О правилах благоустройства и обеспечения санитарного состояния города Экибастуза Қолданыста
Басқа 0
ЕкібастҰз қаласын көріктендіру және санитарлық жағдайын қамтамасыз ету Қағидасы туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" № 148-11 Заңының 6-бап 1- тармағының 8-тархмақшасының, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" № 361 Заңының негізінде, қаланың әсемдік түрін және экологиялық жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Екібастұз қаласын көріктендіру және санитарлық жағдайын қамтамасыз ету қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2001 жылғы 30 наурыздағы (II шақырылған IX сессия) "Екібастұз қаласын көріктендіру, санитарлық жағдайды қамтамасыз ету және жасыл желекті қорғау Қағидасы туралы" (2001 жылғы 28 сәуірдегі МТН 657, жарияланған газеті: "Голос Экибастуза" 2001 жылғы 15 маусымдағы № 24) шешімі мен Екібастұз қалалық мәслихатының 2004 жылғы 7 мамырдағы (III шақырылған V сессия) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2001 жылғы 30 наурыздағы (II шақырылған IX сессия) "Екібастұз қаласын көріктендіру, санитарлық жағдайды қамтамасыз ету және жасыл желекті қорғау Қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (20.04 жылғы 19 мамырдағы МТН . 2484, жарияланған газеттері:"Отарқа" 2004 жылғы 3 масымдағы № 23, "Вести Экибастуза" 2004 жылғы 3 маусымдағы № 23) № 3.59 шешімінің күші жойылған деп танылсын.
Басқа 3. Екібастүз қаласын коріктендіру және санитарлық жағдайын қамтамасыз ету ҚАҒИДАСЫ
Екібастүз қалалық мәслихатының
2005 жылғы 9 қыркүйектегі
(III щақырылған XVII сессия)
"Екібастұз ' қаласын көріктендіру
және санитарлық жағдайын қамтамасыз
ету Қағидасы туралы" №225/17
шешімімен бекітілген
1. ПАСПОРТ
Атауы: Екібастүз қаласын көріктендіру және санитарлык жағдайын
қамтамасыз ету Қағидасы туралы
Әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлык-эпидемиологиялық
негіздеме: салауаттылығы туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының "Жол жүру
ережелері туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны
қорғау туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының "Сәулет және қала
құрылысы туралы" Заңы.
Негізгі
Әзірлеуші: «Екібастүз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі,
Екібастүз қаласы бойынша мемлекеттік санитарлык-эпидемиологиялық
қадағалау Департаменті басқармасы, Екібастүз қалалық ішкі істер бөлімі,
"Екібастүз қаласы әкімдігінің қала құрылысы және құрылыс бөлімі"
мемлекеттік мекемесі.
Үйлестіруші: "Екібастүз тұрғын-үй коммуналдык шаруашылығы, жолаушылар
көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Мақсаттары: Қаланың әсемдік түрін және экологиялық орнықтылығын,
сәулеттілік-ландшафтты ортаның үйлесімділігін, қоршаған орта мен
санитарлық жағдайдың сапасын жақсартуды қамтамасыз ету.
Міндеттері: Қаланың инфрақұрылымын іске асыру мен қала тұрғындарының
әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін мейлінше қанағаттандыруды
қамтамасыз ету үшін жағдай туғызу үшін қайта құру бойынша барынша
түсіндіріп тарату, қаланың әлеуметтік-тұрмыстық
мәселелері мен көріктендіру деңгейін арттыруды шешу бойынша
алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелерді насихаттау. Қаланың экологиялық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи экологиялық ортаның
бұзылуын қалпына келтіру.
Күтілетін Өндірісте көріктендіру бойынша тәртіпті, оның
нәтижелер: элементтерін қорғау мен пайдалануды қамтамасыз
ету. Түрғындардың санитарлық эпидемиологиялық
қолайлы өмірін қамтамасыз ету.
Екібастүз қаласын коріктендіру және санитарлық жағдайын қамтамасыз ету ҚАҒИДАСЫ
Тарау 1. 1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Тармақ 1
1. Аумақты көріктендіру - қала төңірегінде адамның ыңғайлы, қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ететін жұмыстар мен элементтердің жиынтығы.
