Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня документов, прилагаемых к заявке при сертификации услуг по светотехническому обеспечению полетов и энергоснабжению объектов аэропорта, аэродрома, аэронавигации, на внесение изменений и (или) дополнений в сертификат или получения дубликата и Программы сертификационного обследования услуг по светотехническому обеспечению полетов и энергоснабжению объектов аэропорта, аэродрома, аэронавигации

Бұйрық · № 206 · қабылданған 05.10.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25590/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Перечня документов, прилагаемых к заявке при сертификации услуг по светотехническому обеспечению полетов и энергоснабжению объектов аэропорта, аэродрома, аэронавигации, на внесение изменений и (или) дополнений в сертификат или получения дубликата и Программы сертификационного обследования услуг по светотехническому обеспечению полетов и энергоснабжению объектов аэропорта, аэродрома, аэронавигации Күшін жойған Бұйрық ·№ 206 ·05.10.2005
11.02.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня документов, прилагаемых к заявке при сертификации услуг по светотехническому обеспечению полетов и энергоснабжению объектов аэропорта, аэродрома, аэронавигации, на внесение изменений и (или) дополнений в сертификат или получения дубликата и Программы сертификационного обследования услуг по светотехническому обеспечению полетов и энергоснабжению объектов аэропорта, аэродрома, аэронавигации

Күшін жойған Бұйрық ·№ 206 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня документов, прилагаемых к заявке при сертификации услуг по светотехническому обеспечению полетов и энергоснабжению объектов аэропорта, аэродрома, аэронавигации, на внесение изменений и (или) дополнений в сертификат или получения дубликата и Программы сертификационного обследования услуг по светотехническому обеспечению полетов и энергоснабжению объектов аэропорта, аэродрома, аэронавигации
Атауы (қаз.)
Ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізбесі мен ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
206
Қабылданған күні
05.10.2005
Көрсетілген редакция
11.02.2010 AI25590_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.02.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003897_
ЭКБ идентификаторы
25590
Редакция идентификаторы
AI25590_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:19

0

Ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізбесі мен ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасын бекіту туралы
"Азаматтық авиация саласындағы қызметтерді сертификаттау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1187 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізбесі;

2 2) Ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасы бекітілсін.

2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Р.Ө.Адимолдаға жүктелсін.

3 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

0 Ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрлігінің
Азаматтық авиация комитеті
Төрағасының
2005 жылғы 5 қазандағы
N 206 бұйрығымен
бекітілген
Ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізбесі

1 1. Ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі Сертификат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар:

1 1) өтінім берушінің құрылтай құжаттары (кәсіпорынның заңды дербес ретінде жарғы көшірмесі немесе ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификатталатын қызмет құрамына кіретін ұйым жарғысының көшірмесі);

2 2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, жеке тұлға үшін жеке куәлік немесе төлқұжат, және заңды тұлға ретінде құрылмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжат;

3 3) жер учаскесін пайдалануға құқық беретін құжаттар;

4 4) санитарлық және экологиялық қадағалаудың мемлекеттік органдарының қорытындысы;

5 5) жеке құрамның міндетті сақтандыру түрлерін растайтын сақтандыру полистері;

6 6) ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау қызметтері туралы ереже;

7 7) ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау қызметтерінің құрылымдық схемасы;

8 8) ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау қызметтерінің штаттық кестесі мен персоналының нақты саны;

9 9) қызметтік нұсқаулықтың тізбесі;

10 10) ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау қызметі мен өзге де әуежайлар мен ұйымдар қызметтерінің арасында электрқондырғыларын пайдалануға жауапкершілікті шектеу актілері (шарттар, келісімдер);

11 11) ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау қызметтері объектілерінің тізімі;

12 12) Электрэнергиясын, электр жүйесін және подстансаларды пайдаланудың мемлекеттік лицензиясы;

13 13) әуежайды электрмен жабдықтау және олардың объектілерін электрмен қамсыздандыру схемасы (әуежай объектілерін жоғарғы вольтты және төменгі вольтты, негізгі және резервті электрмен қамсыздандыру схемалары);

