Қолданыстағы ред. 10.08.2005 (Редакция 25622_351153.kaz)

Бастапқы әскери даярлықтан өтпеген әскер жасындағы жастарды бастапқы әскери даярлықты өткізу үшін өқу пункттерін құру туралы от 10.08.2005 г. № 20/1 (Бастапқы әскери даярлықтан өтпеген әскер жасындағы жастарды бастапқы әскери даярлықты өткізу үшін өқу пункттерін құру туралы)

0

Бастапқы әскери даярлықтан өтпеген әскер жасындағы жастарды бастапқы әскери даярлықты өткізу үшін өқу пункттерін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 «Бастапқы әскери даярлау туралы» Қаулысына, бастапқы әскери даярлықты (бұдан әрі - БӘД) өтпеген әскер жасындағы жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердегі қызметке сапалы дайындауға сәйкес:

1

1. Әскер жасындағы жастардың бастапқы әскери даярлығын өткізу үшін, ауданның орта оқу орындары жанынан оқу пункттері құрылсын.

2

2. Аудандық білім беру жөне спорт бөлімінің меңгерушісі (Саят Қазтайұлы Қазтаев) оқу пункттеріне Бұқаржырау ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ұсынған тізімдеріне келісті әскер жасындағы БӘД курсын өтпеген жастарды тіркесін.

3

3. Оқу орындар басшылары оқу пункттерінде оқу-сабақтарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1-ші қарашадағы № 1340 «Бастапқы әскери даярлау туралы» Қаулысының 20-ші тармағына келісті 60 сағаттық бағдарлама бойынша жүргізсін.

4

4. Әскер жасындағы жастарды оқу пункттеріндегі оқу-сабақтарына келулеріне бақылау жасау осы жасөспірімдер жұмыс істейтін кәсіпорындар мен мекемелер басшыларына жүктелсін.

5

5. Аудандык білім беру және спорт бөлімнің бас маманы (Елеусіз Тәжібекұлы Дүйсембеков) әскер жасындағы жастардың дене тәрбиесін ұйымдастырсын.
б. Әскер жасындағы оқу пункттерінде БӘД бойынша оқудан өткен жасөспірімдерден сынақ алу үшін № 1 қосымшаға келісті комиссия құрылсын.

7

7. Оқу пункттерінде оқуды ұйымдастыруға және өткізуге бақылау жасау Бұкар жырау ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығына (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов (келісім бойынша) жүктелсін.

8

8. Аудандық білім беру және спорт бөлімінің меңгерушісі (Саят Қазтайұлы Қазтаев), Бұқар жырау ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов) осы каулының орындалу барысы туралы ақпаратты 2006 жылдың 30 маусымына аудан аппаратына тапсырсын.

9

9. Аудан әкімиятының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 19/02 «Бастапқы әскери даярлықтан өтпеген әскер жасындағы жастарды бастапқы әскери даярлықты өткізу үшін оқу пункттерін құру туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркелу номірі 1633, аудандық № 46 «Сарыарқа» газетінде 2004 жылдың 13 қарашасында жарияланған).

10

10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Виктор Петрович Лавриковке жүктелсін.
Келісілген:
Бұкаржырау ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы
Ө. Әбілов
08.08.2005

1. Әскер жасындағы оқу пункттерінде бастапқы әскери даярлық бойынша оқудан өткен жасөспірімдерден сынақ алатын комиссия құрамы

Аудан әкімдігінің
2005 жылғы 10.08
№ 20/1 қаулысына
№ 1 қосымша
Әскер жасындағы оқу пункттерінде бастапқы әскери даярлық бойынша оқудан өткен жасөспірімдерден сынақ алатын комиссия құрамы
Жанас Жүмтаевич Құнанбаев Бұқар жырау ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің 2-ші бөлімшесі бастығының уақытша міндеттін атқарушы, аға лейтенант
Панаш Бақайқызы Түсіпова Аудандық білім беру және спорт бөлімінің бас маманы
Елеусіз Тәжібекұлы Дүйсембеков Бұқар жырау ауданының білім беру және спорт бөлімінің бас маманы