Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил принятия решения таможенного органа по классификации товаров и его формы

Бұйрық · № 385 · қабылданған 29.09.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25589/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил принятия решения таможенного органа по классификации товаров и его формы Күшін жойған Бұйрық ·№ 385 ·29.09.2005
21.09.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил принятия решения таможенного органа по классификации товаров и его формы

Күшін жойған Бұйрық ·№ 385 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил принятия решения таможенного органа по классификации товаров и его формы
Атауы (қаз.)
Кеден органының тауарды жiктеу жөніндегі шешiмiн қабылдау ережесiн және оның нысанын бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
385
Қабылданған күні
29.09.2005
Көрсетілген редакция
21.09.2010 AI25589_6.kaz
Соңғы өзгеріс
21.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003892_
ЭКБ идентификаторы
25589
Редакция идентификаторы
AI25589_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:21

0 Кеден органының тауарды жiктеу жөніндегі шешiмiн қабылдау ережесiн және оның нысанын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 46-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Қараңыз.K100296

1 1. Қоса берiлiп отырған Кеден органының тауарды жiктеу жөнiндегi шешімiн қабылдау ережесi және оның нысаны бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң Кедендiк кiрiстер басқармасы (Н.С.Жанарбаева) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.I.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары қалдырамын.

5 5. Осы бұйрық бiрiншi ресми жарияланған күнiнен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 Кеден органының тауарларды жiктеу жөніндегі шешiмiн қабылдау ережесi және оның нысандары

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгі Кедендiк
бақылау комитетiнiң төрағасы
мiндетiн атқарушының
2005 жылғы 29 қыркүйектегі
N 385 бұйрығымен бекiтiлген
Кеден органының тауарларды жiктеу жөніндегі шешiмiн қабылдау ережесi және оның нысандары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Кеден органының тауарды жiктеу жөнiндегi шешiмiн қабылдау ережесi және оның нысаны (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 46-бабына және "Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткізiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгі төрағасының 2003 жылғы 3 қыркүйектегi N 416 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде N 2517 болып тiркелген) мен Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын Сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасына (бұдан әрi - СЭҚ TH) сәйкес (Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 567 қаулысы) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды жiктеу жөнiндегi кеден органының шешiмiн қабылдау тәртiбiн айқындау мақсатында әзiрленген.

2 2. Декларант тауарларды декларациялау кезiнде жiктеудi жүк кедендiк декларациясына тауарлар туралы мәлiметтердi енгiзу жолымен жүзеге асырады.

3 3. Кеден органдары кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүргiзген кезде СЭҚ ТН-ге сәйкес тауарлардың дұрыс жiктелуiн тексередi.

4 4. Тауарлардың кодтары СЭҚ TH бойынша дұрыс көрсетiлмеген жағдайда оларды декларациялау кезiнде кеден органының декларанты осындай тауарларды дербес жiктеуге құқылы.

5 5. Тауарларды жiктеу жөнiндегi шешiмдердi кеден органдары осы Ережеде белгiленген тәртiппен қабылдайды.

2 2. Тауарларды жiктеу ережесi

6 6. Тауарларды жiктеу деп - қарастырылатын тауарларды СЭҚ ТН-ге сәйкес нақты тауарлық позицияларға, субпозицияларға, кiшi позицияларға жатқызу деп түсiндiрiледi. Тауарларды жiктеу негiзгi белгiлерге негiзделiп жүргiзiледi:

1 1) тауар атқаратын функция;

2 2) тауар жасалған материал.

Бұл ретте, СЭҚ TH-ды түсiндiрудiң негiзгi ережелерiн қолданумен өңдеудiң дәрежесiн және бөлiмдерге, топтарға (оның iшiнде тауар позицияларына ескертулердi қамтитын), субпозицияларға ескертулердi, сондай-ақ спецификалық жiктеу мәселелерiн шешуге қызмет ететiн қосымша ескертулердi есепке ала отырып тауарлық шағын субпозицияға тауарларды бiрыңғай жатқызудың қағидаты сақталады.