14 14) жарықсигналды жабдықтар жүйелерінің орналасу сипаттамасы, құрамы мен схемасы;

15 15) әуежайдың өзге қызметтерінің және өзге ұйымдарының өзара қатынастарының схемасы;

16 16) электрқоректендіруді резервтеу және жедел қайта қосу жөніндегі нұсқаулық;

17 17) техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтың тізбесі;

18 18) технологиялық нұсқаулық тізбесі;

19 19) өрттік қауіпсіздік шаралары жөніндегі нұсқаулық тізбесі;

20 20) ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау қызметтерінің өлшеуіш құралдарының тізбесі;

21 21) метрология жөніндегі органдармен келісілген, міндетті метрологиялық тексеруге тиісті өлшеу құралдарының тізбесі;

22 22) Жарықсигналды жабдықтардың жазғы тексеру актілері;

23 23) ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыруды және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтауды жердегі тексеру актілері;

24 24) ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерін жүзеге асыруға негіз болатын нормативтік және басқару құжаттарының тізбесі.

2 2. Ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі сертификатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өтініш беруші беретін құжаттар:

1 1) қажетті негіздемелермен ерікті нысандағы өтініш;

2 2) бұрын берілген Сертификат оригиналы.

3 3. Сертификаттың телнұсқасын алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға ерікті нысандағы өтініш беріп алады.

4 4. Осы Тізімнің 1)-3) тармақшаларында белгіленген құжаттарды нотариалды куәландырылған көшірмелер түрінде беріледі.

Осы Тізімнің 4)-24) тармақшаларында белгіленген құжаттар өтінім беруші ұйымның бірінші басшысымен және мөрмен куәландырылған көшірмелері түрінде беріледі.

5 5. Өтінім (өтініш) берген кезде ұсынылатын құжаттар кез келген, қарау үшін және пайдалану үшін қолайлы бірізділігінің жинақталуы мүмкін. Осы жағдайда бірінші бетте беттердің нөмірлері белгіленіп ұсынылатын құжаттарының тізімі белгіленеді.

Ұсынылатын құжаттамаларының құрамына енгізілетін барлық материалдар екі данада (уәкілетті орган мен өтінім беруші үшін бір бірден) рәсімделеді.

6 6. Түзетілген, қолмен және мөрмен расталмаған құжаттар қарауға қабылданбайды.

0.1 Ұшуды жарықтехникалық қамтамасыз ету және әуежай, әуеайлақ, аэронавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасы

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің Азаматтық
авиация комитеті Төрағасының
2005 жылғы 5 қазандағы
N 206 бұйрығымен бекітілген
Ұшуды жарықтехникалық қамтамасыз ету және әуежай, әуеайлақ, аэронавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасы
Ұйымның атауы: ____________________________________________________
Тексерілген күні, бұйрық N: _______________________________________
Тексерушілердің Т.А.Ә.а, лауазымы: ________________________________
________________________________
________________________________
р/с N
Бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша по­зи­ци­я­лар нө­мір­ле­рі және тек­се­рі­ле­тін эле­мент­тер
Сәй­кест­ік ба­ға­сы Иә (+), Жоқ (-)
Сәй­кес- сіз­дік по­зи­ция- сы­ның N
1
2
3
4
1.
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­та­ма жиын­тығ­ы­ның бо­луы және сәй­кест­і­гі
1)
Сәй­кест­ік сер­ти­фи­ка­тын алу­ға өті­нім
2)
Өті­ніш бе­ру­ші­нің Жар­ғы­сы (құ­ры­л­тай шар­ты)
3)
Заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі,  же­ке тұл­ға үшін же­ке ку­ә­лік неме­се төл­құ­жат  және заң­ды тұл­ға ре­т­ін­де құ­рыл­май кә­сіп­кер­лік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға құқық бе­ре­тін құ­жат
4)
Өті­ніш бе­ру­ші­нің ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық құ­ры­лы­мы, штат кесте­сі, жүк­тел­ген функ­ци­я­лар­ды орын­да­у­ға жет­кі­лік­ті­лі­гі
5)
Бас­шы құ­рам­ның және ма­ман­дар­дың (қыз­мет­кер­лер­дің) мін­дет­те­рі мен жа­у­ап­кер­ші­лі­гін бел­гі­лей­тін ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­тар
6)
Ең­бек және өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия қа­уіп­сіз­ді­гін, өрт қа­уіп­сіз­ді­гін  қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тар
7)
Осы қыз­мет тү­рі бой­ын­ша қыз­ме­ті жү­зе­ге асы­ры­ла­тын құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі мен бар бо­луы
8)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2003 жы­л­ғы 17 шіл­де­де­гі N 712 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы әуе ке­ңі­сті­гін­де ұшу негіз­гі ере­же­ле­рі­нің 58, 59 тар­мақ­та­ры­на сәй­кес Ұшу­ды орын­дау жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тан, пай­да­ла­ну­дың жер­гі­лік­ті ерекше­лік­те­рін және әу­е­ай­лақ­та­ғы қол­да­ны­с­та­ғы шек­те­улер­ді есеп­ке ала оты­рып, осы әу­е­ай­лақ­та­ғы ұшу­лар­ды орын­дау тәр­ті­бі бе­кі­ле­тін әу­е­на­ви­га­ци­я­лық төл­құ­жа­ты­нан үзін­ді
9)
Же­ке құ­рам­ға ме­ди­ци­на­лық қыз­мет көр­се­ту (ауы­сым ал­дын­да­ғы ме­ди­ци­на­лық тек­се­ру)
10)
Са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық және эко­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры­ның қо­ры­тын­ды­ла­ры
11)
