткізілетін есептілікке субъектінің басшысы және бас бухгалтері қол қояды және мөрмен расталады. Есептілік уәкілетті органға электрондық жеткізгіш және қағаз арқылы ұсынылады. Электрондық жеткізгіштегі есептілік қағаз арқылы жеткізілген есептілікке сәйкес келуге тиіс.

1 ________________________________ жалпы негізгі құралдардың тобы бойынша (негізгі құралдар тобының атауы) материалдық емес активтердің _______________________________ жылға арналған бөлу коэффициентінің есебі

Жылу энергиясын өндіру және
(немесе) беру және (немесе)
бөлу бойынша қызметтер көрсететін
табиғи монополиялар субъектілерінің
табыстарды, шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтерді бөлектеп
есепке алуды жүргізу ережесіне
1-қосымша
________________________________ жалпы негізгі құралдардың тобы бойынша
(негізгі құралдар тобының атауы)
материалдық емес активтердің _______________________________
жылға арналған бөлу коэффициентінің есебі
N
Ата­уы
Жұ­мыс
жағ-
дайы
(жұ-
мыс
іс-
те­уде
не-
ме­се
ре­зе-
рв­те)
Жыл
ба-
сын-
да­ғы
қал-
дық
құ-
ны,
бар-
лы-
ғы,
мың
тең-
ге
Бө­лу
ба-
за­сы
үшін
көр-
сет-
кіш-
тің
ата­уы
(зат-
тай
көр-
сет-
кіш)
Бө­лу ба­за­сы­ның
көр­сет­кі­ші­нің мәні
бар-
лы­ғы
N 1-рет­те­ліп
көр­се­ті­ле­тін
қыз­мет
зат-
тай
көр-
сет-
кіш-
те
зат-
тай
көр-
сет-
кіш-
те
6-
бағ.
/5-
бағ.
коэ-
ффи-
ци-
ент
құ­ны,
мың
тең­ге
7-
бағ.*
3-
бағ.
1
2
3
4
5
6
7
8
N 1 жал­пы негіз­гі құ­рал­дар­дың то­бы
1.1
N 1-объ­ект
1.2
N 2-объ­ект
1.3
N 3-объ­ект
1._
...
топ­тың құ­ны, мың тең­ге (со­ма (1.1-жол:1._-жол)
(со-
ма
(1.
1-
жол:
1._
жол)
(со­ма
(1.1-
жол:
1._
жол)
Топ бой­ын­ша бө­лу ко­эф­фи­ци­ен­ті
8-бағ.
/3-
бағ.
кестенің жалғасы:
N
Ата­уы
Бө­лу ба­за­сы­ның көр­сет­кі­ші­нің мәні
N 2-рет­те­ліп
көр­се­ті­ле­тін
қыз­мет
өзге қыз­мет­тер
зат-
тай
көр-
сет-
кіш-
те
9-
бағ.
/5-
бағ.
ко­эф-
фи­ци-
ент
құ­ны,
мың
тең­ге
10-
бағ.*
3-
бағ.
зат-
тай
көр-
сет-
кіш-
те
12-
бағ.
/5-
бағ.
ко­эф-
фи­ци-
ент
құ­ны,
мың
тең­ге
13-
бағ.*
3-
бағ.
1
9
10
11
12
13
14
N 1 жал­пы негіз­гі құ­рал­дар­дың то­бы
1.1
N 1-объ­ект
1.2
N 2-объ­ект
1.3
N 3-объ­ект
1._
...
топ­тың құ­ны, мың тең­ге (со­ма (1.1-жол: 1._-жол)
(со­ма
(1.1
-жол:
1._
жол)
(со­ма
(1.1
-жол:
1._
жол)
Топ бой­ын­ша бө­лу ко­эф­фи­ци­ен­ті
11-
бағ./
/3-
бағ.
14-
бағ./
3-бағ.
М.О.
Басшы _________________________ ______________
тегі, аты-жөні қолы
Бас бухгалтер _________________________ ______________
тегі, аты-жөні қолы
_______жылғы "____"»______________

2 Қолданысқа енгізілген активтерді қызметтердің түрлері бойынша _______ жылға арналған бөлу туралы есеп