7

7. Тауарларды жiктеу кезiнде кеден органдары тауарға iлеспе құжаттарда көрсетiлетiн мәлiметтердi, сондай-ақ қорытындыларды, анықтамаларды, экспорт елiнiң ЖКД-ын, сараптамалық ұйымдар беретiн, көмекшi (ақпараттық) сипатта болатын және тауарларды жiктеу кезiнде назарға алынатын сараптама актiлерiн пайдаланады.
Сондай-ақ, тауарларды жiктеу кезiнде Дүниежүзілік кеден ұйымы Үйлестiру жүйесi комитетiнiң Жiктеу пікiрлерінің компендиумы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) алдынала жiктеу шешімдерiнiң базасы, Комитеттiң, Ресей Федерациясы Федералды кеден қызметiнiң, Дүниежүзілік кеден ұйымының түсiндiрмелерi де пайдаланылады.

8 8. Сараптама жүргізiлген тауарларды жiктеу кезiнде кеден зертханасы немесе сараптама бөлiмi (бөлiмшесi) сарапшысының, не тауарлардың тәуелсiз сараптамасын жүзеге асыратын тiркелген сынақ зертханасының тауарды зерттеулер нәтижесi туралы актiсінің (анықтамасының) қорытындылары назарға алынады.

3 3. Кедендiк ресiмдеу бойынша операцияларды жүзеге асыратын кеден органы тиiстi бөлiмшелерiнiң тауарларды жiктеу жөнiндегi шешiмiн қабылдау тәртiбi

9

9. Кедендiк ресiмдеудiң екiншi кезеңiнде ЖКД мен оған қоса берiлетiн құжаттарды тексерудi жүзеге асыратын кеден органының қызметкерiнде (бұдан әрi - лауазымды адам) декларант СЭҚ ТН бойынша тауарлардың кодын дұрыс көрсетпегендiгiне күдiктерге негiздер пайда болған жағдайда, тауарлардың кедендiк ресiмдеуiн жүзеге асыратын лауазымды адам ЖКД бiрiншi бетiнiң артқы жағында "Тауарды жiктеу бойынша шешiмнiң қабылдануымен" деген жазбаны жасайды. Кеден органының тауарларды жiктеу жөнiндегi шешiмiнiң қабылдануына негіздер:

1 1) декларант Қазақстан Республикасында кедендiк ресiмдеу мақсаттары үшiн ЖКД-да мәлiмдеген тауарлар кодтарының экспорттық ЖКД тауарларының кодтарына сәйкес келмеуi;

2 2) декларант ЖКД-да мәлiмдеген тауарлар кодтарының тауарға iлеспе құжаттарда көрсетiлген тауарлардың кодтарына сәйкес келмеуi;

3 3) декларанттың СЭҚ TH-ды түсiндiрудiң негiзгі ережелерiн бұзушылығы болып табылады.

10 10. Тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн кеден органының басшысы, не оны алмастыратын тұлға сараптама өткiзу қажеттiлiгi туралы шешiмдi N 416 бұйрығында белгiленген тәртіппен қабылдайды.

11

11. Егер, сараптаманы өткiзуде қажеттiлiк болмаған жағдайда, лауазымды адам ЖКД-ны тексеру басталған күнiнен бастап екi күндiк мерзiмде осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес белгiленген нысанда, екi данада тауарды жiктеу жөнiндегi шешiмдi шығарады. Тауарды жiктеу жөнiндегi шешiмге кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн кеден органының басшысы, не оны алмастыратын тұлға қол қояды.
Кеден органдарының тауарларды жіктеу жөніндегі шешімдердің бланктері қатаң есептілік бланктері болып табылады, оларда осы Ереженің 1-1-қосымшасына сәйкес кеден органының кодын қоса алғанда баспаханалық әдіспен жасалған есептік сериясы мен нөмірі болады.

12 12. Декларант тауарды жiктеу жөнiндегi шешiмге келiскен жағдайда, кеден органының рұқсатымен ЖКД-да мәлiмделген мәлiметтер өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн. Көрсетiлген түзетулер ЖКД-ның электронды көшiрмесiнде де жүргiзiледi.

13

13. Декларант тауарды жiктеу жөніндегі шешiмге шағым келтiрген жағдайда, сондай-ақ посткедендiк бөлiмшелер жүргiзетiн тексерулер барысында тауарларды дәйексiз жiктеу анықталған жағдайда, тауарды жiктеу жөнiндегi шешiмдi кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган, облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi және кедендер қабылдайды. Уәкілетті орган тауарды жiктеу жөніндегі шешiмдi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің басқа бөлімшелерінің сұрау салулары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша қабылдайды.