Ат­қа­ру­шы­лық және пай­да­ла­ну-тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­ның бар бо­луы және қол­да­ны­с­та­ғы нор­ма­лар мен та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі (жа­рық сиг­нал бе­ру жабды­ғы­ның құ­ра­мы, кі­ші жүй­е­лер­де жа­рық­тар, кі­ре­бе­ріс жа­рық­та­ры­ның про­филь­де­рі ор­на­ла­су сыз­ба­сы, құ­ры­л­ғы би­ік­ті­гі, жа­рық­тар лам­па­ла­ры­ның тү­сі мен қу­ат­ты­лы­ғы бой­ын­ша)
12)
Пай­да­ла­ну ба­ры­сын­да так­ти­ка-тех­ни­ка­лық си­патта­ма­лар­дан ауыт­қу­лар­дың бар бо­луы (жаб­дық­ты, ка­бель же­лі­ле­рін тек­се­ру, сы­нау хат­та­ма­ла­ры бой­ын­ша, есеп­ке алу жур­на­лы)
13)
Жа­рық сиг­нал бе­ру жабды­ғы­ның ұшу тек­се­ру­і­нің ак­ті­сі
14)
Жаб­дық­тың бұ­зы­луы мен ақа­у­ла­рын есеп­ке алу және олар­ды жою, фор­му­ляр­лар­ды, пас­порт­тар­ды, пай­да­ла­ну жур­нал­да­рын жүр­гі­зу са­па­сы
15)
Пай­да­ла­ну құ­жат­та­ма­сын­да­ғы жа­з­ба­лар бой­ын­ша бөл­шек­тер­ді ауы­сты­ру мен жа­рық сиг­нал бе­ру жабды­ғы­ның тех­ни­ка­лық бұ­зы­лу­дың жиын­тық жа­з­ба­сы және қо­сал­қы ас­пап­тар мен құ­ры­л­ғы­лар­дың жи­нақ­тығы
16)
Жаб­дық­тар­ға сәй­кест­ік сер­ти­фи­кат­та­ры
2.
Жа­рық­тех­ни­ка­лық жаб­дық
1)
Тек­се­ру ак­ті­сі­нің (хат­та­ма­сы­ның) бар бо­луы
2)
Жа­рық ар­ма­ту­ра­сы­ның жай-күйі (за­қым­дан­ған кор­пу­стар­дың, ша­ғыл­дыр­ғы­штар­дың, лин­за­лар­дың, бо­я­у­дың)
3)
Жа­рық­тар­ды бе­кі­ту мен рет­теу бөл­шек.
Те­рі­нің жай-күйі
4)
Шы­ғың­қы жер­лер­дің жай-күйі және қа­уіп­сіз­дік­тің соң­ғы жо­ла­ғы мен қа­уіп­сіз­дік­тің жа­на­ма жо­ла­ғы­ның үсті­нен шы­ғып тұ­ра­тын жа­рық бе­кі­ту­ле­рі­нің жоқ бо­луы
3.
Транс­фор­ма­тор­лық ша­ғын стан­ци­я­лар­дың жабды­ғы
1)
Тек­се­ру ак­ті­сі­нің (хат­та­ма­сы­ның) бар бо­луы
2)
Тө­мен­гі вольт­ті құ­ры­л­ғы­лар және та­ра­ту қал­қан­да­ры
3)
Мон­таж, түй­і­су, бе­кі­ту, сым­дар­ды, ка­бель­дер­ді таң­ба­ла­удың  жай-күйі
4)
Электр ав­то­мат­та­ры­ның қон­дыр­ғы­ла­ры то­ғы­ның қо­сы­л­ған электр қа­был­да­ғы­штар қу­ат­ты­лы­ғы­на сәй­кест­і­гі
5)
Ток өт­кіз­гіш тіз­бек­те­рі­нің  оқ­ша­ла­ну ке­дер­гі­сін, жер­ге қо­су кон­тур­ла­рын тек­се­ру­дің хат­та­ма­ла­ры
6)
Жа­рық­тық рет­те­гіш­те­рі­нің және бас­қа да электр тұ­ты­ну­шы­лар­дың электр қо­рек­те­ну тіз­бек­те­рін қор­ғау
4.
Жа­рық­тық рет­те­гі­ші
1)
Тек­се­ру ак­ті­сі­нің (хат­та­ма­сы­ның) бар бо­луы
2)
Мон­таж­дың, түй­і­су­дің, жи­нақ­тық бұй­ым­дар­дың, бе­кі­ту­дің, сым­дар­дың, ка­бель­дер­ді таң­ба­ла­удың жай-күйі
3)
Ток өт­кіз­гіш бөл­шек­те­рі­нің, жер­ге қо­су­лар­дың ке­дер­гі­сі мен оқ­ша­ла­нуы
4)
Жа­рық­тық­тың бар­лық дә­ре­же­ле­рін­де шы­ғу ток­та­ры өл­шем­де­рі­нің жұ­мысқа қа­бі­лет­ті­лі­гі мен сәй­кест­і­гі, ток пен кер­неу бой­ын­ша қор­ғаудың жұ­мыс іс­те­уі
5.
Жа­рық­тар­ды қа­шық­тан бас­қа­ру ап­па­ра­ту­ра­сы
1)
Тек­се­ру ак­ті­сі­нің (хат­та­ма­сы­ның) бар бо­луы
2)
Ко­ман­да­лық дис­пет­чер­лік пунк­ті­нен жа­рық­тық­ты рет­те­гіш­тер­ге дей­ін бай­ла­ныс же­лі­ле­рі тал­шық­та­ры­ның ом­дық ке­дер­гі­сін өл­шеу хат­та­ма­ла­ры
3)