Тармақ 2
2. Инженерлік көздер мен ғимараттар - қала тұрғындары мен кәсіпорындарды жылу, су, электр қуаты, сонымен қатар қала аумағынан үстірт суларды жинау мен қайтаруды қамтамасыз етуге арналған, қаланы инженерлік көріктендірудің маңызды элементтері.
Тармақ 3
3. Жасыл желектер санитарлық-гигиеналық және экологиялық
жағдайларды, көріктендіру деңгейін көтеру және сәулеттік жер бетінің
өзіндік ерекшелігі қамтылған бір бөлігін көркейтуді қамтамасыз ететін
қала шешімінің жоспарланған элементтері (гүлзәрлар, ағаштар, бүталар).
Тармақ 4
4. Жер жұмыстары-аумақты қазу, себу, қайта себу, шұңқырларды әзірлеу.
Тармақ 5
5. Жер пайдаланушы - мақсат пен нысанына қарамастан (кәсіпорын, ұжым, сауда құрылымдары, жеке кәсіпкерлер, үй иелері, жалдаушылар, пәтер меншік кооперативтері және т.б.) қаланың шегінде жер учаскелерін пайдаланатын заңды және жеке түлғалар.
Тармақ 6
6. Үй иесі - жеке меншікте үй құрылысы бар заңды және жеке түлға.
Уәкілетті орган-атқарушы органның шешімімен анықталған мемлекеттік мекеме.
Тармақ 7
7. Шектелген аумақ-уәкілетті органның шешіміне сәйкес, өздеріне қатысты объектілерді (ғимараттар, көлік желісі және басқалар) жер пайдаланушыға тапсырған жер учаскесі.
Тармақ 8
8. Бекітілген аумақ-уәкілетті органмен күтуге және қызмет көрсетуге аумақты заңды және жеке тұлғаға тапсырып, бекіткен жер учаскесі.
Мыналар қаланың шегінде бекітілген аумақтар болып табылады:
Тармақша 1
1) қала көшелерінің аумақтары ( тротуарлар, газондар және басқа көріктендіру элементтері) ұзындығынан - құрылыс аумағының созылуына, көлденеңінен - екі жақты құрылыстары бар жүру бөлшегінің ортасына дейін және барлық көлденеңіне дейін - жалғыз жақты құрылысы болса;
Тармақша 2
2) меншік пәтер кооперативі, кондоминиум және басқа (бір аулада бірнеше жер пайдаланушы болса, бекітілген аумақ бөлінген аумағының біркелкі шекарасымен немесе екі жақты келісіммен анықталады) бөлінбеген аула ішіндегі уалаяттар;
Тармақша 3
3) бөлінген аумақтың периметрі бойынша ара қашықтығы 50 метр аумақ.
Тармақ 9
9. Көше - жол бөлшегі, тротуарлар, жасыл көшеттер, аялдамалар,
жер астындағы және жер үстіндегі инженерлік көздер орналасқан қала
аумағы.
Тармақ 10
10. Қоғамдық орындар - жалпы пайдаланымдағы демалыс аумақтары, бақтар, алаңдар, қала көшесінің ортасыңдағы кең серуен жолдар және басқа объектілер.
Тармақ 11
11. Құрылысқа толмаған аумақ, жобалаудың негізгі мөлшерін қолдануды шектейтін жер үстіндегі және жер астындағы құрылыстың барлық түрлері жоқ аумақ.
Тарау 2. 2. Жалпы қағидалар
2. Жалпы қағидалар
Тармақ 12
12. Көріктендіру тәртібін анықтау, санитарлық жағдайды
қамтамасыз ету, жер жұмыстарының өндірісі мен ыңғайлы, қала
аумағындағы адамдардың қолайлы өмір қызметін қамтамасыз ететін
Екібастүз қаласындағы жасыл желектер - осы Қағиданың мақсаты болып
табылады.
Тармақ 13
13. Тазалық пен тәртіпті үнемі қолдау мақсатымен кәсіпорын ұжымдары, мекемелер, қоғамдық және кооперативтік ұйымдар тұрғындарға бөлінген және бекітілген аумақтарды жинау және жасыл желектерді күту үшін міндетті түрде қатысу болып саналады.
Тармақ 14
14. Меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар, жеке үй иелері өздеріне бөлінген және бекітілген аумақтарында құрылыстық және санитарлық мөлшерлерге байланысты өздерінің есепшотынан шығындалуы керек.