4 4. Тауарды жiктеу бойынша қабылданған шешiмдердiң есебiн жүргізу

14 14. Кеден органы қабылдаған тауарларды жiктеу жөнiндегi шешiмдерiнiң есебiн жүргізу мақсатында белгіленген нысан бойынша Кеден органының тауарларды жiктеу жөнiндегi шешiмдердiң есебiн жүргізу журналы осы ереженiң 2-қосымшасына сәйкес жүргiзiледi.

Журнал номерленуi, тiгiлуi және кеден органының мөрi мен басшының қолымен расталуы тиiс.
Тауарды жiктеу жөнiндегi әр қабылданған шешiмге осы Ережеге қосымшаға сәйкес тiркеу номерi берiледi.

1 Кеден органының тауарды жiктеу жөніндегі шешiмi

Кеден органының тауарларды
жiктеу жөнiндегi шешiмiн
қабылдау ережесiне және
оның нысандарына 1-қосымша
Кеден органының тауарды жiктеу жөніндегі шешiмi
1. Та­у­ар­ды жiк­теу жө­нін­де­гі ше­шiм­дi қа­был­да­ған ке­ден ор­га­ны­ның ата­уы
2. Де­кла­рант
3. Тiр­кеу но­мерi
___ жы­л­ғы "___"_________
ХХХХX/ХХХХ
4. Берiл­ген күнi (күнi, айы, жы­лы)
5. Та­у­ар­дың ата­уы
6. Еура­зия эко­но­ми­ка­лық ода­ғы Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті­нің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­на сәй­кес та­у­ар­дың ко­ды және ата­уы
7. Та­у­ар ту­ра­лы мәлi­мет­тер, та­у­ар­дың си­патта­ма­сы:
8. Та­у­ар­ды жiк­теу (жүк ке­ден­дiк де­кла­ра­ци­я­ның но­мерi, ұсы­ны­л­ған та­у­ар­ға iле­с­пе құ­жат­тар, ке­ден­дiк зерт­ха­на неме­се capап­та­ма бөлi­мі (бө­лім­ше­сі) са­рап­шы­сы­ның қо­ры­тындысы, са­рап­та­ма, не та­у­ар­лар­дың тәу­ел­сiз са­рап­та­ма­сын жү­зе­ге асы­ра­тын тiр­кел­ген сы­нақ зерт­ха­на­сы­ның зерт­те­улерi нәти­же­лерi ту­ра­лы ак­тi­сі­нің (анық­та­ма­сы­ның) но­мерi) жөнiн­де­гi ше­шiм­дi қа­был­дау негіз­де­месi:
9. Қыз­мет­тiк бел­гiлер үшiн (нор­ма­тив­тiк ак­тiлер­ге сiл­те­ме­лер, ке­ден ор­га­ны­ның ше­шi­мi):
Орын­да­у­шы: __________ ________________________________ _________
(ла­у­а­зы­мы) (те­гi, аты, әкесiнiң аты) (қо­лы)
Ке­ден ор­га­ны­ның бас­шы­сы: ______________________________ _________
(те­гi, аты, әкесiнiң аты) (қо­лы)

1.1 Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды жіктеу жөніндегі алдын ала шешім, кеден құнын айқындау жөніндегі алдын ала шешім, тауарларды жіктеу жөніндегі кеден органының шешімі бланктерінің сериялары