Қа­шық­тан бас­қа­ру ап­па­ра­ту­ра­сы      жұ­мысқа қа­бі­лет­ті­лі­гі: жер­гі­лік­ті және же­дел бас­қа­ру па­нель­де­рі­нен бас­қа­ру ко­ман­да­ла­ры өту­дің дұ­ры­стығы, мне­мо­сыз­ба­да олар­ды орын­дау ту­ра­лы сиг­нал бе­ру­ді алу, бай­ла­ныс же­лі­сі үзі­лу ке­зін­де және жа­рық сиг­нал бе­ру жабды­ғы­наң  бе­рі­л­ген жай-күй­і­нің ко­ман­да­лық дис­пет­чер­лік пункт­та­ғы электр же­лі­сі­нің кер­не­уі жой­ы­лу ке­зін­де сақ­та­луы
4)
Қон­ды­ру дис­пет­че­рі­нің қа­шық­тан бас­қа­ру ап­па­ра­ту­ра­сы­нан түй­ме­лер бой­ын­ша кі­ші жүй­е­лер жа­рық­та­рын таң­да­удың дұ­ры­стығы
5)
Қа­шық­тан бас­қа­ру ап­па­ра­ту­ра­сы пульт­те­рі ор­на­ла­суы­ның нор­ма­лар­ға сәй­кест­і­гі
6.
Ре­зерв­тік ав­то­ном­дық қо­рек­тен­ді­ру
1)
Тек­се­ру ак­ті­сі­нің (хат­та­ма­сы­ның) бар бо­луы
2)
Ди­зель ге­не­ра­тор­дың  жиын­тығы, оның жабды­ғы­ның сәй­кест­і­гі, оны құ­ра­с­ты­ру
3)
Жұ­мысқа қа­бі­лет­ті­лі­гі және іс­ке қо­су уа­қы­ты­ның та­лап еті­ле­тін нор­ма­ла­ры­на сәй­кест­і­гі, кер­не­уді қо­су ке­зін­де өл­шем­дер­дің (жи­і­лік пен кер­не­удің) сақ­та­луы
4)
Ак­ку­му­ля­тор­лық ба­та­ре­я­лар­ды  ав­то­мат­ты қо­рек­тен­ді­ру ап­па­ра­ту­ра­сы
5)
Ди­зель-ге­не­ра­тор ав­то­ма­ти­ка­сы­ның ап­па­ра­ту­ра­сы
7.
Жа­рық сиг­нал бе­ру жабды­ғы жүй­е­сі­нің ка­бель­дік ком­му­ни­ка­ци­я­ла­ры
1)
Ка­бель­дер­дің жо­ға­ры кер­не­уі­мен сы­нау өт­кі­зу­дің хат­та­ма­ла­ры
2)
Ка­бель­дік шы­ғыр­шық­тар­дың (ка­бель)  оқ­ша­ла­ну ке­дер­гі­сі­нің хат­та­ма­ла­ры
8.
Өрт­ке қар­сы - кү­зет жабды­ғы
1)
Өрт­ке қар­сы - кү­зет жабды­ғы­ның (вен­ти­ля­ци­я­ның) бар бо­луы, жиын­тығы және жұ­мысқа қа­бі­лет­ті­лі­гі
ЕСКЕРТПЕ:
(*) осы пайдаланушы үшін міндетті емес;
(-1) пайдаланушы сертификатын беруге кедергі келтіретін
сәйкессіздіктер;
(-2) келісілген мерзімде жою немесе шектеулер енгізу шартында
пайдаланушы сертификатын беруге кедергі келтірмейтін
сәйкессіздіктер;
(-3) пайдаланушы сертификатын беруге кедергі келтірмейтін
және де өндіріс пен сапа жүйесін жетілдіру кезінде жоюға жататын
сәйкессіздіктер.
Ұшуды жарықтехникалық қамтамасыз ету және әуежай,
әуеайлақ, аэронавигация объектілерін энергиямен
жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттық
тексеру бағдарламасына сәйкессіздіктер тізбесі
___________________________________________________________
(өтінім берушінің атауы)
Сер­ти­фи­кат­тық тек­се­ру­дің бағ­дар­ла­ма­сын­да­ғы сәй­кес­сіз­дік по­зи­ци­я­сы­ның N
сәй­кес­сіз­дік­тің си­патта­ма­сы
Ес­керт­пе
1
2
3
Тексерушілер: ___________________________________________________
___________________________________________________
___________________________________________________
___________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.а)

Таныстым: ___________________________________________________
(ұйымның басшысы, қолы, Т.А.Ә.а)

Сертификаттық тексеру жүргізілген күн: 200__ жылғы "___"__________

Қолданыстағы