Жылу энергиясын өндіру және
(немесе) беру және (немесе)
бөлу бойынша қызметтер көрсететін
табиғи монополиялар субъектілерінің
табыстарды, шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтерді бөлектеп
есепке алуды жүргізу ережесіне
2-қосымша
Қолданысқа енгізілген активтерді қызметтердің түрлері бойынша _______ жылға арналған бөлу туралы есеп
N
Негіз­гі құ­рал­дар­дың ата­уы
Жыл ба­сы­на қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер­дің қал­дық құ­ны, бар­лы­ғы, мың тең­ге
қыз­мет түр­ле­рі бой­ын­ша қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер­ді бө­лу
N 1-рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
1-қо­сым­ша­дан бө­лу ко­эф­фи­ци­ен­ті
ак­тив­тің құ­ны, мың тең­ге, 3-бағ.*4-бағ.
1
2
3
4
5
1.
ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лыс:
1.1
ті­ке­лей қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген­дер*
1.2
Жал­пы
2.
Ма­ши­на­лар, жаб­дық­тар және та­быст­ау құ­ры­л­ғы­ла­ры:
2.1
ті­ке­лей қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген­дер*
2.2
Жал­пы
3.
Кө­лік құ­рал­да­ры:
3.1
ті­ке­лей қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген­дер*
3.2
Жал­пы
4.
Ша­ру­а­шы­лық құ­рал-жаб­дық:
4.1
ті­ке­лей қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген­дер*
4.2
Жал­пы
5.
Өзге негіз­гі құ­рал­дар:
5.1
ті­ке­лей қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген­дер*
5.2
Жал­пы
БАР­ЛЫ­ҒЫ
6.
Ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер
кестенің жалғасы:
N
Негіз­гі құ­рал­дар­дың ата­уы
қыз­мет түр­ле­рі бой­ын­ша қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер­ді бө­лу
N 2-рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
Өзге қыз­мет­тер
1-
қо­сым-
ша­дан
бө­лу
ко­эф­фи-
ци­ен­ті
ак­тив­тің
құ­ны,
мың
тең­ге,
3-бағ*
6-бағ.
1-
қо­сым-
ша­дан
бө­лу
ко­эф­фи-
ци­ен­ті
ак­тив­тің
құ­ны,
мың
тең­ге,
3-бағ*
8-бағ.
1
2
6
7
8
9
1.
ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лыс:
1.1
ті­ке­лей қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген­дер*
1.2
Жал­пы
2.
Ма­ши­на­лар, жаб­дық­тар және та­быст­ау құ­ры­л­ғы­ла­ры:
2.1
ті­ке­лей қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген­дер*
2.2
Жал­пы
3.
Кө­лік құ­рал­да­ры:
3.1
ті­ке­лей қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген­дер*
3.2
Жал­пы
4.
Ша­ру­а­шы­лық құ­рал-жаб­дық:
4.1
ті­ке­лей қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген­дер*
4.2
Жал­пы
5.
Өзге негіз­гі құ­рал­дар:
5.1
ті­ке­лей қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген­дер*
5.2
Жал­пы
БАР­ЛЫ­ҒЫ
6.
Ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер
* - тікелей қолданысқа енгізілген активтер, яғни тек бір
(нақты) қызмет көрсетумен байланысты активтер бөлу коэффициенттері
бойынша бөлінбейді және нақты қызметке тікелей жатқызылады. Бұл
ретте, есепті толтырған кезде тікелей қолданысқа енгізілген
активтердің құны осы кестенің тиісті 5, 7 не 9-бағандарына
жатқызылады.
М.О.
Басшы _________________________ ______________
тегі, аты-жөні қолы
Бас бухгалтер _________________________ ______________
тегі, аты-жөні қолы
_______жылғы "____"»______________

3 Персоналдың еңбекақысына жұмсалған шығыстардың _______ жылға арналған бөлу коэффициентінің есебі