Тармақша 1
1) тұрғын, мәдени-тұрмыстық, әкімшілік, өнеркәсіптік пен сауда ғимараттары, вокзалдар, аэропорттар, алаңдар және оларға жақын басқа аумақ объектілері;
Тармақша 2
2) көшелер, алаңдар, жолдар, аула маңы, тротуарлар, демалыс алаңдары мен көпшілік дем алатын орындар, нарықтар мен нарық алаңдары, қала зираттар,ы оған жақын аумақтар мен автокөліктер қоятын көлік тұрақтары;
Тармақша 3
3) қоршаулар, шектеулер, өсімдік отырғызған шекгемелер, жарнаманың барлық түрлері мен жарнамалық кондырғылар, ғимараттар мен ескерткіштерге қойылған әсемдік жылтырақтар, көшені гкарық қылатын шамдар, ілінділер, зершынылар, сүйеніш бағандары, көше сағаттары, ескерткіш тақталар, көше аттарының көрсеткіштері, үйдің нөмірлік белгілері, бақтағы орындықтар, қоқыс төгетін ыдыстар, орамдар, орындық алаңдары және жолаушылар көлігінің аялдамасында салынған ғимараттар;
Тармақша 4
4) жол құбырлары, су құбырлары, трансформаторлық қондырғылар, көшелердің жол жапқыштары мен алаңдар, көшенің қозғалыстарын реттейтін белгілер, телефондық үйшіктер, радиохабар беретін құрылғылар, антенналар, қадағалау орындары, телефондық байланыстар мен метеорологиялық қызметтер, диспетчер қызметтерінің келіссөз құрылғылары, көмек стансалары және басқа гидротехникалық стансалар, инженерлік-техникалық және санитарлық құрылыстар;
Тармақша 5
5) бөлінген және бекітілген аула аумақтары: оларды жиі көріктендіру, жөндеу, жинау, сыпыру, суару, жуу, қар мен қоқыстарды шығару, топырақты себу, су жолдарын тазалау қоқыстар мен жапырақтарды өртеуге жол бермеу керек;
Тармақша 6
6) агротехникалык шаралардың тояык кешенін жүргізу суару, кесу, діңдерін әктеу, түбірдің жанындағы өсінділерді жою, тыңайтқыштар қосу, дің жанындағы шеңберді қопсыту, ағаш жараларын сырлау, зарасыздандыру, ағаштағы шұңқырларды жабу, шөптерді шабу;
Тармақша 7
7) зиянкестер мен карантиндік арам шөптерді (повилика, амброзия және басқалар) жиі жойып отыру үшін мамандандырылған қызметтермен келісім бойынша жұмыс жүргізу.
Тармақша 8
8) жыл сайын, сәуір - мамыр айларында қалалық аумақтарды көріктендіру мен санитарлық тазалыққа арналған айлық жүргізу.
Тармақша 9
9) жер астындағы байланыс иелеріне жөндеу жұмыстарын
уақытымен өндірген соң бұзған көріктендіруді қалпына келтіру.
Тарау 3. 3. Қалалық аумақты жинау тәртібі
3. Қалалық аумақты жинау тәртібі
Тармақ 15
15. Кәсіпорындар (меншіктің барлық түрлері), мекемелер, қоғамдық
ұйымдар, жеке пәтер кооперативтері, кондоминиумдар, жайларды
иеленген немесе жалдаған жеке тұлғалар, азаматтар бекітілген және
бөлінген аумақтарын жинап, қоқысты жабдықталған контейнерлік алаңда,
әдейі бөлінген орындарда орнатқан типтік контейнерлерге жинап,
қалалық қоқыс төгетін жерге өз күштерімен апарады немесе аула
жинаушы штатын ұстайды немесе мамандандырылған кәсіпорындармен
келісім негізінде осы жұмыстарды орындайды.
Бөлінген және бекітілген аумақтарды жинаудан басқа көшелерді, алаңдарды және т.б. аумақтарды суару, жуу керек.
Тармақ 16
16. Көшелер мен алаңдардың өңделген жабуларын тетіктелген жинау жоспар бойынша сағат таңғы 4-тен 6-ға дейін және қажет кезінде бір күннің ішінде орындалады.
Түнгі уақытта жинау кезінде (маусымға карамастан) шудың алдын алатын шара қолданылуы керек.
Аса шаңдалған көшелер кемінде күн сайын екі рет, сонымен қатар күндіз бір рет суарылуы керек.
