Об утверждении нормативов нагрузки для сотрудников учреждений уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении нормативов нагрузки для сотрудников учреждений уголовно-исполнительной системы органов юстиции Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң қызметкерлерiне арналған жүктеме нормативтерiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1053
- Қабылданған күні
- 20.10.2005
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2012 AI25601_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050001053_
- ЭКБ идентификаторы
- 25601
- Редакция идентификаторы
- AI25601_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:17
0 Қазақстан Республикасы әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң қызметкерлерiне арналған жүктеме нормативтерiн бекiту туралы
"Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 28-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң қызметкерлерiне арналған жүктеме нормативтерi бекiтiлсiн.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
0 Қазақстан Республикасы әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерінің қызметкерлерiне арналған жүктеме нормативтері
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 20 қазандағы
N 1053 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерінің қызметкерлерiне арналған жүктеме нормативтері
1 1. Кезекшілік қызмет:
Жалпы, қатаң, ерекше режимдердегi түзеу колонияларында, тәрбие колонияларында, түрмелер мен тергеу изоляторларында толтыру лимитіне қарамастан мекеме бастығының бір кезекшi көмекшiсi және әр кезекшiлiк ауысымда мекеме бастығының кезекшi көмекшiсінің бір орынбасары;
қоныс-колонияларында - әр кезекшi ауысымда кезекшілік қызметтің бiр қызметкерi.
2 2. Жедел қызмет:
сотталғандарды ұстауға арналған жалпы, қатаң, ерекше режимдердегi түзеу колонияларында - 150-250 орынға (бұдан әрі - орын) - бір қызметкер;
тәрбие колонияларында 100-150 орынға - бір қызметкер;
қоныс-колонияларында, тергеу изоляторларында, түрмелерде және түзеу колонияларында 50-80 орынға - бiр қызметкер.
3 3. Режимдік қызмет:
жалпы, қатаң, ерекше режимдердегi түзеу колонияларында 190-250 орынға - бір қызметкер;
тәрбие колонияларында 75-90 орынға - бір қызметкер;
қоныс-колонияларында 100-150 орынға - бір қызметкер;
тергеу изоляторларында, түрмелерде және камералық ұстау үлгісiндегi түзеу колонияларында 60-80 орынға - бір қызметкер.
4 4. Бақылаушылық қызмет:
1 1) күзет жөнiндегi бақылаушылар:
жалпы, қатаң, ерекше режимдердегі түзеу колонияларында, тәрбие колонияларында бiр қызметкерге жүктеме постылар табелiне және пост ведомосына сәйкес белгiленедi;
2 2) қадағалау жөнiндегi бақылаушылар:
режимге және толтыру лимитiне қарамастан бiр қызметкерге жүктеме түзеу мекемелерiнде сотталғандарды қадағалаудың тәулiктiк ведомосында көрсетілген постылардың санына байланысты болады;
3 3) тергеу изоляторларында және түрмелерде:
корпус бойынша бiр басшыға және бiр бақылаушыға жүктеме постылар табелiне сәйкес белгiленедi.
5 5. Тәрбие қызметi:
1 1) түзеу және тәрбие колонияларында 70-100 орынға - бiр жасақ бастығы;
2 2) түрмелерде 20-50 орынға - бiр жасақ бастығы;
3 3) тәрбие колонияларында 25 орынға (20 орын әйел жынысты сотталғандарды ұстау үшiн) - бiр тәрбиешi;
4 4) режимге және толтыру лимитiне қарамастан барлық мекемелерде:
босатылатындарды тұрмыстық және еңбекке орналастыру бойынша бiр қызметкер;
бiр қызметкер - психолог (қоныс-колонияларын қоспағанда);
5 5) тәрбие колонияларында - дене тәрбиесi бойынша бiр қызметкер;
6 6) тергеу изоляторларында:
мекемеге - бiр жасақ бастығы;
800 орынға - бiр аға инспектор.
6 6. Арнайы есепке алу қызметi:
жалпы және қатаң режимдердегi түзеу колонияларында, қоныс-колонияларында 250 орынға - бiр қызметкер;
ерекше режимдегi түзеу колонияларында және тәрбие колонияларында 400 орынға - бiр қызметкер;
тәрбие колонияларында 200 орынға - бiр қызметкер;
тергеу изоляторларында және түрмелерде 120 орынға - бiр қызметкер.
7 7. Кадр қызметі:
1 1) барлық түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында персоналдық 100-150 бiрлiгiне - бiр қызметкер;
2 2) мекемеге - әскери және қызметтiк дайындық бойынша бiр қызметкер.
8 8. Бухгалтерлік есеп және есептілік қызметi:
барлық түзеу мекемелерінде, режимге және толтыру лимитiне қарамастан - бухгалтерлiк есеп және есептілiктiң бiр қызметкерi және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру мен нормалау бойынша бiр қызметкер;
тергеу изоляторларында - бухгалтерлiк есеп және есептіліктің бiр қызметкерi.
9 9. Сотталғандарды құқықтық қорғау қызметі:
режимге және толтыру лимитіне қарамастан барлық түзеу мекемелерiнде және тергеу изоляторларында - сотталғандарды құқықтық қорғау жөнiндегі бiр қызметкер.
10 10. Сотталғандардың еңбегiн ұйымдастыру қызметi:
жалпы, қатаң, ерекше режимдердегi түзеу колонияларында және түрмелерде 260 орынға - бiр қызметкер;
қоныс-колонияларында 100 орынға - бiр қызметкер.
11 11. Медициналық қызмет:
әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесiнiң медициналық және фармацевтика персоналына арналған жүктеме нормативтерiн Әдiлет министрлігі денсаулық сақтау саласындағы уәкiлетті органмен бiрiгіп белгiлейдi.
12 12. Қылмыстық-атқару инспекциялары:
қалалық қылмыстық-атқару инспекциясының бір қызметкерiне - есептi тұратын адамдарға арналған 60 ic;
аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының бiр қызметкерiне - есепте тұратын адамдарға арналған 35 iс.