Жылу энергиясын өндіру және
(немесе) беру және (немесе)
бөлу бойынша қызметтер көрсететін
табиғи монополиялар субъектілерінің
табыстарды, шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтерді бөлектеп
есепке алуды жүргізу ережесіне
3-қосымша
Персоналдың еңбекақысына жұмсалған шығыстардың _______ жылға арналған бөлу коэффициентінің есебі
N
Қыз­мет­кер­дің та­бель­дік нө­ме­рі
Жа-
ла-
қы-
ның
жыл-
дық
қо-
ры,
мың
тең-
ге
Бө-
лу
ба-
за­сы
үшін
көр-
сет-
кіш-
тің
ата­уы
(зат-
тай
көр-
сет-
кіш)
Бө­лу ба­за­сы
көр­сет­кі­ші­нің мәні
бар-
лы­ғы
N 1-рет­те­ліп
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
зат-
тай
көр-
сет-
кіш-
те
зат-
тай
көр-
сет-
кіш-
те
5-
бағ./
4-бағ.
ко­эф-
фи-
ци­ент
осы
қыз­мет
үшін
жа­ла­қы
қо­ры,
мың
тең­ге
6-
бағ.*
2-бағ.
1
2
3
4
5
6
7
1.
Негіз­гі және негіз­гі емес қыз­мет­пен ай­на­лы­са­тын пер­со­нал
1.1.
Қыз­мет­кер
1.2.
Қыз­мет­кер
1.__
...
2.
Кө­мек­ші пер­со­нал
2.1.
Қыз­мет­кер
2.2.
Қыз­мет­кер
2.__
...
3.
Әкім­ші­лік-
бас­қа­ру
пер­со­на­лы
3.1.
Қыз­мет­кер
3.2.
Қыз­мет­кер
3.__
...
БАР­ЛЫ­ҒЫ ЖҚ, мың тең­ге (1-жол+
2-жол+3-жол)
(1-
жол+
2-жол+
3-жол)
(1-жол+
2-жол+
3-жол)
Ең­бек­ке ақы
тө­леу бой­ын­ша
шы­ғын­дар­дың бө­лу ко­эф­фи­ци­ен­ті
7-бағ./
2-бағ.
кестенің жалғасы:
N
Қыз­мет­кер­дің та­бель­дік нө­ме­рі
Бө­лу ба­за­сы көр­сет­кі­ші­нің мәні
N 2-рет­те­ліп
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
Өзге қыз­мет­тер
зат-
тай
көр-
сет-
кіш-
те
8-
бағ.
/4-
бағ.
коэ-
ффи-
ци-
ент
осы
қыз­мет
үшін
жа­ла­қы
қо­ры,
мың
тең­ге
9-бағ.*
2-бағ.
зат-
тай
көр-
сет-
кіш-
те
12-
бағ.
/5-
бағ.
ко­эф-
фи­ци-
ент
осы
қыз­мет
үшін
жа­ла­қы
қо­ры,
мың
тең­ге
12-бағ.
*2-бағ
1
8
9
10
11
12
13
1.
Негіз­гі және негіз­гі емес қыз­мет­пен ай­на­лы­са­тын пер­со­нал
1.1.
Қыз­мет­кер
1.2.
Қыз­мет­кер
1.__
...
2.
Кө­мек­ші пер­со­нал
2.1.
Қыз­мет­кер
2.2.
Қыз­мет­кер
2.__
...
3.
Әкім­ші­лік-
бас­қа­ру
пер­со­на­лы
3.1.
Қыз­мет­кер
3.2.
Қыз­мет­кер
3.__
...
БАР­ЛЫ­ҒЫ ЖҚ, мың тең­ге (1-жол+
2-жол+3-жол)
(1-жол+ 2-жол+ 3-жол)
(1-жол+ 2-жол+ 3-жол)
Ең­бек­ке ақы
тө­леу бой­ын­ша
шы­ғын­дар­дың бө­лу ко­эф­фи­ци­ен­ті
10-бағ.
/2-бағ.
13-бағ.
/2-бағ.
М.О.
Басшы _________________________ ______________
тегі, аты-жөні қолы
Бас бухгалтер _________________________ ______________
тегі, аты-жөні қолы
_______жылғы "____"»______________