Тармақ 17
17. Көшелерге жақын жол көздемелердегі өсімдік өсіретін жерлер «қызыл сызықтың» шекарасындағы қоғамдық көліктің қозғалысындағы қиылыстар, қалталар мен автобус аялдамаларында отыратын алаңдар, автожолдық көпірлер, алаңдар, жол құбырлары, қала көшесінің ортасындағы кең серуен жолдары, зираттардың аумақтарын (жеке меншіктегінен басқалары) жинау қалалық бюджет қаржы есебінен орындалады.
Тармақ 18
18. Теміржол жолдары мен көпірлер шабылған, себілген жерлер, көлік жүретін жолдар, жолдардан өтетін өткелдер, шеткі рейстен ені 10 метр аумақтар, сол орындарды пайдаланатын теміржол ұйымдары өз күштері мен қаражатын жұмсау арқылы жинайды.
Тармақ 19
19. Автовокзалдарды, көлік шаруашылықтарының диспетчерлік орындарын, диспетчерлік қызметкерлермен байланысқан келіссөздік қондырғылар мен оларға бекітілген аумақтарды, көлік шаруашылығы солардың балансында болса орындалады.
Тармақ 20
20. Инженерлік - техникалық және гидротехникалық ғимараттардың
жанындағы (газгольдерлер, ПТ, т.с.с.) аумақтарды жинау және өз
қармағында ұстау осы. ғимараттардың иелерімен іске асады.
Тармақ 21
21. Сауда жасайтын ұйымдар, сауда нүктелері мен басқа да
халыққа қызмет ету пункттеріңдегі жеке адамдар, сонымен қатар сол
жайларды жалдаушылар күні бойы тазалықта ұстайды және жұмыс
аяқталған соң қоқыстар мен кірден тазартып, радиусы 10 метрде
жиналған қоқыстарды өз контейнерлеріне артады.
Дүңгіршектер, шатырлар, ұсақ саудалық павильондар және дүкендердің жанында қап, күпсек, қорап, жәшік пен тауар қорларын, сонымен қатар бекітілген уалаяггарды қойма ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 22
22. Полигонның тұрмыстық қалдықтары мен қоғамдық
әжетханалардың жағдайы келісім негізінде қалалық бюджеттің
қаражатынан субъект меншіктерінің қармағында болады.
Тармақ 23
23. Нарық аумақтары мен нарық алаңдары, қалдықтар жиынтығын тазалау және оларды тазалықта ұстау, жинау нарықты иеленушілерге міндеттеледі. Нарық аумағында (сонымен қатар шаруашылық, нарықтық алаңдар) қатты жабулар (асфальт, плитка және т.б.) болу керек.
Тармақ 24
24. Жағажай аумақтарында, демалу аумақтарында, көпшілік дем алу орындарында, орындалған көріктендіру жобасына байланысты мыналар болуы керек:
Тармақша 1
1) қоғамдық әжетханалар есеппен бір орынға 75 келуші адам, жуыну орындарында - жуыну орнына дейін ара қашықтығы 200 метрден кем болмауы керек;
Тармақша 2
2) қоқыс салатын ыдыстардың арасы 40 метрден аспауы керек;
Тармақша 3
3) қоқыс жинайтын ыдыстар есеппен алаңға бір контейнер , шешіну орындарына 3500-4000 шаршы метр болуы керек.
Тармақша 4
4) қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, ашық алаңдарда, шашлык жасайтын жерлерде, дүңгіршектерде, сауда жасайтын павильондарда және т.с.с. стационарлық әжетханалар жок жерлерде болатын адамдар мен персоналдар үшін жылжымалы әжетханалар орнату міндетті болып табылады;
Тармақша 5
5) нарықтарда канализациясы жок өткізбейтін қазындылары бар қоғамдық әжетханаларды сауда орындарынан қашықтығы 50 метр жерде орналастыру керек.
Тармақ 25
25. Жағажай орындарының аумақтары, демалу аумақтары мен
көпшілік демалу орындарын жинау, сонымен қатар жыл сайын таза
топырақ немесе галька себу, топырақтың беткі қабатына жиналған
қалдықтарын жойып, тетіктеп қопару белгіленген заң тәртібінде сол
аумақтар бекітілген ұйымдар жинауға міндеттеледі.
