Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в Закон Республики Казахстан "О занятости населения"

Заң · № 361-1 · қабылданған 04.04.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2561/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в Закон Республики Казахстан "О занятости населения" Қолданыста 04.04.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в Закон Республики Казахстан "О занятости населения"

Қолданыста Заң № 361-1 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в Закон Республики Казахстан "О занятости населения"
Атауы (қаз.)
"Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
361-1
Қабылданған күні
04.04.1999
Көрсетілген редакция
04.04.1999 AI2561_0.kaz
Соңғы өзгеріс
04.04.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z990000361_
ЭКБ идентификаторы
2561
Редакция идентификаторы
AI2561_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:15
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы

1-бап. 1999 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1. 1-баптың 17) тармақшасы алып тасталсын.

2. 6-баптың 3-тармағындағы "құжаттары мен екі еселенген айлық есептік көрсеткішінен аспайтын кіріс әкелетін кірісі мен мүлкі бар екендігі туралы салық органдарының анықтамасын" деген сөздер "құжаттарын, өздерінің салық органдарында жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар ретінде тіркелгені туралы (не ондай тіркеуде жоқ екендігі туралы) құжаттарын" деген сөздермен ауыстырылсын.

3. 14-бапта "жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақы" деген сөздер "жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын.

4. 17-баптың 1) тармақшасындағы "шаруашылық жүргізу құқығымен" деген сөздер алып тасталсын.

5. 19-баптың 4-тармағында:

1) 3) тармақшада "бағдарламасын, жұмыссыздық жөнінде жәрдемақы

әзірлеуге;" деген сөздер "бағдарламасын әзірлеуге, жұмыссыздарға
материалдық көмек көрсетуге" деген сөздермен ауыстырылсын.
2) 7) тармақшада "жұмыспен қамту" деген сөздер "білім беру" деген
сөздермен ауыстырылсын;

6. 20-баптың 3-тармағында:

1) 7) тармақшада "бүкіл оқу кезеңі ішінде осы Заңда көзделген
мөлшерде стипендия белгілеуге" деген сөздер "бүкіл оқу кезеңінде осы Заңда
көзделген мөлшерде уақытша қаржылай көмек беруге" деген сөздермен
ауыстырылсын;
2) 8) тармақша алып тасталсын.

7. 22-бап алып тасталсын.

8. 27-баптың 1-тармағында:

1) 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Заңның 29-бабына сәйкес материалдық көмек көрсету;";
2) тармақшада "стипендиялар төлеу" деген сөздер "уақытша қаржылай
көмек көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын.

9. 28-баптың 2-тармағында "жұмыссыздық бойынша жәрдемақы" деген сөздер "материалдық көмек" деген сөздермен ауыстырылсын.

10. 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"29-бап. Жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету шарттары мен тәртібі
Белгіленген тәртіппен жұмыссыз мәртебесін алған, материалдық көмек алуға құқығы бар азаматтар санаттарына оны көрсету тәртібі мен материалдық көмек мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
Жұмыссыз адам қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіпте және мөлшерде жерлеуге арналған материалдық көмек көрсетіледі.".

11. 30-бап алып тасталсын.

12. 31-бапта:

1) баптың атауындағы "төленетін стипендияның" деген сөздер

"уақытша қаржылай көмектің" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) мәтінде "стипендия төленеді" деген сөздер "уақытша қаржылай

көмек беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын;

13. 33-бап алып тасталсын.

2-бап. Осы Заң 1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енгізіледі.