4 Кезең шығыстарының _______ жылға арналған бөлу коэффициентінің есебі

Жылу энергиясын өндіру және
(немесе) беру және (немесе)
бөлу бойынша қызметтер көрсететін
табиғи монополиялар субъектілерінің
табыстарды, шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтерді бөлектеп
есепке алуды жүргізу ережесіне
4-қосымша
Кезең шығыстарының _______ жылға арналған бөлу коэффициентінің есебі
N
Ата­уы
Жал­пы
со­ма,
мың
тең­ге
Бө­лу
ба-
за­сы
үшін
көр-
сет-
кіш-
тің
ата­уы
(зат-
тай
көр-
сет-
кіш)
Бө­лу ба­за­сы
көр­сет­кі­ші­нің мәні
бар-
лы­ғы
N 1-рет­те­ліп
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
зат-
тай
көр-
сет-
кіш-
те
зат-
тай
көр-
сет-
кіш-
те
5-
бағ.
/4-
бағ.
ко­эф-
фи­ци-
ент
осы
қыз­мет
үшін
шы­ғын-
дар
со­ма­сы,
мың
тең­ге
6-бағ.
*2-бағ.
1
2
3
4
5
6
7
1
Са­ту бой­ын­ша шы­ғы­стар
2
Сый­а­қы бой­ын­ша шы­ғы­стар
3
...
Шы­ғын­дар­дың
БАР­ЛЫ­ҒЫ, мың
тең­ге (1-жол+2-
жол+3-жол)
(1-
жол+
2-жол
+3-
жол)
(1-жол+
2-жол+
3-жол)
кестенің жалғасы:
N
Ата­уы
Бө­лу ба­за­сы көр­сет­кі­ші­нің мәні
N 2-рет­те­ліп
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
Өзге қыз­мет­тер
зат-
тай
көр-
сет-
кіш-
те
8-
бағ./
4-бағ.
ко­эф-
фи­ци-
ент
осы
қыз­мет
үшін
шы­ғын-
дар
со­ма­сы,
мың
тең­ге
9-бағ.
*2-бағ.
зат-
тай
көр-
сет-
кіш-
те
12-
бағ.
/5-
бағ.
коэ-
ффи-
ци-
ент
осы
қыз­мет
үшін
шы­ғын-
дар
со-
ма­сы,
мың
тең­ге
12-бағ.
*2-бағ.
1
8
9
10
11
12
13
1
Са­ту бой­ын­ша шы­ғы­стар
2
Сый­а­қы бой­ын­ша шы­ғы­стар
3
...
Шы­ғын­дар­дың
БАР­ЛЫ­ҒЫ, мың
тең­ге (1-жол+2-
жол+3-жол)
(1-жол +2-жол +3-жол)
(1-жол
+2-жол
+3-жол)
М.О.
Басшы _________________________ ______________
тегі, аты-жөні қолы
Бас бухгалтер _________________________ ______________
тегі, аты-жөні қолы
_______жылғы "____"»______________