Жағажай орындары жабылғаннан кейін техникалық персоналдар су жағасын, шешінетін орындарды, әжетханаларды, жасыл аумақтарды жинайды, жәшіктерді жуады және әжетханаларды зарарсыздандырады. Күндізгі патрульдық жинау жүргізу керек. Жиналған қалдықтарды таңғы сағат 8.00.-ге дейін шығаруға рүқсат етіледі.
Тармақ 26
26. Жағажайдағы сауда орындарында, бақтарда, демалу аумақтары мен жаппай қыдыру орындарында сауда жасайтын ұйымдар міндетті түрде қоқыс шығарып, сол күннің ішінде жинайды.
Тармақ 27
27. Алаңдарды, спорт алаңдарын өз жармағында ұстау және жинау балансқа алғандардың техникалық персоналымен орындалады.
Тармақ 28
28. Бекітілген және белгіленген кооперативтік гараждар, жасыл желектері бар саяжай, саябақ коғамдарының меншік иелері, кооперативтер, қоғамдар радиусы 10 метр, қоқыс жинайтын ыдысымен өз қармағында ұстайды және жинайды.
Тармақ 29
29. Тұрғын және қоғамдық ғимараттар ауласының ішінде темір гараждар мен погребтер орнатуға тыйым салынады. Өз еркімен орнатқан гараждар мен погребтер сырылады.
Тармақ 30
30. Зираттардың аумақтары қоршалуы керек, жол жүру орындары қатты жапқышпен жабылуы керек, қоқыс жинайтын ыдыстыр болуы қажет.
Тарау 4. 4. Аумақтарды қысқы жағдайда жинау және үстау.
4. Аумақтарды қысқы жағдайда жинау және үстау.
Тармақ 31
31. Қарашаның 16-сы мен сәуірдің 15-сі аралығында қала аумағын жинау, қоқыстарды, қарды, кір мен топырақты сағат 6-дан 21-ге дейін, қажет болған жағдайда сол күннің ішінде шығару керек.
Ауа райына байланысты осы тәртіп өзгеруі мүмкін.
Тармақ 32
32. Қарды жинау алғашқы қар жауған кезден кейін басталу керек және қар қоппаларын болдырмау үшін жүмысты үзбей барлық меншік субъектілерімен үнемі жалғастыру керек. Жаңадан жауған қарды ораммен бір жерге жинау, қар жауып болған соң, қолма-қол сол жинақты шығаруға рұқсат етіледі.
Өсімдік отырғызылған жерлерді, жолдарды, өтетін жерлерді қармен және мүзбен үйіп коюға тыйым салынады.
Тармақ 33
33. Төбелерді қардан тазалау және үйдің қабырғасында қар ұстайтын қар басқан жерлерді, су құбырларын сол ғимараттарды иеленушілер мен жалдаушылардың күшімен жаяу жүргіншілер мен ауа көздерін, шамдарды, жасыл егнінділерді бүлдірмеу үшін, күтпейтін жағдайды болдырмау үшін сақтану шарасын қолдану шартымен орындау керек.
Төбеден лақтырған қарды қолмо-қол шығару керек. Қарды, мұзды жергілікті орган басқармасы анықтаған, су объектілері мен уамақтарды кірлетуден жол бермейтін арнайы көрсетілген жерге шыгару керек.
Тармақ 34
34. Көшелердің жол бөліктерін, алаңдар, көпірлер, мен жол құбырлары, қиылыстар, көтерілетін және түсетін жерлер, тротуарлар, жаяу жүргіншілер өтетін жолдар, баспалдақтарды тетіктелген тазартқыш жинау және топырақ себу жоспарланған тәртіппен мамандандырылған кәсіпорындар қалалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
Тармақ 35
35. Жеке және заңды тұлғалар меншік нысанына қарамастан
тротуарларды, өтетін жолдарды, алаңдарды және адамдар жиналатын
белгіленген және бекітілген аумақтарда қарды тетіктелген жинау
құралымен және топырақпен себу үшін мамандандырылған
кәсіпорындармен келісімге отыра алады немесе осы жұмыстарды өз
күштерімен орындай алады.
Тармақ 36
36. Жер пайдаланушылар белгіленген және бекітілген аумақтарда
мұзға қарсы шараларды (мұзды, қарды қазу, инерттік материалдармен
тайғанақ жерлерді себу) қарастыруға міндетті.
Тармақ 37
37. Қала көшелерін қардан тазалауға кедергі жасайтын автокөлік тұрақтары рұқсат етілмейді.
