Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил направления запросов банкам и организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, для предоставления сведений в отношении бездействующего юридического лица

Бұйрық · № 433 · қабылданған 26.09.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-25592/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил направления запросов банкам и организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, для предоставления сведений в отношении бездействующего юридического лица Күшін жойған Бұйрық ·№ 433 ·26.09.2005
29.12.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил направления запросов банкам и организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, для предоставления сведений в отношении бездействующего юридического лица

Күшін жойған Бұйрық ·№ 433 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил направления запросов банкам и организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, для предоставления сведений в отношении бездействующего юридического лица
Атауы (қаз.)
Әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты мәлiметтердi беру үшiн банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға сұрау салуды жiберу ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
433
Қабылданған күні
26.09.2005
Көрсетілген редакция
29.12.2008 AI25592_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003900_
ЭКБ идентификаторы
25592
Редакция идентификаторы
AI25592_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:22

0 Әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты мәлiметтердi беру үшiн банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға сұрау салуды жiберу ережесiн бекiту туралы

"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексi (Салық кодексi) 16-бабының 1-тармағы 9) тармақшасын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :

1 1. Қоса берiлген Әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты мәлiметтердi беру үшiн банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға сұрау салуды жiберу ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Салық әкiмшiлiктендiруi басқармасы (А.М.Қыпшақов) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жiберсiн.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Салық комитетi Төрағасының Бiрiншi орынбасары Н.Д.Yсеноваға жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
Агенттігінің Төрағасы
2005 жылғы 20 қыркүйек

0 Әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты мәлiметтердi беру үшiн банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға сұрау салуларды жiберу ережесi

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Салық комитетi Төрағасының
2005 жылғы 26 қыркүйектегі
N 433 бұйрығымен бекiтiлген
Әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты мәлiметтердi беру үшiн банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға сұрау салуларды жiберу ережесi

1

1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 16-бабына сәйкес әзiрленген және салық қызметi органдарының сұрау салуларды жiберуi мен банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың әрекетсiз заңды тұлғалардың банкi шоттарының бар-жоқтығы мен нөмiрлерi жөнiнде, осы шоттарда ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәлiметтердi (бұдан әрi - ақпарат) беру тәртiбiн айқындайды.

2

2. Салық кодексiнiң 525-бабы 2-тармағына сәйкес әрекетсiз заңды тұлға болып корпорациялық табыс салығы туралы декларацияны немесе жеңiлдетiлген декларацияны Салық кодексiнде белгiленген оларды беру мерзiмiнен бiр жыл өткеннен кейiн бермеген заңды тұлға танылады, бұған аталған декларацияларды беру жөнiндегi талаптар қолданылмайтын салық төлеушiлер қосылмайды.

3 3. Қазақстан Республикасы Салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шартты түрде шығарып тастау үшiн әрекетсiз заңды тұлғаны айқындау рәсiмi жылына бiр рет жүзеге асырылады.

4

4. Әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты ақпаратты алу үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Салық комитеті (бұдан әрi - Салық комитетi) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға сұрау салуларды ақпаратты технологияларды пайдаланумен электронды түрде жiбередi және оның орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

5 5. Алған сұрау салулар негiзiнде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар ақпаратты технологияларды пайдаланумен электронды түрде Xml-форматта Салық комитетiне орталықтандырылған тәртiпте тапсырады.

6 6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар сұрау салуларды алған күннен отыз күнтiзбелiк күн iшiнде осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысанда әрбiр әрекетсiз заңды тұлға бойынша ақпаратты Салық комитетiне тапсырады.

7 7. Ақпаратты әрекетсiз заңды тұлғаның барлық банкi шоттары бойынша оны жiберу күнiнен бастап тапсырылады.

8 8. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан ақпарат Салық комитетiнiң ақпараттық жүйесiнiң орталық деңгейiне келiп түседi және әрекетсiз заңды тұлғаны тiркеу орны бойынша салық органдарына жiберiледi.

9 9. Салық органдары заңды тұлғаға қатысты ақпаратты алысымен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген iс-шаралар қабылдайды.

10 10. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген тәртiппен шешiледi.

1 200__ жылдың "__" ______ 200__ жылдың "__"______ мерзiмi үшiн әрекетсiз заңды тұлғалардың банкi шоттарының бар-жоқтығы мен нөмiрлерi жөнiнде, шоттарда ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәлiметтер

Әрекетсiз заңды тұлғаға
қатысты мәліметтердi беру
үшiн банктерге және банк
операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдарға сұрау салулар
жiберу ережесiне қосымша
200__ жылдың "__" ______ 200__ жылдың "__"______ мерзiмi үшiн әрекетсiз заңды тұлғалардың банкi шоттарының бар-жоқтығы мен нөмiрлерi жөнiнде, шоттарда ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәлiметтер
p/c
N
Әре­кет­сiз заң­ды тұл­ға
бан­кi шот­та­рын аш­қан бан­кiнiң, оның құ­ры­лым­дық бөлiм­ше­сi­нің де­ректе­ме­лерi
бан­кi
шоты­ның
тү­рі
шоттың
ва­люта­сы
шоттың
нөмі­рі
Ке­зең
ба­сында­ғы
бан­кi
шо­тын­да
ақ­ша­ның
қал­ды­ғы
СТН
ата­уы
СТН
БЖК
ата­уы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Әре­кет­сiз заң­ды тұ­лға­лар­дың бан­кi
шот­та­рын­да­ғы ақ­ша­ның қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы
бан­кi шо­ты­на ақ­ша­ның тү­суi
кү­ні
тө­лем-
нiң
со­ма­сы
ақ­ша­ны жi­бе­ру­шi
жi­бе­ру­шi-бан­кiнiң
де­ректе­ме­лерi
төлем­нің мақ­са­ты
СТН
ата­уы
СТН
БЖК
ата­уы
11
12
13
14
15
16
17
18
Әре­кет­сiз заң­ды тұ­лға­лар­дың бан­кi
шот­та­рын­да­ғы ақ­ша­ның қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы
Ке­зең
со­ңында­ғы
бан­кi
шо­тын­да
ақ­ша­ның
қал­ды­ғы
бан­кi шо­ты­нан ақ­ша­ны ауда­ру
кү­ні
Тө­лем-
нiң
со­ма­сы
Ақ­ша­ны алушы
алушы-бан­кi­нің
де­ректе­ме­лерi
тө­лемнің
мақса­ты
СТН
ата­уы
СТН
БЖК
ата­уы
19
20
21
22
23
24
25
26
27

Қолданыстағы