5 Қызметтердің түрлері бойынша _____ жылға арналған шығындарды бөлу туралы есеп

Жылу энергиясын өндіру және
(немесе) беру және (немесе)
бөлу бойынша қызметтер көрсететін
табиғи монополиялар субъектілерінің
табыстарды, шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтерді бөлектеп
есепке алуды жүргізу ережесіне
5-қосымша
Қызметтердің түрлері бойынша _____ жылға арналған шығындарды бөлу туралы есеп
N
Ата­уы
Бух. есеп бой­ын­ша есеп­ті
ке­зең со­ма­сы, мың тең­ге
бар-
лы­ғы
оның ішін­де
Ерекше тәр­тіп­ке
сәй­кес та­риф­те
ес­ке­ріл­ме­ген
шы­ғын­дар со­ма­сы
ерекше
тәр­тіп
бой­ын­ша
со­ма
1
2
3
4
5
1.
Негіз­гі құ­рал­дар­дың то­зуы:
1.1
ті­ке­лей қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген шы­ғын­дар*
1.2
жал­пы шы­ғын­дар
2.
Ма­те­ри­ал­дық емес  ак­тив­тер­дің амор­ти­за­ци­я­сы:
2.1
ті­ке­лей қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген шы­ғын­дар*
2.2
жал­пы шы­ғын­дар
3.
Ең­бек­ке ақы тө­леу шы­ғы­ста­ры:
3.1
ті­ке­лей қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген шы­ғын­дар*
3.2
жал­пы шы­ғын­дар
4.
Пай­да­ла­ну шы­ғы­ста­ры:
4.1
ті­ке­лей қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген шы­ғын­дар*
4.2
жал­пы шы­ғын­дар
5.
Ке­зең шы­ғы­ста­ры:
5.1
Ті­ке­лей қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген шы­ғын­дар*
5.2
жал­пы шы­ғын­дар
6.
Өзге шы­ғы­стар:
6.1
Ті­ке­лей қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген шы­ғын­дар*
6.2
жал­пы шы­ғын­дар
БАР­ЛЫ­ҒЫ
кестенің жалғасы:
N
Қыз­мет­тер­ге ерекше тәр­тіп бой­ын­ша со­ма бө­лу
N 1-рет­те­ліп
көр­се­ті­ле­тін
қыз­мет
N 2-рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
Өзге қыз­мет­тер
бө­лу
ко­эф-
фи­ци-
ен­ті
Осы
қыз-
мет­тің
шы­ғын-
дар
со­ма­сы,
6-бағ.*
5-бағ.
бө­лу
ко­эф-
фи­ци-
ен­ті
осы
қыз-
мет­тің
шы­ғын-
дар
со­ма­сы,
8-бағ.
*5-бағ.
бө­лу
ко­эф-
фи­ци-
ен­ті
осы
қыз-
мет­тің
шы­ғын-
дар
со­ма­сы,
10-бағ.
*5-бағ.
1
6
7
8
9
10
11
* - тікелей қолданысқа енгізілген шығындар, яғни тек бір
(нақты) қызмет көрсетумен байланысты шығындар бөлу коэффициенті
бойынша бөлінбейді және нақты қызметке тікелей жатқызылады. Бұл
ретте, есепті толтырған кезде тікелей қолданысқа енгізілген
шығындар сомасы осы кестенің тиісті 7, 9 не 11-бағандарына
жатқызылады.
М.О.
Басшы _________________________ ______________
тегі, аты-жөні қолы
Бас бухгалтер _________________________ ______________
тегі, аты-жөні қолы
_______жылғы "____"»______________

6 Қызметтердің түрлері бойынша _______ жылға арналған табыстарды бөлу туралы есеп

Жылу энергиясын өндіру және
(немесе) беру және (немесе)
бөлу бойынша қызметтер көрсететін
табиғи монополиялар субъектілерінің
табыстарды, шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтерді бөлектеп
есепке алуды жүргізу ережесіне
6-қосымша
Қызметтердің түрлері бойынша _______ жылға арналған табыстарды бөлу туралы есеп
Есеп­ті
ке­зең
Бух. есеп бой­ын­ша есеп­ті ке­зең­де­гі
бар­лық қыз­мет­тен түс­кен та­быс, мың тең­ге
Жал­пы
со­ма
(бар-
лы­ғы)
оның ішін­де та­быс
N 1-рет­те­ліп
көр­се­ті­ле­тін
қыз­мет
N 2-рет­те­ліп
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
Көр­се-
ті­л­ген
қыз-
мет-
тер­дің
нақ­ты
кө­ле­мі
(Гкал)
Бе­кі-
тіл-
ген
та­риф
(1
Гкал
үшін
тең-
ге)
Осы
қыз-
мет-
тен
түс-
кен
та-
быс,
3-бағ*
4-бағ.
Көр­се-
ті­л­ген
қыз-
мет-
тер­дің
нақ­ты
кө­ле­мі
(Гкал)
Бе­кі-
ті­л­ген
та­риф
(1
Гкал
үшін
тең­ге)
Осы
қыз-
мет­тен
түс­кен
та­быс,
6-бағ.*
7-бағ.
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенің жалғасы:
Бух. есеп бой­ын­ша есеп­ті ке­зең­де­гі
бар­лық қыз­мет­тен түс­кен та­быс, мың тең­ге
оның ішін­де та­быс
Өзге қыз­мет­тер
бар­лы­ғы
12-бағ.
+15-бағ.
Оның ішін­де
N 1 өзге де қыз­мет
өзге де қыз­мет ...
кө-
ле­мі
ба-
ға­сы
та­бысы
10-бағ.*
11-бағ.
кө-
ле­мі
ба-
ға­сы
та­бысы,
13-бағ.
*14-бағ.
9
10
11
12
13
14
15
М.О.
Басшы _________________________ ______________
тегі, аты-жөні қолы
Бас бухгалтер _________________________ ______________
тегі, аты-жөні қолы
_______жылғы "____"»______________

Қолданыстағы