Тарау 5. 5. Көшелер, жолдар, жол ғимараттарын пайдалану тәртібі мен
оларды қорғау тәртібі.
5. Көшелер, жолдар, жол ғимараттарын пайдалану тәртібі мен
оларды қорғау тәртібі.
Тармақ 38
38. Көшелер мен жолдар, олардың құрамына кіретін барлық ғимараттар мемлекеттік меншікке жатады және жалпы пайдаланымға арналған. Көшелер, жолдар мен жол ғимараттарын пайдалану және оларды қорғау жолда жүру Ережесінің талабына сәйкес, осы Қағиданы орындау сақталуы керек.
Тармақ 39
39. Барлық көшелерді пайдаланушылардың міндеті: көшелер, инженерлік ғимараттары бар жолдардың көліктің тынымсыз қозғалыстары болып табылады және мыналарға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) көше, жолдар және жол ғимараттарын, белгілерді жол
қозғалысын реттейтін құралдар, жасыл егінділер мен басқа жол
жайластыруларды бұзу;
Тармақша 2
2) көшелер мен жолдарды қоршау, кедергі жасайтын заттар, құрылыс материалдар, машиналар қою;
Тармақша 3
3) шекараның шектеуінен асатын жерлерде жұмыс жүргізу;
Тармақша 4
4) ағаштарды, бұталарды, шөп өсіретін жерлерді, құдықтардың қақпағын, су құбырларының торларын, шұңқырларды, құбырларды жермен және құрылыс материалдарымен жабу;
Тармақша 5
5) көше мен өтетін жол бөліктерінде канализациялық, өнеркәсіптік және ағынды суларды жіберу, машиналарды жуу;
Тармақша 6
6) жол кездемені бұзатын жұмыстарды келісімсіз жүргізу;
Тармақша 7
7) Қаланың жол жүретін бөлігін кірлететін кір басқан көлік түрлерін шығару;
Тармақша 8
8) ГОСТ-пен немесе кобінесе тыйым салынатын белгілермен белгіленген көліктердің ортасына түсетін, мөлшерден асатын заттың жалпы өлшемі, салмағы мен ауыртпалығы мөлшерден асқан көліктерге көше мен жолдарда жүруге;
Тармақша 9
9) Көлік түрлері мен басқа да техниканың көше мен жолдан ауытқып кету, шыгып кету, белгіленбеген жерлерден және жол жиегіндегі тастар арасымен, көшелермен және жолдардан өту;
Тармақша 10
10) Көлік түрлеріне тротуарлар, жаяу жүргіншінің жолдарында,
жолдарды бөлетін сызықтарда, шөп өсіретін арнайы жерлерде, тұрғын
үйлердің қасындағы дүкендер, дәріханалар, нарықтар, қызмет
ғимараттары сияқты жалпы пайдаланымдағы орындарда тоқтау;
Тармақша 11
11) Көшелер мен жолдарды кірлететін себінді және т.б. арнайы оралымдары жоқ жүктерді тасу;
Тармақша 12
12) Көшелерді қар мен қар омбығынан тазалаудан басқа ұлулық жүрісі бар техниканың көшелерден өтетін жол бөліктерінде жүруге;
Тармақ 40
40. Қала көшелері мен жолдардың жол қабаттарын сақтауды
қадағалау өз балансына алғандар мен қалалық ішкі істер бөліміндегі
жол полициясы бөліміне үнемі бақылау мен мынадай жиі тексеру мақсаттарымен іске асады:
Тармақша 1
1) қалалық көліктер мен жаяу жүргіншілердің күні-түні, тынымсыз қауіпсіздікте болуы үшін қозғалысты қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жол қабатын уақытынан бүрын тозу мен бүлінуден сақтау;
Тармақша 3
3) дамушы қалалық көліктің талаптарына сай қала жолдарының жағдайын жүйелі түрде жақсарту;
Тармақша 4
4) жол қабаттарының қалыпты жағдайынан ауытқу, бүзылған және бүлінген жерлерін табу, жеке жағдайда (өтетін жолдардың шүңқырлары, тайғанақ көшелер мен жолдардың апаттық жағдайда бүзылуы) көшелердің жеке учаскелерінде қозғалысты қалыпты жағдайға келтіру, шектеу немесе тыйым салу үшін қауырт шараларды қабылдау.