Кеден органының тауарды жiктеу
жөніндегі шешiмiн қабылдау
ережесiне және оның нысанына
1-1-қосымша
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды жіктеу жөніндегі алдын ала шешім, кеден құнын айқындау жөніндегі алдын ала шешім, тауарларды жіктеу жөніндегі кеден органының шешімі бланктерінің сериялары
N
р/н
Ке­ден ор­ган­да­ры­ның ата­уы
Бланк­тер­дің
се­ри­я­ла­ры
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі
Ке­ден­дік ба­қы­лау ко­ми­те­ті
Аста­на қа­ла­сы бой­ын­ша Ке­ден­дік ба­қы­лау
де­пар­та­мен­ті
Ал­ма­ты қа­ла­сы бой­ын­ша Ке­ден­дік ба­қы­лау
де­пар­та­мен­ті
Ақ­мо­ла об­лы­сы бой­ын­ша Ке­ден­дік ба­қы­лау
де­пар­та­мен­ті
Ал­ма­ты об­лы­сы бой­ын­ша Ке­ден­дік ба­қы­лау
де­пар­та­мен­ті
Ақ­тө­бе об­лы­сы бой­ын­ша Ке­ден­дік ба­қы­лау
де­пар­та­мен­ті
Аты­рау об­лы­сы бой­ын­ша Ке­ден­дік ба­қы­лау
де­пар­та­мен­ті
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша Ке­ден­дік
ба­қы­лау де­пар­та­мен­ті
Жам­был об­лы­сы бой­ын­ша Ке­ден­дік ба­қы­лау
де­пар­та­мен­ті
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша Ке­ден­дік
ба­қы­лау де­пар­та­мен­ті
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы бой­ын­ша Ке­ден­дік
ба­қы­лау де­пар­та­мен­ті
Қы­зы­лор­да об­лы­сы бой­ын­ша Ке­ден­дік ба­қы­лау
де­пар­та­мен­ті
Қо­ста­най об­лы­сы бой­ын­ша Ке­ден­дік ба­қы­лау
де­пар­та­мен­ті
Маң­ғы­стау об­лы­сы бой­ын­ша Ке­ден­дік ба­қы­лау
де­пар­та­мен­ті
Пав­ло­дар об­лы­сы бой­ын­ша Ке­ден­дік ба­қы­лау
де­пар­та­мен­ті
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша
Ке­ден­дік ба­қы­лау де­пар­та­мен­ті
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша
Ке­ден­дік ба­қы­лау де­пар­та­мен­ті
"Бай­қо­ңыр" ке­де­ні
"До­стық" ке­де­ні
"Аста­на-жа­ңа қа­ла" ке­де­ні
KZ
KZA
KZБ
KZB
KZГ
KZД
KZЕ
KZД
KZЗ
KZИ
KZЛ
KZМ
KZН
KZО
KZП
KZС
KZТ
KZУ
KZХ
KZЦ

2 Кеден органының тауарларды жiктеу жөніндегі шешiмдердiң есебiн жүргізу журналы

Кеден органының тауарларды
жiктеу жөнiндегi шешiмiн
қабылдау ережесiне және
оның нысандарына 2-қосымша
Кеден органының тауарларды жiктеу жөніндегі шешiмдердiң есебiн жүргізу журналы
P/c
N
Жүк
ке­ден-
дiк
дек­ла-
ра­ция-
сы­ның
тiр­кеу
но­мерi
Дек-
ла-
рант-
тың
ата­уы
Сырт­қы
эко­но-
ми­ка-
лық
қыз-
мет­ке
қа­ты-
су­шы-
лар­дың
ата­уы
Са­лық
тө­ле­ушiнiң
тiр­кеу
но­мерi,
сырт­қы
эко­но­ми­ка-
лық қыз­мет-
ке қа­ты-
су­шы­ның
ме­кен-жайы
Та­у­ар­ды
жiк­теу
бой­ын­ша
ше­шiм­дi
қа­был­дау
күнi
мен
тiр­кеу
но­мерi
Та-
уар-
дың
ата-
уы
Ке­ден ор­га­ны
қа­был­да­ған
Еура­зия
эко­но­ми­ка­лық
ода­ғы Сырт­қы
эко­но­ми­ка­лық
қыз­метiнiң
та­у­ар но­мен-
кла­ту­ра­сы
бой­ын­ша та-
уар­дың ко­ды
1
2
3
4
5
6
7
9

3 Кеден органының тауарларды жіктеу жөніндегі шешімдердің тіркеу номерлерінің нысаны

Кеден органының тауарларды
жiктеу жөнiндегi шешiмiн
қабылдау ережесiне және
оның нысандарына 3-қосымша
Кеден органының тауарларды жіктеу жөніндегі шешімдердің тіркеу номерлерінің нысаны
1 - кеден органының коды
2 - кеден органының тауарды жіктеу жөніндегі шешімінің реттік номері;
3 - кеден органының тауарды жіктеу жөніндегі шешімін қабылдау күні.

Қолданыстағы